
нев.ppt
- Количество слайдов: 139
Неврологиялық статусты тексеру реттілігі: 1. Жоғарғы ми қызметінің функциялары. 2. Бассүйек-ми нервтерінің функциялары. 3. Сезімталдық функциялары. 4. Қозғалыс жүйесі мен мишықтың функциялары. 5. Вегетативті нерв жүйесі. 6. Рефлекстер.
Жоғарғы ми қызметінің функцияларын зерттеу тәсілдері.
Жоғарғы ми қызметі функцияларын бағалау. Негізгі міндет – науқастың есінің жағдайын анықтау. Есі анық - санасы анық, қоршаған ортаға адекватты реакциясы сақталған, сергек; Есеңгіреу - ес жоғалтудың ең жеңіл сатысы; науқас енжар, ұйқышыл, сұрақтарға жауап бере алады, бірақ сұрақты бірнеше рет қатты дауыстап және қайталап айту керек; Сопор - қатты дауыс және тітіркендіргіштерге көзін ашады, бірақ сөйлей алмайды; Кома - сыртқы тітіркендіргіштерге реакция көрсете алмайтын ес-түссіз жағдай.
Жоғарғы ми қызметінің функциялары: • • • Ориентация; Зейін; Есте сақтау; Санау; Сөйлеу; Жазу; Оқу; Праксис; Гнозис.
Ориентацияны зерттеу. 1) Жекелік - науқастан аты-жөнін, мекен – жайын; мамандығын; отбасылық жағдайын сұрайды; 2) Орындық – науқастан қазір қай жерде тұрғанын, бұл жерге қалай келгенін сұрайды; 3) Уақыттық – науқастан қазір қай күн, апта, жыл, уақыт, жыл мезгілін сұрайды.
Зейінді тексеру. • Науқасқа бірден онға дейін санауды; апта күндерін; айларды тура және кері бағытта айтуды; • Әріптерден сөз құрастыруды; • Қағазда жазылған сандарды рет-ретімен қойып шығуды өтінеді.
“Шатастырылған сызықтар” тесті.
Есте сақтауды тексеру. Науқастан таңғы асқа не жегенін айтуын өтінеді; Дәрігер науқасқа өзін аты-жөнін айтып, біраз уақыт өткеннен кейін оны қайталауын сұрайды; Науқасқа үш қарапайым сөз айтып, оны бірден қайталауын өтінеді; Науқасқа сөйлем оқып беріп оны есте сақтап, қайтадан айтып беруін өтінеді; Науқасқа әр түрлі геометриялық фигуралар салынған суретті көрсетеді, кейін суретті алып тастап біраз уақыттан кейін онда қандай көріністерден болғанын сұрайды.
Есте сақтауды тексеруге арналған тест.
Санауды тексеру. Акалькулия – мидың органикалық зақымдануына байланысты дамитын санаудың бұзылысы және есеп-қисапта шатасу синдромы. Науқасқа қосу, көбейту, бөлу және алу функцияларынан есеп беріп, олардың дұрыстығын немесе бұрыстығын тексереді.
Сөйлеуді тексеру. Дәрігер науқаспен сөйлесу кезінде оған бағытталған сөздерді қалай түсінеді (сенсорлық) және қалай айтатынына (моторлы) назар аударып, анализ жасайды. Сөйлеу қабілетінің бұзылуы – афазия; Моторлы афазия (Брок афазиясы) – төменгі маңдай ирелеңінің артқы бөліктері зақымдалуында, ал сенсорлы афазия (Вернике афазиясы) – жоғарғы самай ирелеңінің төменгі және ортаңғы бөліктері зақымданғанда дамиды.
Сөйлеуді тексеру. Сөйлеу мәнерінің бұзылуы, бір сарынды сөйлеу – афразия. “Сөз эмболдарының” болуы – жиі және адекватсыз түрде белгілі бір сөздерді немесе сөз тіркестерін қосып сөйлеу. Сөздерді қате айту – парафазия: естілуі ұқсас сөздерді бір-бірімен шатастырып алу – вербальды парафазия; сөздің кейбір дыбыстарының орнын алмастырып, қайталап немесе тастап кетіп шатасу – литеральды парафазия; әңгіме желісінен ауытқып кете беретін бұзыылыс – тематикалық парафазия.
Праксисті зерттеу. Праксис – мақсатты, жоспарлы іс-әрекеттерді орындау қабілеті. Апраксия – мақсатты іс-әрекеттердің орындалуының бұзылуы. Моторлы апраксия – қимылдардың бірізділігінің жоғалуы. Оны анықтау үшін науқасқа “жұдырық -қабырға-алақан” тесті беріледі. Бұл ісәрекеттер бірізділігін тез-тез бірнеше рет қайталауды өтінеді. Идеомоторлы апраксия – қарапайым қимылдарды орындай алмау. Оны тексеру үшін науқасқа тілін шығаруын, ысқыруын, стаканға суды қалай құю керектігін, сіріңкені тұтатуын және т. б. көрсетуін сұрайды.
Моторлы (кинестетикалық) праксисті зеттеу. Дәрігер науқасқа нұсқау беріп отырады.
Идеомоторлы (конструктивті) апраксия. Науқас таяқшалардан үй құрастыра алмайды.
