
2_kg.ppt
- Количество слайдов: 29
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ ГИГИЕНА-2 КАФЕДРАСЫ Тақырыбы: Санитарлық-гигиеналық зертханада жұмысын ұйымдастыру Орындаған: Космуратова А Тобы: 412 “Б”КДС Қабылдаған: Бекжан Е. У
Жоспар: I. Кіріспе 1. Санитарлық-гигиеналық зертхана міндеттері мен қызметтері. II. Негізгі бөлім: 1. Вирусологиялық зертхана 2. Бактериологиялық зертхана 3. Паразитологиялық зерттеулер 4. Аса қауіпті жұқпалы аурулар эертханасы 5. Радиология зертханасы III. Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе Санитарлық-гигиеналық зертхана қоршаған орта факторларына, ауыз суға, тағамдарға санитарлық-химиялық, бактериологиялық, паразитологиялық және радиологиялық өлшеулерді орындаушы; санитарлық-эпидемиологиялық және әлеуметтік-гигиеналық мониторинг жүргізуші; жұқпалы және паразитарлық аурулардың диагностикасына қатысушы болып табылады. Санитариялық-гигиеналық зертханаға: еңбек гигиенасы, тағам гигиенасы, коммуналдық гигиена, полимерлі материалдар токсикологиясы, пестицидтер мен улы химикаттар және ЭМӨ мен басқа да физикалық факторлар бөлімшелері кіреді.
Зертхананың негізгі міндеттері: 1. Зерттеулер номенклатурасына сәйкес зертханалық зерттеулер жүргізеді; 2. Нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес зерттеу нәтижелерінің дұрыстығын, дәлдігін аныңтайды; 3. Санитарлық эпидемиологиялық қадағалау департаменті және басқармасы мамандарымен бірге зертхананың атқарған жұмыстары туралы мәліметтер дайындайды; 4. Аудандар көлеміндегі мамандарға әдістемелік басшылық жасайды; 5. Санитарлық эпидемиологиялық қадағалау департаменті және басқармасы мамандарымен бірге үлгілерді алу ережесі және оларды зертханаға тасымалдау, жеткізу ережесі туралы арнайы сабақтар өткізеді; 6. Зертханада кезекті жұмыс тоқсанында атқарылған жұмыстарға талдау жасалып, санитарлық-эпидемиологиялық департаменті және басқарма мамандарына мәліметтер дайындалады.
Атқаратын қызметтері: 1. Зертханалық зерттеулерге және сыртқы ортаның физикалық өлшемдерін өлшеулерге санитарлық эпидемиологиялық сараптама жасау; 2. Санитарлық-химиялық, токсикологиялық зерттеулерді; шу, діріл, электр магниттік өрісті және де басқа физикалық өлшемдерді сыртқы қоршаған ортада аныңтау; 3. Санитарлық эпидемиологиялық және қоғамдық гигиеналық мониторингке қатысу; . 4. Келісім-шарттар негізінде заңды және жеке тұлғаларға өтініштері бойынша сертификациялық зерттеулер мен сараптама жасау; 5. Жаңа құрал-жабдықтарды, өлшеу құралдарын, зерттеулер әдістерін зертхана тәжірибесіне енгізу;
Зертхананың ішкі бөлімшелерінің қызметтері: 1. Санитарлық гигиеналық зертхананың бөлімшелері жоғарыда көрсетілген және төменде келтірілген функциялардың барлығын жүргізеді; 2. Нормативтік құжаттардың талаптарын түгел, уақытылы және сапалы орындау жұмыстарын жүргізу; 3. Жаңа Мем. СТ, НҚ, әдістемелерді меңгеру, жұмыс тәжірибесіне енгізу; 4. Зертханаға қойылатын метрологиялық талаптарды (температура, жарықтану, ауаның қозғалыс жылдамдығы, ылғалдық және т. б. ) қамтамасыз ету, ауытқулар болған жағдайда талаптарға сәйкес реттеу шараларын жасау; 5. өлшеу құралдарының метрологиялық сынақтан уақытылы өткізілуін, зертхананы аттестацияға дайындауға және кезекті аттестацияға дайындауды қамтамасыз ету;
6. Зерттеулердің дұрыс жүргізілу мақсатында мамандардың әр бес жылда білімі мен біліктілігін жоғарлату; 7. Зерттеу нәтижелерінің дәлдігін, сапасын тексеру үшін әрдайым ішкі зертханалық және сыртқы бақылау жұмыстарын қамтамасыз ету; 8. Ішкі жұмыс ережелер талабын, еңбек және өндірістік тәртіп талабын, техникалық қауіпсіздік талабын, жұмыс орнында өндірістік тазалықты сақтауға және қызметкерлердің орындауын қамтамасыз ету.
