Назарбаев Университетi.pptx
- Количество слайдов: 5
НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТI Орындады: Чмиль Д. Тексердi: Акимбекова Г. Ш.
2010 жылы Назарбаев Университетінің есігі алғашқы студенттерге ашылды.
ТАРИХ ЖӘНЕ СТРАТЕГИЯ Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының (бұдан әрі - Университет) алға қойған міндеті – Қазақстанның халықаралық деңгейдегі тұңғыш зерттеу университеті болу, себебі оның қызметі елдің негізгі басымдықтарының іске асырылуына, оның ішінде зерттеу әлеуетінің жедел қарқынмен өсуіне, елдің индустриялық-инновациялық дамуына, өзгеріп отыратын және жаһандық ықпалдастырылған экономика талаптарына сай келетін білім беруге көшудің қамтамасыз етілуіне байланысты.
Стратегия Университет Стратегиясы еліміздің барлық жоғары оқу орындары үшін үлгі болып саналатын жоғары білім берудің озық моделін қалыптастыру мақсатында Университеттің тиімді және серпінді дамуын қамтамасыз ететін негізгі стратегиялық мақсаттар мен бағыттарды айқындайды. Стратегияда Университеттің 2013 -2020 жылдарға арналған миссиясы, пайымдауы, стратегиялық мақсаттары, даму кезеңдері және қызметкерлердің, оқытушылардың, студенттер мен зерттеушілердің бірлескен күш-жігерлерінің нәтижелері баяндалған. ◦ Пайымдауы: Қазақстанға және әлемге олардың дамып, өркендеуіне қажетті ғалымдар мен мамандарды, менеджерлер мен кәсіпкерлерді даярлау. ◦ Миссиясы: Қазақстанда жоғары білім және ғылым жүйесінде реформалар жүргізу моделі болып, Астананың инновациялар мен білімнің халықаралық орталығы ретінде қалыптасуына үлес қосу
Стратегиялық мақсаттары ◦ I мақсат: Қазақстандағы білім беру жүйесін реформалаудағы көшбасшылық Университет тәжірибесінің қазақстандық жоғары оқу орындары мен зерттеу орталықтарына таратылуын қамтамасыз ету ◦ II мақсат: Академиялық көшбасшылықты дамыту және қолдау арқылы Университеттің миссиясына жету ◦ III мақсат: Ғылыми көшбасшылық Әлемнің танымал ғалымдарымен және зерттеу орталықтарымен әріптестікте әлемдік деңгейдегі ғылыми зерттеулер жүйесін қалыптастыру ◦ IV мақсат: Денсаулық сақтау саласында қызмет көрсету моделін жасау Университеттің денсаулық сақтау жүйесін Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы қызмет көрсету моделі ретінде жасау ◦ V мақсат: Инновациялар және ғылымды өндіріске енгізу Қазақстандағы инновациялардың негізгі қозғаушы күші болу және Астананың өңірлік инновациялар орталығына айналуы үшін негіз жасау.
Назарбаев Университетi.pptx