диплом.pptx
- Количество слайдов: 10
Модаль сөздердің құрылымдық-семантикалық сипаты Орындаған: Ғылыми жетекшісі: Сағындық Б. О. ф. ғ. к. , доцент Абдирасилова Г. Қ.
Міндеттері: • Модаль сөздер сөйлеушінің айтылып тұрған хабарға көзқарасын, пікірін білдіретін арнайы сөздер; • Модаль сөздер контекстке байланысты кей жағдайларға сөйлемдегі өзге сөздермен грамматикалық байланысқа түспейді Мақсаты: • Тілдің модальдылық проблемасымен байланысты қазіргі лингвистика ғылымындағы зерттеу еңбектерде келтірілген түрлі теориялық пайымдауларды, ғылыми көзқарастарды шола, саралай қарау нәтижесінде қазіргі біраз түркі тілдерінде модаль сөздер мен модаль тіркестердің жасалу жолдарын қарастыру. Зерттеудің әдістері: • Зерттеу барысында мақсатқа жету үшін дағдылы ғылыми сипаттама, салыстыру, түсіндіру әдістері қолданылды.
Зерттеудің нәтижесі - Таза модальды және есім модальды сөздердің, сондай-ақ модальды тіркестердің де қатарында тәуелді формада әбден тұрақтап, қалыпты бір орнықтылық алған лексемалар бар. Қазақ тіліндегі басқа да түркі тілдеріндегі модаль сөздердің жасалу жолы өнімді екендігі анықталды; - Модаль сөздер кейбір үстеулер мен үстеу мәнінде қолданылатын зат есімдердің заттық мәнінен айрылу және пысықтауыштық функциясын жоғалту нәтижесінде пайда болатындығы анықталды; - Сияқты, сықылды, секілді, тәрізді, тақылетті, рәуішті, іспетті, әлпетті модаль сөздері «бет, бейне, пішін, порым, түр» мағынасын білдіретін түбірлерден жасалғаны анықталды;
МАЗМҰНЫ КІРІСПЕ Негізгі бөлім 1 тарау Қазақ тіл біліміндегі сөздерді таптастыру мәселесі 1. Сөздерді семантика-құрылымдық топтарға жіктеу 1. 2 Модаль сөздердің қалыптасу жолдары және олардың жасалу м е х а н и з м і 1. 3 Қазіргі қазақ тіліндегі модальділік мағынаны білдіру тәсілдері 1. М о д а л ь с ө з д е р д і ң қ а л ы п т а с у к ө з д е р і 2 тарау Модальдық сөздердің семантикалық сипаты 2. 1 Модаль сөздердің мағыналық топтары • 2. 2 Модаль сөздердің қолданылу ерекшеліктері 2. 3 Модальдік ұстаным 2. 4 Модальдық мәнді декодтау, кодтау мәселесі 2. 5 Модаль сөзді мүшеленбейтін сөйлемдер 2. 5. 1 «Жоқ» және «Иә» модальді сөздері арқылы берілген мүшеленбейтін сөйлемдер
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы: Тілдің модальдылық проблемасымен байланысты қазіргі лингвистика ғылымындағы зерттеу еңбектерде келтірілген түрлі теориялық пайымдауларды, ғылыми көзқарастарды саралау нәтижесінде түркі тілдеріндегі модаль сөздер мен модаль тіркестердің жасалу жолдары қарастырылды: 1. Таза модальды және есім модальды сөздердің, сондай-ақ модальды тіркестердің де қатарында тәуелді формада әбден тұрақтап, қалыпты бір орнықтылық алған лексемалар бар. Қазақ тіліндегі басқа да түркі тілдеріндегі модаль сөздердің жасалу жолы өнімді екендігі анықталды; 2. Модаль сөздер кейбір үстеулер мен үстеу мәнінде қолданылатын зат есімдердің заттық мәнінен айрылу және пысықтауыштық функциясын жоғалту нәтижесінде пайда болатындығы анықталды; 3. Модаль сөздер кейде өзінің предикаттық функциясынан айрылған бағыныңқы сөйлемнің баяндауышынан жасалатындығы анықталды; 4. Модаль сөз кей жағдайда тіпті модаль тіркестердің бір компонентінің түсіп қалуы арқылы да жасалатындығы қарастырылды; 5. Сияқты , сықылды, секілді, тәрізді, тақылетті, рәуішті, іспетті, әлпетті модаль сөздері «бет, бейне, пішін, порым, түр» мағынасын білдіретін түбірлерден жасалғаны анықталды; 6. Тіліміздегі бәлки, бәлкім, әлбетте, зайыры, нәті, лазым, ықтимал, мүмкін, рас тағы біраз сөз «дайын күйінде » араб, парсы тілдерінен ауысқандығы анықталды.
