Tema_4.ppt
- Количество слайдов: 21
Нейронның, синапстың физиологиясы, рефлекторлық доға
Жоспары: Жүйке жүйесінің ағзадағы маңызы Жүйке жүйесінің құрылысы Нейронның құрылысы Жүйке талшығының құрылысы Синапстың құрылысы Рефлекторлық доға құрылысы
Жүйке жүйесінің ағзадағы маңызы Мүшелерді бір-бірімен байланыстырып, ағзаның тұтастығын қамтамасыз етеді. Ағзаның барлық мүшелер мен жүйелердің әрекеттерін реттейді. Ағзаны сыртқы ортамен байланыстырады. Сыртқы ортаға ағзаны бейімдейді. Ағзаның тіршілігін қамтамасыз етеді. Жүйке жүйесі 2 түрге бөлінеді: 1. Орталық жүйке жүйесі – ми мен жұлын. 2. Шеткі жүйке жүйесі - жүйке талшықтары, байламдар және т. б.
Жүйке жүйесінің құрылысы Жүйке жүйесі Орталық жүйке жүйесі Жұлын Ми бөлімдері Шеткі (перифериялық) Соматикалық Вегетативтік
Нейронның құрылысы 1 – ядролы жүйке жасушасы; 2 – жүйке жасуша өсіндісі (аксон); 3 – аксонды қаптайтын миелинді қабықша; 4 – бұлшық ет талшықтарында аксонның соңғы тармақталуы; 5 – аксонның үзілген жері.
Нейрондар денелерінен шығатын өсінділердің саны бірдей болмайды Оларды униполярлы, псевдоуниполярлы, биополярлы, мультиполярлы деп бөледі. Униполярлы нейрондарда бір ғана өсінді болады. Псевдоуниполярлық нейрондарда да бір өсінді болады, бірақ ол әрі қарай екі тармақталып кетеді. Биополярлық нейрондарда екі өсінді бар. Мультиполярлық нейрон денесінен әдетте жуан, ұзын бір аксон және бірнеше дендриттер шығады
Нейрондар қызметі жағынан 3 топқа жіктеледі: Афференттік (сезімтал, қозуды орталық жүйке жүйесіне қарай (ОЖЖ) өткізеді); Эфференттік (моторлы, қимыл-қозғалыс, қозуды орталық жүйке жүйесінен жұмыс мүшесіне қарай өткізеді); Қондырма (қосымша немесе аралық нейрон, афференттік нейрондарды эфференттік нейрондармен байланыстырады).
Нейрон Жүйке жүйесінің нейрондардан құралады, олардың ұзын және қысқа өсінділері болады. Негізі қызметі импульсты орталыққа жеткізу. Келесі түрлері ажыратады Сезімтал Қозғалтқыш Аралас
Жүйке талшықтарының қасиеттері Жүйке талшықтарының яғни жүйке жасушалар өсінділерінің ең негізгі қасиеті - өздері арқылы қозу импульстерін өткізу болып есептеледі. Жүйке талшықтарының морфологиялық белгісіне қарай балдырлы немесе миелинді және балдырсыз деп 2 топқа айырады. Миелинді сезгіш және қозғағыш талшықтар сезім органдары мен қаңқа еттерін жабдықтайтын жүйкелердің, сондай-ақ вегетативтік жүйке жүйесінің құрамына енеді. Миелинсіз талшықтар омыртқалы жануарларда негізінен симпатиқалық жүйке жүйесіне тән.
Жүйке талшығының құрылысы Миелинді (А) және миелинсіз (Б) жүйке талшықтарының құрылысы.