Зертхана өз жұмысында Қазақстан Республикасының заңнамаларын, ҚР Президентінің актілерін, ҚР Үкіметінің актілерін, өкілетті мемлекеттік органның нормативтік-құқықтық актілерін, Орталық директорының басқарушылық құжаттары мен нұсқауларын, орталықтық Жарғысын және оның негізінде құрылған регламентін, сапа менеджменті жүйесінің нормативті құжаттарын және зертхана ережесін басшылыққа алады.
Вирусологиялық зертхана – биологиялық материалдан және қоршаған орта объектілерінен вирустарды бөлу, антигендерді және антиденелерді анықтау бойынша зерттеулерді орындайтын зертхана. Негізігі атқаратын қызметтері: 1. Жұқпалы аурулардың диагностикасына қатысу. 2. Зертханалық зерттеулер және жаңа аспаптар мен жабдықтарды зертхана жұмыстарына мақұлдау енгізу. 3. Облыстық режимдік комиссияның құрамына қатысу, II-IV топтардағы патогендік қоздырғыштармен жұмыс істеуге материалдарды дайындап, рұқсат алу; 4. Профилактикалық препараттарды сақтау (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық); 5. Сапалы және заманауи түрде зерттеулерді жүргізу: аурулардан алынған сынамалар, сау балалардан, қатынастағылардан және сыртқы ортадан алынған вирустық инфекцияға; 6. Семинар мен тренингтер өткізіп, қатысу;
7. Методикалық нұсқауларды және хаттардың сұрақтары бойынша вирусологиялық зерттеулерді, сынамаларды алу, жеткізу; 8. өлшеу құралдарын уақытылы тексеру мен метрологиялық аттестациядан өтуін қамтамасыз ету, зертхананы аттестацияға және қайта аттестацияға дайындау; 9. Зертхана мамандарының біліктілігін әр 5 жыл сайын арттыру, зерттеулерді нақты жүргізу; 10. Ішкі және сыртқы зертханалық бақылауды жүйелі жүргізу арқылы зерттеулердің сапасы мен дұрыстықын қамтамасыз ету
• СЭСО вирусология зертханасы өз жұмысында тәжірибелік зертханада пайдаланылатын барлық әдістерді қолданады. Бүгінде классикалық әдістен басқа жедел зерттеу әдісі: иммунофлуоресцентті әдіс, ИФТ – иммуноферментті талдау, ПТР – полимеразалық тізбек реакция әдісі кеңінен қолданылады.
Бактрологиялық зертхана Бактериологиялық зертхана – биологиялық материалдан және қоршаған орта объектілерінен бактерияларды бөлу, антигендерді және антиденелерді анықтау бойынша зерттеулерді орындайтын зертхана.
Негізгі атқаратын қызметтері: 1. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптауды зертханалық зерттеулер бөлімінде жүргізу; 2. Санитарлық - бактериологиялық, бактеиологиялық, серологиялық зерттеулерді жүргізу; 3. Санитарлық-эпидемиологиялық және социалды - гигиеналық мониторингтарды өткізуге қатысу; 4. Инфекциялық аурулар және азық-түлікпен улану диагностикасына қатысу; 5. Заңды тұлғалармен азаматтардың сұрауымен келісім шарт түрінде сертификаттық зерттеулер және сараптамалар жасауға қатысады; 6. Арбитраж апробация, жаңа құралдарды енгізу, микробиологиялық зерттеудің әдістерін жетілдіру; 7. Эпидемиалық қауіп қатерді бағалау (алдын алу); 8. Зерттеудің құрылғыларын уақытылы тексеруде метрологиялық атестациялаудан және зерханаларды атестациалаудан өткізуге;
Паразитологиялық зертхана • Паразитологиялық зертхана – биологиялық материалда және қоршаған орта объектілерінде гельминттерді және қарапайымдыларды анықтау бойынша зерттеулерді орындайтын зертхана;
• Паразитологиялық бөлім келесі міндеттерді орындайды: - санитарлық- паразитологиялық; - инвазивті және паразитарлық аурулардың диагностикасына қатысады;
Аса қауіпті жұқпалы аурулар эертханасы (АҚЖ) • Зоонозды жұқпалар ауруларының таралуы кез келген жұқпалар мен көптеген соматикалық аурулардан пайда болады, бірақ диагноз тек зертханалық зерттеу кезінде белгілі болады. Антибиотикограммдардан бөлінген өсіндіден, әр уақытта бір аурудан таралатын жұқпалардың емдеу түрлерін анықтайды. • Зоонозды және аса қауіпті жұқпалы аурулардың диагностикасын зерттеу үшін зертхана, қысқа уақыт ішінде жұқпалы аурулардың қоздырғыштарының көптеген түрін теңестіріп беретін бірегей жабдықтармен жабдықталған.
