
Копия алкогольды мастықты.ppt
- Количество слайдов: 24
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ Фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасы Алкогольді мастықты қазіргі кезеңдегі талдаудың физико химиялық әдістерін қолдану арқылы сараптау. Талдау қорытындыларына алкоголь метаболизмінің өнімдері мен эндогенді қосылыстардың әсері. Талдау құжаттары ОРЫНДАҒАН: МАДРЕЙМОВ К. Х. ҚАБЫЛДАҒАН: КУЛАЕВА С. Ю. ТОБЫ: 403 – ФК.
ЖОСПАР Денсаулықпен қоғамға зиянды әрекеттердің бірі. Алкогодьдің адам ағзасына әсер етуі. Алкоголь метаболизмімен өнімдері және эндогенді қосылыстары. Алкогольді мастықты талдаудың физико химиялық әдістері. Талдау құжаттары.
Денсаулық пен қоғамға зиянды әрекеттердің бірі – ішімдікке салыну. Орыстың ұлы жазушысы Л. Н. Толстой алкоголь туралы былай деп жазған болатын: «Арақ – адам есін жояды, ұятын қашырады, арамдыққа және қалмысқа итермелейді» . Маскүнемдік – денсаулықты тез тоздыратын, адамды аздырып, түрлі сырқаттарға ұшырататын, адамгершіліктен жұрдай ететін, еңбек қабілетін төмендететін қауіпті ішімдік. Маскүнемдік ең алдымен орталық нерв жүйесін уландырады. Араққұмарлардың жасына жетпей ақыл-ойдан алжаса бастауы, ұмытшақ болуы, ұйқыларының бұзылуы, қолдарының қалтырауы осының салдарынан. Маскүнемдік асқазанның тамақ қорыту қабілетін нашарлатып, ас қорыту процесіне пайдалы сөлдердің бөлінуін тежейді. Адамның асқа деген тәбетін төмендетеді, әр түріл қауіпті ауруларға ұрындырады (церроз, созылмалы бауыр ауруы, өкпе эсземасы, стенокардия, полиневрит, тағы басқалар).
Алкоголь бұл өзіне тән иісі бар, түссіз, ұшқыш сұйықтық. Қайнау температурасы 77— 77, 5 °С (78— 80, 5° С). Балқу температурасы 112° С.
Алкогодьдің адам ағзасына әсер етуі. Ішімдіктің салдарынан босаңсу мен көңіл-күйдің уақытша көтерілуінің астарында адам ағзасы биохимиялық табиғаты бар жаңа залалға ұшырайды. Көп мөлшерде ішімдік пайдалану, сондай-ақ оның ағзада құрылатын өнімі сіркесулы альдегид ми мен жүрек қызметіне қысым көрсетеді: ағза тіндерінде оттегі жетіспеушілігі туып, адам әлсізденіп, шаршап, әлсірейді. Көңіл-күйі бірден төмендейді. Бұндай жағдайдағы адам сабырсыздыққа бой алдырып, ес-түсінен айырылып, өз іс-әрекеттеріне жауап бере алмайтындай жағдайға душар болады.
Алкогольдің токсикалогиялық әсері Соңғы он жылдағы мәліметтер бойынша алкогольмен улану басқа токсикалогиялық заттар арасынан бірінші орынды алады (60%). Аокогольдің токсикалогиялық әсері оның ішімдік құрамындағы мөлшері және концентрациясына байланысты. Адам ағзасы үшін таза этил спиртінің орташа өлім дозасы 1 кг ға есептегенде 6— 8 мл. Бүкіл дене салмағына есептегенде орташа есепппен 200— 300 мл ді құрайды. Алайда бұл мөлшер адам ағзасының алкогольге деген сезімталдығына және қабылдау жағдайларына (асқазан құрамындағы тағам, ішімдік құрамындағы этил спиртінің мөлшері және т. б. ) байланысты өзгеруі мүмкін. Кейбір адамдарда таза этил спиртінің өлім дозасы 100— 150 г болса, ал кейбіреулерінде бұл көрсеткіш 600— 800 г ды құрайды.
Алкогольмен улану дәрежелері: Дәрежесі Қан құрамындағы мөлшері (%) Жеңіл 0, 5— 1, 5 % Орташа 1, 5— 2, 5 % Ауыр 2, 5— 3, 0 % Өте ауыр 3— 5 % Өлімге алып келетін 5— 6 %
Адам ағзасына түсетін алкоголь эндоген деп аталады. Адам және жануар ағзасында өте аз мөлшерде тұрақты түрде ішкі немесе эндогенді алкоголь түзіледі. Эндогенді алкогольдің немесе нақтырақ эндогенді этанолдың қан плазмасындағы мөлшері 0, 16 мг-%. Адам ағзасында бір тәулікте табиғи жолмен 1, 0 ден 9, 0 г дейін эндогенного этанол түзілуі мүмкін. Эндогенді этанолдың ішектен бауырға тасымалданатын қандағы мөлшері басқа тамырлардағы қандағы мөлшерінен көп болады.
