Муфта Рахманбердиев Т. Қ Т-12 -23 гб
• Муфта– техникада біліктерді, құбырларды, болат арқандар мен кабельдерді, т. б. жалғастыруға арналған құрылғы. Ол біліктерді өзара жалғастыру әрі соққы әсерінен қорғау, жетекші білікті жалғастыру не ажырату, ұзын біліктердің температуралық ұлғаюына қарсы шара, күрделі механизмдерді құрастыруды жеңілдету үшін және әр түрлі қорғауыш құрылғыларда басқару элементтері ретінде пайдаланылады. Муфтаны жалғастыру, машина мен механизмдер жетегінің муфтасы, ал пайдалану мақсатының ерекшелігіне қарай тұрақты жалғастыру муфтасы, басқару жүйесі арқылы біліктерді жалғастыру немесе оларды ажыратуға арналған басқарылмалы (ілінісу) муфта, жұмыс ырғағына сәйкес біліктерді жалғастыру немесе ажыратуды өздігінен автоматты түрде іске асыратын басқарылмалы муфта, машиналардың қалыпты жұмыс ырғағы қалыпты жағдайдан ауытқыған кездерде біліктерді ажыратып жіберуге арналған қорғауыш муфта және айналу моментін беруге арналған сырғанама муфта деген түрлерге ажыратылады. Құбырларды өзара жалғастыратын муфтаның бір түрін фитинг деп атайды.
Муфтаның негізгі қызметі двигатель білігіндегі қуатты трансмиссияға беру болып табылады.
• Ажыратқыш муфта двигательден трансмиссияны көлікті тоқтатқан кезде ажыратып, қосқанда біртіндеп қосуды қамтамасыз етуге тиіс. Себебі, автокөлік орнынан қозғалған кезде оның жылдамдығын бірте арттырмаса, онда двигатель мен трансмиссия механизмдеріне қалыптан артық күш түскендіктен, олардың сынып, зақымдануы мүмкін.
• Ажыратқыш муфта жұмыс кезінде үйкелістің әсерінен қызады. Ал оның температурасы өте жоғарылап кетсе, оның істен шығуы мүмкін. Себебі, жетекші және жетектелуші бөліктердің үйкелетін беттері үйкеліс әсері өте жоғары арнаулы материалмен қапталады. Ондай материалдар жоғары температура әсерінен күйіп кетуі мүмкін. Сондықтан ажыратқыш муфта бөлшектерін жылуды тез өткізетін материалдардан жасайды. Осыған қосымша оларды ажыраған қалпында немесе жартылай қосылған қалпында ұзақ жұмыс істеуге болмайды. Мұндай кездерде жетекші және жетектелуші бөліктер бір-бірімен үйкеле сырғанайды да тез қызып кетеді
• Ажыратқыш муфтаның басқару механизмі құрылысына қарай механикалық, гидравликалық, электр магнитті және пневматикалық болып бөлінеді.
• Гидромуфта (гр. һudor су + муфта) — айналмалы қозғалыс беруге арналған гидравликалық құрылғы. • Ол айналдыру сәтін жетекші біліктен жетектелуші білікке жеткізеді. Гидромуфтаға түсетін күш шамасын немесе оның жұмыстық тетігінің геометриялық сипаттамаларын өзгерте отырып, жетектелуші біліктің айналу жылдамдығын реттеуге болады. Гидромуфта көлік, жүк көтергіш, құрылыс және жол машиналарында т. б. қолданылады. [1] • Гидромуфта - берілетін айналдырушы иінді күшті өзгертпей беретін гидродинамикалық беріліс
• Аралық муфта (Промежуточная муфта; intermediate muff ) — ішінде сыртқы магистральдар жүйе бөлігін, сыртқы төсеу кабельдерін, құрылыс ұзындықтарын тұтастандыратын құрылғы. Әдетте, жиектері доғалданған цилиндр немесе параллелепипед түрінде болады. Беріктендіретін жабындардың үздіксіздігін қалпына келтіретін элементтер және талшықтар менсәулежолдар ұзындығының технологиялық қорын тұтаспаларды төсеуге арналған ұйымдастырғыштармен қамтамасыз етеді. Механикалық, жылулық және басқа тәсілдермен тұмшаланады. Енгізудің санына және орналасуына байланысты тура, тұйық, тармақталған және өтпелі деп бөлінеді.