
кг жжж.pptx
- Количество слайдов: 20
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы Гигиена -2 кафедрасы Коммуналдық гигиенада заңнамалық құжаттар. Ауыз судың эпидемиологиялық тұрғыдан қауіпсіздігін сипаттаушы көрсеткіштер. Орындаған: Райымбаева З Тобы: 406 А ҚДС Қабылдаған: Аханов Б
Жоспар: І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім а) Коммуналды гигиенада заңнамалық құжаттар. б) Ауыз судың эпидемиологиялық тұрғыдан қауіпсіздігін сипаттаушы көрсеткіштер. в) Судың микробиологиялық нормалануы ІІІ. Қорытынды. ІV. Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе. Коммуналдық гигиена пәні адам организміне елді мекеннің табиғи және антропогендік факторларының әсерін зерттеу, сондайақ тұрғындардың денсаулығы мен қолайлы өмір сүру жағдайын қамтамасыз ететін шаралар мен нормативтерді өңдеу болып табылады. Басқаша сөзбен айтқанда, бұл – елді мекен гигиенасы, яғни қалалар мен ауылдық жерлердің (commune –община, қауым; поселение, елді жер, халықты орын; французша). Коммуналдық гигиена ғылыми пән ретінде елді мекен жағдайында сауықтыру шараларын өмірге енгізуде, санитарлық заңдылықтар бекітуде санитарлық қызметтің практикалық іс-әрекеті үшін негізгі қызмет атқарады
Санитарлық-эпидемиологиялық станция коммуналдық гигиена бөлімі бойынша өзінің жұмысында келесі әдістерді қолданады: 1. Бақыланатын объектілерді санитарлық сипаттап жазу әдісі; 2. Зертханалық және аспаптық зерттеу әдістері (химиялық, физикалық, токсикологиялық, бактериологиялық); 3. Организмге қолайсыз факторлардың әсерін зерттеу мақсатында жануарларға тәжірибе жүргізу. 4. Халықтың денсаулығына, санитарлық-тұрмыстық жағдайларына зиянды әсер ететін қоршаған ортаның факторлары жөніндегі мәліметтерді физиологиялық және статистикалық өңдеу әдістері.
Қазақстанда 1994 жылы «Санитарлық эпидемиологиялық ауыз су заңы , ал 1995 жылы – Қазақстан Республикасының Министрлер кабинетінің қаулысы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық жағдайы бекітілді. Осы жылы санитарлық эпидемиологиялық басқармасы санитарлық эпидемиологиялық бақылаудың Бас басқармасы болып өзгертілді, ал кейін санитарлық эпидемиологиялық бақылау Комитеті болып өзгертілді. 2002 жылы «Санитарлық зпидемиологиялық ауыз су заңы жаңадан басылып шықты.
Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет санитарлық заңдылықтарды басшылыққа алады. СЗ дегеніміз – адамның әртүрлі шаруашылық іс-әрекеттерін ( жоспарлау, сумен қамтамасыз ету, құрылыс және т. б. ) регламенттейтін ережелер мен нормалардың жиынтығы.
Коммуналды гигиенада заңнамалық құжаттар v. Гигиеналық нормативтер (ПДК, ПДД, ПДУ, ОБУВ); v санитарлық нормалар мен ережелер (Сан. Пи. Н); vӘН және ӘҰ v. Мемлекеттік стандарттар (ГОСТ); v Құрылыс нормалары мен ережелер (СНи. П); Өкімдік құрылыс нормалары
Емдеудің алдын алу
Қазақстан Республикасында халықтың санитарлық эпидемиологиялық сауаттылығын қамтамасыз етудің құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлары 2010 жылы қабылданған ҚР «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексімен реттеледі.
• Кодекске сай халықтың санитарлық эпидемиологиялық сауаттылығын қамтамасыз ету принциптері мыналар: )Ұйымдық, экономикалық, құқықтық және тәрбиелік спаттағы шаралар кешенін жүргізуімен қамтамасыз ететін азаматтардың денсаулығын, тіршілік ортасының қолайлылығы мен санитарлық эпидемиологиялық салауаттылығын қорғау құқын жүзеге асыру; ) қоршаған орта факторларының халықтың денсаулығына зиянды әсерін болдырмау жөніндегі қызметінің ескертпелілігі; ) санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтерді орындамау салдарынан кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдар мен азаматтардың адам денсаулығына келтірген зиянын өтеудің міндеттілігі: ) халықтың санитарлық эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы жариялылығы.
Ауыз судың эпидемиологиялық тұрғыдан қауіпсіздігін сипаттаушы көрсеткіштер. Дүние жүзі бойынша алғашқы рет ауыз судың сапасы бойынша стандарт 1914 ж. АҚШ-та, ал екіншісі 1937 ж. А. Н. Сысиннің басшылығымен РСФСР-да құралған “Су құбыры-шаруашылық суының сапасын тазартудың уақытша стандарты” болып табылды. Стандарт уақытша болды, бірақ Европада алғашқы стандарт болып табылды. Тек 1958 ж. Денсаулық сақтаудың Бүкіл Дүние Жүзілік Ұйымы дүние жүзінде ауыз судың сапасының талаптарын толығымен біріңғайлау үшін алғаш рет “Ауыз судың халық аралық стандарттарын” шығарды. Бұл идея рационалды емес деп есептелді, бірақ басқа елдерде осыған ұқсас нормалар жасауға үлгі болып табылды.
