кластер.pptx
- Количество слайдов: 10
Норвегия
Норвегия. Географиясы Солтүстік Еуропаның Скандинавия түбегінде батыс жағалауды барынша иемденіп жатқан ірі елдердің бірі — Норвегия болып табылады. Атлант мұхитынан соғатын суық желдің әсері бар, батыстағы таулы қыраттың қытымыр аязы үстемдік құратын өлке қатарынан үш елмен қоңсылас орналасқан: Ресеймен — 196, Финляндиямен — 727 km, ал Швециямен — 1619 km шекарасы шектесіп жатыр.
Табиғаты Норвегияның көп бөлігін Скандинавия таулары алып жатыр (ең биік нүктесі – Гальхепигген тауы 2469 м). Солтүстік және Норвег т-нің жағалаулары фьордтармен тілімделген. Климаты – баяу теңіздік. Қаңтардағы орташа температурасы – 2 – 12 С, шілдеде 6 – 15 С болады. Жылдық жауын-шашын мөлшері шығысында 300 мм-ге, батыс тау беткейлерінде 3000 мм-ге дейін жетеді. Мұздықтардың жалпы аумағы 3 мың км². Мол сулы ірі өзендері – Гломма, Логен, т. б. Жерінің 27%-ын ормандар (негізінен қылқан жапырақты, жапырақты) алып жатыр. Солт. мен биік жерлерінде таулы тундра мен орманды тундра басым. Жануарлар дүниесін түлкі, сілеусін, ақкіс, сусар, бұлан, солт. бұғысы, ақтиін, қоян құрайды. Жағалауларында құс базарлары көп. Н. теңіздері балыққа бай. Кен байлықтарынантемір, никель, мыс, молибден, коб альт, күміс кентастары белгілі. 1970 ж. Солтүстік теңізден мұнай мен газ кен орны ашылған.
Экономикасы Ел экономикасындағы негізгі сала — мұнай мен газ өндірісі. Алайда елдегі энергия көзі осы мұнайдан алынып отыр деу — жаңсақ. Өйткені Норвегия мұнайы түгелімен экспортқа шығарылады. Ал энергияны олар су көзінен алады. Алдағы уақытта оған «этанол» аталатын химиялық қосалқы энергия көзін қосу — жоспарда. Бұл дегеніңіз — қалдықтарды қайта өңдеу арқылы оны бензинге араластырып, таза экологиялық энергия шығару деген сөз. Норвегия үкіметі химия технологиясына қатты мән береді. Корольдік ежелден теңізшілер елі саналады. Соған орай халықтың үлкен бөлігі жағалауға қарай қоныстанған. Ертеректе, дәлірек айтқанда біздің дәуірдің 1000 жж. викингтер аталатын тәжірибелі қарақшы-теңізшілер тобы. Атлант мұхитын кесіп өтіп, Жаңа әлемнің есігінен енген. Бұл ерте дәуірден-ақ Норвегия жерінде теңіз шаруашылығының кең өріс алғанынан хабар берсе керек. Бұған елде сақталып қалған зәулім сауда флоты мен жоғары дамыған балық шаруашылығы да дәлел бола алады. Айта кетерлігі аталмыш флот тасымалға шығаратын тауар көлемі жағынан 1997 ж. 6 -шы орынды иеленген. Балық шаруашылығы елде ертеден-ақ жақсы дамыған. 1975 жылы аталмыш шаруашылықты дамыту жөнінен Норвегия дүниежүзі бойынша 5 -орынды иеленсе, 1995 жылы 10 -орынға тұрақтаған. Корольдікте балық шаруашылығы саласының ең негізгісі — майшабақ. Бұл жағынан 1996 жылғы есеп бойынша Норвегия ең негізгі бәсекелесі — Ұлыбританиядан үш есе көп, 330 мың тонна балық аулап, экспортқа шығарған.
Орман шаруашылығында да айтарлықтай жетістіктер бар. Өйткені Норвегия жері географиялық жағынан орман шаруашылығына қолайлы. Ел территориясының төрттен бір бөлігі орманды алқап. Алайда ағаш өсімінің өте баяу екенін ескеретін болсақ, бұл саланың ел экономикасының екпінді тірегіне айналмағанына көз жеткізу қиынға соқпайды. Ауыл шаруашылығы Норвегия халқы үшін тиімсіз сала. Егін егуге корольдіктің таулы, қыратты, құнарсыз топырақты географиясы мен жазы салқын, аса мол жауын-шашынды ауа райы да қолайсыз. 1996 жылы ауыл және орман шаруашылығында еңбекке жарамды халықтың бар болғаны 5, 2 пайызы ғана қызмет еткен. Ал ауыл шаруашылығына бөлінген жердің 3 пайызы ғана өңделіп, пайдаланылған. Мұнай өндірісі ашылғанға дейін ел экономикасының негізгі салаларының бірі болғанымен, бүгінде Норвегияда ауыл шаруашылығына аса көңіл бөлінбейді.
Норвегияда кластерді қалыптастыруда оның құрамына шағын және орта кәсіпорындарды кіргізу жолымен жүзеге асты, елде олардың саны 360 мыңды құрайды және ол барлық бизнес құрлымдардың 99, 5% үлес салмағына тең. Елде өнеркәсіптік инкубаторлар және технопарктер жұмысы кеңінен дамыған. Мұнай-газ және металлургия салаларында кластерлер бар. Оларда бірнеше өнідіріс бір технологиялық тізбекпен шикізатты өндіруден соңғы дайын өнім шығаруға дейінгі тізбекпен жұмыс жасайды.
Үкіметтік инновациялық бастамаға сәйкес “Осло Технопол” Capital City Project жобасына жетекшілік жасап теңіз секторымен қоса Осло кеме жасау кластерін ұйымдастыра бастады. Осло теңіз секторы компаниясының қауымдастық мүшелері инновацияларды енгізу мен коммерцияландыру мақсаты бойынша қаланың өнеркәсіп жүйелерінің бейіндік секторларын анықтау және ғылыми жұмыстарды дамытуға қолдау көрсетуде.
Осло қаласы
Карма қаласында Hydro корпорациясының негізінде алюминий кластері құрылды. Оның құрамына ірі алюминий зауытты және ғылыми зерттеу орталықтары кіреді.
Өзінің инновациялық жүйесін жасауда шикізаттық артықшылықтарға сүйенетін Норвегия тәжірибесі қызықты. Мемлекет ТҰҚ-ды өз технологияларын Норвегияның жергілікті жеріне орналастыруды жүзеге асырды немесе оларды отандық ғылыми зерттеу ұйымдарына және университеттерге берін қамтамасыз етті. Осылайша мемлекет бір мезгілде өзінің ұлттық жүйесін құрды және оны жаһандық инновациялық жүйенің бөлігі етіп үлгерді.
кластер.pptx