Адам ағзасындағы эндогенді алкагольдің концентрациясын анықтау үшін арнайы газды хроматография және масс спектрометрия әдістері қолданылады. Бұл әдіс биоматериалдағы аз молекулалы эндогенді ұшқыш қосылыстарды хроматографиялық затты сорбентпен ұсталы уақыты бойынша анықтауға негізделген.
ХТТ ға алкоголь немесе оның сурагаттарына зерттеу жүргізу үшін биоматериалды (қан, несеп) алу тәртібі. Несеп таза құрғақ флаконға 10 мл ден кем емес мөлшерде алынады. Тек алкогольді зерттеу үшін 2 -5 мл несеп жеткілікті. Оны пенициллиннің флаконына құйып, стандартты резинке тығынмен тығындалады және алюминді қақпақпен жабылады. Зерттеу үшін қан гепарин ерітнідісі бар пенициллиннің флаконына 10 мл ден кем емес алынады (3 -4 тамшы әр қайсы 10 мл қанға). Тек алкогольді зерттеу үшін 2 -3 мл қан жеткілікті. Оны пенициллиннің флаконына құйып, стандартты резинке тығынмен тығындалады және алюминді қақпақпен жабылады. Алкогольге зерттеу бір сағаттың ішінде жүргізілуі керек (биологиялық сынаманы бөліп алғаннан соң).
1985 жылы Джонес өзінің зерттеу жұмыстарында ауадағы алкоголді анықтау үшін жалында ионизацияланған детектормен жабдықталған газды хроматография әдісін қолданған. Детекторға сутек (30 мл/мин) және ауа (330 мл/мин) жіберілген. Газ тасымалдағыш ретінде азот (20 мл/мин) қолданылған. Көрсетілген әдіс бойынша сорбентпен хроматографиялық заттың ұсталу уақыты метанол, ацетальдегид, этанол, ацетон және изопрен үшін 1. 5, 2. 0, 3. 4, 5. 9 и 8. 6 минутты көрсеткен. Газды сынамаға арналған кран дозатордың алты трубасы газды хроматографтың термокамерасыға енгізілген және осылайша 130°С температураны ұстап тұрған. Жалынды ионизацияланған детектордың жауап сигналы электронды жинағышқа барады.
Алкогольмен уланған адамдардың қанына жүргізілген зерттеулердің хроморограмма нәтижелері: Бірден беске дейінгі пиктер метанол (1), ацетальдегидті (төмендегілері) (2), этанол, (3) ацетон (4) и изопрен (5)ді көрсетеді.
• Эндогенді этанолдың, метанол және ацетонның өзгеру динамикасы
Несеп немесе қан құрамындағы алкагольді ГСХ әдісімен анықтау. Пенициллин ыдысына 0, 5 мл зерттелетін қан немесе қанды және 0, 5 мл 50 %ды трихлорсірке қышқылын енгіземіз. Флаконды резинке қақпақпен жауып арнайы фиксатормен тығындаймыз. Кейін резинке қақпақ арқылы дайындалған сынамаға шприц көмегімен 0, 25 мл 30% ды натрий нитриті ерітіндісін енгіземіз. Флекон құрамындағысын бір минут бойы шайқаймыз. Кейін басқа таза шприц арқылы 3 мл газды фазаны алып оны хроматограф дозаторына енгіземіз және хроматографиялаймыз. Алынған хроматограммада екі пик пайда болады: біреуі этил спирттін (этилнитратты), ал екіншісі пропил спиртуін(пропилнитратты) көрсетеді. Кейін осы пиктердің ұзындығын өлшейміз. Этилнитрит спиртінің ішкі стандарт пропил спиртіне қатынасын.
Алкогольді ашу реакциялары • Этил спиртін йод және сілті ерітіндісімен қыздырғанда өзіне тән иісі бар йодоформ түзіледі • Бензолхлоридпе н әрекеттескенде, өзіне тән иісі бар этилбензоат түзіледі. • Этил спирті күкірт қышқылы қатысуында натрий ацетатымен өзіне тән иісі бар сіркеэтил эфирін түзеді. Йодоформ түзілу реакциясы Этерификация реакциясы Этилбензоат түзілу реакциясы Ацетальдегид түзілу реакциясы • Калий дихроматымен, калий перманганатымен және кейбір тотықтырғыштармен ацетальдегидке дейін тотығады.
