нармада река.pptx
- Количество слайдов: 12
Нармада өзені (Үндістан) Орындаған: Ибишева Н. А Тексерген: Махмудова Л. К
v Үндістан мемлекетіндегі қасиетті өзендерінің бірі v Үндістанның орталығынан ағып Араб теңізіндегі Камбей шығанағына құяды v Нармада өзенінің жалпы ұзындығы 1310 км v Су жинау алабының ауданы – 102 мың км² v Орташа су өтімі - 1260 м³/с, маусым және шілде айларында су өтімі 55 мың м 3/с- ға жетеді v Бастауын Декан таулы үстіртіндегі Майкал жотасынан алады
Нармада өзенінің бастауы Амаркантак қаласына жақын Мадхья-Прадеш штатының солтүстігінде орналасқан. Бастапқы 320 км жерде Сатпура тау бөктерін түзетін Мандла таулы үстіртіндегі дөңдердің арасынан бұралаңдап ағады. Джабалпурда өзен әдемі мәрмәр құздар арқылы өтеді, сонан кейін Сатпура және Виндхья таулары арасынан оңтүстік – батыс бағытта ағады. Өзеннің атырауы Камбей шығанағының солтүстігіне қарай орналасқан.
Нармада өзен алабының тарамдары Сатпура таулы жүйесін қамтып жатыр, бірақ өзіне Виндхья үстіртін қоспайды. Нармада өзеніВиндхья үстіртімен бірге Солтүстік Үндістан арасына ерекше шекара жасайды, әсіресе Ганг аңғары мен оңтүстік Үндістан арасына. Бұл өзен тек жер суландыру үшін ғана қолданылмайды, сонымен қатар кеме қатынасына да қолданылады.
Нармада Үндістандағы Ганг өзенінен кейін ең қасиетті өзен болып саналады. Бұл өзеннің қасиеттілігі соншалық , жай жерінің өзі тазартушы болып саналады. Аңыз әңгіменлерге қарағанда, бұл өзенгі тіпті ұлы Ганганың өзі қара енеке(буйвол) кейпінде адамдардан алатын қара дақтарды өшіру үшін келген екен. Өзен бойында қөптеген қасиетті табынатын жерлер, мешіттер бар, мысалы Мадхья – Прадеш штатындағы Махешвар қаласы және Омкарешвар қаласы. Екеуі де біріне жақын орналасса да, екі түрлі. Махешвар- жайлы, жылы, қөңілді Омкарешвар- қатал, тынышсыз Тіпті өзеннің өзі бұл жерде өзгеше: Махешварда- тыныш, баяу ақса, Омкарешварда – қатты ағыспен, шоңғал жасап ағады.
Нармада өзенінің басты саласы – Тава өзені
Өзеннің төменгі ағысында 1961 жылдан бері қуаты 1450 м. Вт болатын ГЭС – мен бөген салынуда. Бұл бөген коптеген ғылыми талас туғызатын Сардар-Саровар жобасына қатысы бар. Бұл жобаның қарсыластары Нармада-Бачао- Андолан атты экологиялық қозғалысын уйымдастырған. Үндістанның атақты жазушысы Арундати Рой да бұл жобаға қарсылық білдірген. 1999 жылы көтерілісшілер Жоғарғы соттың шешімі бойынша ба тарту алады.
Нармада өзенінің басты саласы- Тава өзенінің бойында Тава су қоймасы орналасқан. Ол Мадхья- Прадеш штатында Хошангабадта орналасқан. Бұл бөген 1958 – 1978 жылдар аралығында салынған Тава бөгенінің салынуы кезінде уйымдастырылған. Бөген көптеген аймақтың бірнеше мыңдаған жерлерін суландыру мақсатында пайдаланылады.
нармада река.pptx