Негізгі атқаратын қызметтері 1. Бактериологиялық зерттеулерді орындап, аса қауіпті инфекциялардың диагностикасына қатысу. 2. Адамдардан және қоршаған ортадан алынған материалды сапалы зерттеп, мерзімінде РМ? К-ң директорына есеп беру. 3. Микробиологиялық зерттеулерді жаңа тәсілімен зерттеуді ендіру. 4. Филиалдардың бактериологиялық зертханаларына АҚИ зерттеуге нұсқаулар мен әдістемелік ұсыныстарды дайындап жеткізу. 5. өлшеу жабдықтарды өз мерзімінде тексеруін қамтамассыз етіп зертхананы метрологиялық аттестацияға дайындау. 6. Жақа приборлар мен жабдықтарды пайдалану үшін зерханалық барысында жаңа методикалар мен тәсілдерді енгізу. 7. Диагностикалық, залалсыздандыру үшін пайдаланатын препараттардың сақталуын қамтамассыз ету
Cанитариялық- эпидемиологиялық сараптама орталығындағы аса қауіпті жұқпалы аурулар зертханасы төмендегідей жоғары білікті қызмет көрсетеді: • Адамдарды зоонозды жұқпалар тобына – сарып, иерсиниоз, листериоз, лептоспироз, пастереллез, сонымен бірге хламидиоз, бөртпе сүзегіне зерттеу жүргізу; Сарыпқа бактериологиялық ( гемоөсіндіге қан тапсыру), серологиялық ( Хеддльсон реакциясы, Райта, Розбенгал сынама, РПГА), иммунологиялық кешенді тексеру;
• Туляремияға бактериологиялық, серологиялық, иммунологиялық , генетикалық тексеруден өткізу; • Түйнемеге қарсы бактериологиялық, серологиялық, иммунологиялық , генетикалық кешенді тексеру (жедел әдісті қолданудың алдын ала уақыты 3 сағат бұрын); • Тырысқаққа бактериологиялық, микроскопиялық серологиялық, генетикалық зерттеу, тырысқақтың қоздырғыштарын анықтауда жедел әдістің алдын ала уақыты 3 -4 сағат бұрын; • Жұқпалы аурулар қоздырғыштарының бөлінуі кезінде антибиотиктердің негізгі топтарының сезімталдығын анықтау;
• Зоонозды жұқпалар тобына ( иерсиниоз, листериоз, пастереллез) қоршаған орта материалдарын бактериологиялық, серологиялық ( тағам өнімдері, тағам өнімдері нысандарынан шайынды, ауру ошағындағы материалдар, өлі материалдар, кеміргіштер) кешенді тексеру; • Аса қауіпті жұқпалы аурулар тобына қоршаған орта материалдарын ( ашық суқоймасының сулары, су бұрқағыштар, хауыздардағы тырысқақты тексеру, ошақтардағы сарыпқа материал алу: сүт, сүт өнімдері, ет өнімдері, сыртқы орта, туляремияға кеміргіштер, түйнемеге ет және ет өнімдері) бактериологиялық, серологиялық кешенді тексеру;
• Зертхана диагностикасы ( ИФТ) иммуноферментті талдау әдісімен M, G иммуноглобулинді класстарын анықтайды; Тыныс алу жолдарының ауыр синдромы, құс тұмауы, КГЛ, бөртпе сүзегі, хламидий, түйнеме, тырысқақ, туляремия, сарып, токсоплазмоз, лептоспироз, пастереллез, иерсиний, листерий диагностикасы;
Радиология зертханасы • Радиациялық бақылау – ұйымдардағы, қоршаған ортадағы және адамдарға сәулелендіру деңгейіне радиациялық жағдай туралы ақпараттарды алу. •