Идеомоторлы (конструктивті) апраксиясы бар науқастың салған суреті.
Гнозисті зерттеу. Агнозия – көру, есту функциялары, сезімталдық сақталғанымен заттар мен құбылыстарды танып ажырату процесінің бұзылуы. Агнозияның түрлері: Иіс сезу агнозиясы; Есту агнозиясы; Көру агнозиясы; Кеңістік сезу агнозиясы; Адамды танымау агнозиясы; Аутотопоагнозия - өз дене мүшелерін орналасуын анықтай алмау. Бұл синдром көбінесе екі немесе бір ми сыңарының (көбінесе оң) төбе-шүйде аймақтарының зақымдануы кезінде дамиды.
Көру-кеңістік агнозиясы бар науқастың салған суреті. Сол жақты қабылдаудың жоғалуы.
Агнозияны анықтау үшін науқасқа берілетін суреттер.
Бассүйек-ми нервтерінің функцияларын зерттеу тәсілдері.
12 жұп бассүйек-ми нервтері: І – иіс сезу нерві (n. olfactorius) ІІ – көру нерві (n. opticus) ІІІ – көз қозғалтқыш нерв (n. oculomotorius) ІV – шығыршық нерві (n. trochlearis) V - үшкіл нерв (n. trigemines) VI - әкеткіш нерв (n. abducens) VII – бет нерві (n. facialis) VIII – кіреберіс-ұлу нерві (n. vestibulocochlearis) IX – тіл-жұтқыншақ нерві (n. glossopharyngeus) X – кезбе нерв (n. vagus) XI – қосымша нерв (n. accessorius) XII – тіласты нерві (n. hupoglossus)
12 жұп бассүйек-ми нервтері түбіршіктерінің ми негізінен шығуы.
Бассүйек-ми нервтерінің қызметіне байланысты ажыратылуы: • Сезгіш нервтер – І; ІІ; VIII • Қимылдатқыш нервтер – ІІІ; ІV; VI; XII • Аралас нервтер – V; VII; IX; X.
Иіс сезу нервін тексеру. Иіс сезу қабілетін тексеру үшін хош иісті заттар (камфора, ванилин, әтір) пайдаланылады. Тексеру реттілігі: Науқас екі көзін жұмады; Саусағымен мұрнының бір тесігін жауып тұрады; Дәрігер ұсынған хош иісті затты иіскейді. Қандай иісті сезгенін немесе сезбегенін дәрігерге айтады.
Иіс сезудің бұзылыстары: • Гиперосмия – иісті шамадан тыс қатты сезіну; • Гипосмия – иісті нашар сезу; • Аносмия – иісті мүлде сезінбеу; • Дизосмия – иістің бұрмаланып сезіну; • Иіс галлюцинациялары – жоқ иістерді сезіп тұрғандай болу.
Көру нервін тексеру тәсілдері. • • Көру жітілігін тексеру; Көру кеңістігін тексеру; Түстерді ажыратуды тексеру; Көз түбін тексеру.
Көру жітілігін тексеру үшін Сивцев кестесі қолданылады. Кесте Ланьдольт дөңгелектері мен әріптік оптотиптерден тұрады. Әрбір қатардағы оптотиптердің өлшемі бірдей, бірақ жоғарғы қатардан төменгі қатарға дейін біртіндеп кішірейеді. Көру жітілігін Снеллен формуласы бойынша есептеп шығарады: Visus=d/D. d-адамның белгілерді көре алатын ең қашық аралық. D-оптотиптердің қалыпты көрінетін ара қашықтығы.
Көру жітілігін тексеруге арналған Сивцев кестесі.
Көру жітілігін тексеру реттілігі: Кесте еденнен 1, 2 м биіктікте, аурудан 5 м қашықтықта орналасуы керек. Зерттеу алдымен оң көзге, кейін сол көзге жасалады. Зерттелмейтін көз күңгірт қалқанмен жауып тұрылады. Дәрігер кестедегі оптотиптерді жақсы көрінетін көрсеткіш таяқшамен көрсетіп отырады. Жоғарыдан төмен қарай әр қатардағы әріптер тексерілуші қателескенше көрсетіледі. Көру жітілігін барлық белгілері қатесіз айтылған қатармен бағалайды.
Көру жітілігін тексеру арқылы анықталынады: • Қалыпты мөлшерден ауытқымағанын; • Төмендегенін; • Соқыр болып қалғанын - амавроз.
Көру кеңістігін тексеру. Периметрия –шеткі көруді зертейтін әдіс. Тексеру реттілігі: Әрбір көздің көру кеңістігін кезекпен зертейді. Екінші көзді зерттелетін көздің көру кеңістігіне кедергі болмайтындай етіп таңып қояды. Тексерілушінің арқасын жарыққа беріп периметрге қарсы жақын қолайлы қалпымен отырғызады. Зерттелетін көзді тіректің көмегімен периметр доғасының қисықтық орталығына тігілу нүктесіне қарсы қояды. Объектіні периметр доғасымен шеттен ортаға қарай қозғап, объектінің көрінген жерін доғадағы градусты шкалаға қарап белгілейді. Тексерілуші көзін үнемі орталық нүктеге тігіп, қозғамай қарап отыруы керек. Объектіні тұрақты 2 -3 см/сек жылдамдықпен қозғап отырады.
