6_srs_Laura.pptx
- Количество слайдов: 12
Негізгі тағамдық азықтардың тамақтық және биологиялық құндылығы. Эпидемиологиялық маңызы Қабылдаған: Желдербаева М. К. Тапсырған: Досмаилова Л. К. Топ: ОМ-12 -25 -01 Алматы, 2015 ж
Жоспар: 1. Кіріспе бөлім 2. 1. Негізгі тағамдық заттар туралы түсінік 2. 2. Тағамтану пирамидасы 3. Қорытынды
Тамақтану - ағзаның қуат шығынының орнын толтыруға, тіндер құрылуына және жаңартылуына және қызметтерін реттеп отыруға кажетті, ағзаға түсетін заттардың қорытылу, сіңу және сіңірілу үрдістері. ағзаның өмір сүруге, денсаулықты және жұмысқа қабілеттілікті сақтауға қажет нәрлі заттарды (ақуыз, май, көміртегі, дәрумендер, минералды тұздар) бойға сіңіру процесі. Негізгі тағамдық азықтар- популяцияда басым ролге ие болған азық-түлік.
Негізгі тағамдық заттар популяциның орналасу орнына және жыл мезгіліне байланысты өзгеріп отырады. Негізінен бұл тағамдық азықтар қол жетімді және арзан тұрады. Сонымен қатар, бұл заттар құрамында негізгі 3 элемент болу керек: көмірсулар, ақуыз және майлар.
Бұл негізгі тағамдық затардың негізгі ерекшелігі- сақталу мерзімі. Сондықтан бұл азықтар өз ерекшелігіне байланысты дефицит, құрғақ мезгілдер мен салқын ауа райы кезінде орны өте маңызды. Негізгі тағамдық заттардың әдеттегідей мысалына тауық, астық дақылдар, бұршақ тұқымдастар және дәндер жатады, яғни бидай, арпа, қарабидай, жүгері, күріш, картофель, ямс, таро, жеміс- жидектер мен бұршаұтар және орналасу онына байланысты кейде сорга, зәйтүн майы, кокос майы, қант жатады.
Пирамида қоректік заттар ролі туралы ғылыми білімдерді және ағзаның қажеттіліктерін есепке ала отырып әзірленген, ол қоғамда қалыптасқан тамақтанудың дәстүрлерін бейнелейді. Азық-түліктік пирамида - бұл шегіністерге рұқсат бермейтін қатаң емдәм емес, оның міндеті таңдау жасауға көмектесу: жақсы дене бітіміне, психикалық және ақыл-ой пішініне ұзақ қуану үшін немен тамақтану қажет.
Егер тағамның калориялығы орта есеппен алғанда 2 -2, 2 мың килокалорий болса, пирамида бойынша ас үлесi шамамен келесiдей болады: пирамиданың негiзiнiң 40%- әр түрлi дәндiдақылдардан тұрады: қарақұмық, күрiш, сұлы, iрi тартылған ұннан жасалған нан, макарон, картоп. Пирамиданың келесi көтерiлiмiнiң 35 % жемiс – жидектер. Әрi қарай тағамның ақуыз тобы ол 20% құрайды: сүт, айран, iрiмшiк, йогурт, тауық, балық, ет, соя тағамдары. Пирамиданың ұшындағы 5 % майлардың барлық түрлерi, қант, кондитер тағамдары, балмұздақ т. б. құрайды. Дәл осындай тағамдық қатынас үлестерiн дұрыс тамақтануға жатқызады, ал егер бұл көрсеткiштерден ауытқулар болса, онда адам денсаулығына зиянды болып келедi.
Дұрыс тамақтанбау дене салмағының төмендеуіне, өсудің баяулауына, әлсіздікке алып келеді. Өз кезегінде, ұсынылған нормадан артық, жоғарғы энергетикалық құрамы бар артық тамақтану семіздікке алып келеді және өркениет ауруларының дамуына алып келеді. Дұрыс тамақтанбаудың және аз қозғалыста өмір сүрудің себебінен туындайтын қантты диабет, гипертония, склероз сияқты ұзаққа созылатын аурулармен сырқаттану қауіп-қатерін төмендету үшін. Ағзаның қажеттіліктеріне сәйкес келетін, яғни жасына, жынысына, денсаулық күйіне, дене белсенділігі деңгейіне және орындалатын жұмыстың түріне тура келетін қажет мөлшерде және үлесте ағзаны құнарлы құрам бөлшектермен қамтамасыз ету үшін. Тамақтанумен бірге ағзаның қажеттіліктері үшін сәйкес келетін мөлшерде ағзаны энергиямен қамтамасыз ету үшін. Энергияның жетіспеушілігін адам аштық және төмен дене белсенділігі түрінде сезінеді.
Негізгі сәт күнделікті қолданылатын астың дұрыс тепетеңдігі болып табылады. Дәнді азықтар әр тамақтануда дерлік, көкөністер мен жемістер әр үшінші, сүт өнімдері әр үшінші немесе екінші, ал ет әр бір немесе әр екінші тамақтануда болуы қажет. Тамақтану пирамидасының шыңын мүмкіндігінше аз қолданылуы қажет майлар мен тәттілер алады. Ең дұрысы, тамақты күніне 5 немесе ең кем дегенде 3 тамақтануға бөлу ұсынылады. Әрине, емдәмнен басқа жақсы денсаулық пен көтеріңкі көңіл-күйдің негізі болып табылатын дене белсенділігі де маңызды. Бәрінен дұрысы, оны әр адамның жеке қажеттіліктеріне, мүмкіндіктеріне және бейімділіктеріне сәйкес үйлестіріген жақсы. Күн сайын, шамамен жарты сағат бойы. Дене белсенділігі көп болмауы қажет, керісінше, рахат сезімін беруі және күнделікті күйзелістен құтқаруы қажет.
Қорытынды Негізгі тағамдық заттардың қажеттілігі бойынша негізделіп жасалған дұрыс тамақтану пирамидасын бүкіл дүниежүзі диетологтарымен мақұлданып және рационалды тамақтану, денсаулық және қалыпты салмақты сақтауда ең тиімді жүйе екені дәлелденген. Осы пирамидалық жүйені үнемі пайдаланып, денсаулығыңызды сақтаңыз!!!!
Қолданылған әдебиет: Основы нутрициологии (2 часть) Автор: Дружинин П. В. РУДН. Новиков Л. Ф. РУДН. Лысиков Ю. А. НИИ Питания РАМН Здоровье, Правила питания Новиков Л. Ф. РУДН. Лысиков Ю. А. НИИ Питания РАМН Тамақтану негіздері. Т. Шарманов http: //geekrunner. org/nutrition/garvardskaya-piramida-zdorovogo-pitaniya https: //ru. wikipedia. org/wiki/%D 0%9 F%D 0%B 8%D 1%82%D 0%B 0%D 0%BD%D 0%B 8% D 0%B 5
6_srs_Laura.pptx