Алибеков Н.pptx
- Количество слайдов: 15
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы СӨЖ Тақырыбы: Ұрықты антенаталды қорғау Орындаған: Алибеков Н. К
Жоспары Кіріспе Негiзгi болiм Антенаталды кезең Тамактану Витаминдер Әдебиеттер
. Антенаталды кезеңге кіріспе • • • А. Лабораториялық тесттер. 1. Біріншілік тексеру бүкіл жүкті әйелдерге жүргізіледі. а) Hb және Ht мөлшерін анықтау; Зәр анализіндегі белок және глюкоза құрамын анықтау; Қан тобын және резус факторды анықтау; Қынаптық жұғындыны зерттеу; Қызамық және қызылша вирусының антидене титрін анықтау; Мерез және АИВ анықтау; 2. Қосымша тексеру (көрсеткіш болғанда жасалады) а) Жалпы зәр анализі, б) Глюкозаға тәуелділік тестін анықтау, әсіресе жанұялық анамнезде қант диабеті болса, • в) туберкулезге терілік сынама жасау; • 3. 2 -Фетопротеин (АФП) – глюкопротеин жүктіліктің 6 аптасына дейін ұрықтың бауырының, өт қабында синтезделеді. Ұрық қанында және ұрық маңы суында 2 -фетопротеин деңгейі жүктіліктің 14 аптасына дейін жоғарғы деңгейде болады. Ал 32 -34 аптасында төмендейді. • а) 2 -фетопротеин құрамының жоғарылауы келесі ақауларды көрсетеді:
• 1. Нерв түтіктерінің ашық дефектісінде (spina bifida және • • • 3. 12 елі ішек артрезиясы. 4. Көп ұрықты жүктілік. б) 2 -фетопротеин деңгейінің төмендеуі жүкті әйелдердің 15 -25%-да кездеседі. Даун синдромы кезінде болады. в) 2 -фетопротеин деңгейінің жоқ немесе төмен болуы белгісіз себептерге байланысты. г) 2 -фетопротеиннің жоғарылауы фетоплацентарлық жетіспеушілікпен байланысты болады. 5. 35 жастан асқан жүкті әйелдерде жүктіліктің 16 аптасында қосымша тексеру жүргізіледі. Бұл кезде ұрық Даун синдромына шалдығуы, ХГТ көлемінің, 2 -фетопротеиннің эстриол деңгейінің жоғарылауы мүмкін. Жүкті әйелдерді және ұрықты бақылау амбулаториялық жағдайда. А) Жүкті әйелдерді бақылау. 1. АҚ – кез-келген өзгерген жағдайда 2. Дене салмағының кез-келген өзгерісі кезінде 3. Жалпы жағдайы: бас ауру, көру қызметінің бұзылуы, іштің ауруы, құсу, лоқсу, қынаптан қанның және сұйықтықтың ағуы, дязурия 4. Жатыр түбі деңгейін анықтау, симфиз үстінен 5. Қынаптық тексеру тек стационарда жүргізіледі Б) Ұрықты бақылау. 1. Ұрықтың жүрек соғу жиілігін 2. Ұрық көлемін 3. Амниотикалық сұйықтықтың көлемін 4. Ұрық қозғалысын 5. Ұрық орналасуын В) Жүкті әйелдер мынаны білуге тиіс: • • • • •
Тамақтану • А. Дене массасының ұлғаюы. Жүктілік кезіндегі тамақтану балансқа сай болуы қажет. Жүктілік кезінде құнарлылығы төмен диетаға (емдәм) кеңес беру мақсатқа сай емес. Бір жағынан май басып семіру жүктілік пен босану ағымына қолайсыз әсер етеді. Жүктілік кезінде дене массасында жіберілетін ұлғаю 9 -13, 6 кг. құрайды. • 1. Қарапайым жағдайда 9 кг. құрайтын жүктіліктегі массаның өзгеруі келесі түрде бөлінеді: • а. Ұрық – 3400 гр. • ә. Ұрық қабығымен қоса баланың жолдасы – 680 гр. • б. Амниотикалық сұйықтық – 900 гр. • в. Жатыр массасының ұлғаюы – 1130 гр. • г. Қан мөлшерінің ұлғаюы – 1600 гр. • ғ. Емшек бездері – 900 гр. • д. Төменгі борбайдағы сұйықтық көлемінің ұлғаюы – 900 -1300 гр. • 2. Дене массасының жеткіліксіз ұлғаюы алаңдатарлық нышан бола алады; әрбір жүкті әйел төменгі мөлшер бойынша 6, 8 -9 кг. салмақ қосуы қажет. Егер дене масасына салмақ қосу 4, 5 кг. аз болса, жүктіліктің 20 -шы аптасында тамақтану рационына (үлесіне) назар аударып қараған жөн.