Периметрмен көру кеңістігін зерттеу.
Көру кеңістігін тексеру кезінде анықталынады: • Оның барлық жағынан тарылуы; • Дақ болып жоғалуы - скотома; • Жартылай тарылуы - гемианопсия: гомонимдік немесе гетеронимдік.
Түстерді ажыратуды тексеру. Түстерді ажыратуды Рабкиннің түрлі-түсті кестелерінің көмегімен тексереді. Тексеру реттілігі: • Зерттеуді тек күндізгі жарықта жүргізеді; • Тексерілуші кестеден 1 м қашықтықта арқасын жарыққа беріп отырады; • Дәрігер тексерілушіге кестелерді кезекпен көрсетіп, көрінген белгілерді атауын өтінеді; • Кестелер 10 секундтан артық көрсетілмейді.
Рабкиннің түрлі-түсті кестелерінің үлгілері.
Түс ажыратудың бұзылыстары: • Заттың түсін мүлде ажырата алмау – ахроматопсия; • Екі түсті ажырата алмау – дисхроматопсия; • Қызыл мен жасыл түсті ажырата алмау – дальтонизм.
Көз түбін тексеру. Көз түбін толық көру үшін офтальмоскоппен тура офтальмоскопия жасау әдісін қолданады. Бұл әдісті қол электрлі офтальмоскобымен жүргізеді. Оның ұстағыш сабында жарық көзі ретінде кішкене электр шамы орнатылған. Дәрігер офтальмоскоппен бірге науқастың көзіне өте жақындап көздің түбін қарашық арқылы қарайды. Офтальмоскоппен тура қарау әдісінде көз түбінің бейнесі шамамен 13 -16 есе ұлғайтылады.
Офтальмоскоппен көз түбін тексеру.
Көз қозғалтқыш нервтерін тексеру. Науқастың көз саңылауының еніне, көз алмасының қалпына, қарашықтың көлемі мен формасына назар аударылады. Көз алмасының қозғалуын тексеру; Қарашық реакциясын тексеру.
Көз алмасының қозғалуын тексеру. Тексеру реттілігі: • Дәрігер науқастың басын иегінен ұстап тұрады; • Көзінің алдында 15 -20 см қашықтықта оңға, солға, жоғары, төмен және мұрнының ұшына кезекпе – кезек бағыттала ауыстырылып тұрған неврологиялық балғаға қарауын өтінеді.
Қарашық реакциясын тексеру. Тексеру реттілігі: Дәрігер науқастың бетін жарыққа қаратып отырғызады; Екі көзін алақанымен жауып қояды; Алдымен бір көзді, содан кейін екінші көзін ашып, қарашықтың реакциясын байқайды. Қалыпты жағдайда қарашыққа түскен жарықтың әсерінен ол тарылады – қарашықтың жарыққа тікелей реакциясы.
Оң жақ көз қозғалтқыш нервінің зақымдануы. а – оң қабақ птозы; б-экзофтальм, шапыраш қилылық.
Қарашықтың конвергенциялық және аккомодациялық реакциясын тексеру. Тексеру реттілігі: Дәрігер науқастың бетінен 50 -60 см қашықтықта ұстап тұрған саусағына қарауын өтінеді; Дәрігер саусағын мұрынның ұшына таяу әкеледі. Қалыпты жағдайда көз алмалары көз саңылауының ішіне қарай ауысады (конвергенция) онымен қоса қарашық тарылады (аккомодация).
Үшкіл нервтің тармақтары.
Үшкіл нерв қызметін тексеру. Сезімділікті зерттеу тәсілдері: Үшкіл нервтің бетке шығатын тұстарын (көз үсті, көз асты, иек асты) басып көру. Үшкіл нерв тармақтарының беттегі нервтендіретін аймақтарында ауырсыну, жанасу және кинетикалық сезімталдықты анықтау. Қанттың, ас тұзының көмегімен тілдің алдыңғы 2/3 бөлігінде дәм сезу мүмкіндігін тексеру. Қозғалуды зерттеу тәсілдері: Ауызды ашқанда төменгі жақтың қалай тұрғанына назар аударылады. Шайнау бұлшықеттерінің жиырылуын зерттеу үшін науқастың жағын алақанымен басып тұрып, шайнауын өтінеді.
Бет нервінің қызметін тексеру. Қалыпты жағдайда қастардың, маңдайдағы және езудегі қыртыстардың симметриялылығына, көз саңылауының еніне, езудің деңгейіне және бұлшық еттеріне назар аударылады.
Бет нервінің тармақталуы.
Бет құбылысына әсер ететін бұлшық еттердің қызметін тексеру реттілігі: Маңдай бұлшық етін тексеру – қабағыңызды көтеріңіз; Қабақ бұлшық етін тексеру – қабағыңызды түйіңіз; Көз айналасындағы бұлшық еттерді тексеру – көздеріңізді сығырайтыңыз; Жақ бұлшық етін тексеру – екі ұртыңызды томпайтыңыз; Күлкіге қатысты бұлшық еттерді тексеру – тісіңізді ақситыңыз; Ауыз айналасындағы бұлшық еттерді тексеру – еріндеріңізді алға қарай түтікше етіп керіңіз.
