
философия.pptx
- Количество слайдов: 10
Name of presentation Subtitle here
Үнді философиясы Біздің жыл санауымыздан үш мындай жыл бұрын Ежелгі Үнді жерінде кауымдық қоғам ыдырап, оның орнына кұлдық қоғам калыптаса бастады. Осыған орай ежелгі үнді қоғамы 4 варнаға (каста) бөлінді. Олар: Ø брахмандар (абыздар), Øкшатрии-лер (әскербасылары), Ø вайшьилер (ауқаттышаруалар) Øшудралар (құлдар). «Варна» сөзі «түс, қабық, бояу» дегенді білдіреді және әрбір варнаның өз түсі болды. Варна — тұйық жүйе, адамның варнадағы орны және әрбір варнаның қоғамдағы орны қатаң сақталынды. Мысалы, некелік қатынастар тек бір варнаның шеңберінде ғана жүзеге асырылуы тиіс, бір варнадан екінші варнаға өтуге болмайды және әрбір варнаның өкілдері кәсіптің белгілі бір түрімен ғана айналыса алады.
Әр варна тұйықталған әлеуметтік топ болды да, әрқайсысы қоғамда өзіне тиесілі орын алды және өздеріне ғана тән дәстүрлі" мамандықтары болды. брахмандардын үлесіне —ой еңбегі, вайшьилерге — егін шаруашылығы, қоленер кәсібі, саудагерлік кшатрииларға — әскери қызмет, шудраларға — қара жұмыс қана тиді.
Көне Үнді философиясының басты ерекшеліктері: 1. ғылыми оймен байланысының аздығы; 2. жеке тұлғалық сипатының нашарлығы; 3. діни-мифологиялық оймен тығыз байланыстылығы; 4. философиялық ой ескерткіштерінің хронологиялық жағынан жүйесіздігі және белгісіздігі; 5. негізгі философиялық ұғымдардың мәнмағынасының күрделілігі және сантүрлілігі.
Ежелгі Үнді философиясының бастауы — біздің дәуірімізге дейінгі II және I мыңжылдықтарда қалыптасқан Ведалар, олар тек Үнді елінің ғана емес, бүкіл адамзаттың көне әдеби ескерткіштері болып саналады. Кейінірек Көне үнді тілі санскритте жазылып алынған Ведалар Үнді қоғамының рухани мәдениетінің, философиялық ойларының қалыптасып-дамуында айқындаушы рөл атқарды. «Веда» сөзі «білім» дегенді білдіреді, бірақ бұл ерекше білім: гимндер, дұғалар, құрбандық шалу, садақа беру формулалары. Оларда дүние, адамгершілік туралы алғашқы философиялық түсініктер бейнеленді.
Ведалар 4 бөліктен түрады: 1. 2. 3. 4. Самхиттер — құдайларға арналған гимндер жинағы; олардың ең көнесі Ригведалар құдайларға арналған 1028 гимннен тұрады; Брахмандар — діни салт өлеңдер жинағы, философиялық маңызы аса зор болмаса да, Самхиттер мен Упанишадалардың арасын байланыстырып тұр. Араньяктар — «Орман кітаптары» — қоғамнан бөлектенушілерге немесе орман кеңістігінде ақиқат пен табиғат туралы ойға берілушілерге арналған ережелер жинағы. Қоғамнан бөлектенудің өзі «іс-әрекет жолынан» «білім жолына» , тереңірек пайымдау жолына көшу дегенді білдіреді, яғни Араньяктарда дүниетанымдық мазмұн басымырақ бола бастайды. Уланишадалар — философиялық мазмұны терең, рационалистік сипаты басым негізгі бөлім, Ведаларды болғандықтан кейде веданта ( «Ведалардың соңы» ) деп аталады. Алғашқы упанишадалар шамамен алғанда біздің дөуірімізге дейінгі VІІ-VІ ғасырларда қалыптасып, бұл дәстүр ХІІ-ХП ғасырларға дейін жалғасты. Uрапі-sаd ( «қасында отыру» ), яғни ұстаздың аяғының жанында отырып, уағыз тыңдау, «жұмбақ білім» дегенді білдіреді.
Ведалар негізінде қалыптасқан философиялық ілімдер сол ведалардың беделін мойындау-мойындамауьша байланысты әр түрлі бағыттарға бөлінеді: Øжаинизм, Øбуддизм, Ø даршандар, Ø чарвактар-локаяттар, Ø санкхья, т. б.
