
биология.ppt
- Количество слайдов: 18
Нашен Дінислам Қазыбекұлы Қызылорда облысы Қазалы ауданы Қожабақы ауылы № 25 мектеп Биология пәні мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту мүшелерінің құрылысы Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Оқушылардың білімділігін жан- жақты жетілдіру. Ас қорыту мүшелері жайында түсіндіру. ә) дамытушылық: Тақырып бойынша сызба, схемаларды пайдалана отырып оқушылардың ой - өрісін дамыту. б) тәрбиелік: Оқушыларды еңбекке, адалдыққа, салауатты өмір салтын қалыптастыруға баулу. Маңызын ескере отырып қорғау Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап Сабақтың түрі: Аралас сабақ Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, (сызба, схема, суреттер) Ұйымдастыру бөлімі
Үй тапсырмасын сұрау 1. Ас қорыту сөлі мен ферменттердің рөлі қандай? 2. Тамақ өнімдері дегеніміз не? 3. Қоректік заттар дегніміз не? 4. Ас қорыту дегеніміз не? 5. Адам ағзазы үшін тамақтың маңызы қандай? 6. Су мен минералды тұздардың ерекшеліктері мен қызметі қандай?
Адам ағзасының қалыпты тіршілік рекеттері үшін оның барлық жасушалары мен ұлпалары үнемі қоректік заттармен қамтамасыз етілуі керек. Қоретік заттарды қажетсінуі, ең алдымен, ағзасының энергетикалықшығынына байланысты. Тамақ құрылыс материалы ретінде ағзаның өсуі үшін, жасушалардың жаңартылуына, ұлпалардың жойылған бөліктерін қалпына келтіруге, сондай-ақ жұмсалған энергияны толықтыру үшін қажет. Ас қорыту жүйесі Ас қорыту жолынан Ас қорыту бездерінен
Шықшыт сілекей безі Ауыз қуысы Ас қорыту мүшелері Өңеш Тіл асты сілекей безі Жақ асты сілекей безі Бауыр Өт қабы Асқазан Ұйқыбез Тоқ ішек Аппендикс Аш ішек Тік ішек Аналь тесігі
Жұтқыншақ ұзындығы 11 -13 см болатын бұлшықетті мүше. Мұнда ас қорыту және тыныс алу жолдары қиылысады. Жұтқыншақтың төменгі жағы тарылып өңешке өтеді Өңеш-ұзындығы , шамамен 20 см болатын бұлшықетті түтік. Өңеш көкет арқылы өтіп, ХI кеуде омыртқасы деңгейінде асқазанға ашылады. Асқазан –асқорыту жолынының көлемді ұлғаюы. Ол құрсақ қуысында көкет астында орналасқан. Пішіні сыйымдылығы 2 -3 л алмұрт немесе ұзын қапшық тәрізді. Асқазанда өңештің кіреберіс саңылауы мен ұлтабар басталатын шығу саңылауын ажыратады. Кішкене қарынның сілемейлі қабығы қатпарлар түзеді, олар тамаққа толғанда асқазанның созылуына мүмкіндік береді. Аш (ащы)ішек –ас қорыту жолының едәуір ұзын бөлігі. Онының ұзындығы 5 -7 м және үш бөлікке: 1 ұлтабар 2 аш ішек 3 мықын ішек Ас және мықын ішекте астың қорытылуы аяқталады да негізінен, астың сіңірілуі жүзеге асады. Астың қортылмаған қалдығы тоқ ішекте өтеді.
Ас қорыту жолының қабырғасы Ішкі қабат Эпителий ұлпасынан тұратынсілемейлі қабық Ортаңғы қабат Сыртқы қабат Дәнекер ұлпалары сірнелі қабат
Ауыз қуысы Алдыңғы жағы Ерін Ұрт Жоғарғы жағы (таңдай) Қатты Жұмсақ Төменгі жағы Тіл Ауыз түбі Артқы жағы Жұтқыншақ
Ауыз қуысының құрылысы Қатты таңдай Кішкене тіл (бөбешік) Тіл Жұмсақ таңдай Бадамшалар
Тіл сілемейлі қабықпен жабылған көлденең салалы бұлшықет Тіл Түбірі Ащы Дене Көлденең Ұшы Тәтті Бүйір жағы Қышқыл Тұзды
Тоқ ішек үшке бөлінеді, ұзындығы-1, 5 -2 м. Олар Соқыр ішек Жиек ішек Тік ішек Соқыр ішектің құрт тәрізді өсіндісі-ұзындығы 8 -15 см аппендиксі болады. Ол иммундық жүйенің мүшесі болып табылады. Оған қорытылмаған ас қалдығы немесе ауру тудыратын микробтар түскенде қабыну процесі –апендицит пайда болады. Тоқ ішек тік ішекпен аяқталады.
Ұйқыбез азқазанның астынғы жағында екінші бел омыртқасының деңгейінде орналасқан. Ұйқыбез ас қорытыуда маңызды рөл атқарады. Бездің басты шығаратын өзегі ұлтабарға ашылады. Ұйқыбез асқорыту қызыметінен басқа ұйқыбез ішкі секрециялық қызметін де атқарады. Олар өз секретін ұлпа сұйықтығына, содан кейін қанға бөледі. Асқазан Бауыр Өт қабы Өт өзегі Ұйқы без өзегі Ұйқыбез Ұлтабар Бауыр –ең ірі без массасы шамамен 1500 г. Ол қызыл қоңыр түсті. Оның көп бөлігі оң жақ қабырға астында орналасады. Бауыр –күрделі түтікшелі без. Оның секреті –өт Өт қабына бауыр үздіксіз өндіретін өт жиналады. Ас қорыту кезінде өт қабы және бауыр өзегі арқылы өт жалпы өт өзегіен ағады. Ол ұлтабар арасынан ашылады. Бауыр көптеген улы заттарды тұтып, зиянсыздандырады. Бауырда көмірсулар қоры гликоген – жануар крахмалы түрінде жинақталады.
Үйге тапсырма Ас қорыту жолы Ауыз қуысы Жұтқыншақ Өңеш Асқазан Аш ішек Тоқ ішек Ас қорыту юездері Сілекей бездері Бауыр Ұйқы без
Пайдаланған әдебиеттер: 1. Биология 8 - сыныпқа арналған оқулық. Авт: Е. Очкур. Л. Аманжолова. Р. Жұмабаева. Алматы. Мектеп. 2008 2. ”Биолог анықтамалығы” журналы 4. Биологияны оқыту әдістемесі Авт: Б. М. Тәжіғұлова, Д. Е. Мусина Ақтөбе, 2006 5. Мұсылман күнтізбесі. Алматы. 2004.
биология.ppt