balalarda_1171_y_spets_b_1201_zylystar.pptx
- Количество слайдов: 27
Неврология, психиатрия, наркология кафедрасы Орындаған: Омарова Ж. 530 топ ЖМФ
БАЛАЛАРДАҒЫ СПЕЦИФИКАЛЫҚ БҰЗЫЛЫСТАР.
Жоспар: ü Психикалық дамудың тежелуі ü Балалардағы спецификалық бұзылыстар ü Ретта синдромы.
Балалар психикасының дамуы - сыртқы ортаның әртүрлі факторларының әсерінен психикалық қызыметтердің ретті дамуымен сипатталатын ауыр генетикалық шартты үрдіс. Негізгі психикалық қызыметтерге жатады: гнозис ( тану, қабылдау) праксис (мақсатталған іс әрекеттер) сөйлеу есте сақтау оқу назар аудару ойлау ( аналитико - синтетикалық қызымет, салыстыру және жіктеу мүмкіндігі) эмоция ерік тәртіп өзін бағалау
В. В. Лебединский балалардың даму бұзылысының негізгі алты түрін ажыратады: Қайтымсыз психикалық даму бұзылысы (олигофрения). Психикалық дамудың тежелуі (қайтымды — толық немесе жартылай). Психикалық дамудың зақымдалуы — деменция. Дефицитарлы даму (көру, есту, сомтикалық патологиялардың негізінде). Бұрмаланған психикалық даму (ерте балалық аутизм). Дисгармоникалық психикалық даму (психопатия).
Психикалық даму тежелуі терминін 1959 жылы Г. Е. Сухарев енгізген. Психикалық даму тежелуі дегеніміз жастық нормаларға байланысты психикалық даму темпінің тежелуі.
Психикалық даму тежелуінің негізгі себептері: орталық жүйке жүйесінің перинатальды зақымдалуы эпилепсия және эпилептикалық энцефалопатия краниостеноз бас миының жаңа түзілісі бас миының даму ақаулары (сүйелді дененің дисгенезиясы , голопрозэнцефалия, арахноидальды киста) гидроцефалия тұқым қуалайтын аурулар (фенилкетонурия, гистидинемия, гомоцистинурия) хромосомды аурулар туа пайда болатын эндокринді аурулар (туа пайда болған гипотиреоз)
МКБ-10 бойынша психикалық дамудың бұзылыстардың жіктелуі: F 80. Сөйлеу және тіл дамуының спецификалық бұзылыстары. F 81. Оқу дағдылары дамуының спецификалық бұзылысы. F 81. 0. Оқудың спецификалық бұзылысы (дислексия); F 81. 1. Спеллингтің спецификалық бұзылысы (дисграфия); F 81. 2 Арифметикалық дағдылардың спецификалық бұзылысы (дискалькулия); F 81. 3. Оқу дағдыларының аралас бұзылысы; F 82. Жүріс-тұрыс қызыметтің спецификалық бұзылысы (диспраксия). F 83. Психикалық дамудың аралас спецификалық бұзылысы F 84 Дамудың жалпы бұзылулары/балалар аутизмі, Ретта, Аспергер синдромдары/.
Сөйлеу – адамның бір-бірімен қатынасында ойын, еркін, сезімін білдіріп жеткізу үшін тілді қолдану үрдісі. Сөйлеудің бұзылуына биологиялық және психологиялық факторлар ықпал етеді. 1. Ана құрсағындағы ұрықтың 4 апталығынан 4 айлығына дейінгі кезеңдегі дамуының бұзылуынан сөйлеу тілі бұзылады. Яғни, ананың екі қабат кезінде вирусты жұқпалы аурулар, әртүрлі зақымдар, гигиеналық талаптарды сақтамауынан, резус фактор бойынша қанның сәйкес келмеуі және т. б. себептер әсер етеді. 2. Болашақ ананың екі қабат кезінде қорқыпшошынуы, жүйке жүйесінің мазасыздануы, уайымдауы, ашулануы баланың сөйлеу тілінің бұзылуына әкеледі.
3. Сөйлеу тілінің бұзылуына бас сүйегінің жарақаттануы мен мидың шайқалуы ықпал етеді. 4. Босану кезінде және толғақ қысымынан болатын зақымның мидың оттегімен жеткілікті қамтамасыз етілмеуінің салдарынан бас сүйегінің ішкі жағына қан құйылады. 5. Сөйлеу тілінің бұзылысына тұқым қулайтын аурулар және нәресте кезінде жиіжиі шалдыққан әртүрлі аурулар әсеріненде болады.
