
лек-8-нарык адистер.pptx
- Количество слайдов: 32
Нарық әдістеріне негізделген табиғи рекреациялық ресурстарды бағалаудың көрсеткіштерін пайдалану
• Табиғи ресурстардың кез келген түрінің құны туралы нақты әрі шынайы ақпаратты алу керектігі басқарудың барлық деңгейінде айдан анық. Мұндай қажеттіліктің пайда болуына экономиканың ресурстарға бағытталуы, табиғатты қолдану және табиғатты қорғау істеріндегі экономикалық әдіске көшуі, сонымен қатар меншік құқығы негізінде шаруашылық айналысқа қатыстырылған табиғи ресурстардың негізгі түрлерінің құрамының өзгерулері әсер етті.
Табиғи ресуртардың құнын есептеу арқылы табиғатты қолдануды басқарудың кең таралған экономикалық әдістеріне мыналар жатады: • табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін төленетін соманың анықталуы; • зияндар мен шығындар құны; • табиғат қорғау заңнамаларын бұзғаны үшін , табиғи ресурстарды ұтымсыз пайдаланғаны үшін айыппұлдар белгілеу; • мақсатты белгілерді өзгертумен және табиғи ресурстарды алып қоюмен байланысты шығындардың көлемін анықтау; • экологиялық сақтандыруды жүзеге асыру барысындағы сақтық қойылымдардың орнын толтыруларды анықтау; • экологиялық және рекреациалды маңызы бар жерлерге қойылатын салық пен жалға беру төлемдерін бағалау; • мемлекеттің ұлттық байлығының құрамындағы ресурстық компоненттердің есептелуі; • коммерциялық және табиғат қорғау жобаларына салынған инвестициялардың тиімділігін бағалау.
• Аталған табиғат қолдануды басқару әдістерінің жүзеге асуы табиғат компоненттерін бағалайтын біріңғай әдістемелік ақпаратты өндірумен тығыз байланысты. • Ресейде жекелеген зерттеулер жүргізу арқылы рекреационды табиғи ресурстарды бағалауда әдістемелік тәсілдерді қолдану алғаш басталған. Бұл басқа елдерде кеңінен таралып келеді. • Бірақ, бұл табиғи рекреационды ресурстарды бағалаудың қандай да бір әдісін таңдауда өз ерекшелігі бар. Ол - әдістерді тек ғылыми зерттеулерде ғана емес, сонымен қатар практикада қолданудың шектеулілігі. • Нормативтік құндық көрсеткіштердің өзінің болуы көптеген кері әсерлер көрсетуде. Бұл есептеуде экономикалық шындылықты көрсететін, табиғаттың таза, шынайы құндылығын ашпайтын шартты құндық көрсеткіштердің қолданылуына байланысты.
• Осындай оқиғалардың орын алуы шынайы құндылық көрсеткіштерді көрсететін экономиканы басқарудағы әкімшілік әдістердің болуымен байланысты. Біздің мемлекетте біраз уақытқа дейін осы жұмыста айтылған экожүйелердегі экологиялық бағалау әдістері тұрмақ, кез келген объектіні нарықтық бағалаудың классикалық әдістері (мекемелер, жер телімдері т. б) де қолданылмады.
Басқарудың жаңа әдістеріне көшуімен жағдай өзгерді. • Нарықта әртүрлі объектілерге, жер учаскелеріне, басқа операция үшін қажеттіліктерге сұраныс пайда болды. Әртүрлі объектілердің нарықтық бағасын анықтайын ең бірінші құжаттар пайда болды. «ҚР бағалау ісі» туралы заң қабылданып, «Бағалау ісінің қатысушылары пайдаланылатын міндетті бағалау стандарттары» , « Жер учаскелерінің нарықтық бағалауының әдістемелік нұсқаулықтары» бекітілді. Бағалау әдістері тек коммерциялық аяда ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік және муниципиалды басқару саласында да тарады.
• Биологиялық әр-түрлілікпен байланысты табиғи кешендер мен экожүйелердің көпшілігі қазіргі таңда мемлекеттік және меншіктегі жататын жерлердің ажырамас бөлігі болып табылады. Сондықтан да біздің елде бағалау институтына айналудың іс – әрекеті бағалау жұмыстарының әдістемесінің дамуына жол ашады. Дәстүрлі бағалау үрдістеріне көшу маңызды экологиялық жерлерді бағалаудағы нормативтік қатынастардан бас тартуға әкелді. • Биологиялық әртүрліліктің және табиғи объектілердің құндық бағалауының жаңа әдістерін 2 топқа бөлуге болады: жылжымайтын мүліктің құндық бағалау әдістемесін қолданатын нарықтық қатынастарға негізделген әдістер және әлеуметтік зерттеу мен сұрақтарға негізделген қосымша бағалау әдістері. • Әдістердің 1 - ші тобы құндық мінездемені табуға және қолдану құнының орнауына бағытталған болып келеді. Бұл әдістер реттелген және олардың табиғат объектілерін бағалауда қолдану тек соңғысының ерекшелігінің болғанын талап етеді.
