8 Монополия.ppt
- Количество слайдов: 12
МИКРОЭКОНОМИКА 8 -ТАҚЫРЫП. МОНОПОЛИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ФИРМАНЫҢ ӘРЕКЕТІ
МОНОПОЛИЯ Жетілген бәсекеге қарама-қарсы таза монополия ( «грек сөзінен аударғанда «моно» - жалғыз, «полио» - сатамын) – жакын алмастырушы жоқ тауар өндіретін немесе сататын жалғыз фирма жұмыс істейтін жағдай. Егер фирманың монополиялық билігі заң жүзінде қорғалған болса, оны жабық монополия дейді. Патенттер мен авторлық құқықты немесе жана технологияны қолдана отырып, нарықта билік орнатқан фирмаларды ашық монополистер дейді. Олардың нарықтағы билігі уақытша болады. Кейбір өнімдер мен қызметтерді (халықты ыстық сумен, жылумен, газбен қамтасыз ету қызметтері) көлемі үлкен жалғыз фирмаларда өндірген арзанға түседі. Ол өндіріс көлемінің үнемділігінен туындайды. Сондықтан жеке фирмалар мемлекеттің бақылауымен сондай өнімдер мен қызметтерді өндіруге ие болады. Оларды табиғи монополистер дейді.
Таза монополияға тән сипаттамалар: «Фирма» және «сала» түсініктері бір мағына береді; Сатып алушыларда таңдау мүмкінігі болмайды; Таза монополист өнім шығарудың барлық көлемін бақылай отырып бағаны кез-келген бағытта өзгертеді және оны басқара алады. Монополист берілген тауарды өндіретін жалғыз фирма болғандықтан, оның сұраныс қисығы бір мезгілде нарықтың да сұраныс қисығы болады және ұсынылған тауардың бағасын анықтайды; Таза монополия бәсекелестіктен тосқауылдармен қорғалады. Салаға кіруге қойылатын тосқауылдар - бұл салаға кіргісі келетін жаңа фирмалардың кіру жолдарына қойылатын кедергілер. Барлық кедергілер екі түрге бөлінеді: Табиғи бұлар экономикалық себептерден туындайды (өндіріс масштабының тиімділігі, басты ресурстарды бақылау); Жасанды институционалдық жолмен құрылатын, мысалы, үкімет іс -әрекеттерінің салдарынан (патенттер, лицензиялар немесе монополисттің әділсіз іс-әрекеттері ).
Монополистің өнім шығарушы ретінде бәсекелес фирма сияқты өндіріс мақсаты - пайданы ең жоғары деңгейге жеткізу болып табылады. Монополист жалғыз өндіруші болғандықтан, нарықтық жағдайды толығымен бақылап, өз шешімі бойынша тауардың нарықтық бағасын белгілей алады. Монополистің сұраныс қисығының бүрыштық коэффициенті теріс сан болады. Сондықтан да, монополист төменгі бағаны белгілей отырып, өнімнің мөлшерін нарықта арттыруы мүмкін. Монополист тауар бірлігінің бәріне бір баға белгілейтін болғандықтан, тауардың бағасы монополистің орташа түсімін керсетеді. Демек, монополиялык, фирманың сұраныс қисығы орташа түсімінің де қисығы боп табылады
бірлігінің бағасы монополиялык, жағдайда өзгермелі шама болады және өндіріс колемінің функциясын көрсетеді: Р = P(Q) Монополист өндірушінің пайдасы төмендегідей формуламен анықталады: Π= TR-TC = p(Q)x. Q - TC(Q) Енді Пайданы барынша көбейту шартын анықтаймыз: MR = MC. Бұдан монополистің пайдасы өндірістің шекті шығындары (МС)шекті түсімге (MR) тең болғанда ғана ең көп болатынын көреміз. Өнім Монополист пайданы ең жоғарғы деңгейге көтеру үшін шекті табыс пен шекті шығынды теңестіруі керек (МС=MR). Бірақ монополист фирманың шекті табысы сататын тауар бағасынан төмен (МR<P). Монополист фирмаға пайданы мейлінше көтеру үшін екі мәселені шешуге тура келеді. Біріншісі - - пайданы мейлінші жоғарғы деңгейге көтеруге мүмкіншілік беретін өндіріс көлемін анықтау. Екіншісі - сататын өнімге баға білгілеу.
Фирманың нарықта монополиялық билік орнатуы, оның сататын тауар көлемін өзгерте отырып, бағаға әсер ету мүмкіншілігіне байланысты. Нарықта монополиялық билік орнатудың негізгі алғышарты – фирманың өніміне сұраныс қисығының теріс көлбеу орналасуы. Бәсекелес фирманың шекті табысы тауардың бағасына тең (P=MR). Себебі фирма тауардың бағасына әсер ете алмайды, барлық тауар бір бағамен сатылады. Ал, монополист қосымша тауар сату үшін оның бағасын арзандатуы керек. Сондықтан баға шекті табыстан жоғары болады (P>MR). Монополист фирманың өніміне сұраныс пен шекті табыстың қисықтары теріс көлбеу орналасқан. Егер монополистің өніміне сұраныс бағаға икемді болса, бағаның төмендеуі шекті табысты төмендеткенмен, жалпы табысты өсіреді. Демек, сұраныстың бағаға икемділігі монополиске бағаны жалпы табыс ең жоғарғы деңгейге жеткенше төмендете отырып, сататын өнім көлемін өсіруге мүмкіндік береді. Егер сұраныстың бағаға иекмділігі бірге тең болса, бағаның өзгерісі жалпы табысты өзгертпейді, өйткені шекті табыс нольге тең.