Бет нервінің зақымдалуы. 1 - бет асимметриясы; 2 -3 – мұрын ерін қатпарының тегістелуі; ұртты томпайту және тістерді ақситу кезінде асимметрияның күшеюі.
Бет нервінің зақымдалуы. 4 – лагофтальм мен Белл симптомы; 5 – қастарды көтерген кездегі маңдай қатпарларының асимметриялылығы.
Бет нервінің зақымдануы кезіндегі симптомдар: Нерв фаллопий арнасында зақымданса, тілдің дәм сезу қабілеті және есту қабілеті бұзылады: Дәмді артық сезеді - гипергейзия; Дәмді нашар сезеді – гипогейзия; Дәмді мүлде сезбейді – агейзия; Дәмді шатастырып алады – парагейзия. Дауыс жаңғырып естіледі – гиперакузис; Дауыс нашар естіледі – гипакузис; Дауысты мүлде естімейді – анакузис.
Бет нервінің перифериялық типті зақымдалуы.
Есту анализаторын тексеру. Есту қабілетін зерттеудің ең қарапайым әдісі –адамның сыбырлап сөйлеуді қалай қабылдауын тексеру. Қалыпты жағдайда сыбырды адам 6 -7 м қашықтықтан ести алады.
Вебер тәжірибесі. Құлақтың біреуіне дыбыстың бұрын жетуін анықтау. Дыбыс шығарып тұрған С 218 камертонының аяғын тексерілушінің шүйдесінің ортасына орнатады да, қай құлағымен камертон дыбысын қаттырақ еститінін сұрайды. Қалыпты жағдайда бұрын жету болмайды, адам шүйдесіне қойылған камертон дыбысын екі құлағымен бірдей естиді.
Ринне тәжірибесі. С 218 камертон дыбысының ауа арқылы ұзақтығы (камертон есту тесігінде) мен сүйек арқылы ұзақтығын (камертонның аяғы емізікше өсіндіге қойылған) салыстыру. Естілу ұзақтығының уақытын секундомермен белгілейді. Қалыпты жағдайда ауаның өткізгіштігі ұлпа өткізгіштігінен шамамен 2 есе артық болуы керек. Мұндай кезде Ринне тәжірибесі “оң” деп есептелінеді.
Швабах тәжірибесі. Дыбыс қабылдағыштығын зерттеу. Дәрігер алдымен С 218 камертонын тексерілушінің маңдайына орнатады да оның камертон дыбысын қай уақытта естімей қалғанын айтуын өтінеді. Одан кейін дәрігер камертон аяғын өз маңдайына ауыстырып қояды. Осы кезде де дыбыс естіліп тұратын болса, яғни бұл тексерілушінің ұлпалық өткізгіштігінің қысқарғанын, құлақтың дыбыс қабылдағышының зақымданғанын көрсетеді.
Вестибулярлық анализаторды тексеру. Нистагмды анықтау. Нистагм – көз алмасының әртүрлі жазықтықта еріксіз, ырғақты тартуы. Нистагмды анықтау үшін дәрігер науқастан өзінен 30 см қашықтықта тұрған бір затқа немесе дәрігердің саусағына тіке қарауын өтінеді. Саусақты ортадан оңға немесе солға жылжыту арқылы көз алмасының тартуын анықтайды. Нистагм лабиринттің зақымдануын көрсетеді.
Саусақ – мұрын байқауы. Дәрігер тексерілушіге көзін жұмып, қолдарын жан- жаққа жайып оң қолдың сұқ саусағымен мұрынның ұшына кезек-кезек тигізуін өтінеді. Лабиринттердің біреуінің зақымдануы кезінде екі қолдың сау құлаққа қарай жаңылысуы байқалады. Егер патологиялық құбылыс бас сүйегінің артқы шұңқырында болса, бұл байқауда жаңылысу бір қолда, яғни зақымданған жақта болады.
Ромберг кейпінде зерттеу. Науқасқа аяқтарын қосып, қолдарын алға созып көзін жұмуын өтінеді. Егер оң құлақ лабиринті зақымданса, науқастың денесі сау құлақ жаққа ауытқиды. Бастың тұрған қалпын өзгерту аурудың құлау бағытын да өзгертеді.
Ромберг кейпінде жүргенде болуы мүмкін ауытқулар.
Фистулды бақылау. Зерттелетін құлақтың түйінін саусақпен басады, сол уақытта дабыл қуысындағы қысым жоғарылап нистагм пайда болады да, бас айналады. “Оң фистулды” байқауда дабыл қуысы мен есту түтігінің қысымы жоғарылаған кезде нистагм зерттелетін құлаққа, ал осы қуыстарда ауа сұйылып төмендегенде қарама – қарсы жаққа бағытталады. Фистул симптомының болуы, әсіресе сыртқы иірімді канал құрылымының бұзылғанын көрсетеді.
Бабинский – Вейл сынамасы. Науқас жұмулы көзбен 30 секунд ішінде бірнеше рет 5 қадам алға және 5 қадам артқа жүреді. Егер бір жақты зақымдалу болса, науқастың жүрген бағыты жұлдыздың пішіні сияқты болады.
Унтерберг сынамасы – адымдау тесті. Науқас көзін жұмып, қолдарын горизонтальды түрде алға созып тұрады. Кейін ол бір орында тізесін мүмкіндігінше жоғары көтеріп жүреді. Егер науқаста вестибулярлы зақымдану болса, ол өз осінің айналасында айналады.