• Ә. Энергетикалық құндылық. Жүктілік қажеттілігі дененің орташа массасынан күніне шамамен 2400 каллды құрайды. Бұл жүкті емес уақытқа қарағанда күніне 300 каллды артық. • 1. Жүктілер үшін тамақтану тәртібі аса маңызды. Тағам құрамында дұрыс ара қатынаста жеткілікті мөлшердегі нәруыздар, майлар мен көмірсулар болуы қажет. • а. Саналы тамақтану ұрықты құрсақішілік гипотрофиядан және жүктіліктің асқынуынан сақтандыруда ерекше рөл атқарады. • б. Жүктілікке дейін дене массасы төмен болған әйелдерге негізгі ингредиенттерге дұрыс ара қатынасын сақтай отырып, тағамның энергетикалық құндылығын арттырғандары абзал. • 2. Егер әйел семіздіктен азап шексе, жүктілік кезінде диетаның көмегімен дене массасын төмендетуге болмайды. • Б. Нәруыздар. Жүктілік кезінде нәруыздың жетіспеушілігінен ұрықтың өсуі кешеуілдейді, перинаталды аурушаңдық пен өлім саны артады. • 1. Жүктілік кезеңінде нәруыздың жиналуы жүзеге асады (350 г дейін). Себебі босану барысында орын алатын жағдайларда оның көбісі жоғалады. • 2. Жүктілік кезінде егде әйелдерде нәруызға қажеттілік кг. массаға күніне 1, 3 г. , ал жастарда денедегі кг. массаға күніне 1, 5 г. құрайды. • 3. Жаңа нәруыздар синтезі үшін жеткілікті дәрежеде аминоқышқылдар құрайтын жануар тектілердің нәруыздары көп бөлігін құрауы қажет. Ет, сүт, жұмыртқа, сыр, үй құсы және балық ұсынылады.
• В. Көмірсулар. Жүктілік кезінде көмірсуларға қажеттілік тәулігіне шамамен 350 -400 г құрайды. Рацион жеткілікті мөлшердегі жеміс-жидектерді, жақсы сақталған көкөніс шырындарын, компоттарды қосуы қажет. Көмірсулардың жетіспеушілігі кезінде нәруыздар мен гликогендер асып кетеді. Көмірсулар көбейіп кеткен жағдайда ағзаның инфекцияға қарсы тұруы төмендейді, болашақ нәрестенің тағамдық аллергияға шалдығу қаупі артады. • Г. Майлар рационға сарымай, қаймақ және өсімдік майы түрінде тәулігіне 85 -100 г мөлшерінде енуі қажет. Өсімдік майы қылтамырлар қабырғаларының өткізгіштігін ретке келтіретін алмастырылмайтын май қышқылдарын; алмастырылмайтын амин қышқылдарын; жүктілік кезінде қажетті Е витаминін құрайды. • Ғ. Минералдық заттар.
Темір • а. Темір тапшылығы. Көптеген әйелдерде етеккір кезінде қан жоғалтуға байланысты темір қорлары азайған. Жүктілік кезінде темір қорлары тіпті азайып кетуі мүмкін. • 1) Темірдің қосымша мөлшері ұрық үшін, сондай-ақ жүкті әйел қанының мөлшерін арттыру үшін де қажет. • 2) Hb құру үшін ұрық жүкті әйелдің ағзасынан темір, нәруыз, витамин, тұз, микроэлемент ресурстарын пайдаланады. Жүктіліктің соңғы үш айында темір 200 -400 мг дейін баланың жолдасында ферритинге айналады, ұрыққа еніп және оның бауырында осы күйде жинақталады. • 3) Егер әйел жүктілік кезінде анемиядан зардап шексе, нәрестенің гипотрофияға, құрсақішілік гипоксияға және асфиксияға шалдығу қаупі екі есе артады, перинаталды аурушаңдық пен өлім саны көбейеді; бір жарым жастағы балалардың тең жартысының өмірінде анемия белең алады. • б. Темірдің қажетті мөлшері күн сайын 30 -60 мг құрайды. Темір бауырдың, қызыл еттің, алманың, қарақаттың, кептірілген жемістің құрамында болады.
