Трансплантация.pptx
- Количество слайдов: 18
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы Адам ағзаларын трансплантациялаудың моралдық мәселелері
Трансплантация (ортағасырлық лат. Trasplantatio- ауыстырып салу). Медицинадаадам мен жануарларда органдар мен тіндерді ауыстырып салу. Тері қабатының орнын ауыстырып салу әрекеті алғаш рет б. з. д. 1500 жылы жасалған.
Клиникалық тәжірибеде бұлшық етті, сіңірді, қан тамырларын, жүйке талшықтарын, сүйек кемігін, т. б. ауыстырып салу жиі қолданылады. Трансплантацияның ерекше бір түрі- қан құю.
Ең жиі алмастыратын орган- бүйрек болып саналады. 1902 жылы австриялық хирург Е. Ульманн алғаш рет бүйректі Трансплантациялау операциясын жасады. Бұрынғы КСРО-да мұндай операцияны бірінші болып белгілі орыс хирургі Б. Петровский жасады (1965). Ол донор бүйректі шешесінен алып қызына салды, операция сәтті аяқталды.
Адамның адамға жүрек алмастырудың алғашқы операциясы 1967 жылы оңтүстік африкалық хирург К. Барнард жасады. Пациент 18 күн өмір сүрді. Клиникада өкпені ауыстырудың алғашқы операциясын 1963 жылы америкалық кардио- хирург ДЖ. Харди (бір топ дәрігермен бірге) іске асырды. Қазақстанда органды Трансплантация операциясын тұңғыш рет М. Әлиев жасады.
Қазіргі кезде трансплантацияның 2 - түрін қолданады: 1. Ауто- (өз тіндерін трансплантациялау) 2. Гомо-( сондай түрдің донорынан транспланта-циялау, мысалы итке қояннан) кеңінен қолданылады. Трансплантацияға қажетті орган не тінді тарнсплантат деп атайды. Мұны ауру адамның ең жақын туысынан немесе қайтыс болған адамнан (мәйіттен) жан- жақты медициналық тексеруден өткізген соң алады.
Трансплантатқа қойылатын басты шарттар: мәйіт жас адамдікі болғаны жөн; қан қысымы қайтыс болғанша қалыпты деңгейде болуы; қатерлі ісік немесе жұқпалы аурумен ауырмағандығы; ауруханада қайтыс болуы (немесе адам қайтыс болар алдында бірнеше сағат ауруханада болғаны) қажет.
ТРАНСПЛАНТАЦИЯ ІЗГІ ҚАДАМ БА? 2012 ж Қазақстанда бірінші рет науқасқа донордың жүрегін ауыстырып салу операциясы сәтті жасалды. Жалпы, тіндер мен мүшелерді ауыстыру медицина саласының ең ірі жетістігі саналады. Бүгінде әлемнің алпауыт елдері мүше транцплантациясын жасаудың ең озық үлгілерін қолданып жатыр. Бір адамның ағза мүшелері 4 адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді екен.
Қазіргі кезде елімізде 4000 адам ағза ауыстыру үшін тіркеліп, кезегі келетін сәтті асыға күтіп жүр. Олардың ішінде 1200 науқастың жүрегі сыр берсе, 1300 адамның бауыры, 2000 адамның бүйрегі ауыстырып салу сияқты күрделі операцияны қажет етеді. Алайда бәріне бірдей “тегін мүше” табыла бермейді, тегін квота да жетпейді. Сондықтан жыл сайын жүздеген адам трансплантациялық операция жасату үшін шетел асады екен. Пәкістан мен Қытайдаға осы мақсатта баратын отандастарымыз көп. Жұрт Пәкістандағы баға әлемдегі ең төмен баға саналады дегенді айтып жүр.
Дегенмен өлім- жетім көп. Ол жақта ота жасатқандардың ішінде спецификалық және тропикалық инфекциялардың салдарынан көз жұмғандар туралы деректерден қорыққан қазақстандықтар үшін Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықта жүрек ауыстыру операциясын сәтті жасалғаны қуанышты хабар болды. Көп жұртқа сенсация болған осы күрделі отадан кейін Қазақстан әлемдегі донорлық жүректі ауыстырып салатын 27 елдің қатарына қосылды.