Тілжұтқыншақ және кезбе нервтерді тексеру тәсілдері. Дәрігер науқастан аузын кең ашуын өтінеді де тыныштық жағдайда көмейге, тілшікке, жұмсақ таңдайға назар аударады. Кейін науқасқа “а-а-а“ деп айтқызып, дауыс шығару кезінде таңдай мен тілшіктің қалай қимылдайтынына назар аударады. Үшкір етіп оралған, қағаздан жасалған түтікті қолдану арқылы жұтқыншақ рефлексін, жұмсақ таңдай рефлексін тексереді. Бұл кезде жұтқыншақ бұлшық еттері жиырылады, жұмсақ таңдай жоғары көтеріледі. Тұзды ерітінділердің көмегімен тіл түбінің оң және сол жағындағы дәм сезіну қабілеті тексеріледі. Науқаста жұтыну қабілетінің сақталған немесе сақталмағанын байқау керек.
Кезбе нервтің иннервациялануы.
Қосымша нерв қызметін тексеру. Тексеру реттілігі: • Науқасқа басын оңға және солға бұруын өтінеді және оны қозғайтын бұлшық еттердің күшін тексереді. • Науқасқа иығын көтертеді, екі жауырынын шамасы жеткенше біріне – бірін жақындатуын, қолын жоғары көтеруін өтінеді де. • Дәрігер науқастың осы қимылдар кезіндегі бұлшық еттердің күшін тексереді.
Төс – бұғана – емізікті бұлшық етінің күшін тексеруге арналған сынама.
Тіласты нервінің қызметін тексеру. Тексеру реттілігі: • Науқасқа тілін көрсетуін өтінеді; • Тілінің қалай жатқанына назар аударады; • Тілде атрофия, фибрилляциялық жиырылулар, тремор бар-жоқтығын тексереді. Тіласты нервінің ядросында ауыздың дөңгелек бұлшық етін иннервациялайтын талшықтардың жасушалары орналасқан. Сондықтан тіласты нервінің ядросы зақымданған кезде еріндердің құрғауы, қатпарлануы болады, ысқыру мүмкін болмай қалады.
Қалыпты жағдайда тілдің ауыз қуысында орналасуы.
Тіласты нервінің зақымдану симптомдары: Глоссоплегия – тіласты нерві ядроларының екі жақты зақымдануына байланысты тілдің қозғалмай қалуы. Дизартрия – тіл бұлшық еттері талшықтарының жыбырлап дірілдеуі нәтижесінде сөйлеу қабілетінің қиындауы. Анартрия – сөйлеу мүмкіндігінің жойылуы.
Менингиальды синдромдарды зерттеу тәсілдері.
Клиникалық менингиальды синдромдар. 1) Бастың бір қалыптан екіншісіне ауыстырған кезде, жарықта, қатты дауыстар кезінде күшейе түсетін - жайылмалы бас ауруы; 2) Шүйде аймағындағы және омыртқа бағанасы бойындағы ауырсыну; 3) Кенеттен пайда болатын, тамақ қабылдауға байланыссыз және көп мөлшерлі құсу; 4) Көру, есту және басқа тітіркендіргіштерге жоғары сезімталдық.
Объективті менингиальды синдромдарды тексеру. 1) “Тазы ит” кейпі (поза лягавой собаки). Науқас басын артқа тастап арқасымен жатады, аяғы ішіне жиналған, іші тартылған. 2) Шүйде бұлшық еттердің ригидтілігін анықтау. Дәрігер өзінің алақанын науқастың шүйдесіне қойып, басын июге тырысады. Науқаста сіреспелілік болғанда ол басын ие алмайды, өйткені шүйде бұлшық еттері қатаяды, иек пен төстің артында 1 -3 саусақ сиятындай кеңістік қалады.
Объективті менингиальды синдромдарды тексеру. 3) Керниг симптомы. Дәрігер науқастың аяғын жамбас-сан және тізе буындарында тік бұрыш жасап бүгеді. Содан кейін дәрігер тізе буынын жазуға әрекеттенеді. Егер симптом оң болса бүгуші бұлшықеттердің қатаюына байланысты тізе буыны жазылмайды.
Объективті менингиальды синдромдарды тексеру. 4) Брудзинский симптомы. Жоғарғы – науқастың басын июге әрекеттеген кезде оның аяғы бүгіледі; ортаңғы – қасағаны басқан кезде науқастың аяғы бүгіледі; төменгі – Керниг симптомын зерттеген кезде екінші аяғы бүгіледі.
Жоғарғы Брудзинский симптомы.
Төменгі Брудзинский симптомы.
Объективті менингиальды синдромдарды тексеру. 5) Бехтеревтің бетсүйек рефлексі. Бетсүйек доғасын неврологиялық балғамен соққылаған кезде бас ауыруы, беттің сол жағында ауырсыну сезімдері пайда болады.
Объективті менингиальды синдромдарды тексеру. 6) Лесаждың “ілу” симптомы. Егер баланы қолтығынан алып жоғары көтерсе, ол аяқтарын тізе буынында бүгіп алады да оны қозғалтпай тұра береді.
Сезімталдық функцияларын зерттеу тәсілдері.