Бұл топқа жататындар: • шығыстық жолға негізделгендер (орын ауысуға кеткен шығынды, ойлап табуға , өндіруге, ескертуге кеткен шығындарды есептегенде); • кірістік және салыстырмалы жолға негізделгендер (қолданыстағы және тиісілген тауарлар мен қызметтерге нарықтық бағаның қолданылуымен); • балама құнды анықтау; • баға белгілеулер (баға әртүрлілігінде баға беру).
Әдістердің 2 – ші тобы құндық көрсеткіштер арқылы жүргізілетін дәстүрлі үдерістердің көмегімен анықталмайтын тірі табиғи игіліктерді құндық бағалауға бағытталған. • Бұл топқа жататындар: • «тауар ауыстыратындар нарығы» бағасының қолданылуына негізделген; • тауар алмастыратындардың экологиялық игіліктер үшін қолдануға негізделген; • тұтынушының пайдасы үшін субъектілік бағалау және құнның бағалануы ( «төлеуге әзірлік» немесе «компенсация алуға дайындық» , «сіздің көзқарасыңыз бойынша» , «қаржылық шығын талап ететін таңдау әдістер және Дел Фи әдісі » т. б). • Табиғи және материалдық ресурстардың, қаржылық капиталдың бағалауында қолданылатын тиісті көрсеткіштер биологиялық компонеттерді бағалау мен құндық көрсеткіштер жүйесін құру 1 - ші және 2 – ші әдістердің қарастырумен іске асады. • Қоғамдық және табиғи объектілердің құнын анықтаудың біріңғай әдістемесінің қолданылуы экономикалық тиімділікті арттырып, табиғи ресурстардың шынайы құндық бағаларын алуға көмектеседі.
Сондықтан, төлемдерді табиғат ресурстарын ұтымды үнемдеп пайдалануға, табиғат қорғауға оның байлықтарын сақтауға, молайтуға жұмылдыратын ең басты экономикалық басқару тетігі деп қарастырамыз. Соған қарамастан, төлемдердің қызметін әр түрлі мағынада түсінушілік кездеседі: • • • 1) табиғат пайдалану арендалық (жалақы), дифференциалдық төлем; 2) табиғат ресурстарының орнын толтыру шығындары; 3) айып төлемдер; 4) табиғат ресурстарын қалпына келтіру шығындары және дифференциалдық рента; 5) кендерді іріктеп өндіргенде, бос жыныстар араластырғанда төленетін айып; 6) пайдалы компоненттерді толық өндірмегені, жоғаптқаны үшін штраф; 7) кендерді ендіру ұқсату технологиясын орындамағанда төленетін айып; 8) табиғат қорғау шығындарын қайтару; 9) табиғи ортаны ластағаны үшін төлем; 10) табиғи ортаға келтірілген зиянның орнын толтыру; 11) табиғат ресурстарын пайдалану салығы деп атайды.
Экономикалық мағынасына, атқаратын қызметіне қарап төлемдерді: • 1. табиғат ресурстарын пайдалану құқығы; • 2. табиғат ресурстарын пайдалану; • 3. табиғат ресурстарын қорғау, қалпына келтіру, жаңғырту, өсіру; • 4. табиғат ресурстарын пайдалануды шектегені үшін; • 5. табиғи ортаны қорғау; • 6. табиғат қорғау заңдарын бұзғаны үшін төлемдер деп сұрыптауға болады.