Кальций. Натрий • а. Кальцийдің ұсынылған қолданысы күніне 1200 мг құрайды. Кальцийдің мұндай көлемін қабылдау үшін күн сайын 1, 14 л сүт (қаймағы айырылған) ішу жеткілікті. Өзге де кальций көздері – ірімшік, сыр, йогурт тәрізді сүт тағамдары. • б. Аяқ балтыры бұлшық етінің тартылуы (көбінде түнде орын алатын) – жүкті әйелдегі кальций тапшылығының классикалық симптомы. • 3. Натрийді қолдануды шектеуге кеңес берілмейді, себебі прогестерон оның ағзадан шығуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жүктілік кезінде зәр айдаушы заттарды пайдалану оң нәтиже бермеген.
Қажетті витаминдер • А витамині — организмнің өсіп-жетілуі мен көз жанары-ның жақсаруы үшін пайдалы. А витамині әйел организмінде жеткілікті болса, нәрестенің дүрыс өсуіне жағдай туады және әйел босанғаннан кейін емшек үрпісінде пайда болатын жарақаттардың тез жазылуына септігін тигізеді. А витамині бауырда, бүйректе, сүтте, жүмыртқада, балық майында, сәбізде болады. • Ві витамині - зат алмасу процесін дүрыстап, жүйке жүйесінің, қан тамырларының қызметін жақсартады. Ві витамині сыра ашытқысында, бауыр мен бүйректе, бидай • мен бүршақ дақылдарында, қара нанда, капустада, сәбіз бен томат қүрамында көп болады. • Вг витамині — көз жанарын арттыруға қажет, сыра ашытқысында, бауыр мен бүйректе, етте, жүмыртқа мен сүт өнімдерінде кездеседі. • В 6 витамині — организмдегі белок пен май алмасуына қажет. Егер В 6 витамині әйел организмінде жеткіліксіз болса, оның организміндегі зат алмасу процесі нашарлайды, жүйке жүйесі ауруға шалдығады. Вб витамині ашытқы мен өр түрлі дақылдарда, бауыр мен жүмыртқада болады.
• С витамині — организмдегі тотығу процесіне қатысады және клетка ішіндегі ферменттердің қызметін күшейтеді. Егер ана организмінде С витамині жетпесе, ол мезгілінен бүрын босануы, түсік тастауы мүмкін. Бүл витамин жеміс-жидекте әсіресе, итмүрында, қарақатта, жас жаңғақта көп. • РР витамині — зат алмасу процесіне қатысады. Ол ашытқыда, ірі қараның етінде, бауырында, бүйрегі мен жүрегінде, дәнді дақылдарда өте көп болады. • Е витамині - емшек бездері мен жыныс мүшелерінің дүрыс жетілуін қамтамасыз етеді және олардың қызметін жақсартады. Әйел организмінде Е витаминінің жетіспеуі, түсік тастау мен мезгілінен бүрын босануға душар етуі мүмкін. Е витамині бидай, жүгеріде, жүмыртқада, бауырда және өсімдік майларында болады. • Д витамині — жатырдағы үрықты рахитке шалдығудан сақтайды, бүл витамин балық майында, етте, бауырдажәне сары майда көп. Д витамині ультракүлгін сәулелердің әсерінен адамның терісінде де пайда болады. • Егер жүкті әйел витамині мол асты орынсыз іше берсе, бүл зиян, жатырдағы үрықтың салмағы артып кетеді. Сондықтан жүкті әйелдің дүрыс тамақтануы - нәресте мен ана денсаулығы үшін аса маңызды. Жүкті әйелдің күнделікті ішетін тамағына міндетті түрде сүт, ет, балық кіруге тиіс. Жеміс-жидекті табиғи қалпында жеген пайдалы, сонда ғана олардың витамиңдері мен минералдық заттары жойылмайды.
