биотехнология.pptx
- Количество слайдов: 14
Негізгі сұрақтар: 1. Липидтердің қызметі; 2. Липидтердің топтастыруы; 3. Сабынданатын липидтер; 4. Сабынданбайтын липидтер.
Липидтер – суда ерімейтін, әртүрлi органикалық ерiткiштерде еритiн органикалық заттар болып табылады. Липидтердің қызметтері: Ø Энергия көзi - бейтарап майдың 1 г тотыққанда, 9 ккал қуат бөлiнiп шығады; Ø Биологиялық мембраналардың негізгі құрылымдық компоненттері; Ø Дабыл молекулалары, зат алмасуының реттегiштері (гормондар, биологиялық белсенді қосылыстар, дәрумендер, пигменттер, т. б. ); Ø қорғау қызметі – организмдi ыстық-суықтан, электрлік және механикалық жарақаттануынан, жапырақтар мен жемістерді бактериялардан, судың артық булануынан сақтайды; Ø липидтерде көптеген витаминдер еридi және олардың құрамына алмаспайтын май қышқылдары кiредi.
Литидттер Сабынданатын Сабынданбайтың
Ø Қарапайым - липидтер: Бейтарап майлар, Балауыздар. Ø Күрделі - липидтер: Глицерофосфолипидтер, Гликолипидтер, Сфинголипидтер.
Øстериндер, стероидттар (гормондар, өт қышқылдары), Øтерпендер. Ø
Бейтарап майлар: Ø Ø Глицерин - СН 2(ОН)-СН 2 ОН. Май қышқылдары. Фосфолипидтер: Ø Ø § § Глицерин - СН 2(ОН)-СН 2 ОН. Май қышқылдары. Ортофосфор қышқылының қалдығы – Н 2 РО 4. Азоттық негіздер немесе спирттік топтар: Этаноламин – NH 2 -СН 2 ОН. Серин - СН 2(ОН) –СН(NH 2)-СООН. Холин - (СН 3)3 N-СН 2 ОН. Инозит (алты атомды циклды спирт). Сфинголипидтер және гликолипидтер: Ø Ø Сфингозин - СН 3(СН 2)12 -СН=СН-СН(ОН)-СН(NН 2)-СН 2 ОН немесе дигидросфингазин. Май қышқылдары. Ортофосфор қышқылының қалдығы – Н 2 РО 4. Моно- немесе олигосахаридтер (көбiнесе глюкоза).
Бейтарап майлар – үш атомды спирттің, глицериннің және май қышқылынан құрылған күрделi эфирлер, май қышқылының глицерин эфирi немесе ацилглицерид деп аталады (ацил карбон қышқылының қалдығы). Глицерин молекуласының этерификациялануы мүмкiн. бiр, СН 2 -О-СО-R 1 | СН-О-СООН СН-О-СО-R 2 | СН 2 -О-СООН СН 2 -О-СО-R 3 Моноглицерид Триглицерид R – май қышқылдарының қалдықтары екi немесе үш СН 2 -О-СО-R 1 | СН-О-СО-R 2 | СН 2 -О-СООН Диглицерид гидроксилі | |
Адам мен жануарлар липидтерiнiң құрамына кiретiн май қышқылдарының жалпы сипаттамалары: 1. Май қышқылдарының молекуласындағы көмiртек атомының саны жұп болады; 2. Полиқанықпаған май қышқылдарында қос байланыстар қосарланған болмайды; 3. Май қышқылдарында қос байланыстар цисконфигурацияда болады.
Май қышқылдарында –гидрофильдi (полярлы) және гидрофобты (полярсыз) бастарын ажыратады. Май қышқылдарының қасиеттері молекуладағы гидрофильді мен гидрофобты бөліктерінің ара қатынасына тәуелді болады. - суда еру қабілеті; - балқу температурасы. Қаныққан май қышқылдарының көміртек атомының тізбегі ұзарған сайын қыщқылдың балқу температурасы артады. Май қышқылы балқу температурасы, о. С - миристин қышқылы (С 14: 0) 54, 4 о, - пальмитин қышқылының (С 16: 0) 62, 9 о, - стеарин қышқылының (С 18: 0) 69, 6 о. - Олеин қышқылы (С 18: 1) +13, 4 о. С - Линол қышқылы (С 18: 2) -5, 0 о. С, - Линолен қышқылы (С 18: 3), -11, 0 о. С. Қанықпаған май қышқылдарда қос байланыс саны көбейген сайын балқу температурасы төмендейді.
Құрылымдық липидтердің классификациясы фосфолипидтер гликолипидтер сфинголипидтер Май қ-лы РО 4 спирт РО 4 холин Май қ-лы Моно- н/е олигосахаридтер Май қ-лы глицери н Май қ-лы сфингози н глицери н Май қ-лы SО 4
Липидтер— энергия көзі Липидтердің ішіндегі табиғатта көп таралғаны— майлар. Майлар — организм тіршілігіндегі негізгі энергия көзі. Организмге қажетті энергияның 25— 30%-ын липидтер береді. Майдың 1 грамы толық ыдырағанда, 38, 9 к. Дж энергия бөлінеді, ол нәруыз бен көмірсудан бөлінетін энергиядан екі есе көп. Май — қоректік қор заты Организмдер денедегі майды қоректік зат ретінде жинақтайды. Мысалы, бунақденелілер, сүтқоректілер және адамның тері асты қабатында, шарбыда, көптеген өсімдіктердің тұқымдарында және т. б. мүшелерінде май қоры жинакталады. Жануарлар мен өсімдіктер осы әртүрлі мүшелерде жинақталған май корын тіршілік барысында біртіндеп жұмсайды, әсіресе май қорының қысқы ұйқыға кететін организмдер үшін маңызы ерекше.
Майдың қорғаныштық қызмет Май жылуды нашар өткізеді. Сондықтанжануарлар тері астындағы май қабатының есебінен дене температурасын тұрақты сақтайды. Мысалы, киттің тері астындағы май қабатының қалыңдығы 1 м-ге дейін жетеді, бұл оның солтүстік теңіздердегі суық суда үнемі тіршілік етуге бейімділігін арттыра түседі. Өсімдік түқымдарында майдың көп болуы — жаңа дамып келе жатқан өсімдікке, оның тамыр жүйесінің бекініп, өзіне тиісті қызмет атқара бастағанша энергиямен қамтамасыз ету үшін қажет. Май — су көзі 1 кг май тотығып ыдырағанда, 1, 1 кг су түзіледі. Мұндай суды “метаболит су” деп атайды. Қыста ұзақ ұйқыға кететін, сол сияқты сусыз шөлді жерлерде тіршілік ететін жануарлар (кейбір кемірушілер, бөкендер, түйелер және т. б. ) организміндегі тотығып, ыдыраған майдың суын пайдаланады
биотехнология.pptx