• Негізгі атқаратын қызметтері: • 1. Мекендеу ортасы факторларын өлшеу бөлімі бойынша санитарлық-эпидемиологиялық экспертиза жасау; • 2. Адамдар мекендейтін ортаға радиоактивтік зерттеу жүргізу; • 3. Санитарлық-эпидемиологиялық және әлеуметтік - гигиеналық мониторингті жүргізуге қатысу; • 4. Келісім негізінде азаматтар мен заңды тұлғалардан түскен өтініштері бойынша сертификациялық зерттеулер мен сараптама жүргізуге қатысу; • 5. Зертханалық зерттеулер мен өлшеулердің жаңа әдістерін және жаңа аспаптар мен жабдықтарды зертхана жұмыстарына мақұлдау, енгізу; • 6. қауіп-қатерді бағалауын жүргізу; • 7. өлшеу құралдарын уақытылы тексеру мен метрологиялық аттестациядан өтуін қамтамасыз ету, зертхананы аттестацияға және қайта аттестацияға дайындау;
• • • 8. Зертхана мамандарының біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету; 9. Ішкі және сыртқы зертханалық бақылауды жүйелі жүргізу арқылы зерттеулердің сапасы мен дұрыстықын қамтамасыз ету 10. Аудандық және қалалық зертханалардан дозиметрлік бақылау бойынша тоқсандық және жылдық есептерін қабылдау; 11. РСЭС-сы бекітілген үлгілері бойынша есеп жүргізу; 12. Радиациялық қауіпсіздікті бақылау бөлімінің мамандарымен бірге зертхана жұмысы бойынша материалдарды талдау мен жинақтауды жүргізу; 13. Зертхананың тоқсандық және жылдық қызметі бойынша есеп дайындап, РСЭС-ға және ОҚО МСЭ? Д-не есеп беру; 14. Облыстық аудандық, қалалық СЭ? Б оперативтік бөлімдерінің мамандарымен зертханаға сынаманы сұрыптау мен жеткізу ережелері бойынша семинарлар өткізу; 15. Аудандық деңгейдегі зертханалардың мамандарына дозиметрлік бақылау бойынша ұйымдастыру-әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету;
Радиология зертханасы радиациялық бақылау жүргізеді: • Тағам өнімдері, азық-түлік шикізаты және ББҚ; • Ауыз су; • Ашық су көздері; • Техникалық су; • Құрылыс және жол-құрылыс материалдары; • Дәрі-дәрмек заттары; • Ағаш өңдейтін өнім; • Жанармай; • Зергерлік бұйым; • Темекі өнімі; • Минералды тыңайтқыштар
• Қара және түрлі түсті металды сүймен; • Радиоактивті өндірістік қалдық; • Құрал-жабдық пен арнайы көліктердің радиоактивті ластануы; • Топырақ және судағы 222 радонды анықтау; • Судағы 210 полонияны анықтау. Гамма сәулелену мөлшерінің қуаттылығын өлшейміз: • Тұрғын үй және өнеркәсіп аймағы; • Өндірістік, қоғамдық және тұрғын үй жайлары. Қуаттылық мөлшерін өлшейміз:
Қорытынды • Санитарлық-гигиеналық зертхана қоршаған орта факторларына, ауыз суға, тағамдарға санитарлық-химиялық, бактериологиялық, паразитологиялық және радиологиялық өлшеулерді орындаушы; санитарлық-эпидемиологиялық және әлеуметтік-гигиеналық мониторинг жүргізуші; жұқпалы және паразитарлық аурулардың диагностикасына қатысушы болып табылады. Оның негізгі жұмысы басқада гигиена саласымен тығыз байланысты.
Пайдаланған әдебиеттер: 1. Неменко Б. А. Оспанова Г. К - “Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы”(Оқулық). - Алматы 2002. 344 б. 2. Кучма В. Р. - “Гигиена детей и подростков”, Медицина, 2004. , 3 Шабдарбаева М. С. , Омаров С. Қ. , 4. Коммуналдық гигиенасы. Окулық. Алматы: ЖШС «Эверо» -2011, I - ІІ бөлім. 5. Коммунальная гигиена /Под редакцией Мазаева В. Т. 6. http: //www. cseealmaty. kz/50/? lang=kz 7. http: //adilet. zan. kz/
2_kg.ppt