Ибрагимова Айдана.pptx
- Количество слайдов: 11
НҮКТЕЛІК СИММЕТРИЯ ЭЛЕМЕНТТЕРІ Орындаған: Ибрагимова А. Д ЯФ-41
Кристалдар қатты денелердің тепе-теңдік күйі болып табылады. Белгілі бір қысым немесе температурада кристалдық күйде болатын заттың нақты, тек өзіне тән кристалдық атомдық құрылымы болады. Бұл құрылым атомдардың орналасуына байланысты кристалдардың сыртқы симметриясын және олардың анизотропиялық қасиеттерін бейнелейді. Термодинамикалық тепе-теңдік жағдайда өсірілген кристалдың пішіні белгілі бір симметриялы, дұрыс көпжақ түрінде болады. Олардың жақтары жазық болып келеді де, қырлары түзу сызық бойымен тұрақты бұрыш жасай қиылысады, яғни кристалдану кезінде кристалдың жақтары өзіне-өзі паралель жылжиды. Бұл заңдылық кристаллографияда бұрыштардың тұрақтылық заңы деп аталады.
Ú Обьектінің қандайда бір орын ауыстыруы кезінде өзіне-өзі дәл сәйкес келуін симметрия деп атаймыз. Орын ауыстырулар - симметрияның операциясы, ал оған сәйкес геометриялық образдар - симметрия элементтері деп аталады. Кристалл тор симметриясының операциясы мен элементтерін зерттеуді нүктелік симметриядан бастауға болады. Нүктелік симметрия операциясы деп объектінің кемінде бір нүктесі қозғалмайтын орын ауыстыруды айтамыз.
Геометриялық кристаллографияның екінші заңы – бүтін сандар заңы кристалдық заттардағы микропериодтылықтың макраскопиялық көрінісі болып табылады. Кристалдық тордың кез келген атомдық жазықтығы координаттық осьтер бағытында тор периодының бүтін сандарымен сипатталады. Кристалдың жақтары симметриялы болады, жақтары мен қырлары бір-бірімен симметрия амалдарының нәтижесінде беттесе алады. Әрбір амал симметрия осіне, жазықтығына не центріне байланысты орындалады. Кристалдық көпжақтар да симметрияның белгілі бір элементтерінің жиынтығымен сипатталады
Симметрияның 32 класы (32 нүктелік тобы) бар. Әрбір класс симметрияның белгілі бір элементтерімен сипатталады. Кристалдық тордың ерекшелігіне қарай кристалдың сыртқы формасы белгілі бір класқа және сингонияға бөлінеді. Температураның не қысымның өзгеруіне байланысты кристалдың құрылымы да өзгереді. Кейбір кристалдық күйлер метастабильді (салыстырмалы тұрақты) күйде болады. Берілген зат құрылымының әр түрлі бірнеше кристалдық күйде болуы полиморфизм деп аталады. Керісінше, әр түрлі қосылыстар бірдей кристалдық құрылымда (изоқұрылымдық) болуы мүмкін. Кристалдың кеңістіктік топ бойынша таралуы бір қалыпты емес. Заттардың формуласы қарапайым болған сайын олардың кристалының симметриясы да жоғары болады.
Кристалдар симметриясы – кристалл бөліктерінің симметрия жазықтығы, осі не нүктесі бойынша кеңістікте белгілі бір заңдылықпен қайталанып келуі. Симметрия жазықтығы деп кристалды айнадай тең екіге бөлетін жазықтықты айтады. Оны Р әрпімен белгілейді. Кристалдарда оның саны бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті және тоғыз болуы мүмкін. Симметрия жазықтығының санын Р әрпінің алдына жазады. Кейбір кристалдарда симметрия жазықтығы болмайды. Кубта симметрия жазықтығы тоғыз болады. Симметрия центрі деп кристалл ішінде өзінен екі жаққа бірдей қашықтықта қарама-қарсы орналасқан кристалл бөліктерін біріктіретін түзу сызық өтетін нүктені айтады. Оны С әрпімен белгілейді. Симметрия осі деп кристалды айналдырғанда оның бірдей бөліктерінің қайталанып келетін сызығын айтады. ‘’Оны: L 2, L 3, L 4 және L 6 деп белгілейді. ’’ Симметрия остері бірнешеу болуы мүмкін. Олардың саны әріптің алдында жазылады. Егер кристалды белгілі бұрышқа айналдырғанда, оның бейнесі орт. нүкте бойынша өз-өзіне айнадағыдай сәйкес келсе, онда бұл сызықты инверсиялық ось деп атайды. ‘’Оларды Lі, Lі 2, Lі 3, Lі 4, Lі 6 деп белгілейді. ‘’Әрбір кристалдық формада симметрия элементтерінің бірнеше түрлері болады. Оларды жазғанда: алдымен жоғарыдан төмен дәрежелі осьтер, одан кейін жазықтықтар, соңында симметрия центрі көрсетіледі. Кристалдардың симметрия элементтері белгілі бір үйлесімде келеді. Осындай үйлесімдерді симметрия түрлері дейді. Олардың саны 32. Симметрияның осы 32 түрі элементтердің үйлестігіне, кристаллогр. тұрақтыларының сәйкестігіне және бұрыштарының бірдейлігіне қарай 7 жүйеге немесе сингонияға топтастырылады:
Симметрия түрі — кристалл көпжақтылардың симметрия элементтерінің мүмкін жиынтығы. Симметрия түрінің жалпы саны — 32. Бірінші рет симметрия элементтерінің жиынтығын 1830 жылы Гассел жасады. 1867 жылы Гадолин мүмкін болатын барлық кристаллографиялық топтарды және олардың белгілерін математикалық жолмен шығарып, симметрияның 32 түріне толық сипаттама берді.
В табл. приведены все кристаллографические точечные группы и некоторые их характеристики. Если плоскость симметрии m перпендикулярна главной оси N, то это обозначается как m. N (или N/m), если ось N лежит в этой плоскости, то − Nm. Если главная ось вертикальна, то по Шенфлису первые группы имеют обозначения Cnh (h − горизонтальная плоскость), вторые − Cnv (v − вертикальная плоскость). В обозначениях по Шубникову знак умножения между элементами симметрии означает их параллельность, знак деления − пер -пендикулярность, косая черта − косое расположение этих элемен-тов. В таблице приведены также «формулы симметрии» , где использованы обозначения: L − оси симметрии, C − центр симметрии, P − плоскость симметрии; перед каждым символом стоит число соот-ветствующих элементов. Кроме деления на сингонии 32 класса симметрии можно группировать по более крупным подразделениям.
Ибрагимова Айдана.pptx