ТРАНСПЛАНТАЦИЯ ТАРИХЫНА ТОҚТАЛАТЫН БОЛСАҚ: Трансплантация мәселесі 1902 жылы ғалымдар арасында қызығушылық туғызады. Австриялық зерттеуші Э. Ульман жануарлардың бүйрегін ауыстыруды тәжірибе жүзінде іске асырыпты. Әлемде адамға тұңғыш трансплантация операциясын хирург Ю. Вороной жасаған. 1933 жылдың 3 сәуірінде жасы 60 -ты еңсеріп, қайтыс болған қарияның бүйрегі 26 жасар келіншекке салынған екен. Алайда бұның соңы сәтсіз аяқталып, емделуші екі күннен кейін көз жұмады.
Ю. Воронойдың сәтсіз операциясынан соң, Еуропа мен АҚШ ғалымдары жануарларға тәжірибе жасап көреді. 1950 жылдың 17 маусымында АҚШта бүйрек ауыстырып салынады. Бұдан соң емделуші бес жыл өмір сүрген. Әлемдік тәжірибеге көз жүгіртсек, трансплантациялық операциядан кейін 37 жыл өмір сүрген адам да болыпты. Бұрынғы КСРО аумағынды да трансплантация мәселесі кеңінен дамыған. Мәселен, 1951 жылы ғалым В. Демихов тұңғыш рет иттің жүрегін ауыстырған. Ал 1967 жылы Біріккен Араб Әмірліктерінің ғалымы Кристиан Барнард адамның жүрегін ауыстыру операциясын тұңғыш рет жүзеге асырған екен.
ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕДЕ Шетелдерде трансплантацияны бауырға жасау 300 мың евро, жүрекке 200 -250 мың евро. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының шешіміне сәйкес, әлемде донор атануға рұқсат беру екі заң бойынша екі түрлі әдіспен жүзеге асады: келісім презумпциясы және келісімсіз перзумпция. Біріншісі- өзінің немесе туған- туысқандарының келісімін алу арқылы. Екіншісі- әдіс бойынша адам көз жұмған жағдайда оның ағза мүшелері туған- туысқандарының келісімінсіз донор ретінде пайдаланылады.
Испанияда, Австрияда, Бельгияда дәрігерлер бірінші әдісті қолданады. Ал АҚШ-та, Ұлыбританияда, Голландияда екінші әдісті қолданып, мәйіттің туған- туысқандарына тек хабар ғана беріледі. Жалпы Батыс елдерінде “келісім бермегендер” туралы деректер сақталатын ақпараттар базасы қалыптасқан. Оған кез келген адам өзінің өлгеннен кейін мүшесін алуға келісім бермейтінін айтып, алдын ала тіркеліп қояды. Ал Қытайда ату жазасына келісіп, түрмеге тоғытылған қылмыскерлер донор ретінде қарастырылады екен.
ҚАЗАҚСТАН ТӘЖІРИБЕСІНДЕ А. Сызғанов атындағы хирургиялық ұлттық орталығында 1978 жылдан бері 600 -ге жуық бүйрек трансплантациясы жасалған. Мұндай ота елімізде тек квота арқылы және ақылы түрде жүзеге асырылады. Біздегі медицинаның жаңа мүмкіндігінің нәтижесінде жылына 150 -200 қазақстандықтың жүрегін ауыстыру керектігі туралы проблемалық мәселе шешімін табуға тиіс. ТМД елдерінің арасында трансплантациялық операциялар жасау жағынан Белоруссияның көші ілгері.
Негізінде ағза мүшелерін ауыстырып салу операциясы кез келген науқасқа жасала бермейді. Науқас адамның күрделі операцияны көтере алатынына дәрігер сенімді болуы керек. Егер барлық зерттеулердің көрсеткіші абсолюттік қарсылықты білдірсе, ешқандайда трансплантация туралы сөз болуы мүмкін емес, дәрігер де, донор да, рецепиент те тәуекелге бас тікпейді.
2012 жылғы 12 қыркүйекте Алматыдағы № 7 қалалық клиникалық ауруханада тұңғыш рет бір уақытта бүйрек пен ұйқы безі трансплантациялау отасы жасалды. Бұл операцияның ерекшелігі сол, Қазақстан мұндай күрделі ота жасаған дүниежүзіндегі төртінші мемлекет атанып отыр. Бұған дейін медицинадағы мұндай үлкен жетістікке АҚШ, Оңтүстік Корея және өткен жылы Италия ған қол жеткізген еді.
Трансплантация.pptx