МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РК ҚР
МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РК ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ С. Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ С. Д. АСФЕНДИЯРОВА Кафедра: Хирургиялық аурулар № 1 Тақырыбы: “Созылмалы панкреатит” Тексерген: Мукашев Б. Қ Орындаған: Жақсыбай А. С Факультет: Жалпы медицина Курс: 4 Топ: 09 -032 -01 1
Жоспары Анықтамасы Жіктелуі Этиологиясы Патогенезі Клиникалық көрінісі Диагностикасы Емі
Анықтамасы Панкреатит ( лат. pancreatitis , гр. πάγκρεας — ұйқы безі + -itis — қабыну) — ұйқы безінің қабынумыен көрінетін аурулар тобы. Ұйқы безінің қабынуы кезінде безден бөлінетін ферменттер он екі елі ішекке өте алмайды да, бездің өзінде активтеніп, өзін өзі жей бастайды. Осы кезде бөлінетін ферменттер мен токсиндер үнемі қанға өтіп басқа да ми, өкпе, жүрек, бүйрек және бауырды зақымдайды.
әәәәәә
Созылмалы панкреатит Созылмалы панкреатит ( лат. pa гр. πάγκρεας —ұйқы безі + -itis — қабыну) — ұйқы безінің өзектерінің өткізгіштігінің бұзылуымен және соңғы сатысында экзокринді және эндокринді жетіспеушілікпен қатар мүше паренхимасының склерозымен көрінетін қабынулық-дистрофиялық ауру.
Жіктелуі: Токсико-метаболикалық созылмалы панкреатит Идиопатиялық созылмалы панкреатит Тұқымқуалаушылық созылмалы панкреатит Аутоиммунды созылмалы панкреатит Рецидивтеуші созылмалы панкреатит Обструктивті созылмалы панкреатит Созылмалы панкреатиттіңи біріншілік формасы Созылмалы панкреатиттіңи екіншілік формасы
Этиологиясы Инфекция және интоксикация Зат алмасудың бұзылуы Дұрыс емес тамақтану Жүрек, бауыр патологиясындағы бездегі венозды іркіліс Алкоголизм Бауыр және өт жолдарының аурулары (гепатит, цирроз, холецистит, холангит, дуоденит, ойық жара ауруы) Холециятэктомиядан кейін
Патогенез Ағзаның бөлінділері толық бөлінбейді, ол ұйқы безінің ферменттері – трипсин және липаза, паренхиманың аутолизге ұшырауы болып, толығымен байланыстырушы тіннің біртіндеп құрғап өз қызметін атқармайды да, склероздану процессіне әкеліп, ұйқы безіндегі созылмалы қан айналымның бұзылысына әкеледі. Қабыну процессінде басты кезең аутоагрессивті көрініспен көрінеді. Сонымен қатар ұйқы безіне инфекция он екі елі ішектің зақымынан енуі мүмкін, ол ас қорытудың дискенезиясы мен холедохо – және дуодено – панкреатикалық рефлюкске әкеледі.
Өттің панкреатит дамуында маңызы өте зор. Өт қышқылдары бездің коагуляциялық некрозын шақырады. Сонымен қатар, безде лицетин болады, ол панкреатикалық фосфолипаза А әсерінен лизолецитинге айналады, ал ол ұйқыбезінің өзін өзі жеу процесінің дамуына әкеледі. Қанның трипсинмен және бактериальды эндотоксинмен қосылуы гемморрагиялық панкреатиттің дамуына әкеледі
Клиникасы Созылмалы панкреатиттің бірінші көрінісі ұйқы безінде экзокринді бездің толық бөлінбеуі. Ол ағзаға түскен қоректі ыдырататын ферментті бөлмейді. Науқаста эпигастрии аймағында оң және сол жағында қатты ауру сезімдері болады. Диспепсиялық бұзылыстар (лоқсу, құсу асқазандағы бар заттар мен бірге). Сирек обтурациялық сарғаю, ұйқы безінің басының құрылымын өзгеруі. Салмақ жоғалту, ас қорытылудың бұзылуы, бұл себеп дұрыс тамақ ішпеуден болады. Себебі, ас қабылдағаннан кейін ауру сезімі қатты күшейеді.
1 – Шоффара зонасы; 2 - Губергрица – Скульского зонасы; 3 – Дежардена нүктесі; 4 - Мейо – Робсона нүктесі. А - линия, кіндікті қолтықасты шұңұырымен байланыстыратын сызық; Б - линия, күндікті орт. қабырға доғасымен байланыстыратын сызық
Объективті түрде пальпациялағанда ауру сезімі Шоффара зонасында, Губергрица – Скульский зонасында анықталады. Шоффар зонасы оң жақта кіндіктен 5 -6 см жоғары ортаңғы сызық пен кіндік бұрышының биссектрисасы арасында орналасады. Бұл жердегі ауру сезімі ұйқыбезінің басының зақымданғанын көрсетеді. Ұйқы безінің денесінің зақымдануында ауру сезімінің күшеюі Губергрица – Скульский зонасында анықталады , ол кіндіктен оң жақта. Дежарден нүктесі кіндік пен оң жақ қолтықасты шұңқырын қосатын аралығын құрайды. Бұл нүктедегі ауру сезімі ұйқы безі басының зақымданғанын көрсетеді. Егер процесс ұйқыбезінің құйрығында орналасса ауру сезімі Мейо-Робсон нүктесінде анықталады. Кіндік пен сол жақ қабырға доғасының арачындағы қосатын нүкте.
