Боранбаева Сайра Microsoft PowerPoint.pptx
- Количество слайдов: 11
Ньютондық емес сұйықтық
Ньютондық емес сұйықтардың тұтқырлық коэффициенты тек қана заттың табиғаты мен температурасына емес, сонымен бірге сұйықтың ағу шарттарына, яғни жылдамдық градиентіне тәуелді. Бұл жағдайда тұтқырлық коэффициенті заттың константасы болмайды. Сұйықтың тұтқырлығын шартты тұтқырлық коэффициенті сипаттайды. Тұтқырлық күші жылдамдық градиентіне сызықсыз түрде тәуелді: (9. 1, а) мұнда n ағыстың механикалық қасиеттерін сипаттайды.
Күнделікті тұрмыстағы ньютондық емес сұйықтықтар: v. Майлы бояу v. Тіс пастасы vҚан v. Батпақ v. Крахмал мен судың қосындысы v. Т. б. сұйықтар
Ньютондық емес сұйықтықтардың мысалы ретінде суспензияларды келтіруге болады. Егер де сұйықтықтықтың ішінде қатты әрекеттеспейтін бөлшектер біркелкі таралған болса, ондай ортаны біртекті деп қарастыруға болады. Ондай ортаның қасиеттері ең алдымен сұйықтың тұтқырлығына тәуелді. Ал жүйенің өзінің тұтқырлығының шамасы одан да жоғары болады және бөлшектердің формасы мен концентрациясына тәуелді болады. Егер де бөлшектердің концентациясы С төмен болса, онда келесі формуланы қолдануға болады: (9. 2) мұнда К - геометриялық фактор – бөлшектердің геометриясына тәуелді коэффициент. Егер де бөлшектердің құрылымы өзгерсе (мысалы, ағыс шарттары өзгерсе), онда (9. 2) формаласындағы К коэффициенты, ал сонымен бірге ондай суспензияның тұтқырлығы ' де өзгереді. Ондай суспензия ньютондық емес сұйық болып саналады. Барлық жүйенің тұтқырлығының көбеюі суспензияның ағуы үшін сыртқы күштін жұмысы тек қана нақты (ньютондық емес) тұтқырлықты женуге емес, сонымен бірге сұйық пен құрылымдық элементтердің арасындағы әрекеттесулерді жеңуге жұмсалатындығымен байланысты.
Псевдопластик алық Ньютондық сұйықтық Сұйық дене Стационарлы Ньютондық емес сұйықтық Дилатантты Стационарлы емес
n = 1, k = : ньютондық сұйықтық. n < 1 Ығысу деформациясының жылдамдығының өсуінен ньютондық тұтқырлықтың төмендеуі псевдопластикалық сұйықтық сипаттамасы. n > 1 дилатанттық сұйықтықта ығысу деформациясының жылдамдығының өсуінен ньютондық тұтқырлықта өседі.
Ньютондық емес сұйықтықтың қолданысына мысал: Жол шұңқырлары үшін жамайтын қап. «Сұйық» сумка. «Сұйық» брони желеті Т. б. заттар
Ньютондық емес сұйықтыққа жүргізілген эксперимент
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
Боранбаева Сайра Microsoft PowerPoint.pptx