• • Табиғат ресурстарын пайдалану төлемдерінің мөлшері оның құндылығына, экономикалық бағалану шамасына байланысты болады. Ал экономикалық бағалану шамасы дифференциалдық рентаға тікелей тәуелді екенін білеміз. Дифференциалдық рента өз кезегінде табиғат ресурстарының табиғи "өнімділігінен", пайдалану тиімділігінен туындайды. Табиғат пайдалану төлемдерінің негізгі бөлігі болып табылатын ренталық табиғат ресурстарын пайдаланушылардың қосымша табысының есебінен төленеді. Сондықтан төлемнің бұл түрі ынталандыру қызметімен қатар, табиғат ресурсын пайдаланушыларға біркелкі бәсекелестік жағдай туғызу қызметін де атқарады. Төлемнің құрамына дифференциалдық рентамен қатар табиғат ресурсын пайдалану төлемі кіреді. Ол абсолютті рента негізінде анықталуы мүмкін. Табиғат ресурстарын пайдалану төлемі ресурстың түрлері бойынша оның әрбір өлшеміне белгіленеді. Табиғат ресурстарын қорғау, қалпына келтіру, жаңғырту, өсіру төлемдері осы мақсаттарға жұмсалған шығындар бойынша анықталады және негізгі қызметі шығындарды қайтару болып табылады. Төлем шамасы қоғамдық қажетті шығындармен анықталады. Табиғат ресурстарын қорғау, қалпына келтіру, жаңғырту, өсіру және өндіріске даярлау шығындары өндірістік шығындардың құрамды бөлігі болып табылады. Сондықтан олар өнімнің өзіндік құнына және бағасына қосылады.
Ауа ресурстарды туристік бағалау, ластануынан шыққан экономикалык шығынды есептеу əдісі • Өнеркәсіптің инпекционды тексеруі кезінде зиянды заттар тасталымының мемлекеттік жұйе есебіне қосылуы үшін атмосфераға тасталынған зиянды заттардың түрлі құрамына және массасына байланысты қауіптілік категориясы нақты бөліктерге бөлінуі керек. Егер өнеркәсіптің бір көзі қауіпті категорияға жататын болса, онда өнеркәсіп ауа атмосферасына зиянды әсер етеді деп саналады. Өнеркәсіп атмосфералық ауаға зиянды әсер тігізбейтін болып саналады, егер онда бір де бір ластаушы көздер қауіпті категорияға жатпаса. Көздің қауіптілігі мына формула арқылы анықталады :
• Бақылауға жататын өнеркәсіп көздерін екі категорияға бөлуге болады: • Бірінші категорияға, жұйелі тексерілетін ауа ластауына айтарлықтай әсерін тигізетін көздерді жатқызуға болады. • Екінші категорияға эпизодтық тексеру кезіндегі майда көздер жатады. Осы категорияға (2. 2) критерилерге жарытымсыз өнеркәсіп көздерін жатқызуға болады, бірақ сол өнеркәсіптерге зиянды заттардың нақты қалдықтары үшін ПДВ нормативтері орнатылған.
Кесте 1 – Заттың әртүрлі қауіптілік класстары үшін аi мәні Константа Ластаушы заттардың қауіптілік класстары 1 аi 2 3 4 1, 7 1, 3 1, 0 0, 9
• Өнеркәсіп қауіптілік категориясын мына жағдайда Мi/ПДК>1 есептеуге болады, ал Мi/ПДК<1 болғанда ӨҚК есептелмейді және нольге теңестіреді. • Өнеркәсіп қауіптілік категориясын шамасы бойынша 4 қауіптілік категориясына бөлінеді. Өнеркәсіптердің қауіптілік категорияларға бөліну шекаралық шарттары 2. кестеде келтірілген.
Өнеркәсіптің қауіптілік категориясы 1 2 3 4 КОП(ӨҚК) мәні КОП 106>КОП 104>КОП 103 КОП<103
• Бірінші қауіптілік категориясына (КОП 106) атмосфераға ластаушы заттарды айтарлықтай лақтыратын өнеркәсіптер жатады. Үлкен өнеркәсіпті қалаларда олардын саны 5 -10, кіші калаларда – 1 -2. Бірақ саны аздығына қарамастан бірінші категориядағы өнеркәсіптердің ластаушы заттардың жиынтық тасталымы жалпы калалық тасталымдардың жартысын құрайды. • Бірінші категориядағы өнеркәсіптер өзінің маңында айтарлықтай бірнеше ластаушы заттардың ластану зонасының пайда болуын көрсетеді, мұнда бірнеше ластаушы заттар немесе бір-екі ластаушы заттар бойынша ПДК-ны бірнеше рет асатын концентрациялар байқалады. • Екінші қауіптілік категориясына өнеркәсіп мәні 106>КОП 104 жатады. Атмосфераға түсетін ластаушы заттардың жиынтығы жалпы қалалық тасталымының 30 -36% құрайды.
