Презентация Мадияр 211.pptx
- Количество слайдов: 10
Муссолини Бенито Амилькаре Андреа Муссолини Бенито (29. 7. 1883. , Форли – 28. 4. 1945, Донго) – Италияның фашизмік диктаторы (1922 – 1943)
Муссолини Бенито Амилькаре Андреа (Mussolini, Benito Amilcare Andrea)- (29 шілде 1883 жыл, Предаппио, Италия 28 сәуір 1945 жыл, Донго маңы), италяндық мемлекеттік және саяси қайраткер. [1]. Тілазар, бірақ жастайынан қабілетті, белсенді социалист болып, 1912 -14 жылдары партиялық «Аванти!» газетін басқарды. Бірінші дүниежүзілік соғыс басталғаннан кейін бас редактор қызметінен кетіп, «Пополо д'Италия» газетін басқарады. Италияны тезірек соғысқа қатысуға үндегені үшін оны партиядан шығарып тастайды. 1915 -17 жылдары италян әскерінде ерікті әскер қызметінде болды, кейін редакторлық жұмысына қайта оралды. Билікті мемлекеттегі диктатураға беру қажеттілігін насихаттады.
1919 жылы Ардагерлер одағын (Фаши ди комбатгименто) құрды, бұл фашизм деген атауға ие қозғалыстың басталуын білдірді. Екпінділігімен әрі тамаша шешендігімен Муссолини өзінің партиясын бұқаралық партияға айналдырды. 1922 жылы «Рим жорығын» ұйымдастырды, жорық барысында оған билікті қалыптастыру тапсырылған болатын, ол Италия тарихындағы ең алғашқы жас премьер-министр болды.
1919 жылдың маусымында қымбатшылыққа қарсы жаппай көтерілістер басталды. Бұл көбінесе күтпеген жерлерде және уақыттарда орын алып жүрді. Аяқ астынан жиналған адамдар дүкендерді тонап, сауда жасаушылармен өздері сот ұйымдастыра бастады. Осы кездің өзінде социалистер мүмкіндігінше қызыл гвардия отрядтарын және реквизиция бойынша тиісті комитеттер құрып күнделікті тұтыну тауарларының бағасын мәжбүрлеп төмендете бастады. [10] Сыртқы саясаттағы бірнеше сәтсіздіктерден кейін (мысалы, Италияға Фиумды қосып алуға одақтастардың қарсы болуы т. б. ) «Орландо» үкіметі құлады. 1919 жылдың 23 маусымында Нитти басқарған жаңа үкімет басшылыққа келіп ішкі саясат мәселелерін шешуге басты назар аударды. Қымбатшылыққа қарсы көтеріліс кең етек жайып бара жатқандықтан ең алдымен нанның бағасын төмендету туралы үкім шығарды.
1925 жылдың 5 -қарашасында фашистер «Біртұтас социалистік партияның» қызметіне тиым салды. Осы кезде коммунистер белсенді қимылға көшті. 1925 жылдың 16 -қарашасында ішкі істер министріне фашистік федерация ауданының хатшысы Лациале Сабина былай деп мәлімдеген болатын: « 5 -қарашада қалаға түгел коммунистердің үнпарақтары желімделіп таратылған. Тергеу барысында қалада үлкен астыртын коммунистердің ұйымы бар екендігін анықтадық…. » . [12] Осындай келеңсіздіктер орын алып жатқан жағдайда Кеңестік Ресейді қорғау үшін күшті қозғалыс жүре бастады. Италиядағы социалистік партияның ұсынысы бойынша 1919 жылдың 20 -21 шілдесіне Кеңестік Ресей мен Венгрияны жақтап халықаралық көтеріліс тағайындалған болатын. Осы көтеріліске Англияның, Францияның және Италияның еңбекшілері қатысуы керек болатын. Көтерілістің басты мақсаты Ресейдегі революцияға қарсы күштерге қару-жарақ жөнелтпеу және жабдықтамау болатын. Грузияға жөнелтеміз деген әскери Италия күштері Нитти үкіметі билікке келген соң тиым салынды.