Диагностика Науқастың шағымдарына байланысты пальпация жасағанда оң жақ қабырға тұсындағы тығыздалған ұйқы безі анықталады, қолға сезіледі. Курвуазье, Мейо – Робсон симптомдары оң болады. Лабораториялық зерттеуде: ЖҚА – ЭТЖ жоғарылаған, лекоцитоз. ЖЗА – зәрде амилаза. БХА – амилаза, липаза, трипсиннің көлемі көбейеді. Копрограмма нәтижесі стеатория мен креатория анықталады. Ал УДЗ, КТ нәтижелері ұйқы безінің қай бөлігі зақымданғанын, оның көлемін өзгеруін және өзектердің қаншалықты кеңейгенін немесе тарылғанын көрсетеді.
Диф. диагностика Іш қуысындағы хирургиялық аурулардан Ойық жара ауруы Холецистит Ұйқы безі денесінің ісігі
Емі Созылмалы панкреатиттің емі комплексті – хирургиялық араласумен бірге консервативті терапия болып табылады (көрсеткіштері бойынша). Консервативті әдісте ең бастысы белокқа бай тағамдармен диета болып табылады. Науқастың тәуліктік рационында 150 гр. белок, 40 гр. май болу керек, 50 г қант, 350 г көмірсу. Ең маңызды болып парентеральды түрде орынбасушы белокты терапия (аминопептид, қан, плазма, аминокровин). Аурудың өршу сатысында ферменттер ингибиторларын тағайындау көрсетілген. (70000— 100000 ӘБ трасилолды 4 -5 күнде тәулігіне), сонымен қатар панкреатин, метионин және липокаинды 0, 5 г. тәулігіне 3 рет. Спазмды басу және қабынулық папиллитті емдеу үшін антибиотик тағайындайды, 0, 2 % платифиллин ерітіндісі немесе 2 % бензогексоний ерітіндісі 1 -2 мл. ден
Диета алғашқы 3 тәулікте аш болып, содан кейін № 5 диета тағайындайды майлы, тұзды, ашщы тағамдарды пайдалануға тыйым салынады. Антибиотиктер – іріңді асқынудың алдын алу үшін: пенициллин, ампициллин, цефалоспариндер ұрпағы. Ұйқы безінің сыртқы секретінің қызметін басу үшін: жергілікті гипотермия; антипротеиназдар – контрикол, гордокс, тразилол; цитостатиктер – 5 фторурацил, фторофур, рибонуклеаза; пептидттік препараттар – сандостатин, стиламин, кальцитонин. Спазмолитиктар – но-шпа, пле-спа, папаверин, платифиллин.
Хирургиялық ем. Операция көрсеткіщтері болып механикалық сарғыштану, қатты аурулық синдром, консервативті терапияның нәтижесіздігі, өт қабы мен өт жолдарында конкременттердің болуы, негізгі аурудың ары қарай дамуы. Хирургиялық емнің мақсаты- панкреатикалық сөлдің ішекке адекватты пассажын қалыптастыру және ауырсыну синдромын жою
Жіктелуі A. ҰБ операциялар: ҰБ резекция; панкреато-дуоденальды резекция; панкреатэктомия; панкреато-ішектік анастомоз; панкреатикалық кистаға ішкі дренаж; вирсунголитотомия. Б. Биллиарлы трактта операциялар: холецистэктомии; Өт жолдарының сыртқы дренаж; билиодигестивті анастомозы: а) он екі елі ішекпен; б) тоқ ішекпен; папиллотомия, сфинктеротомия. B. Асқазан мен он екі елі ішекке операциялар: гастроэнтероанастомоз; Асқазан резекциясы; дуоденоеюноанастомоз. Г. ВЖЖ операция: торако-люмбальды симпатэктомия; құрсақ өріміне резекция; постганглионарлы невротомия; маргинальды невротомия; Құрсақ артериясының тармағына селективті невротомия; ваготомия.
Пайдаланылған материалдар: 1. А. Ж. Нұрмақов «Хирургия» , Алматы, 2009 ж. 2. М. И. Кузин «Хирургические болезни» , Москва, 2005 г. 3. Богер М. М. Панкреатиты (физиологический и патофизиологический аспекты) Новосибирск, «Наука» , 1984 г. 4. Калинин А. В. , Хазанов А. И. , Спесивцев В. Н. Хронический панкреатит: этиология, классификация, клиника, диагностика, лечение. М. : 1999 г. 5. wikipedia. org 6. meduniver. com 7. medgens. ru 8. http: //nsau. edu. ru
Созылмалы панкреатит.ppt
- Количество слайдов: 19