• Үшінші категория (104>КОП 103) көп санды болып келеді, бірақ сол өнеркәсіптердің үлесіне жалпы қалалық тасталымдардан тек 10 -15% ғана келеді. • Төртінші қауіптілік категориясы (КОП<103) үлкен емес көлемдегі зиянды заттар тасталымдармен кіші өнеркәсіптерді біріктіреді. Жалпы қалалық тасталымдардардаң бұл өнеркәсіптер 1 ден 5% құрайды. • Төртінші категориядағы өнеркәсіптердің тасталымдары шекті мүмкіндік тасталым нормативтерден аспайды. Мұндай өнеркәсіптерге нақты тасталым деңгейіне шекті мүмкіндік тасталым нормативтерін орнатуға болады. • 3 кестеде өнеркәсіптін қауіптілік категориясына байланысты бақылау және есеп беру кезенділігі, орындалуға міндетті жұмыстардын түрлері берілген.
Кесте 3 - Қауіптілік категориясына байланысты өндіріс өнеркәсіптердің бақылау және есеп беру кезенділігі Жұмыс түрі 1 атмосфераны 5 жылда 1 рет ластаушы заттардың тасталымдарының көздерінің инвентаризациясы 2 ПДВ нормаларын қала бойынша 5 жылда 1 рет қайта қарастыру 3 2 -ТП (ауа) (жыл бойы) формасы бойынша статистикалық есеп беру формасы 4 ПДВ ведомоствалық нормаларын өндеу: а) толық схема бойынша б) қысқартылған схема бойынша 5 Өнеркәсіпті бақылау жоспарының кезенділігі: а) жылына 2 рет б) жылына 1 рет в) 3 жылда 1 рет г) 5 жылда 1 рет ӨҚК 1 2 3 4 + + + - + - + - +
Өндіріс өнеркәсіп үшін өнеркәсіп қауіптілік категориясын есептеу керек, егер берілген: • а) құбырдан 1 Н = 18 м және Д = 0, 3 м шаң С = 2, 3 мг/м 3 концентрациясымен және фенол С = 5 мг/м 3 концентрациясымен тасталынады. • Өнеркәсіп бір смена бойы жұмыс істейді. Құбырдаң шыққан қоспаның жылдамдығы 0 = 0, 05 м/с. • б) құбырдан 2 Н = 25 м және Д = 0, 6 м бензол С = 37, 5 мг/м 3 концентрациясымен және ацетон С = 50 мг/м 3 концентрациясымен тасталынады. Құбырдаң шыққан қоспаның жылдамдығы 0 = 0, 12 м/с.
Бірінші және екінші құбырдан шыққан газ-ауа қоспасының көлемін (3. 1) формула арқылы анықтауға болады:
Секундтағы тасталым массасын (3. 2) формула бойынша табамыз:
Жыл ішіндегі тасталым массасын анықталуы:
Өндірістің қауіптілік категориясы (2. 4) формула арқылы анықталады:
• Сонымен, өндірістің қауіптілік категориясы төртінші болып табылады. 3. 2. 3 кестеден ПДВ томы қысқартылған схема бойынша дайындалғаны келіп шығады, жоспарлы бақылау кезенділігі 5 жылда 1 рет.
Өндірістің қауіптілік категориясын анықтау. Есептеудің шарттары кесте 3. 5. 1. берілген. Вариант 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Тасталым көзінің сипаттамасы (құбыр) Н, м/с D, м 0, м/с 15 9 12 25 25 8 12 25 20 15 22 18 30 25 0, 3 0, 15 0, 1 0, 3 0, 2 0, 3 0, 5 0, 4 0, 5 0, 6 1, 0 0, 8 0, 4 0, 5 0, 3 1, 1 0, 6 0, 9 1, 6 1, 2 0, 9 1, 0 1, 1 1, 6 1, 5 16 21 30 20 25 15 0, 6 0, 7 1, 0 0, 8 0, 5 0, 8 1, 0 0, 8 0, 9 0, 6 Зиянды заттың сипаттамасы Зиянды зат және оның концентрациясы , мг/м 3 Оксид углер. 24, 5 Марганец 7, 8 Бензол 37, 5 Ацетон 50 Бензин 10 Фенол 5, 0 Пыль древесн 39 Пыль 10 Хлор 0, 01 Серн. ангидрид 1, 2 Пыль 16 Аммиак 0, 1 Фтор 0, 035 Угольная пыль 10 Серн. ангидрид 0, 7 Фтор 0, 04 Бенз(а)пирен 1, 7 Фтороводород 3, 0 Соляная кислота 0, 2 Смена саны ПДК, мг/м 3 Қауіптілік класы 4 5 1, 5 5 0, 01 5 6 0, 2 0, 05 4 0, 2 0, 01 4 4 2 4 4 4 1 4 4 3 3 4 3 2 3 1 0, 06 0, 01 0, 003 0, 005 0, 006 4 2 2 1 1 1 2 2 1 3 1 3
лек-8-нарык адистер.pptx