Алкоголдің метаболизмі. Алкоголдің метаболизмі көбінде бауырда жүреді. Алкоголь молекуласы басында сірке алдегидіне, ал кейін су және көмірқышқыл газына ыдырайтын сірке қышқылына айналады. Алкоголь адам ағзасына түскен сәттен бастап ыдырау және ағзадан шығу активті процестер жүреді. Ағзаға түскен алкоголь үш жолмен қышқылданады: 1. НАД қатысында алкогольдегидрогеназой. Ағзаға түскен этанолдың 75 -90% метаболиттейді. 2. НАДФ және оттек қатысында микросомальды этанолоқышқылдаушы жүйемен. Этанолдың 10% қышқылдайды. 3. Каталазамен, алкогольдің 2% метаболиттейді.
Алкоголь метаболизмінің бірінші жолы. Бауырда 75% алкоголь метаболиттенеді. Этил спиртінің ацетальдегидке айналуында алкогольдегдрогеназа (АДГ) ферменті маңызды мәнге ие. Қышқылдаудың бірінші өнімінен алынған өнім ацетальдегид (ацеталь) ацетальдегидрогеназы (Ал. ДГ) әсерінен және НАД қатысында сүт қышқылына дейін қышқылданады.
Алкоголь метаболизмінің екінші жолы бауырдың микросомальды этанол қышқылдаушы жүйе қатысында қышқылдануы. Ацетальдегидрогеназа және микросомальды этанол-қышқылдаушы жүйе қатысында түзілген ацетальдегид этанолдың токсикалогиялық әсерін жоғарылатады. Ацетальдегид этанолмен салыстырғанда улылығы өте жоғары болып келеді. Ол бауыр, миокард және эндокринді жүйе қызметінің бұзылуына алып келеді. Адамда бұл ферменттердің индукциясы спиртті ішімдіктерді ұзақ уақыт жүйелі түрде қабылдағаннан пайда болады.
Алкаголь метаболизмінің үшінті жолы Алкаголь метаболизмінің үшінші жолы алкогольдің каталаза(сутек пероксиді) әсерінен ацетальдегидке қышқылдануы. Каталаза сонымен қатар бауыр жасушаларында да пайда болады. Бұл жол этанол метаболитінің 5% ын көрсетеді.
Ацетальдегидтің метаболизмі Алкоголь метаболизмінің келесі сатысы түзілген ацетальдегидтің бірқатар ферменттер қатысында ацетатқа дейін қышқылдануына негізделген. Ацетальдегидтің метаболизмі этанолға қарағанда жылдам жүреді. Ацетальдегидтің пайда болуы және қышқылдануындағы негізгі орган бауыр болып табылады. Алкоголь адам ағзасында жиналмайды, ол ағзадан тез шығарылады. Спирттің 90– 98% ағзада метаболиттеніп, қалған 2– 10% өзгермеген түрде несеп, тыныс алу жолдары және сілекеймен шығарылады.
Талдау құжаттары 1. Сынаманы құжаттау Биологиялық материалдағы алкогольді зерттеудегі кабинеттің негізгі құжаты Жұмыс журналы белгіленген жүйе бойынша толтырылады. 2. Жолдама құжаттау. “Химико токсикологиялық зерттеуге жолдау” және “Сынаманың ХТТ ға жеткізілгенін дәлелдейтін анықтама”. Осы құжаттар белгіленген жүйе бойынша толтырылып, ХТТ ға сынамамен бірге жіберіледі. 3. Химико токсикологиялық зерттеуге жіберілген жолдама ХТЛ да қалады және басты құжат болып табылады. Сол құжаттың негізінде биоматериалға зерттеу жүргізіледі және биоматериалдың құрамындағы алкогольдің бар немесе жоқтығын дәлелдейтін қорытынды нәтижелер беріледі. ХТТ ға жіберілген жолдамаға зерттеуді жүргізген кезекші дәрігер және медсестра (фельдшер) қол қояды. Осы құжат ХТТ да 2 ай сақталады.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Н. И. Калетина «Метаболизм и анализ токсикантов» – Москва 2008 2. Швайкова М. Д. Токсикологическая химия. — М. : Медицина, 1975 3. Крамаренко В. Ф. Химико-токсикологический анализ. — М. 1982 4. Лудевиг Р. , Лос К. Острые отравления. — М. : Медицина, 1983.
Копия алкогольды мастықты.ppt