косметик Асхат.pptx
- Количество слайдов: 20
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік Фармацевтика академиясы Дәрілер технологиясы және инжинерлік пәндер кафедрасы Жұмсақ формадағы гигиеналық белгіленуге арналған косметикалық препараттар Орындаған: Кәрібай А. Ж. Тобы: 301 “Б” ФӨТ Қабылдаған: Сейтова Ж. Д
Жоспар Ø Кіріспе Ø Негізгі бөлім Жұмсақ формадағы гигиеналық препараттар § Ерлерге арналған гигиеналық препараттар § Әйелдерге арналған гигиеналық препараттар Ø Қорытынды Ø Пайдаланылған әдебиеттер §
Жұмсақ формадағы гигиеналық препараттар Гигиеналық косметикалық құралдар – адамның жеке басының тазалығы үшін қолданылады. Гигиналық құралдыр келеси формалар түрінде шығарылады: Сұйық және жұмсақ формадағы гигиеналық құрадар. Сұйық формаға: сусабындар, лосьондар және тағы басқалары Жұмсақ формаға: тіс пасталары және гельдер
Қырынуға арналған гель
Қырынуға арналған классикалық ылғалдандырғыш гелі
Жоғары концентратты қырынудан кейін қолданылатын ерлер кремі Өте жақсы деңгейлі формуласы максималды сауықтыру ұсынады Құрамындағы антиоксиданттарға бай А мен Е дәрумендері теріні сауықтырады Ши Майы болса, үнемі нәрлендіреді Бадамның нәзік хош иісі бар Теріге сіңімді және қырынудан кейін ыңғайлы қолданылады Теріңізді серпінді, тартылған және сергек қылады
Ароматерапиялық негізді, 100% нағыз эфирді майлардан жасалған Ботаникалық қоспалар қосылған Ыңғайлы және нақты қырыну ұсынады Сақалды жұмсартып майлы қалдық қалдырмайды Өскен сақалды жұмсартады және өсуін шектейді Терінің тітіркеуін азайту үшін теріні тыныштандырып сергітеді
Тіс пасталары Күнделікті өмірімізде кем болса болмайтын тұрмыстық заттарымыздың бірі – тіс пастасы. Қазір, тіпті, жасқа толмаған сәбилердің де арнайы тіс пастасы бар екенін ескерсек, аталған өнімге деген қажеттілігімізді анық сезінуге болады.
Әйелдерге арналған гигиеналық препараттар Әйелдердің жеке күтіміне арналған құрал. Сезімтал теріге пайдалануға рұқсат. Құрамында түймедақ экстракты және антисептикалық қасиеті бар виргин гамамелис экстракты бар. Аллергияға тексерістен өткен. Құрамында парфюмерлі қоспалар жоқ.
Гигиеналық далаптар Ерінге құрғап қалу мен жарылып қалудан қорғайды. Күз бен қыс кезінде ерінді күту мақсатында қолданылады. Оны жазда қолдануға болады. Көп жағдайда гигиеналық далап құрамына нәзік ерін терісін күн сәулесінен қорғайтын ультракүлгін фильтрлері кіреді. Барлық гигиеналық далаптар құрамына витаминдер, қоректендіргіштер кіреді.
Гигиеналық далаптар құрамына кіретін заттар Егер сіз ерінді ылғалдандыратын жақсы бір гигиеналық далап алмақ болсаңыз, оның құрамына назар аударыңыз. Мұндай далаптардың басты компоненті табиғи канделиллалық, балара немесе карнаубтық балауыздар болып табылады. Олардың барлығы ерінді жақсы қорғайды және ылғалдың сақталуын қамтамасыз етеді. Өсімдік пен майлар сығындысы ерін далабын екі есе пайдалы етеді. Үлпілмәлік, өрік және жожоба майлары және де раушан және алоэ сығындысы ерінді қажетті ылғалмен қамтамасыз етеді. Соңғысы, сонымен қатар жұмсартатын және қалпына келтіретін қасиетке ие. Ал далап құрамындағы Е және А дәрумендері ерінді ылғалдандырып, қоректендіріп және жарылуын тезірек емдеуге көмектеседі. Ылғалдандыратын гигиеналық далапты жылдың тек жылы мезгілінде пайдалану керек. Қыста мұндай далапқа желге төзімді болмайды және еріннің жарылуына әкеп соғады.
