арал слайд.pptx
- Количество слайдов: 20
Мотивациялық қозғаушы Балалар келген қонақтармен үш тілде сәлемдесіп қарсы алады. Қайырлы таң ұстазым! Қайырлы таң достар! Шеңберге тұрайық, Жылулық сыйлайық. Доброе утро, учитель! Доброе утро, друзья! Посмотрите друг на друга, Пожелайте всем добро. Good morning, good morning! Good morning to you! Good morning, good morning, We are glad to see you. «Ауа, жер, су» ойынын ойнату Жер! Ауа! Су!
Ж. Смақов «Жау, жаңбыр» Жау, жаңбыр, Жау, жаңбыр! Жауған жаңбыр-жауған нұр. Жердің шаңы басылсын, Гүлдің аузы ашылсын, Еккен егін көктесін, Бізге нанды көп берсін! Жау, жау Гүлденсін бау Сөздік жұмыс: жауған нұр, көктесін. -Өлең не жайлы айтылған? -шаңды не басады? -гүлдің аузы ашылсын деген не? -жаңбыр бізге нанды қалай көп береді? -Өлең жолдарын сурет арқылы қайталап жаттау.
Саусақ жаттығуы: Ылғал етіп ауаны, Жаңбыр жиі жауады. Алда алыс жол жатыр, Кел, ұстайық қолшатыр. Бұлт қабағын түйіп ап, Бүркеп алды аспанды. Тырс-тырс-тырсылдап, Жаңбыр жауа бастады. Тәрбиеші: Балалар жаңбыр басылған соң, бұлт сейіліп, күн көрінеді. Дәл осы кезде тарап бара жатқан қара бұлт арасынан, жерге қарай иілген доға тәрізді кемпірқосақ пайда болады. Ғажайып сәт: терезеде кемпірқосақ пайда болады. Кемпірқосақ жеті түстен тұрады: қызыл, сарғыш, сары, жасыл, ақшыл көк, күлгін. Балалар кемпірқосақты орыс тілінде қалай айтатыны білгілерін келе ме? Ендеше бірге қайталайық және есімізге сақтап алайық. кемпірқосақ – радуга, жаңбыр – дождь, ауа – воздух, жер – земля, аспан – небо, су – вода.
Бүгін біз түрлі түсті ленталарды пайдаланып дәстүрден тыс тәсілмен кемпірқосақты жапсырып үйренеміз. Жапсыру әдісін көрсету: Қағаз беті алдын ала қиылып қойылған жіптерді кемпірқосақтың түстерінің реттілігіне байланысты, доғал қыла иіп төменнен бастап жапсырамыз. Әр жапсырған сайын жіпті қозғап алмай жаймен сүрткішпен басып, артық желімін сүртіп тастаймыз.
Ал енді балдырғандар біз оқу іс әрекетімізді белсенділік орталықтарында жалғастырамыз. Бүгін бізде үш орталық ашық екен. “Әдебиет” орталығында Тақырыбы “Жау, жаңбыр» өлеңіне кітапша жасау. Мақсаты: Өлең сөздерінің әр қатарына мағынасы сай келетін суреттерді тауып қалташаларға салу арқылы суретті кітапша жасату. Суреттерге қарап өлең жолдарын еске түсіріп, жаттату. “Өнер” орталығында Тақырыбы: « Кемпірқосақ» Мақсаты: Түрлі түсті жіптерді пайдаланып дәстүрден тыс тәсілмен кемпірқосақты жапсыру. “Үстел – үсті ойындар” орталығында Тақырыбы: « Көңілді кемпірқосақ» Мақсаты: Мозайка бөлшектерінен түстердің реттілігін сақтап, түстерді атай отырып кемпірқосақ құрастыру. Балалардың есте сақтау қабілетін, саусақ моторикасын дамыту.
Ән терапиясы: «Көңілді қолшатыр» Балалар “Жау жаңбыр” әнімен айнала қимыл жасайды, әуен тоқтағанда біріге қолшатырды жоғары көтереді. Балалар жұмысының екінші айналымының кезеңі.
Рефлексивті коррекциялаушы Балалар жұмыстарын талдау Дидактикалық ойын: “Ғажайып түс” ертегісін тізбе тәсілі арқылы құрастыру. Күтілетін нәтиже: Балаларды кемпірқосақтың жеті түсін ажыратып айта білуі, жіптен жапсыра отырып шығармашылықтарын дамыту.
арал слайд.pptx