Lesson Study.pptx
- Количество слайдов: 14
Оқытуды жақсарту НЕ ҮШІН біз оқыту амалдарын зерттеуіміз керек? Біз мұны ҚАЛАЙ жасаймыз? Біз сыныпта НЕ істеуіміз керек?
Lesson Study әдісі Сыртқы эксперттер (бақылауы лар, зерттеушіл ер, университ ет оқытушыл ары) Сабақ жоспарын құру Сабақты зерттеуді талқылау Сабақты зерттеуді өткізу Сабақ жоспарын талқылау Сабақ жоспарын жақсарту Директо рдың немесе сыртқы экспертт ердің коучингі
Lesson Study тәсілінің мақсаты үш аспектіде анықталады: мұғалім, бақылаушы және мектеп • Lesson Study № 1 сценарийі «Оқыту мен оқудың тәсілдерін жақсарту» • Lesson Study № 2 сценарийі «Бақылау дағдыларын дамыту» • Lesson Study № 3 сценарийі «Мектеп мәдениетін қалыптастыру»
LS-дің үшінші сценарийінің мақсаты - мектеп мәдениетін дамыту, яғни оқыту мен оқуды жақсартуға, мектептің барлық мұғалімдерін кәсіби тұрғыдан дамыту мен жетілдіруге бағытталады. Мысалы: Жапон мектептерінде мұғалімдер 1 -2/ 3 -4/ 5 -6 сыныптар бойынша үш LS тобына бөлінеді, дегенмен олар бір проблеманы шешуге бағдарланады ( «Оқушының жүзін қалай бақытты етуге болады? » /Жапония, Кавасаки мектебі/, ал бізде «оқушыларды белсенді оқуға толық қамту» , т. б. ).
1. Топтың әр мұғалімі (немесе мұғалімдердің бір бөлігі) сабақ жоспарын бірлесе әзірлейді, жоспарды талқылайды, толықтырады, жақсартады. 2. Сосын сабақ жоспарын жетекші топ/комитет мүшелері талқылайды (бұл топтың құрамына әрбір LS тобынан бір мұғалім кіреді). 3. Алдын ала белгіленген күні бұл мұғалімдер дайын жоспарлармен сабақ өткізеді, әріптестері сабаққа қатысады (барлық сыныптың сабақтары бір мезгілде, екінші немесе үшінші сабақ болуы мүмкін).
• 4. Сабаққа қатысу барысында мұғалімдер оқу мен оқытуға бақылау жасайды. Бақылау барысында сабақ жоспарына ескертпелер жазады (сабақ жоспарының көшірмесі барлық қатысушыға таратылып беріледі). • 5. Содан кейін мектептің барлық мұғалімдері бір мұғалімнің сабағына толық қатысады (мысалы: Кавасаки мектебі, 6 сынып, этика сабағы), оқушылардың оқуына бақылау жасалады, сабақ жоспарына ескертпелер жазылады /әрбір қатысушының қолында болады/, содан кейін әрбір қатысушы ескертпелерін стикерлерге жазады да, сабақтың соңында екі бағанға бөлінген флипчарттарға жапсырады: 1 -баған Бақылау фактілері және 2 -баған Талқылауға арналған тақырып.
• 6. Барлық мұғалімдер талқылауға жиналады. Бастапқыда өзінің LS тобында (1 -2 сыны, 3 -4 сынып, 5 -6 сынып) жұмыс істейді. Олар өздері қатысқан барлық сабақты, бақылау фактілерін (оқу мен оқыту бойынша) талқылайды. Бұл - бірінші талқылау. • 7. Сосын топтың қатысушылары араласады (мысалы: 1, 2, 3, 4 сынып мұғалімдерінен аралас топ құрылады). Топтардың саны сақталып, құрамы өзгереді. Мұғалімдер өздері ұсынған тәсілдер мен нәтижелерді талқылайды, қарастырылып отырған проблема бойынша тиімді стратегияларды әзірлейді. Бұл - екінші талқылау.
• 8. Содан кейін модератор-мұғалімнің жетекшілігімен ортақ талқылау ұйымдастырылады. Барлығы толық қатысқан сабаққа талдау жасалады (Жапония, 6 сыныптың тарих сабағы). Бірінші сабақты өткізген мұғалім сөйлейді. Сосын мұғалімдер сұрақтар қояды, өздерінің жекелеген оқушылардың оқу әрекетін бақылаған жазбаларына сүйене отырып, анықталған проблеманы шешудің балама нұсқаларын ұсынады. Яғни мұғалімдер сабақтан кейін стикерлерге жазып, флипчартқа жапсырған жазбалар бойынша талқылау болады. Бұл - үшінші талқылау.
• Қажет болған жағдайда мектеп директоры коуч ретінде проблеманы шешуге болатын стратегия ұсынады. Содан кейін шақыртылған эксперттер мен өзге де тұлғалар сөйлейді. • Соңында модератор талқылау барысында айтылған ұсыныстарға тоқталып, қорытындылайды.
LS кәсіби қоғамдастығы Жетекші топ/ LS комитеті 5 -6 сынып мұғалім дері • Ортақ проблема 3 -4 сынып мұғалім дері 1 -2 сынып мұғалім дері • Ортақ проблема
Өзара әрекеттестік үдерісі 1 – 2 сынып мұғалімдері 3 – 4 сынып оқушылары 5 – 6 сынып оқушылары Мектеп мәдениеті
Оока мектебі, Йокагама
Кавасаки мектебі
Фуджи мектебі, Токио
Lesson Study.pptx