Синапстың құрылысы
Рефлекс туралы жалпы түсінік Рефлекс(лат reflexus — кері қайтарылған, шағылысқан) — организмнің ішкі немесе сыртқы тітіркендіргіштер әсеріне орталық жүйке жүйесінің қатысуымен қайтаратын жауабы. Рефлекс туралы түсінікті алғаш рет ұсынған француз философы Р. Декарт (1596 — 1650). Ол Рефлексті санаға тәуелсіз, жан әрекетінің нәтижесі деп есептеді. “Рефлекс” терминін жүйке жүйесі физиологиясына чех ғалымы Й. Прохаска (1749 — 1820) енгізді. Бұл ілімді орыс ғалымдары И. М. Сеченов пен И. П. Павлов одан әрі дамытты. Рефлекс дененің белгілі бір бөлігінде орналасқан рецепторлардың тітіркенуінен басталады
Рефлекстердің түрлері Рефлекс Шартты Шартсыз
Рефлекстердің түрлері Шартты рефлекстер. Ми қыртысында шартты рефлексті жүзеге асыратын жүйке - рефлекс орталықтары орналасады. Жүйке орталығы мен жүйкелер арасында шеңбер түрінде үнемі байланыстар болып тұрады. Шартты рефлекстер кезінде ми қыртысы мен мидың басқа бөлімдерінің арасында уақытша байланыстар түзіледі. Шартты рефлекстер - ағза мінез-құлығының ең қарапайым көрінісі. Шартты рефлекстер бірімен-бірі белгілі бір реттілікпен жүзеге асатын бірнеше кезеңдерден түрады. Шартты рефлекстер аркылы адам тамағын табуға, кауіпті жағдайлардан қорғануға әрекет жасайды. Мүның бәрі де жоғары жүйке қызметі аркылы жүзеге асады. Шартсыз рефлекс орталык жүйке жүйесінің төменгі бөлімдері (жұлын, сопақша, ортаңғы ми, мишық) аркылы жүзеге асады. Алдыңғы мидың үлкен ми сыңарлары алып тасталған жануарларда шартсыз рефлекс сақталады. Шартсыз рефлекстер адамның жасына сәйкес үнемі өзгеріп отырады. Туа пайда болған ретті тізбек арқылы бірімен-бірі байланысқан шартсыз рефлекстер жиынтығы - түйсік - инстинкт (лат. «instictus» - түйсіну) деп аталады
Рефлекторлық доға құрылысы А – соматикалық рефлекс; Б - вегетативті рефлекс; 1 - рецептор; 2 – сезімтал нейрон; 3 – орталық жүйке жүйесі; 4 - қозғалғыш нейрон; 5 – жұмысшы мүше- бұлшық ет, без; 6 – қондырмалы нейрон; 7 – вегетативтік байлам (ганглий).
Рефлекстік доға Рефлекстер рефлекстік доға, қозу өтетін жолдар арқылы жүзеге асады. Рефлекстік доға 5 бөлімнен тұрады: жүйке ұштары - рецепторлар (латынша - қабыл-даймын, қабылдаушы); сезгіш нейрондар (қозуды орталық жүйке жүйесіне өткізеді); жүйке орталығы (орталық жүйке жүйесі); қозғалтқыш нейрондар; тітіркендіруге жауап қайтаратын мүшелер (бұлшықеттер және т. б. ). Рефлекстік доға рецептордан басталады. Рецепторлар (жүйке ұштары) әр түрлі тітіркендіргіштерді (ыстық, суық, қышқыл, дыбыс және т. б. ) қабылдайды. Рецептордан сезгіш нейрондар арқылы қозу орталық жүйке жүйесіне өтеді. Қозу орталық жүйке жүйесінде талданып, одан қозғалтқыш нейрондар арқылы жұмыс атқаратын мүшелерге беріледі. Оны тізені жазу рефлексінен де байқауға болады. Рефлекстік доғаның барлық бөлімдері толық қызмет атқарса ғана рефлекс болады. Егер рефлекстік доғаның бір бөлімі зақымданса, рефлекс жойылады (болмайды). [1]
Рефлекстік доғаның жалпы сызбанұсқасы:
