Рыскул Айдана.ppt
- Количество слайдов: 12
НОЗОКОМИАЛДЫ ТУБЕРКУЛЕЗДІҢ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТЫ ЖӘНЕ АЛДЫН АЛУ Орындаған: Рысқұл Айдана Фак: МПД Тобы: 002 -2 Курс: 4 Қабылдаған: Алекешева Л. Ж.
ЖОСПАРЫ: Кіріспе Негізгі бөлім 1. Туберкулез сипаттамасы 2. Эпидемиологиялық алғышарттар 3. Алдын алу шаралары Қорытынды
ТУБЕРКУЛЕЗ Бұл ауа-тамшыларымен таралатын антропоноздық және зооноздық бактериялық жұқпалы ауру. - организмнің улануымен - аллергизациялануымен - әр түрлі ағзалармен тіндерде спецификалық гранулемалар құралуымен - полиморфты клиникалық көріністерімен сипатталады.
ИНФЕКЦИЯ КӨЗІ: Өкпе туберкулезімен науқастанғандар Зәр және нәжіспен туберкулез микобактерияларын бөлетін науқастар Ауру мал , сирек жағдайда құстар
БЕРІЛІС ЖОЛДАРЫ: Ауа –тамшылы Ауа-шаңды Ас арқылы Жанасу – зақымдалған тері, сілемей қабықшалары арқылы.
АУРУДЫҢ ДАМУЫНА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР: - Іске қосатын фактор – иммунитеттің әлсіреуі. Толыққанды, үйлесімді тамақтанбау. - ауыр аурулардың қатар жүруі (АҚТҚ, қант диабеті, ойық жара аурулары және басқалары); - суық тигізу; - зиянды әдеттер; - созылмалы күйзелісті жағдайлар.
ТУБЕРКУЛЕЗДІҢ ДАМУ БАРЫСЫНДА ТӨМЕНДЕГІДЕЙ БЕЛГІЛЕР ПАЙДА БОЛАДЫ: екі аптадан артық уақытқа созылған жөтел; әлсіздік; дене қызуының көтepiлуi; тершендік; тәбеттің нашарлауы; жүдеу; шаршағандық; қан аралас қақырықтын түсуі; кеуде тұсының ауыруы. Ағзаның жақсы қорғану күшінің арқасында туберкулез бактериялары сау тіндерінен оқшалайды, айналасында тығыз қабыршақ дамиды да және ауру таралуын тоқтатады.
ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ АЛҒЫШАРТТАР: КР –да туберкулезбен сырқаттылықтың жоғары деңгейде сақталуы. Зарарлығы аса жоғары туберкулезбен науқастардың көбеюіне байланысты туберкулездің қыруар ошақтарының потенциалының күшеюі , экологиялық жағдайдың нашарлауы, әртүрлі генезді иммунды жетіспеушіліктің , АИВинфекциясының қоса көбеюі. Еңбекке байланысты және басқа да миграцияның дұрыс реттелмеуі. Қайталап ауырғандардың көбеюі, т. б.
ТУБЕРКУЛЕЗДІҢ АЛДЫН АЛУ : Спецификалық: - вакцина және БЦЖ ревакцинациясы Спецификалық емес: - салауатты өмір салты; - тиімді тамақтану; - дене шынықтыру белсенділігі; - зиянды әдеттерден бас тарту
ДЕЗИНФЕКЦИЯ Туберкулез ошақтарында кезекті дезинфекция туберкулездің бактерия бөлуші науқасы үйде болған жағдайда жүргізіледі. Науқасқа "Туберкулездің бактерия бөлетін түрімен ауыратын науқас" деген тұжырым қойылып, есепке тіркелген уақыттан бастап, санитарлықгигиеналық, эпидемиологияға қарсы және дезинфекциялық тәртіптерді сақтай отырып, кезекті шара жүргізіледі. Дезинфекция жүргізуге арналған заттарды туберкулезге қарсы мекемелер береді, аталған мекемелер болмаған жағдайда, АМСК жүйесі береді, аталған мекемелердің бюджетінде осы шараға арналған арнайы қаржы болады.
ҚОРЫТЫНДЫ: Қорыта айтқанда, өз денсаулығымыз өз қолымызда. Сол себепті денсаулығымызға зиян келтіретін әдеттерден аулақ болып, керсінше пайдасын тигізетін әдеттерге үйренейік. Дені сау ұрпақ тәрбиелеп, ақ халатты жандар ретінде науқастарды емдеп, аурулардың алдын алу әр қайсымыздың парызымыз.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: Жұқпалы аурулардың стандартты анықтамалары және іс-шаралар алгоритмдері. С. Ә. Әміреев, Т. Ә. Момынов, Б. Л. Черкасский, К. С. Оспанов, 1 том, 2009 жыл Алматы Туберкулез ошақтарында санитарлық-індетке қарсы (профилактикалық) іс-шараларды өткізу жөніндегі нұсқаулық Жұқпалы аурулар. А. Қ. Дүйсенова. Алматы – 2009 жыл.
Рыскул Айдана.ppt