Сезімталдықтың түрлері: • Беткей; • Терең; • Күрделі. Сезімталдықтың барлық түрлерін тексеру кезінде науқастың көзі жұмулы болуы керек!
Беткей сезімталдықты тексеру: Жанасу сезімталдығын тексеру кезінде дәрігер бір шоқ мақтаны науқастың бас, дене, қол, аяқ терілеріне симметриялы түрде тигізіп шығады. Сезімталдығы бұзылмаған адам әр түрлі жанасуды сезеді де оны сезгенін айтып отырады. Дененің сезімталдығы бұзылған тұсында науқас жанасу әсерін сезінбейді. Жанасуды шектен тыс сезу – гиперестезия; Жанасуды толық сезінбеу – гипестезия; Жанасуды сезінбеу – анестезия.
Беткей сезімталдықты тексеру: Ауырсыну сезімталдығын тексеру үшін дәрігер түйреуіш ұшымен бастың, дененің, қол-аяқтың терілеріне симметриялы түрде тигізіп шығады. Егер түйреуішпен түрткен кезде: Ауырсынудың шамадан тыс сезілуі – гипералгезия; Ауырсыну сау жағымен салыстырғанда аз ғана сезілсе – гипалгезия; Ауырсынудың сезілбеуі – аналгезия.
Беткей сезімталдықты тексеру: Температура сезімталдығын тексеру үшін дәрігер екі пробиркаға бірдей етіп су құяды. Олардың біреуінде 40°С, екіншісінде 20°С су болады. Осы пробиркалардың түбін науқастың аяқ-қолының симметриялы аймақтарына тигізіп шығады. Науқас қандай температураны сезінгенін айтып отырады. Ыстық - суықты шектен тыс сезіну – термогиперестезия; Ыстық – суықты сезінбеу – термоанестезия.
Терең сезімталдықты тексеру: Бұлшық ет – буын сезімталдығын тексеру үшін дәрігер науқастың қол – аяғының буындарын бүгіп, жазып, екі жағына қарай қайырып байқайды. Тексеру саусақ ұштарынан басталады.
Терең сезімталдықты тексеру: Салмақты сезіну. Дәрігер науқастың екі қолын алдына созғызып, алақанына әр түрлі салмақтағы таразы тастарын қойып байқайды. Қалыпты жағдайда салмақтың 20 -25 г дейін айырмашылығы байқалады. Кинестетикалық сезімталық. Дәрігер саусағымен науқастың терісін әр тұсынан қатпарлап ұстап, жоғары-төмен, оңға және солға қозғайды. Науқас тері қатпарының қозғалу бағытын ажырата алуы тиіс.
Терең сезімталдықты тексеру: Діріл сезімталдығы. Дәрігер дірілдеп тұрған камертонның сирағын адам денесінің біз тәрізді, қылқанды өсінділеріне симметриялық жанастырады да науқастың дірілдің сезілу немесе сезілбеу деңгейін сұрап отырады. Камертонның дірілін аз сезіну – гипоаллестезия; Камертонның дірілін сезбеу – апаллестезия.
Рефлекстерді тексеру тәсілдері.
Рефлекстердің түрлері. Рефлекс – орталық нерв жүйесінің сыртқы немесе ішкі тітіркендіргіштерге беретін күрделі жауабы. • Шартты рефлекстер; • Шартсыз рефлекстер: беткей, терең, патологиялық.
Беткей рефлекстер. Теріні, көздің мөлдір қабығын немесе сілемейлі қабықтарды тітіркендіру арқылы білінеді. Конъюнктивалдық рефлекс – көздің сілемейлі қабығына мақтаның ұшталған талшықтарымен немесе қағаздың ұшын жанастырған кезде қабақтың жұмылуы.
Беткей рефлекстер. Көздің мөлдір қабығы рефлексі – көздің мөлдір қабығына мақтаның ұшталған талшықтарымен немесе қағаздың ұшын жанастырған кезде қабақтың жұмылуы.
Беткей рефлекстер. Жұмсақ таңдай рефлексі – шпателдың ұшын жұмсақ таңдайға жанастырған кезде таңдайдың және тілшіктің жиырылып жоғары көтерілуі. Жұтқыншақ рефлексі - шпателдың ұшын жұтқыншаққа жанастырған кезде жөтел немесе құсу әрекеттері сезімінің пайда болуы.
Терең рефлекстер. Астыңғы жақ рефлексі – дәрігер науқастың иегіне батырылған саусағына неврологиялық балғамен соққанда шайнау бұлшық еттерінің жиырылуы. Білезік – буын рефлексі – кәрі жіліктің шыбығын неврологиялық балғамен соққанда қолдың білезік тұсында бүгілуі.
Терең рефлекстер. Шынтақ жазылу рефлексі – неврологиялық балғамен үш басты бұлшық еттің сіңірін соққанда қолдың шынтақтан жазылуы.
Терең рефлекстер. Шынтақ бүгілу рефлексі – неврологиялық балғамен екі басты бұлшық еттің сіңірін соққанда қолдың шынтақтан бүгілуі.
Терең рефлекстер. Тізе рефлексі – тізені тізетобығынан (patella) төмен неврологиялық балғамен соққанда төрт басты бұлшық еттің жиырылуы және тізені жазу пайда болады.