Бағаны одан әрі арзандату шекті табысты нольден түсіреді, ал жалпы табыс қысқара бастайды. Бұл жағдайда сұраныс икемсіз болады. Сондықтан, монополист баға мен өнім көлемін өзгерте отырып, пайданы мейлінше арттыру туралы шешімді тек қана сұраныс бағаға икемді болған жағдайда ғана қабылдайды. Монополист барынша көп пайдаға МС=MR болғанда жетеді. Жетілген бөсекелестік моделін қарастырғанда біз осы нарықтағы фирмалар саны уақыт ағымында өзгермесе, онда осы салада үзақ мерзімді кезенде тепе-тендік орнығады деп анықтадық. Бұл жағдайға жетудің басты шарты осы нарықта жұмыс істейтін фирмалардың оң, экономикалық пайдасының болмауы. Ұзақ мерзімді кезенде монополиялык тепе -тендікті зерттеу, келесі сүрақтардың мазмұнын түсінумен тығыз байланысты: қандай жағдайларда жалғыз өндіруші ұзақ уақыт кезеңінде өзінің нарықтағы монополиялық билігіп сақтай алады; егер салада ұзақ мерзімді кезенде тепетендік орнаса, онда монополист бірнеше зауыттар салу арқылы өндіріс ауқымын кеңейтуге кандай объективті күштер итермелейді.
мерзімді монополиялық тепе-тендікке жетудің, негізгі шарты жеке өнім өндірушінің оң экономикалык, пайда табуға мүмкіндігі болуы. Тек осы жағдайда ғана өнім өндіруші өз нарығын басқа өндірушілердің еркін ағынынан қорғай алады. Экономикалык пайда алу мүмкіндігі өндірістің орташа шығындарымен монополиялық бағаның арақатынастарынада байланысты. Тауардың бағасы монополистің ұзақ мерзімдегі орташа шығындарынан жоғары болған жағдайда ғана, өндіруші оң экономикалық пайда алады. Ұзақ Монополиялық нарықта тепетеңдік болғанымен, нарықтағы экономикалық игіліктердің бағасы олардың шекті шығындарынан жоғары. Монополия бәсекелес фирмаға қарағанда өнімді аз өндіреді (Qm < Qc) және оның ұзақ мерзімдегі орташа шығыны ең төмен деңгейге түспейді.
Монополист өніміне бәсекелес фирмаға қарағанда жоғары баға белгілейді (Pm > Pc). Осының нәтижесінде тұтынушылар монополистік нарықта қымбат бағамен тауарлар мен қызметтер сатып алады. Бұл жалпы халықтың тұрмыс жағдайын төмендетеді. Монополиялық нарықтың әлеуметтік -экономикалық шығандарын түсіну үшін тұтынушылар мен өндірушілердің ұтыстарын талдау қажет. Суретте шекті шығындардың қисықтары бірдей екі фирманың теңдігі көрсетілген. Бәсекелі фирма тұтынушыларға Qс бағасымен ұсынады. Тұтынушының ұтысы Pс. E 2 C үшбұрышының ауданына тең. Егер осы өнім немесе қызмет монополиялық нарықта ұсынылатын болса, онда монополист фирма E 1 нүктесіндегі MR = MC теңдігімен анықталынатын Qm өнім көлемін Pm бағасымен ұсынады Pm > Pс болғандықтан тұтынушының ұтысы Pm. CA үшбұрышының ауданына дейін қысқарады. Тұтынушының ұтысының Pm А Е 2 Рb көпбұрышының ауданына тең бөлігі жойылды.
Тұтынушы ұтысының бір бөлігін (монополияның экономикалық пайдасы - боялған төртбұрыш) монополист иеленеді. E 1 E 2 A үшбұрышының ауданы ешкімнің үлесіне тимейді. Ол қоғамның шығыны немесе таза шығын. Оның ішінде E 1 E 2 B өндірушінің шығыны немесе зияны. Осы шығындарды монополиялық биліктің әлеуметтік шығыны немесе зияны дейді. Qm < Qс монополистік нарықта экономикалық ресурстардың толық қолданбайтынын көрсетеді. Табиғи монополия – жоғарыда келтірілген тұрақты жағымды ауқым әсері. Басқаша айтқанда, бұл саладағы шығындар өте жоғары (көп), оларды тек үлкен фирма ғана жаба алады. Егер осындай фирманың өнімі өмірлік қажет болса, ол мемлекеттің қорғауына түседі, себебі, мемлекеттің басты мақсаты – тұтынушылардың құқығын қорғау (темір жол көлігі, коммуналдық шаруашылық, электр-жабдық пен телекоммуникациялар жүйелері).
НАЗАР САЛЫП ТЫҢДАҒАНДАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ
8 Монополия.ppt