Социологиялык зерттеу.ppt
- Количество слайдов: 20
Нақты әлеуметтанулық зерттеу жүргізудің әдісі мен техникасы Дайындаған: Койланов А. СТБ-13 -4 к
Дәріс жоспары: 1. Әлеуметтік зерттеудің мақсаты мен мәні; 2. Әлеуметтік зерттеу әдістері; 3. Әлеуметтік сауалнама - әлеуметтік ақпарат алудың негізгі әдісі. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Әлеуметтік зерттеудің мақсаты: әлеуметтік процестерді, әлеуметтік даму заңдылықтарын, олардың нақты көрінуін тереңірек зерттеу болып табылады.
Әлеуметтік зерттеу – нақты теориялық және әлеуметтік проблемаларды шешу үшін зерттелетін объекті жөнінде жаңа білім алуға мүмкіндік беретін теориялық және эмпирикалық рәсімдер жүйесі
Әлеуметтік зерттеуде ғылыми зерттеудің мынадай элементтері бар: Зерттеу объектісі – әлеуметтік шындық процестері мен құбылысы; Зерттеу субъектісі; Әлеуметтік зерттеу белгілі-бір мақсатқа жетуге және нақты міндеттерді шешуге бағытталған; Міндетті шешу құралдар - әдістер, ұйымдастыру іс-шаралары және т. б. бар
Әлеуметтік зерттеу түрлері мыналарға байланысты: І. Мақсаты және теориялық бағдары. Мұнда олар: 1. Статистикалық; 2. Тәжірибелік; 3. Типологиялық; 4. Тарихи; 5. Кейбір таңдамалы оқиғаларды зерттеу мақсатында болуы мүмкін.
ІІ. Материалды талдау әдісі. Мұнда олар: Барлау (сынау, пилотажды, зондажды); 2. Сипаттамалық (сарапшылардың сауалнамасы, мақсатты сипаттама, объекті туралы түсінік); 3. Талдамалық (себептік байланыстарды сипаттау және анықтау) болуы мүмкін. 1.
ІІІ. Зерттеудің динамикасы мен статистикасынан анықталады: Бір жолғы, нүктелік; 2. Қайталама, оның арасында панельді деп аталатындар – сол бір топ, сұрақтар, бағдарламалар және әдістемелер белгілі-бір уақыт арқылы; 1.
Эмпирикалық ақпарат жинау әдістері: Құжаттарды талдау; 2. Бақылау; 3. Тәжірибе жасау; 4. Сауалнама жүргізу (ауызша – интервью, жазбаша – сауалнама беру, сараптамалық – құзіретті тұлғаларға сауалнама жүргізу). 1.
Құжаттарды талдау әдістері былайша бөлінеді: 1. 2. Дәстүрлі әдіс талдау ретінде құжатта белгілі бір тұрғыда айтылған мәліметтерді түсіндіруге бағытталған зерттеушілер әрбір нақты жағдайда қабылдаған барлық ақыл-ой операциялары түсініледі. Қалыпқа келтірілген әдіс – сапалы ақпаратты сандық көрсеткіштерге аудару, мұнда – контент-талдау – мәтіндік ақпаратты (газет, хат), фонетикалық ақпаратты (TV және радио хабарлары) сандық көрсеткіштерге аудару.
Тәжірибе – бақыланатын және басқаралатын жағдайларда жаңа білім алудың ғылыми әдісі. Екі түрге бөлінеді: 1. Табиғи (далалық, лабораториялық); 2. Ойша (үлгілік).
Сауалнама - әлеуметтік деректерді сұрақ-жауап әдісімен жинауды білдіреді, мұнда ақпарат көзіне адамдардың ауызекі хабарлары жатады. Қазіргі кезде бұл әдіс бастапқы ақпаратты жинаудың барынша кең тараған әдісі. Осы әдісті қолдану өнері нені сұрауды, қалай сұрауды, сұрақты қалайша қоюды және алынған жауапқа сенуге болатынына қалайша көз жеткізуге білуден тұрады.
Сауалнама нұсқалары: 1. 2. 3. 4. 5. 6. Жеке немесе жанама түрде (таралатын, почталық, телефон, баспасөз арқылы). Жеке немесе топтық. Еркін немесе қалыпқа келтірілген, шоғырландырылған (бағытталған). Ауызша немесе жазбаша. Тұтас немесе іріктеме. Тұрғылықты жері немесе жұмысы бойынша, уақытша мақсатты аудитория.
Әлеуметтік зерттеудегі интервью Интервью (ағылш. interview әңгімелесу) – респондентпен тікелей диалог арқылы ақпарат алу әдісі, мұның мақсаты әлеуметтік зерттеу бағдарламасында көзделген сұрақтарға жауап алу болып табылады.
Өткізілу рәсімі бойынша интервью мыналарға бөлінеді: Бір ғана респонденттен бір ғана мәселе бойынша белгілі-бір уақыт аралығында панельдік көп сатылы интервью алу. Мақсат – проблеманың даму динамикасын зерттеу; Топтық; Бағытталмаған.
Интервьюдің өзіне тән ерекшеліктері: Респонденттің психологиялық реакциясын бақылауға мүмкіндік береді. Интервьюердің респондентпен жеке қарым-қатынасы сұрақтаманың барынша іске асуын қамтамасыз етеді. Жеке қарым-қатынас сауалнамаға барынша байсалдырақ қарауды қамтамасыз етеді.
Алайда мынадай қиындықтар кездеседі: Әрбір респондентпен психологиялық байланысты іздестіру; Едәуір материалдық және уақыт шығындары; Интервьюерлерді дайындаудың еңбек сыйымдылығы; Анонимділік проблемасын шешу.
Әлеуметтік зерттеудің нақты әдістерін пайдалану зерттеудің жағдайына, орны мен уақытына, мақсаты мен міндетіне, сондайақ оның түріне байланысты болады. Сөйтіп, әлеуметтік зерттеуді ұйымдастыру зерттеудің мақсатына жету – осы зерттеу мәніне қатысты жаңа білім алу үшін жүзеге асырылатын негізделген ісшаралар кешенінен тұрады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: Негізгі: Косов Г. В. Основы социологии и политологии : учебник для мед. училищ и колледжей / Г. В. Косов, Э. М. Аванесьянц. - М. : ГЭОТАР-Медиа, 2010. Кравченко А. И. Социология : Учебник для вузов / Кравченко, Альберт Иванович. - СПб. : Питер, 2007. - 431 с. 3. Кравченко А. И. Социология : учебник для вузов / А. И. Кравченко, В. Ф. Анурин. - СПб. : Питер, 2010. 4. Әбсаттаров Р. Әлеуметтану : оқу құралы / Р. Әбсаттаров, М. Дөкенов. - 2 -ші бас. , толықт. - Алматы : Қарасай, 2009 Қосымша: 1. Алимбекова Г. Т. Проблема насилия в отношении женщин : социологический анализ / Г. Т. Алимбекова. - Алматы : ДОИВА, 2008. 196 с
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!
Социологиялык зерттеу.ppt