Mukhammad__1241_l-Zhendi_2.pptx
- Количество слайдов: 7
МУХАММАД ӘЛ-ЖЕНДИ
Түркістан мен Отырар, Тараз бен Баласағұндық ғалымдардың оқу, білім іздеп сонау Таяу және Орта Шығыс елдеріне барғаны сияқты кейбір жерлестеріміз бір кездері Рум атанған Кіші Азияға (қазіргі Түркияға) да сапар шегіпті. Олардың арасында өзінің алғашқы шығармаларын сонда туындатқандары да жоқ емес. Солардың бірі Жент қаласынан шыққан тағы бір ғалым – Мухаммад әл-Женди.
Ол Жент шаһарында ХІІІ ғасырдың басында дүниеге келген сияқты. Бірақ оның Түркияға кеткені моңғол шапқыншылығына дейін бе, әлде кейін бе, ол арасы белгісіз. Тек қайда жүрсе де, ол арман қуған жерлестері секілді ілім, білімге іш тарта қарапты. Әсіресе ол Құран мен тафсир, хадис пен суннаға көп көңіл қойған. Өз аты- Мухаммад. Әкесінің ныпсыны – Махмұд. Бабасының есімі де – Мұхаммад. Әл-Женди деген сөз әдеттегідей, оның Жент қаласынан шыққандығын білдіреді.
Женттік ғалым түркиялық тұтасы Садр ад-Дин Мухаммад бин Исхақ әл. Кунауидің (1273 ж. қ. б. ) «Иғджаз әл-байан фи шарх бағд асрар умм әл-Куран» ( «Құранның беташар өзегінің кейбір құпия тұстарына жасалған түсіндірмеге өзіндік мазмұндама» ) атты еңбегін 1269 ж. Автордың көзі тірісінде-ақ көшірген екен. Соған қарағанда, жерлесіміз жазуының көркемдігіне көз сүрінген үлкен хатта болған сияқты. Қазақ топырағының перзенті аталмыш дүниені Садр ад-Диннің өз өтініші бойынша хаттаған. Тек ол көзі тірісінде-ақ шығармасы көшірушілер (хаттаттар) бұрынырақ өмір сүріп, шығармаларына сұраныс көбейген қаламгерлер туындыларын көшіретін. Соағн қарағанда женттік каллиграф Садр ад-Дин әл. Кунауимен оның көзі тірі кезінде дос, пікірлес, сұхбаттас болған секілді.
Мухаммад хаттаған Садр ад-Дин рисаласын Қожа Мухаммед Парса атаған Мухаммад бин Мухаммад әл-Хафизи әл-Бухари (1420 ж. қ. б. ) деген Орта Азиялық зялы Меккеге қажылыққа бара жатқан жолда Түркияға соғып, ада кеткен көрінеді. Жүрген, болған жерлерінде кітап, қолжазбалар жинай жүру әдетінен танбаған Мухаммад Парсаның өзі де Құранға түсіндірмелер жазумен айналысқан ойшыл еді. Сол себепті де оның Женди секілді Сыр бойының азаматы көшірген дүниені отанына ала кетуді жөн көргендігінде дау жоқ.
Құранға дін Ислам пайда болғаннан бастап, күні бүгінге дейін томтом тафсирлер жазылып келеді. Ал жерлесіміз көшірген Құранның бірінші, беташар сүресіне ғана арналған Садр ад-Дин әл-Кунауи тафирі ойының айқындылығы, жан-жақтылығымен ерекшеленеді. Осы бір шағын болғанымен киелі де қасиетті кітапта айтылар ойдың басым көпшілігін бойына жинап, кейде «Умм әл-Құран» ( «Құран анасы» ) деп те аталатын «әл-Фатиха» (Беташар) сүресіне бұдан басқа да талай-талай түсіндірмелер жазылған Садр ад-Дин тафсирі сөйлемдерінің ықшамдылығымен, дәйектемелерінің дәлдігімен есте қалады. Садр ад-Диннің жерлесіміз көшірген трактаты қазір Ташкенттің Қолжазба институтының қорында тұр.
ОРЫНДАҒАН Төреқұл Самат
Mukhammad__1241_l-Zhendi_2.pptx