1 lek.ppt
- Количество слайдов: 18
«Мультимедиалық / Интернетжурналистика» пәні 3 -кредит. 15 лекция. Емтихан және курс жұмысы. Пәнді оқытудың мақсаты: студенттерді желілік журналистиканың ерекшелік сипаттарымен, Интернеттің пайда болу және дамуымен, желіні пайдаланып жұмыс істеу әдістерімен, веб парақшаларын әзірлеудің шығармашылық процесімен, сайттарды басқару жүйесімен таныстыру, желілік журналистиканың жанрлары мен пішіндерін меңгеруі, Интернет журналистиканың қазіргі теориялық мәселелерімен таныстыру. Әдебиет: Негізгі: Калмыков А. А. , Коханова Л. А. Интернет – журналистика. М. , ЮНИТИ-ДАНА, 2005. Қосымша: Балапанов Е. , Бөрібаев Б. , Мадьярова Г. Жаңа ақпараттық технологиялар. –Алматы, 2000. Кихтан В. В. Информационные технологии в журналистике. –Ростов на Дону: Феникс, 2004.
«Интернет-журналистика» Компьютер - электронды есептеу машинасы. Негізгі екі бөліктен тұрады: «қатты» және «жұмсақ» . «Қатты» бөлік: жүйелік қорап (процессор, жады, енгізу және шығару құралдары) «жұмсақ» бөлік: бағдарламалар (жүйелік және қолданбалы)
«Интернет-журналистика» Интернет – ашық компьютерлік желі, адамдардың өзара ақпарат алмасуына қызмет етеді. Ағылшынның World Wide Web сөзі Дүниежүзілік шырмауық деп аударылып жүр. Орысша "Всемирная Паутина «. Яғни, World Wide Web көптеген Интернет серверлердің бір желіге қосылуы арқылы арнайы, гипермәтін арқылы ақпарат жеткізу әдісі.
«Интернет-журналистика» 'Интернет аталары'' - Джозеф Ликлайдер, Винтон Серф, Тим Бернерс-Ли 1969 жылғы 2 қыркүйекте, Лос-Анджелестегі Калифорния университетінің (UCLA) бір топ студенті профессор Леонард Клейнроктың (Leonard Kleinrock) жетекшілігімен әлемдегі тұңғыш желіні құрады және 4, 5 метр қашықтықтағы қос есептеу машинасы арасында кабельдік байланыс орнатады. Джозеф Ликлайдер (Joseph Licklider) қорғаныс мақсатында ақпараттық есептеу желісін құру тұғырнамасын жасайды, соның нәтижесінде американың төрт университетінің компьютерлері өзара жалғастырылады. Ол АҚШ қорғаныс министрлігінде ARPANET деген атауға ие болады. Винтон Серф (Vinton Cerf), 70 -інші жылдары, ақпаратты жеткізудің TCP/IP протоколын дүниеге әкелді.
«Интернет-журналистика» Тим Бернерс-Ли – Интернеттің wwwтехнологиясының әкесі. Америкалық Ванневар Буш (Vannevar Bush) "гипертекст « сөзін дүниеге әкелді. Ғалым Тед Нельсон (Ted Nelson), адамзаттың жазған мәтіндерін өзара сілтеме арқылы байланыстырып, «құжатталған ғаламшар « жасауды ұсынғанда, ешкім құлақ аспай, мынау жынды ма деген. Роберт Каиллиагу (Robert Cailliau), "World Wide Web « әкесінің «оң қолы «, осы терминді дүниеге әкелген. Америкалықтар оны Кайо деп атаған.
«Интернет-журналистика» 1990 жылдың күзінде Еуропалық ядролық зерттеулер орталығында (CERN) тұңғыш рет "вебсервер" мен "веб-броузер « іске қосылады, оны Бернерс-Ли Ne. XTStep операциялық жүйесінде жазады. 91 -жылдың жазында Еуропаны мойындатқан "WWW « жобасы мұхит асып, америкалық "Internet « терминіне ие болады. Жаңадан дүниеге: URL, HTTP, HTML сияқты қысқарған сөздер келді.
«Интернет-журналистика» 1991 жылдың 12 желтоқсаны— World Wide Webтің дүниеге келген күні. Бернерс-Ли мен оның серіктестері Webтің негізін қалады: ақпарат жеткізудің гипермәтіндік протоколын (HTTP), гипермәтіндік тілді (HTML) және адресті табудың әмбебеп жүйесін (URL) дүниеге әкелді. Тим Бернерс-Ли алғашқы арнайы Web-сервер мен Web-браузер бағдарламаларын жазып шықты. kz домені 1994 жылдың қыркүйегінде ашылды.
«Интернет-журналистика» Интернет – дегеніміз TCP/IP протоколының үйлесімді ақпарат алмасуы. Интернетте ондаған мың желілер өзара жалғасады және соның бәрі де TCP/IP протоколын пайдаланып, бірыңғай IP-адрестер кеңістігін құрады. Бұл желілер әкімшілік және қаржылық тұрғыдан жеке дара, тәуелсіз.
Ғаламтордағы есімдер жүйесі Интернеттегі көпшілік компьютердің өз атауы болады, ол IP -адреске сілтеме жасайды. Осындай есімдерді IP-адреске ауыстыру қызметі Домендік Есімдер Қызметі (DNS). Компьютердің атауы әдетте нүкте арқылы бөлінген есімдерден тұрады. Мысалы, www. jourfac. kazsu. kz. Бұл иерархиялық, немесе домендік DNS қызметінің құрылымы.
Ғаламтордағы есімдер жүйесі Әрбір IP-адрес 32 биттен тұрады және әдетте төрт ондық сандардан құралады, мысалы, 192. 168. 22. 11. Бұл адресті дүниежүзілік бірегейлеу қызметі береді және қайталанбайды. Соның нәтижесінде Интернетке қосылған әр компьютер жеке IPадреске ие болады.
«Интернет-журналистика» № 1 2 3 4 5 6 Жоғары деңгейдегі домендер Домен Қолданыс аясы com Коммерциялық ұйымдар edu Оқу орындары gov үкіметтік мекемелер mil Әскерилер (армия, флот, ж. б. ) org әр түрлі мекемелер net Желілік ресурстар Аймақтық домендер kz – Қазақстан ru – Ресей de – Германия uk – Ұлыбритания
«Интернет-журналистика» Веб ресурстың жеке атауы URL – ресурстардың әмбебап атауы (Universal Resource Locator) болып табылады. URL пішіні мынадай: http: //fadr. msu. ru/ecocoop/index. html. ftp: // файл архивтері.
«Интернет-журналистика» Гипермәтін деген не? Гипермәтіннің жай мәтіннен айырмашылығы ондагипермәтіндік сілтемелер (гиперссылки) болады және арнайы белгілермен (разметка) компьютерлік тілде жазылады. Соған қарамастан тұтынушы оны компьютер түрі мен қуатына қарамастан бірдей көреді және оқиды. Гипермәтіннің арнайы тілі HTML (Hyper. Text Markup Language, орысша "язык разметки гипертекстов") деп аталады.
«Мультимедиалық / Интернет-журналистика»
http: //ijnet. org/ru
http: //ijnet. org/ru
http: //professionali. ru/
http: //professionali. ru/
1 lek.ppt