Режим • А. Физикалық жүктеме. Жүктілер шамадан тыс шаршамаған жағдайда өздерін гигиеналық гимнастикадан шектеудің қажеті жоқ. Күдікті немесе расталған истимико-цервикалды жетіспеушілік (жатыр мойнының дәрменсіздігі) кезінде, гипертензиялық жүктілік, уақытынан бұрын босану қаупі және көпұрықты жүктілік жағдайында қатаң шектеулер көрсетілген. • Ә. Сапарлар. Саяхаттың жағымсыз әсерлері көрсетілмеген; ұшақтағы герметикалық салон қауіп төндірмейді. Жүкті әйел төменгі борбайдағы және тромбофлебиттің дамуында күре тамырдың тоқтап қалуын болдырмау үшін әрбір екі сағат сайын қозғалысқа түсуі қажет. • Б. Ішектің жұмысы. Әйелдер жүктілік кезінде прогестерон асқазан-ішек трактісіндегі тегіс бұлшық еттердің босаңсуын тудырып, ал жатыр ішектерді жаншитындықтан үнемі іштің қатуынан зардап шегеді. Мұндай жағдайда әйел іштің қатуынан қалың өзекті тоқ ішекті толтыратын көп мөлшердегі сұйықтық, жаттығулар, іш жүргізетін жеңіл азық-түліктер арқылы құтыла алады. • В. Жыныс тіршілігі. Ұрық қабығының ажырауы, уақытынан бұрынғы толғақ немесе жатыр мойнының дәрменсіздігі сияқты асқынулар орын алмаса, жыныстық қатынас жүктіліктің барлық кезеңінде зиян келтірмейді. Ұрық сұйықтығындағы простагландиндер мен әйел оргазмы жыныстық акт кезінде жатырдың тарылуына әкеп соғуы мүмкін. Отандық акушерлер жүктіліктің алғашқы 2 -3 айында жыныстық қатынастан тартынуға кеңес береді.
• Г. Шылым шегу. Шылым шегетін әйелдер көп жағдайда дене массасы кішкентай бала туады (орташа есеппен 250 грамға), перинаталды өлім артқан. Жүктілік кезінде әйелге шылым шегуді толықтай тастауды ұсыну қажет. Шылым шегудің салдары зиянды екендігі дәлелденген болып есептеледі. • 1. Көміртегі тотығының мүмкіндігін Hb ұрық пен жүктіге ішінара әсерсіздендіру маңызды болып табылады. • 2. Кейбір жағдайда баланың жолдасы арқылы қанның журуін төмендетуге әкеп соғатын никотиннің тамырды тарылту әсері. • 3. Тәбеттің төмендеуі. • Ғ. Жүктілік кезінде алкоголь қолдануға болмайды; ол ұрықтың өсуін бұзады, бас миы мен қаңқаның ауытқуына, туа біткен жүрек ақауына әкеп соғады. Тұрақты маскүнемдікпен азап шегетін әйелдер ұрықтың алкогольді синдромы (бас сүйек-жақ ақаулары, жүрек-қан тамырлар жүйесінің ауруға шалдығуы, қол-аяқтың дамуының ауытқуы, өсу мен психикалық дамудың перенаталды және постнаталды кешеуілдеуі) деген атпен белгілі туа біткен ақаулар кешенімен бала туу қаупінде болады. Д. Дәрілік препараттар. Жүктілік кезінде қолданатын кез-келген дәрілік препараттар баланың жолдасы арқылы ұрық ағзасына өтеді; егер қандай да бір дәрілік препаратты қолдану қажет болса, емдеудің артықшылығындағы қауіп ескерілуі тиіс.
• 1. Даму үстіндегі ұрыққа ұласпалы жағымсыз әсер ететін медикаменттердің мүмкіндіктерін есте сақтаған жөн (мысалы, диэтилстильбэстрол). • 2. Аспирин ұрықтың ұю жүйесіне негативті әсер етеді, сондай-ақ билирубиннің нәруыздармен байланысын бұзады. Аспиринді қабылдауға, әсіресе соңғы мерзімде қолдануға рұқсат етілмейді. • 3. Гидантоин ұрықтың өсуінің бұзылуына, қаңқадағы және ОЖЖ (ұрықтағы гидантоин синдромы ) ауытқудың дамуына әкеп соғуы мүмкін. • 4. Талидомид аяқ-қол және таңдай ақауларының (қатты таңдайдың жарылуы немесе қасқыр азуы) дамуына әкеп соқтыруы ықтимал. • 5. Ретинольді қышқыл бас миының, құлақтың және жүректің туа біткен ақауларының пайда болуына әкеледі. • 6. Тетрациклин бала тісінің жоғарғы жағына қара пигментті дақтардың пайда болуын тудырады (тек сүт тістері зақымдалады). • 7. Варфарин қан кету мен көру мүшелерінің патологиясына (ұрықтағы варфарин синдромы) әкеп соғады. • 8. Басқа препараттар. Антиконвульсанттар, антикоагулянттар, антитиреоидты препараттар, ісікке қарсы препараттар, йодқұрамды заттар, қорғасын, литий, сынап. •
Әдебиеттер n n n Бодяжина В. И. “Акушерство” М, 1979 г. www. google. kz www. Pub. Med. com www. Medline. com www. Allbest. ru
Алибеков Н.pptx