Модаль сөздер сөйлеушінің айтылып тұрған хабарға көзқарасын, пікірін білдіретін арнайы сөздер Модаль сөздер контекстке байланысты кей жағдайларға сөйлемдегі өзге сөздермен грамматикалық байланысқа түспейді. Қазіргі қазақ тілінде модаль сөздер сөз таптарының жүйесіне енеді, яғни бұрыннан айтылып келе жатқан тоғыз сөз табының шеңбері оныншы сөз табына модаль сөздер кіріп жүр.
Грамматикалық қызметінің орныққандығына қарамастан, бүгінгі күнге дейін модаль сөздердің жеке сөз табы ретінде танылуы біркелкі сипатталмайды. Бұл мәселеге қатысты екі түрлі көзқарас орын алған: • Модаль сөздер - жеке сөз табы емес; • Модаль сөздер - жеке сөз табы. Н. Оралбаева модаль сөздерді жеке сөз табына жатқызбайды. Автор бұл туралы: «Модаль сөздер аналитикалық форманттың құрамына модальдік көрсеткіш болғандықтан, олар қосымшалар сияқты грамматикалық көрсеткіштер қалпында қалады және олардың саны аз» – деген тұжырым жасаған [5, 85]. Дегенмен, сөйлеу тілінде модаль сөздердің қолданыстағы қажеттілігін, грамматикалық қызметін үнемі аңғарамыз. Бұл модаль сөздерді жеке сөз табы деп қабылдауға негіз болады. Мысалы, Ол кеше айтқан сияқты. Бірінші сөйлемде сенімді, нақтыланған хабар туралы айтылса, екінші сөйлемдегі «сияқты» сөзі хабардың модальды мағынасын түрлендіруге себепші болған. Яғни, болжалды, жорамалды көзқарасты даралауға тірек болатын негізгі грамматикалық көрсеткіш ретінде қабылдаймыз.
Ø «Керек» модаль сөзі мен -са, -се және -у тұлғаларының бірлігінен кейде субъектінің күдікті көзқарасы да дараланады. Әй, қайдан білейін, қараңғыда табатын кісі жарықта адаспаса керек еді. (Ә. Нұршайықов). Субъектінің өзіндік ой түюі және субъекті аралық бағалау орын алған жағдайда «тиіс» модаль сөзі міндеттілікті айқындайды Ø «Сияқты» модаль сөзі есімшенің -ған, -ген, -атын, -етін, -йтын тұлғаларымен грамматикалық байланысқа түседі. Бұл құрылымдардың өзара бірлігінен субъектінің сенімсіз, сенімді, болжалды, жорамалды көзқарастары айқындалады. Субъекті өз басындағы жағдаятты баяндауда аталған құрылымдарды қолданса, сенімсіз модальді реңкі орын алады. Мысалы: Қазақша сөйлеген осы оқытушы ма, әлде басқа біреу ме деп, өз құлағым мен өз көзіме өзім сенбеген сияқтандым. (Ә. Нұршайықов). Ø «Тәрізді» модаль сөзінің де тіркес құрайтын жетекші сөзі -ған, -ген, -атын, -етін, -йтын тұлғалы етістікті құрылымдар. Бұл құрылымдар мәтін аясында күдікті, болжалдық, жорамалды, сенімсіз модальдық мағынаны ашады. Мысалы; Кім келгенін сырттан –ақ аңдаған тәрізді. (М. Мағауин). Шаршатып жеңгісі келетін тәрізді. (М. Мағауин). Ол қазір басын қылқан еткізіп көтеріп алып, менің мойныма орала кететін тәрізді. (Ә. Нұршайықов).
диплом.pptx