Жоғары дәрежелі нерв қызметі шартсыз және шартты рефлекстердің әсерінен жануарлар дүниесінің тарихи даму жолында өзгеріп отырған. Омыртқасыздар мен төменгі сатыдағы омыртқалы жануарлардың мінезқылығында туа пайда болған нерв әрекеттері жүре келе пайда болған нерв әрекеттерінен басым болады. Жануарлар эволюциясы процесінде жүре келе пайда болған нерв әрекеттері үдеп жоғары дәрежелі нерв қызметінің басым түріне айналады. Бұлардың көптеген түрі едәуір өзгереді, шартты рефлекстер үздіксіз күрделенеді және жетіледі, олардың құрамы толығады, шартты рефлекторлық әрекеті жетіле түсіп, организмнің тіршілік ортасына беімделу процесінде негізгі реттеуішке айналып,
Павловтың пікірінше, тіпті жоғары сатыдағы жануарлардың (мысалы, ит, маймыл) жоғары дәрежелі нерв қызметі – адамға да, жануарларға да тән бірінші сигнал жүйесі шартты рефлекстерінің жиынтығы. Бірақ ол адамда оның өсу, даму, еңбекке үйрену, біртіндеп тіл шығып сөйлеуіне байланысты. Сөз тікелей тітіркендіргіштер тәрізді әсер етеді. Павловтың айтуынша, осы «бірінші сигналдардың сигналы» екінші сигналдық жүйе (сөз сөйлеу, ойлау, жазу) түрінде қалыптасты. Екінші сигналдық жүйе біріншінің негізінде пайда болған және онымен қызметі жағынан тығыз байланысты бола отырып, адамның саналы тіршілігінде негізгі шешуші, реттеуші факторға айналады. Ол арқылы түрлі құбылыстар
Павловтың пікірінше, жоғары сатыдағы жануарлардың жоғары дәрежелі нерв қызметінің негізі – орталық нерв жүйесінде түзілетін шартты рефлекстер (жоғары сатыдағы омыртқалылар мен адамда үлкен ми қыртысында), сондай-ақ күрделі шартсыз рефлекстер (соқыр сезім, эмоция және т. б. ). Павлов жоғары дәрежелі нерв қызметінің мынадай негізгі заңдылықтарын немесе ережелерін дәйектеген: Шартты рефлекстердің түзілуі; Шартты рефлекстердің тітіркендіру күшіне байланыстылығы; Шартты тітіркендіргіштер әсері; Ми қабығында шартты рефлекстің бекімегендігінен, шартты тітіркендіргіштің күшеюінен немесе үйреншікті емес тітіркендіргіш әсерінен тежелу пайда болуы; Үлкен ми қыртысында нерв процестерінің таралуы мен топтануынан оның бөлімдерінде қарым-қатынас пайда болу; Нерв процестерінің өзара индукциясы пайда болуы.
Бұнымен қатар шартты рефлектердің жаңа түрлері (интроцептивті, бинарлық тағы басқа) олардың түзілуінің жаңа фазасы (бастапқы шоқтану фазасы) және кортиқалдық тежелуі (превентивті тежелу фазасы) ішкі тежелудің пайда болуы және оның бір жерге шоқтану механизмі дәлелденген. Жоғары дәрежелі нерв қызметіінің филогенетикалық және онтогенетикалық эволюциясы экологиялық сигналдардың маңызы тағы басқалар анықталған. Жоғары дәрежелі нерв қызметі туралы ілімінің теориялық және практикалық маңызы зор. Ол - диалектикалық материализмнің табиғиғылыми негізін кеңейтіп, Лениннің бейнелеу теориясының дұрыс екеннін дәлелдейді, идеализмге қарсы күресте идеологиялық қару. Жоғары дәрежелі нерв қызметі туралы ілім осы кездегі табиғат тану ғылымының ең үлкен жетістіктері, ол физиологоияның жаңа дәуірі дамуының бастамасы болды. Бұл ілімнің орталық нерв жүйесінің кейбір ауруларын емдеуде, психология, педагогика, кибернетика ғылымдарына еңбекті ғылыми ұйымдастыруда маңызы зор.
Tema_4.ppt