митоз.pptx
- Количество слайдов: 16
МИТОЗ Орындаған: Жұмабаева Айдана БН-31 тобы Тексерген: Шайбек А. Ж.
Жоспар • Клетканың бөліну типтері • Митозға жалпы сипаттама • Митотикалық цикл ▫ Интерфаза ▫ Профаза ▫ Метафаза ▫ Анафаза ▫ Телофаза • Митоз типтері • Митоз патологиясы • Қолданылған интернет ресурстары
Клетканың бөліну типтері Амитоз бөліну кезінде жасуша ядросында күрделі өзгерістер жүрмейтін жасуша бөлінуінің сирек кездесетін түрі Митоз Сомалық жасушалардың бөлінуі Мейоз Жыныстық жасушалардың бөлінуі
Митоз - сомалық жасушалардың бөлінуі. Митоз жасуша көбеюінің көбірек кездесетін әдісі. Осы әдіс генетикалық материалдың жасушаларға тең бөлінуін және жасуша ұрпақтарындағы хромосоманың ұқсастығын қамтамасыз етеді. Митоздың биологиялық маңызы - хромосома санының екі еселенуі және олардың жасушаларға тең бөлінуі. Митоз процесінде бір жасуша жаңа екі жасушаға бөлінуге даярлана бастаған шақта хромосомаларда таңқаларлық өзгерістер байқалады. Әр хромосома ұзына бойына екіге бөлінеді және екі бөліктің екеуі де теңбе-тең генетикалық материал алады.
Митотикалық цикл әрдайым бөлінетін жасушаларда байқалады, және бұл жағдайда олар интерфазадан және митоздан тұрады. Митоз процесі 4 сатыдан өтеді: профаза, метафаза, анафаза және телофаза.
Интерфаза Кең таралған митотикалық циклдер 18 -20 сағатқа созылады. Бірнеше секундтарға созылатын циклдер де болады. Интерфаза ұзақтығы барлық жасуша циклінің 90%-ын құрайды. Ол үш кезеңнен тұрады: Пресинтетикалық (G₁), синтетикалық (S) және постсинтетикалық (G₂). Пресинтетикалық кезең. Хромосома жиынтығы – 2 n, диплоидты, ДНҚ мөлшері – 2 с, әрбір хромасомада бір ДНҚ молекуласы бар. Бұл интерфазадағы ең ұзақ кезең, ұзақтығы 10 сағатқа дейін жетеді.
Синтетикалық кезең. Бұл кезең ұзақтығы әр түрлі: бактерияларда бірнеше минуттар болса, сүтқоректілерде 612 сағат болады. Бұл кезеңде интерфазаның ең басты процессі – ДНҚ молекуласының екі еселенуі болады. Әр хромасома екі хроматидті болады, ал хромасома саны өзгермейді.
Постсинтетикалық кезең. ДНҚ синтезі аяқталғаннан соң басталады. Егер пресинтетикалық кезең жасушаның өсуі мен ДНҚ-ның синтезіне дайындаса, постсинтетикалық кезең жасушаны бөлінуге даярлайды. Энергия жинайды және белок синтезделеді.
Профаза(2 n 4 c). Ядро бөлінуінің алғашқы фазасы. алғашқы соңғы Хромасома спирализациясы болады. Ұршық тәрізді бөліну басталады. Хромасома қысқарып жуандайды. ЭПТ саны азаяды, цистерналар мен вакуольдерге бөлінеді. Ядро қабықшасы ери бастайды және кариоплазма мен цитоплазма бірігеді.
Метафаза(2 n 4 c). Метафаза ядро қабықшасы толық еріп біткен кезде басталады. Метафаза басында хромасомалар экватор жазықтығына жинақталады, метафазалық пластинка түзеді. Хромасомалар центромера арқылы ұршық жіпшелерімен байланысады.
Анафаза(4 n 4 c) Хромасомалар центромералары бөлінеді және әрбір хроматиданың өз центромерасы пайда болады. Содан кейін ұршықтың жіптері жас хромасомаларды центромерасынан жасуша полюстеріне қарай тартады. Полюстерге тартылу кезінде олар Vтәрізді пішінге ие болады. Хромасомалардың полюстерге ажырауы ұршық жібінің қысқаруы нәтижесінде жүреді.
Телофаза (2 n 2 c) Телофазада хромасомалар деспиральданады. Ұршық бұзылады. Ядрошық түзіледі. Телофазаның профазадан басты айырмашылығы: әрбір жас хромосома бір ғана хроматидтен тұрады, сондықтан да олардың ДНК саны екі есе кем. Хромосоманың екінші жартысы ДНК-ның редупликациялануының нәтижесінде интерфазалық ядрода қалпына келеді.
Митоз типтері • Жабайы типі – плевромитоз немесе жабық митоз – хромасомалардың ажырауы ядро қабықшаларының зақымдалуымен жүреді және микротүтікшелері ұйымдастырушы орталық ретінде центриольдер қатыспайды. • Ортомитоз – микротүтікшелері ұйымдастырушы орталық цитоплазмада орналасады және жарты ұршық емес 2 полюсті ұршық қалыптасады. 3 типі ажыратылады: ▫ Ашық ортомитоз (кәдімгі) – ядро қабықшасының жойылуы арқылы жүреді ▫ Жартылай жабық ортомитоз – ұршықтың полюс жақтарында ғана ядро қабықшасы жойылады ▫ Жабық ортомитоз – ядро қабықшасы жойылмай митотикалық цикл ядро ішінде өтеді.
Митоз патологиясы • Хромасомалардың зақымдануына байланысты митоз патологиясы: ▫ Профазадағы митоздың тежелуі ▫ Хромасомалардың спирализациясы мен деспирализациясының бұзылуы ▫ Профаза кезеңінде хроматидтердің ерте бөлінуі ▫ Хромасома фрагментациясы және ацентрлік фрагменттердің түзілуі ▫ Анафазада хромасомалар арасында көпірлер пайда болуы ▫ Апалы-сіңілілі хроматидтердің ерте ажырауы ▫ Кинетохордың зақымдануы
Митоз патологиясы • Митотикалық аппараттың зақымдануы ▫ Метафазада митоздың дамуының кешігіп қалуы ▫ Метафазада хромасомалардың бір жерге жинақталуы ▫ Көпполюсті митоздар ▫ Ассиметриялық митоздар ▫ Моноцентрлік митоздар
Қолданылған интернет ресурстары • • http: //www. muldyr. ru/a/a/mitoz_-_tipyi_mitoza http: //ru. wikipedia. org/wiki http: //www. myshared. ru/slide/204352/# http: //www. myshared. ru/slide/308776/
митоз.pptx