Гигиеналық далаптар құрамына кірмейтін заттар Парафин, вазелин және минералды май – гигиеналық далаптарға аса қауіпті құрамдастар. Бұл мұнай өнімдерінің ағзада жиналу үрдісі бар, сондықтан ерте ме, кеш пе бұлар ішкі мүшелердің ауруына себеп болуы мүмкін. Көбіне бұлар бүйрек пен бауырға зақым келтіреді. Сонымен қатар мұнай өнімдері еріннің ұсақ тесіктерін бітейді. Кейде құрамынан силикон майын табуға болады. Өндірушілер мұны далаптың жарамдылық мерзімін ұзарту үшін қосып жатады. Алайда бұл май далаптың пайдалы қасиеттерін бұғаушы болып әсер етеді: оның кесірінен жұқа қабықша пайда болып, пайдалы компоненттер сіңе алмайды. Ылғалдандыратын гигиеналық далаптың құрамына салицилл қышқылы кірмеу керек. Оның қабынуға қарсы әсер ететіні белгілі, бірақ гигиеналық далаптың құрамында болуы маңызды емес. Бұл компонент теріні құрғатып жібереді. Камфора мен жалбызды гигиеналық далаптың құрамына ерінге көлем беру үшін қосады. Алайда бұл компоненттердің кесірінен оның айналасындағы тері қатты құрғайды.
Душка арналган гельдер Душқа арналған гельдер сабынға қарағанда жуыну құралының жұмсағырақ түрі. Біріншіден, гельде сілті аз болады. Екіншіден, гельдер судың негізінде жасалады. Олар теріні жұмсақ тазартып, оның табиғи қышқыл-сілті балансын бұзбайды. Барлық гельдердің құрамына міндетті түрде су кіреді, ал қарапайым сабынның құрамында су болады деп айту қиын. Үшіншіден, гельдегі сілтінің зиянды әсері арнайы қоспалардың арқасында жұмсартылады, мысалы, лимон қышқылымен. Қышқыл әдетте душқа арналған гельдің құрамына кіреді, және сілтіні бейтараптандырады.
Алайда, кез келген душқа арналған гельді құрамында сілті жоқ деп қанша жарнамалағанмен, бәрібір сілті қоспалары болады. Оларсыз теріні тазарту қиынға соқпақ. Бірақ, алдында айтып өткендей, сілті басқа да қоспалар арқылы бейтараптандырылады. Яғни, теріні тазарту мен артық майларды кетіру жұмысын ол жақсы атқарады. Бірақ оны шайған кезде, ол кір көпіршік ретінде емес, қарапайым сабынның көпіршігі сияқты кетеді.
Жас тері тегіс әрі иілгіш келетінін бәріміз жақсы білеміз. Және жас ұлғайған сайын теріні ылғалдандырып, пайдалы заттармен құнарландырып тұру керек. Ал сабында гельге қарағанда сілті көп болады, сол себепті ол теріні құрғатып, ал бұл өз кезегінде терінің тез қартаюына ықпал етеді. Сондықтан, әркімнің өз таңдауы шешеді, бірақ ең қолайлысы: теріні толық тазарту үшін аптасына 1 рет сабынмен жуынып, ал қалған күндері душқа арналған гельді пайдаланған дұрыс.
Көп адамға душқа арналған гельден кейінгі терінің тым тайғанақ болып тұратыны ұнамайды. Біріншіден, егер теріңіз тым тайғанақ болып, оны шаюға көп уақыт кетсе, демек теріңіз майлы болғаны. Онда теріңізге сабын пайдалырақ болмақ. Екіншіден, душқа арналған гельдің орнына табиғи компонентті, сабындарды қолдансаңыз болады. Мысалы, қырмызы сығындысынан немесе жапырағынан жасалған, бүрген немесе эфир майларынан, балдан, бергамот және лимоннан жасалған сабынды, ал сезімтал тері үшін итошаған немесе түймедақ қайнатпасынан жасалған сабынды пайдаланған жөн.
Сергіткіш және хош иісті формуласы бар Тері беткейіндегі кірлерді тазартады Терінің Рн деңгейін жақсартады Тазартқанмен бірге бойыңызды сергітеді Дәділ сезімге бөлейді
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер http: //massaget. kz/search/? string=%D 0%B 8%D 0%BD%D 1 %82%D 0%B 8%D 0%BC%D 0%B 4%D 1%96%20%D 0%B 3%D 0%B 5%D 0%BB%D 1%8 C%D 0%B 4%D 0%B 5%D 1%80 http: //www. ozon. ru/context/detail/id/29900488/ http: //massaget. kz/kyizdarga/krasota/20006/ http: //kz. strawberrynet. com/mens-skincare/eshave/aftershave-cream---almond/122424/ http: //kk. wikipedia. org/wiki/%D 0%9 A%D 0%BE%D 1%81% D 0%BC%D 0%B 5%D 1%82%D 0%BE%D 0%BB%D 0%BE%D 0 %B 3%D 0%B 8%D 1%8 F
косметик Асхат.pptx