Жаинизм ("жайна" — жеңімпаз). Жайнизм –б. д. д. . V ғ. діни ағым ретінде қалыптасады. Негізін қалаушы – Махавира. Жайнизм мына идеяларға сүйенді: Адамның жаны, рухы оның тәнінен, дене терісінен нәзік, биік, құдіретті. Оның басты мақсаты – қасірет деп түсінген, өмірден азат болу. Жанның бұрынғы өмірде жасаған келеңсіз қылықтарының теріс салдарын осы өмірде жеңуге болады. Жаинизмнің негізгі философиялық көзқарастары "Сиддханта"деп аталатын кітаптар жинағында берілген (б. д. д. III ғ. ). Жаинизм сансарға, кармаға (әділ жаза заңдылығы) және мокшаға (жанды қасіреттен азат ету) сенеді. Жаинизмнің басты мақсаты — қасірет деп түсінген өмірден азат болу. Жаинизмнің ілімінше, карма заңын кұдайларға құрбандық шалу арқылы өзіңе қаратуға болмайды. Жанның бұрынғы өмірде жасаған келеңсіз істерінің салдарын осы өмірде сансардан құтылу арқылы жеңуге болады. Жаинизм кейінірек келе дигамбар және шветамбар деген екі сектаға бөлініп кетті. Жаинизмге Үндістанда қазірдің өзінде де көптеген адамдар сенеді.
Буддизм Б. д. д. III ғасырда буддизм Иңдияның ресми идеологиясы болды. Кейінірек келе, ол дінге айналып, екі ағымға бөлініп кетті. Хинаяна — "кіші шеңбер" деп аталатын ағым бастапқы буддизмге жақынырақ болса, макаяна—"үлкен шеңбер" деп аталатын ағым "бодхисаттваны" пір тұтып, одан алшақтап кетті. "Бодхисатхва толық білімге жетуге талпыньп жүрген адам. . Ол алғашқы буддизмдегі білгір адамнан гөрі, дін уағыздаушы адамға көбірек ұқсайды. Өзінің ерлігімен, батырлығымен ол тек өзін ғана құтқармайды, өз күшімен нирванаға жете алмайтындардың бәрін құтқаруға көмектеседі. Буддизмге сүйенушілер Үндістанның өзінен гөрі одан тыс мемлекеттерде көп кездеседі (Қытай, Жапония, Бирма, Цейлон, т. б. ). Ал Үндістанның өзінде буддизмнің орнын брахманизм басып, буддизмдегі Будда Вишну құдайдың бір көрінісі болып қалады.
Локаята (Чарвака). (Лока — "аймақ, ел, кеңістік, әлем, жер, өмір", Ал көптік түрде — "адамдар", "халық, адамзат" деген мағыналар берген). Локаяттар веда ілімдерін жокқа шығарады. Осы тұрғыдан веда дінін, оның беделді ғұламаларын, ілімдерін сынға алады. (Мысалы, веда дінбасыларын халыкты Алдан, соның арка-сында байып жүр, дене өлгеннен кейін жан да өмір сүрмейді). Олардың пікірінше, әлемдегі барлық денелер, заттар махабхут деп аталатын 4 түпнегізден тұрады. Олар: ауа (ваю), от (агаи), су (ап) және жер (кшита). Махабхуттар белсенді және әрекетшіл келеді. Олар өздеріне тән күштің, белсенділіктің аркасында өзара байланысқа түсіп, бірігіп, ыңғайы келгенде, бұрын жеке алғанда өздерінде жоқ касиетсананы дүниеге әкеледі. Ал жанды дене-лер өлгенде, олар қайтадан өздерін өмірге әкелген махабхуттарға бөлшектенеді, ал бөлшектенген махабхуттармен бірге сана да жойылады. Локаяттар өмірдің мәні бақытта, ал бақыттың өзі — ләззат деп түсінген. Ләззат пен қасірет байланысты, бірақ' қасірет буддизмдегі сияқты өмірдің мәні емес, сондықтан оны азайтуға, жеңіддетуге болады, ол өз қолымызда. Кейінірек келе, локаяттар сушикшит (нәзік) және дхурта (тұрпайы, дөрекі) деп аталатын екі салаға бөлінеді.
философия.pptx