Терең рефлекстер. Ахилл рефлексі өкше сіңірін неврологиялық балғамен соққанда үш басты бұлшық еттің жиырылуына байланысты табанның жазылуы.
Патологиялық рефлекстер. Ауыздық автоматизм рефлекстері; Қол ұшының патологиялық рефлекстері; Аяқ ұшының жазылу патологиялық рефлекстері; Аяқ ұшының бүгілу патологиялық рефлекстері; Тізе клонусы; Өкше клонусы; Қорғаныш рефлекстері. Патологиялық рефлекстер орталық неврондар зақымданғанда пайда болады.
Ауыздық автоматизм рефлекстері. Ауыз рефлексі – неврологиялық балғамен төменгі немесе жоғарғы ерінді жеңіл соққанда ауыздың дөңгелек бұлшық етінің жиырылуы.
Ауыздық автоматизм рефлекстері. Мұрын – ерін рефлексі – неврологиялық балғамен мұрынның ұшын жеңіл соққанда ерін бұлшық еттерінің жиырылуы.
Ауыздық автоматизм рефлекстері. Алақан – иек рефлексі бас бармақ томпағы тұсын сызып тітіркендіргенде иек бұлшық етінің жиырылуы. Ауыздық автоматизм рефлекстерінің дамуы кортико-нуклеарлық шоғырдың екі жақты зақымдануымен байланысты.
Қол ұшының патологиялық рефлекстері. Қол ұшын әр жерінен тітіркендірген кезде оның саусақтарының ақырындап бүгілуі. • Россолимо симптомының қол ұшындағы үйлестігі; • Жуковский симптомы; • Якобсон-Ласк симптомы.
Россолимо симптомының қол ұшындағы үйлестігі. Дәрігер саусақтарының ұшымен науқастың бүгулі тұрған саусақтарының ұшын әлсіз соққылағанда байқалады.
Жуковский симптомы. Науқас алақанының орта тұсын неврологиялық балғамен соғу арқылы көрініс береді.
Якобсон-Ласк симптомы. Біз тәрізді өсіндіні неврологиялық балғамен соғу арқылы көрініс береді.
Аяқ ұшының патологиялық рефлекстері. 1) Экстензорлық немесе жазылу аяқ ұшының патологиялық рефлекстері – теріні аяқтың әр тұсынан тітіркендіргенде бас бақай жазылуы, басқа бақайлардың бір-бірінен алшақтауы. Бабинский рефлексі; Оппенгейм рефлексі; Гордон рефлексі; Шеффер рефлексі. 2) Флексорлық немесе бүгілу аяқ ұшының патологиялық рефлекстері – аяқ ұшының ІІ, ІV және V бақайларының бүгілуі. Россолимо рефлексі; Бехтерев ІІ рефлексі; Жуковский-Корнилов рефлексі.
Бабинский рефлексін тексеру. Табан астын үшкір нәрсемен сызғанда пайда болады.
Оппенгейм рефлексін тексеру. Бас бармақты жіліншіктің қырын баса жоғарыдан төмен қарай жүргізу арқылы анықталады.
Гордон рефлексін тексеру. Науқастың балтырын ұстап қысу арқылы көрініс береді.
Шеффер рефлексін тексеру. Өкше сіңірін қатты шымшып қысу арқылы көрініс береді.
Россолимо рефлексін тексеру. ІІ-V бақайлардың ұшын дәрігер саусақтарының ұшымен түрткілеп соғу арқылы көрініс береді.
Бехтерев І рефлексін тексеру. Аяқ ұшының үстін ІV бақай тұсында неврологиялық балғамен соғу арқылы көрініс береді.
Бехтерев ІІ рефлексін тексеру. Өкшені немесе бас бармақ томпағын неврологиялық балғамен соққанда аяқ бақайларының бүгілуі.
Жуковский – Корнилов рефлекстерін тексеру. Табанның саусақтарға жақын тұстарын неврологиялық балғамен соғу арқылы көрініс береді.
Тізетобық клонусы. Науқас арқасымен, екі аяғы түзу жатады. Дәрігер бас және сұқ саусақтарымен тізетобықты жоғарыдан ұстап, төменге басып тұрады. Бұл кезде санның төрт басты бұлшық еті созылады, бұған жауап ретінде бұлшықеттің ырғақты жиырылуы және тізетобықтың төменге және жоғарыға тербелістері пайда болады.
Өкше клонусы. Дәрігер өкше клонусын бір қолымен науқастың тізесін, екінші қолымен өкшені ұстап сирақ-аяқ басы буынында жылдам бүгу арқылы шақырады. Ырғақты қимылдар біраз уақыт сақталады.
Мари-Фуа-Бехтерев қорғаныс рефлексі. Бақайларды шаншып немесе шұғыл бүктеп қалу арқылы білінеді. Егер аяқ сал болып қалса жамбас, тізе және жіліншік буындары теріс бүгіліп қалады – қысқару реакциясы. Сол уақытта бүгулі тұрған екінші аяқ түзуленіп кетеді – ұзару реакциясы.
Жұлынның шартсыз рефлекстерінің қалыптыдан ауытқуы: • Рефлекстердің өршуі – гиперрефлексия; • Рефлекстердің төмендеуі – гипорефлексия; • Симметриялы жақтарда екі жақтан бірыңғайлықтың сақталмауы - анизорефлексия; • Рефлекстердің жойылуы – арефлексия.