Ұзақ уақыттық ғылыми және практикалық бақылаулардың нәтижесінен 1996 ж. Ресей Федерациясы бекіткен Сан. Пи. Н ““Орталықтандырылған ауыз суымен жабдықтау жүйесінің сапасына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар”, ал Қазақстанда 3. 01. 067 -97 номерімен қайта қарастырылып бекітілді. 2004 ж. Санитарлық ережелер мен нормалар 3. 02. 002 -04 номерімен “Орталықтандырылған ауыз суымен жабдықтау жүйесінің сапасына қойылатын санитарлық -эпидемиологиялық талаптар” атты нормативтік құжат бекітілді. Оның мазмұндық негізі Сан. Пи. Н “Ауыз су” құжатына сәкес келеді. Қазіргі таңда ауыз судың сапасы осы нормативтік құжат арқылы бақыланады.
• Соңғы Сан. Пи. Н негізіне соңғы жылдардағы есепке алынып, бірқатар гигиеналық принциптер ұсынылды. Оның негізгісіне ауыз судың эпидемиологиялық, радиациялық қауіпсіздігін, химиялық құрамы бойынша зиянсыздығын және органолептикалық қасиеттері бойынша жағымдылығын қаматамысыз ететін ауыз су сапасының гигиеналық критерийлер принципі болып табылады. Қауіпсіздік және зиянсыздық деңгейлері медициналық, гигиеналық зерттеулер негізінде бекітілді. Сан. Пи. Н құжатының ерекшелігі ауыз судың құрамының нормативінде онда болуға қажетті компоненттер емес, ондағы кездесуге болмайтын заттардың, яғни кездескен жағдайда белгілі-бір рұқсат етілген деңгейде болу қажеттігі ескеріледі. Сондықтан Сан. Пи. Н химиялық заттардың немесе биологиялық агенттердің болуының жоғарғы деңгейін бекітеді.
Әрбір жеке су құбырына бақылаудың жұмысшы бағдарламасын құру кезінде, Сан. Пи. Н-да келтірілген ауыз су сапасының біріңғай мемлекеттік нормативі негізінде регионалдық гигиеналық сәйкестілік ескеріледі. Қазақстан үшін оның территориясының үлкен болуына, әр түрлі регионалдық табиғи және әлеуметтікэкономикалық, санитарлық жағдайларға байланысты регионалдық сәкестілік маңызды болып табылады. Ол судың шынайы құрамын көрсететін әр су құбырын бақылауға жұмысшы бағдарлмасын құрастыруға мүмкіндік береді. Бұл көптеген су құбырларында шектелген көрсеткіштер тізімі бойынша судың химиялық құрамын бақылауға мүмкіндік береді.
Эпидемиялық қауіпсіздіктің бірінші көрсеткішіне жалпы микроб саны (ЖМС – 37 градус С температурада қоректік ортада колония түзу қабілеті бар микроорганизмдердің мөлшері) жатады. Нормативтік мәннен жоғарылауы (1 мл-да 50 -ден жоғары емес) су дайындау технологиясында бұзылыстың бар екендігінің белгісі болып табылады. Бақылаулар нәтижесі суда бактерия-сапрофиттерінің көп мөлшерде кездесуі онда патогендік микроорганизмдердің болуын көрсетеді. Тарату торабының суында ЖМС-ның өсуі органикалық заттардың жиналуы немесе герметикалығының бұзылуы нәтижесінде, соған байланысты ластанған грунт суының сорылуынан санитарлық жағдайының бұзылуын көрсетеді.
Судың микробиологиялық нормалануы Сонымен қатар ауыз судың микробиологиялық нормалануына санитарлық - көрсеткіштік микроорганизмдер (ішек таяқшалар тобы), 4 түрлі бактериялар: Cіtrobakter, Enterobakter, Klebsіella және Escherіchіa жатады. Бұл микроорганизмдер адам ішегінде үнемі тіршілік етеді, бірақ олардың суда болуының санитарлық маңызы әртүрлі.
Қорытынды. • Қазіргі таңда Қазақстанда су құбырының ауыз суымен 75 пайыз тұрғындар қаматамасыщз етілген, ал орталықтандырылмаған сумен 22 пайыз, 3 пайыз қазақстандықтар тасылып алып келетін сумен қамтамасыз етілген. Соңғы категорияға негізінен Маңғыстау, Атырау облысының тұрғындары жатады, онда табиғи тұщы су көзі жоқ. Қазақстан Республикасының негізгі тұрғындары орталықтандырылған және орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз етілген, ал 1 пайызы ауыз су мақсатында ашық суаттарды пайдаланылады. Сан. Пи. Н құжаты тек орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуде пайдаланылады. Орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету жүйесі дегеніміз суды алу, өңдеу (немесе өңдеусіз), сақтау және тұрғындарға жеткізу қондырғылары.
Пайдаланылған әдебиеттер 1. Гончарук Е. И. «Коммунальная гигиенаң, - Киев. – 2006. 2. Неменко Б. А «Коммунальная гигиенаң, - Алматы. – 2004. 3. Мазаев В. Т. и соавт. «Коммунальная гигиенаң – М. , 2005. 4. Кучма Р. В. «Оценка риска влияния факторов окружающей среды на здоровье детейң. Гиг. и сан. – 2007. - № 6. – с. 51 -53. 5. Природоохранные нормы и правила проектирования (справочник). – М. - 2009. Руководство по коммунальной гигиене (под ред. С. Н. Черкинского), т. 2. – М. -.
Назарларыңызға рахмет!!!
кг жжж.pptx