Осы кезде күзгі егін егу басталарда шаруалар өз бетінше әлі өңделмеген мемлекет жерін басып алып иемдене бастады. Партиялар парламент сайлауларына қатысатын кез келді. 1919 жылдың қарашасында сайлау науқаны өтіп, ресми деректерге сәйкес парламенттегі 499 орыннан социалистік партия 154, Халықтық партия – 99, либералдардың әртүрлі топтары – 181, басқалары — 65 орын алса, фашистер бірде бір орын алмады. [13] Социалистік партия қалың көпшілікті тығырыққа тіреген соң коммунистер революциялық әрекеттерді насихаттаумен қызу айналыса бастады. Қайта құрушыларға қарсыласа отырып коммунистер социалистік партия туғызған сенімсіздікті сейілту мақсатында пролетариатты революцияға үгіттей бастады. Коммунистік партияның құрылуы италия пролетариатының ұрысқа қабілетті бөлігіне ықпал етуге бірден ұласты. Бірақ Италияда коммунистік партия пайда болған кезде елдегі таптық және саяси күштердің қатынасында жалпы күрт өзгеріс басталды. Дәл осы кезде фашизм пайда болды. Себебі 1920 жылдың қыркүйегіндегі оқиғалардан кейін италия буржуазиясының басым көпшілігі либералды мемлекетке және парламентаризмге сенімін жоғалтты. Италия буржуазиясының арасында еңбекшілердің революциялық қозғалысын қарулы күшпен басып-жаншуды
Италияны фашизмдеу барысында бір партиялы мемлекет етіп құруға қол жеткізіп, ұлт «көсемі» деген атаққа ие болды. Муссолини қатаң шараларымен мемлекетке тәртіп орнатты, қылмысты қысқартты, әлеуметтік реформалар жүргізді, көлік және т. б. жұмыстарын реттеді, соның арқасында көпшіліктің қолдауына ие болды. Оның империя құрам деген арманы 1935 жылы италян әскерінің Абиссинияға (Эфиопияға) басып кіруіне әкеп соқты. Германиямен, А. Гитлермен тығыз қарымқатынаста болып, сонымен бірге оның қуатты одақтасынан қауіптене отырып, Муссолини «Рим-Берлин осін» құруға мәжбүр болды, 1940 жылы гитлерлік коалиция мемлекеттеріне соғыс жариялады. Италян әскерлерінің Грекия мен Солтүстік Африкада жеңіліс табуы, Муссолини саясатына наразылық тудырды, бұл наразылық Италияда күшейе берді. Одақтастарын Сицилиядан (1943 жыл, шілде) шығарып тастағаннан кейін Үлкен фашист кеңесі дучені барлық қызметтен алып тастады. Муссолини қамауға алынды, алайда 1943 жылдың қыркүйек айында оны неміс диверсиялық командасы босатып алады.
Фашизм - [ лат. fascismo, fascio - диктаторлық шыбық будасы, билік белгісі ] - 1919 жылы Италияда пайда болған саяси ағым, I дүниежүзілік соғыстан кейін социалистік қозғалыстың тармақталып, басқа елдерге, оның ішінде Германияға лезде таралып, национал-социализм аталуы. §Фашизмге тән белгілер [ өңдеу ] билікті сакрализациялау, мемлекеттің, оның диктаторлық функцияларының қызметінің күшеюі, демократиялық еркіндіктермен күрес, адам құқының қатты шектелуі, шовинизм , расизм , экстремистік ұлтшылдық , элитаризм, әскери агрессияға талпыну.
Италияда фашистік партия Б. Муссолинидің басшылығымен билікке 1922 жылда келді, Германияда ҰСЖП (ұлтшыл-социалистік жұмысшы партиясы) 1933 жылы сайлауда жеңіп шықты. Елде қанды қырғынмен лаңкестік диктатура орнатқан А. Гитлер Рейхсканцлер болды. Фашизмнің германдық түрі шектен шыққан ұлтшылдығы мен расизмге орай, нацизм деп аталады. Кейінірек фашистік немесе квазифашистік тәртіптер әлемнің басқа да елдерінде пайда болды. Германияда агрессивті фашизмнің салтанат құруы (нацизмнің), сондай-ақ Ресейдегі (КСРО) агрессивті "социалистік" ("коммунистік") тәртіптің орнығуы Еуропаны және бүкіл әлемді соғысқа жетеледі. Соғыс 1939 жылы күзде басталды, 1945 жылы күзінде антифашистік коалиции күштерінің жеңісімен аяқталды. Фашизм мемлекеттік және әскери күш ретінде талқандалды. Герман фашизмінің (нацизмінің) аса қасіретті қылмысының бірі 6 млн. еуропалық еврейлерді қырғынға ұшыратуы болды. Фашистік идеология өміршең болып шықты, оның жаңғырығы бүгінгі XXI ғасырда да әлемнің әртүрлі елдері мен аймақтарында қылаң беруде. Бірқатар елдерде заңдастырылған немесе жартылай занды азшылық, бірақ едәуір елеулі ұлтшылдық, фашистік немесе квазифашистік тұрғыдағы жастар бірлестіктері байқалуда. Бұл қозғалыстардың бір идеологтары "уақыт сынынан өткен" ұлтшылдық, этникалық артықшылық, ксенофобия идеяларына сүйенсе, енді біреулері этникалық геосаясаттың күні өткен идеяларымен қаруланған, үшіншілері күн өткен сайын үдеп келе жатқан жаһандануға қар- сылар қатарын толықтыруға дайын.
Презентация Мадияр 211.pptx