12 кл_1-четв_2 нед_Активы и их виды.pptx
- Количество слайдов: 8
Оқу мақсаты • Акциялар мен облигацияларды ажырату
Активтер Актив (Assets) – жеке және заңды тұлғаларға жататын және жуық болашақта пайда әкелуге және табысты өсіруге қабілетті әр түрлі валютадағы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша қаражаттары, бағалы қағаздар, ғимараттар, еңбек құралдары, көлік құралдары, сондай-ақ өнер және әдебиет туындыларына, өнертапқыштыққа, іскерлік атаққа, тауар белгісіне құқық секілді материалдық және материалдық емес ресурстар. Актив – заңды тұлғаларға жататын барлық мүліктік құқықтар жиынтығы.
АКТИВТЕР • Өткен кезеңдегі операциялардың немесе мүліктерді сатып алудың нәтижесінде болашақта алынуы мүмкін экономикалық пайдалар. Болашақтағы экономикалық пайда қабілеттілікпен байланысты.
Активтер түрлері • Қаржылық активтер • Нақты активтер
Қаржы активтері — кәсіпорын меншігіне жататын ақша қаражаттары мен бағалы қағаздардың жиынтығын білдіретін қаржы ресурстары. Қаржы активтеріне жататындар: *кассадағы қолма қол ақшаны және банк шоттарындағы қаражаттарын кірістіретін ақша қаражаттары; *бағалы қағаздар: акциялар, облигациялар; *дебиторлық борыш; *қаржылық салымдар.
Акция туралы Акция (нидер. aktіe , нем. aktіe, лат. aktіү - қарамағына беру, рұқсат беру) — акционерлік қоғамды (кәсіпорынды) дамытуға қаржы салғанын куәландыратын және оның иесіне акционерлік қоғам пайдасының бір бөлігін дивиденд түрінде алуына құқық беретін құнды (бағалы) қағаз. Акция айналым мерзімі белгіленбей-ақ шығарылады. • Акцияда көрсетілген сома акцияның нақты (номиналды) бағасы болып табылады. Ал акция сатылатын және сатып алынатын құнды қағаз болғандықтан оның сатылу бағасы сатылу курсымен анықталады. Мысалы: акцияда 100 теңге деп көрсетілсе, бұл оның нақты бағасы, ал төленетін дивиденд пен несие капиталыпроцентінің деңгейіне байланысты ол 110 -115 теңгеден сатылуы мүмкін. • Акцияның бір акционерден екінші акционерге берілу тәсіліне қарай олар атаулы және ұсынбалы дейтін екі түрге бөлінеді. Атаулы акциялардың иелері міндетті түрде корпорация реестірінде тіркелуге тиісті. Ұсынбалы акцияларды корпорация тіркемейді. • Корпорацияны басқаруға қатысу құқығына сәйкес акциялар жай және артықшылығы бар болып екіге бөлінеді. Жай акциялар акционерлік қоғамды басқаруға қатысуға құқық береді. Пайдалы акциялар басқаруға қатысу құқығын бермейді, әйтсе де олар тұрақты түрде белгіленген дивиденд түсіреді және пайданы бөлу немесе қоғамның жойылуы кезінде жай акциялармен салыстырғанда артықшылыққа ие болады. [1][2]
Облигация • Облигация (лат. oblіgatіo – міндеттеме) – бағалы қағаз. • Облигация иеленушісінің ақшалай қаражат салғанын куәландыратын және шығарылым шарттарында басқа жәйттер көзделмесе‚ қарызгердің иеленушіге тіркелген пайызбен қоса осы бағалы қағаздың атаулы құнын күні бұрын көрсетілген мерзімде өтелуін міндеттейтін бағалы қағаз. • Облигация қатаң түрде ерікті негізде таратылады және ішкі мемлекеттік және жергілікті қарыздар; кәсіпорындардың облигациялары түрлерінде шығарылады. ОблигациялардығАтаулы‚ ұсынушыға арналған‚ пайыздық‚ пайызсыз‚ еркін айналымды немесе шектеулі облигация болуы мүмкін. • Олар болашақта нақты тауар өндіру (қызметтер көрсету‚ жұмыстарды орындау) кепілдігімен пайызсыз мақсатты облигация түрінде де шығарылады. Мұндай облигация кәсіпорындар мен халықтың арасында таратылады‚ олардың иесі осы облигация кепілдікпен шығарылған тауарларды сатып алуға‚ қызметтерді пайдалануға басым құқық алады.
12 кл_1-четв_2 нед_Активы и их виды.pptx