Сөйлеу бұзылыстары 1. Дислалия - сөйлеу тіліндегі ең көп тараған бұзылыс. Мұнда тек дыбыстардың айтылуы ғана бұзылады. 2. Дизартрия – сөйлеу тіл аппаратындағы ағзалар мен тіндердің нервпен қамтамасыз етілуінің органикалық жеткіліксіздігінен сөйлеу тілінің дыбыстарды айту жағынан бұзылуын көрсетеді. 3. Ринолалия – ең алдымен сөйлеу тіл аппаратының анатомофизиологиялық құрылысы бұзылады, ал оның зардабынан дауыстың реңі мен әуезділігі және дыбыстардың айтылуы бұзылады. 4. Алалия – сөйлеу бұзылыстарының ішіндегі ең ауыр түріне жатады. Бұзылыстың мұндай түріне шалдыққан баланың сөйлеу тілі іс жүзінде қатынас құралы бола алмайды. Баланың ана құрсағында және сәбилік кезде дамуындағы ми қабығының сөйлеу орталықтарына табиғи байланыстардың бұзылу әсерінен сөйлеуінің дамымауы немесе мүлдем болмауы деген сөз.
5. Афазия – бұған бас миының белгілі бір жеріне жинақталған зақымнан сөйлеу тілінің мүлде немесе жартылай жойылып кетуі жатады. Бұл көбнесе үлкен ми сыңарларының белгілі бір бөлігінің зақымдануынан болады. Афазия көбіне мидың белгілі бір жеріне қан құйылу, ми тамырларының тромбоз сырқатына шалдығуы, мидың ісуі, қабынуы, жарақаттануы салдарынан болады. Тахилалия (грек сөзінен tachus - тез, lalia - сөйлеу деген мағына береді) – сөйлеудің патологиялық жылдамдауы. Бала тез сөйлегендіктен, тіпті оның дыбыс шығаруы дұрыс болғанымен оны түсіну ақылға сыймайтындай қиын. Бала демі жеткенше сөйлей береді және сөздерін қолдың жестикуляцияларымен; кейде аяғының және барлық денесінің ретсіз қозғалыстарымен жеткізеді.
Ретта синдромы— жиі қыздарда байқалатын психоневрологиялық тұқым қуалайтын ауру. Кездесу жиілігі 1: 10000 — 1: 15000. Бұл ауруды алғаш 1966 жылы австриялық невролог Андреас Ретто енгізген. Баланың дамуы 1— 1, 5 жасқа дейін қалыпты дамиды, бірақ содан кейін науқаста жаңа қалыптасқан сөйлеу, қозғалу дағдылары бұзылысқа ұшырайды.
Негізгі көріністері: Стереотипті, бірқалыпты қолдың мақсатсыз қозғалыстары, сөйлеудің қиындауы, сұраққа бірдей жауап береди немессе эхолалия байқалады. уақыт өте келе сөлеудің жоғалуы байқалады (мутизм). Төмен психологиялық тонус анықталады. Науқастың бет әлпеті мұңлы, бір нүктеге ғана қарап отырады. Қимыл қозғалысы тежелген болады, сонымен қатар кей жағдайларда мәжбүрлік күлкі немесе импульсивті жағдай ұстамалары болуы мүмкін. Тырыспалық ұстамалар болады. Энурез және энкапрез болуы мүмкін.
Ауру ағымында негізгі төрт кезеңді көрсетеді: 1. 2. Бірінші кезең 4 айдан 2, 5 жасқа дейінгі кезең. Баланың психомоторлы дамуыныңтежелуімен, бас өлшемдерінің өсуімен, ойындарға деген қызығушылығының болмауымен, диффузды бұлшық еттік гипотониямен көрінеді. Бұл кезең стагнация кезеңі деп аталады. Екінші кезең нервті психикалық дамудың регресс кезеңі. Бұл кезеңде 1 -3 жас аралығындағы болатын өзгерістер тән. Балада алаңдаушылық ұстамалары, себепсіз айғайлау, ұйқының бұзылуы болады. Бірнеше апта немесе айлар аралығында балада қолдың мақсатсыз қозғалыстары мен сөлеуі жоғалады. Сонымен қатар стереотипті қозғалыстар, қолды жуғандай көріністер пайда болады. Кейбір балаларда тыныс алу бұзылыстары, апноэ байқалады. Бала қоршаған ортамен қатынасын үзеді.
3 – Үшінші кезең ұзақ уақытқа созылады. Мектепке дейінгі және ерте мектептік кезеңде болады. Бұл кезеңде балалардың жағдайы бір қалыпты, сонымен қатар терең кемақылдық, тырыспалы ұстамалар, бұлшық ет дистониясы, атаксия, гиперкинездер анықталады. Ал алаңдаушылық ұстамалары басылып, ұйқысы дұрысталып, бала жанынндағылармен қарым қатынасқа түсе бастайды. 4 - Төртінші кезең қимыл қозғалыс бұзылысының үдеу кезеңі. Науқастар қозғалыссыз болады, бұлшық ет атрофиясы және екіншілік ортопедиялық деформациялар (жиі скалиоз) күшейеді. , Бойдың өсуі тежеліп, кахексия дамиды.
Қолданылған әдебиеттер: 1. www. yandex. ru 2. www. google. ru
Назарларыңызға Рахмет!!!