Вегетативті нерв жүйесі функцияларын зерттеу тәсілдері.
Ашнер – Даньини көз-жүрек рефлексін тексеру. Көз алмаларын жеңіл және бірдей басу. Диагностикалық мақсатта – ВНЖ-нің парасимпатикалық бөлімінің қозғыштығын бағалау үшін; емдік мақсатта – пароксизмальды тахикардия ұстамасын жою үшін қолданылады. Науқас 3 -4 рет терең тыныс алғаннан кейін көзін жұмады да дәрігер 3 -4 секунд оны басып тұрады. Науқасқа ауырсыну болу мүмкіндігін ескерту қажет. Пульсті осы сынамадан 1 минут алдын және 1 минут кейін санайды.
Сынаманың нәтижесін бағалау. • Көз-жүрек рефлексінің қалыпты типі – 1 минут ішінде пульстің 4 -10 ретке дейін төмендеуі; • Көз-жүрек рефлексінің ваготоникалық типі – пульстің 10 реттен көп төмендеуі; • Көз-жүрек рефлексінің симпатотоникалық типі – пульстің жиілеуі.
Чермак-Геринг сино-каротидтік рефлексін тексеру. Ұйқы артериясын басу кезбе нервті тітіркендірудің ең тиімді әдісі. Бұл әдіс науқас арқасымен жатқанда жасалады. Тамыр соғуын анықтап алғаннан кейін дәрігер бас және сұқ саусақтарымен төс-бұғанаемізіктік бұлшық еттің 1/3 тұсын ұйқы артериясының соғуы білінгенше 10 -20 секунд жеңіл басып тұрады да, одан кейін тамыр соғуының 1 минуттағы жиілігін санайды.
Жергілікті дермагрофизмді анықтау. Теріні сызу (штрих) арқылы білінеді. Сау адамда бірнеше секундтан кейін жіңішке ақ жиекпен қоршалған қызыл жолақ пайда болады. Егер оның орнында ақ жолақ білінсе, онда ол қан тамырларының тонусы күшейгенінің белгісі.
Ақ және қызыл дермагрофизм.
Пиломоторлық рефлекс. Иық аймағына суық немесе басқа тітіркендіргіш әсер еткенде оған жауап ретінде тітіркенген жақта “қаз терісі” феномені пайда болады. Жұлынның зақымданған деңгейінде пиломоторлық рефлекс жойылады, ал одан жоғары және төменгі бөліктерде сақталады.
“Қаз терісі” феноменінің көрінісі.
Қозғалыс жүйесі мен мишықтың функцияларын зерттеу тәсілдері.
Мишық қызметін тексеру. Жүрісті тексеру. Науқас бөлме ішінде бір сызық бойымен көзін ашып, жұмып, алға, артқа жүреді. Мишығы зақымданған науқас екі аяғының арасын ашып, шайқалып жүреді. Мишықтың табаны зақымданса, науқас екі жағына теңселіп жүреді; жарты шары зақымданса, зақымданған жаққа қисая кетеді, қырымен жүре алмайды.
Мишық зақымдалған кездегі науқастың жүрісі.
Саусақ-саусақ сынамасы. Сырқат қолын созып тұрып саусағымен дәрігердің саусағын немесе оның қолындағы неврологиялық балғаның басын дәл табуы керек. Бұл сынама науқастың көзі жұмулы және ашық күйінде жүргізіледі. Мишық зақымданғанда науқастың саусағы сыртқа қарай ауытқи береді.
Диадохокинез әдісі. Науқас екі қолын алға қарай созып, саусақтарының арасын жылдам темпте супинация және пронация қимылдарын жасайды. Мишық зақымданғанда бұл қимылдар баяу білінеді (адиадохокинез). Мишықтың зақымданған жағында бұл құбылыстар басымырақ болады. Жоғарыда- супинация қимылдары; Төменде – пронация қимылдары.
Бұлшық еттердің жиырылу күшін тексеру. Бұлшық еттердің күші алты баллдық жүйемен бағаланады: 5 – бұлшық ет күші қалыпты жағдайда сақталған; 4 - бұлшық ет күші азайғанымен қимыл көлемі толық; 3 – қимыл көлемі азайған, аяқ-қолын көтере алады; 2 - әрең қимылдайды, аяқ-қолын көтере алмайды; 1 – қимылдар әрең пайда болады; 0 – сал болып қалу.
Оң қолдың бұлшықеттерінің күшін динамометр арқылы өлшеу.
Реверсивті динамометр арқылы оң жақ иықтың сыртқы айналып қозғалушы бұлшықеттерінің күшін өлшеу.
Реверсивті динамометр арқылы ІІ саусақтың дистальды фалангасының бүгу күшін өлшеу.
Реверсивті динамометр арқылы сол жақ санның сыртқы айналып қозғалушы бұлшықеттерінің күшін өлшеу.
Бұлшық ет тонусының патологиялық өзгерістері. • Гипертония – бұлшық еттің сіресіп қатаюы; • Гипотония – бұлшық ет серпімділігінің төмендеуі; • Атония - бұлшық ет серпімділігінің жойылуы.
Назарларыңызға рахмет!
нев.ppt