
Mikoplazmaly_1179_pnevmonia.pptx
- Количество слайдов: 14
Микоплазмалық пневмония Орындаған: Кездикбаев Б. А Тобы: 516 -2 Тексерген: Сапарбаева М. М
Жоспары Кіріспе Микоплазмалық пневмония Этиологиясы Патогенезі Диагностикасы Клиникалық көріністері Емі Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе Пневмония — өкпенің респирациялық бөлшектерінің басым зақымдануымен, альвеолалардың экссудациясымен сипатталатын, бірақ зақымдалған анатомиялық құрылымдардың бұзылысына әкелмейтін өкпенің жедел инфекциялық қабыну процесі. Пневмонияның дамуына көптеген қоздырғыштар - бактериялар, микоплазма, хламидия, легионелла, саңыраукұлақшалар, қарапайымдар т. б. әкеледі.
Микоплазмалық пневмония Микоплазмалар – пневмонияны тудыратын негізгі микроорганизмдердің бірі болып табылады. Жасушалық қабырғасы жоқ, морфологиялық және жасушалық құрылысына қарай L- түрдегі бактерияларға ұқсас. Адамның тыныс алу және зәр шығару жолдарынан микоплазмалардың 12 түрі табылған, олардың ішіндегі үш түрі адамға патогенді болып келеді, олар: Mycoplasma pneumoniae, Mycoplasma hominis, Mycoplasma urealyticum. M. pneumoniae тыныс алу жолдарының кілегейлі қабатын зақымдайды, М. hominis и M. urealyticum – зәр шығару жүйесін(уретрит, цервицит, вагинит дамуына алып келеді).
Этиологиясы Mycoplasma pneumoniae респираторлық жолдың ең жиі қоздырғышы. 1930 ж. атипті пневмонияны зерттеу кезінде M. pneumoniae табылған, ал 1962 ж. толық жіктеліп жеке бактерия түрінде қарастырылған. Микоплазмалық пневмония барлық пневмониялардың ішінде 10% жағдайда ғана кездеседі. Балаларда және ерте жастағы адамдарда жиі кездеседі (5 - 35 жас). . Ауалы тамшылы жол арқылы беріледі
Жіктелуі 1995 ж Пакровскийдің жіктеуі бойынша; Респираторлы Жоғарғы тыныс алу жолдарының (фарингит, трахеит, бронхит); Өкпелік (пневмония, абсцесс). Респираторлы емес гематологиялық(гемолитическалық анемия, тромбоцитопеническая пурпура); Асқазан ішек жолдарының (гастроэнтерит, гепатит, панкреатит); Тірек қимыл жүйесінің(миалгия, артралгия, полиартрит); Жүрек қан тамыр жүйесінің(миокардит, перикардит); Дерматологиялық (полиморфная эритема, другие сыпи); Неврологиялық (менингит, менингоэнцефалит, периферические и черепно-мозговые невриты, мозжечковая атаксия); Генерализацияланған инфекциялар (полилимфоаденопатия, септикопиемия).
Микоплазмалық инфекция 3 аптаға созылатын жасырын кезеңі болады. жоғарғы тыныс алу жолдары арқылы еніп кілегейлі қабатты зақымдап пневмонияны тудырады. науқастар жалпы әлсіздікке, бас ауруы, мұрыннан су ағу, тамағының құрғауына, жөтелге (алғашында құғақ жөтелдің болуына кейін қақырықты жөтелге). Жөтелдің негізгі ерекшелігі созылыңқы жөтел болады. Жұтқыншақтың артқы қабырғасында гиперемия айқын көрініс береді. Өкпе аускультациясында бронхтарда құрғақ сырылдар естіледі, негізінен науқастарда субфибрильді температура болады.
Микоплазмалық пневмония кезінде физикалық көріністер 4 -6 күнге дейін ғана көрінуі мүмкін, және ол везикулярлы тыныстың әлсіреуімен, крепитациямен, майда көпіршікті сырылдармен, перкуторлық дыбыстың тұйықталуымен көрінеді. бұл көріністер науқастардың 20% көрініс бермеуі де мүмкін, ол науқастардың рентгенологиялық көріністеріне ғана қарап диагноз қойылады. Кейбір науқастарда фибринозды немесе экссудативті плеврит дамуы мүмкін
Диагностикасы Лабораторлық зерттеулер ЖҚА аздаған лейкоцитоз ( 12 х 109/л); лимфоциттердің көбеюі Лейкоцитарлық формуланың солға жылжуы; СОЭ жоғарылауы ЖЗА Зәрдің тығыздығы артады Лейкоциттер көру аймағында 10 -15. КБР- микоплазмаға антиденелердің анықталуы Қақырықты серологиялық зерттеу- ИФТ анализ және ПТР арқылы микоплазмалық антигендерді анықтау.
Микоплазмалық пневмония кезінде рентгенологиялық көріністер: Өкпенің ашықтығының төмендеуі, 50% жағдайда интерстициялдық өзгерістер дамиды; Өкпе тінінің сегментарлы және ошақты инфильтрациясы( 30%); инфильтрат өкпенің төменгі бөлігінде базальды сегменттерде орналасады. Инфильтраттар біртекті және гомогенді емес, шекарасы айқын емес; обширная лобарная инфильтрация (редкий вариант).
Емі Этиотроптык ем. Жедел пневмонияның этиотроптық емінің негізі - антибактериялық дәрмектер. Этиотроптық емге қойылатын талаптар: қоздырғыш түрінің анықталуын күтпей, емді неғүрлым ерте бастау; • емді қоздырғыштың түрі мен оның антибиотиктерге сезімталдығына сәйкестеу; • антибактериялық дәрмектерді қанда және өкпе тінінде емдік концентрациясын камтамасыз ететіндей дозада, тиімді уақыт аралығымен қолдану; • антибактериялық емді қызба мен интоксикация толық жойылғанға дейін жалғастыру (температурасы калпына келген күннен әрі 3 күнге созу және өкпедегі инфильтраттың физикалық және рентгендік белгілері толық жойылғанша жүргізу). Бірақ өкпедегі "калдық" өзгерістердің болуы антибактериялық емді жалғастыру көрсетпесіне жатпайды;
• антибиотиктер 2 -3 күнге дейін әсер етпесе оны алмастыру; қолдырғыштардың вируленттігі кұшті және дәріге төзімді түрлерінің пайда болу қаупінен антибактериялық дәрілерді бейберекет қолданбау; антибиотиктерді ұзақ қолданғанда, ішекте В топты витаминдер синтезінің азаюын ескеру; витаминдік дисбаланстың алдын алу үшін тиісті витаминдерді емге қосу; антибиотиктік емнен болатын кандидомикозды дер кезінде антибиотикгер иммундық жүйені тежеу мүмкіндігінен, иммундық статустың көрсеткіштерін бақылап отыру, өйткені иммун тапшылығы қабынудың ұзаққа созылуына әкеледі. Макролидтер (эритромицин, азитромицин)
Дитотерапия Қызбалы кезенде, жүрек шамасыздығы болмаса, тәулігіне 2, 5 -3 л сусын ішкізу керек ~ минералды, лимон қосқан сусындар, жеміс шырыны, витаминдік тұнбалар (итмұрын хұнбасы және т. б. ). Алғашқы күндері жеңіл қорытылатын тағамдарды, жеміс тоспаларын ішкізеді. Кейін N 10 және N 15 ем дәм беріледі. Шылым мен алкогольге қатаң тыйым салынады.
Пайдаланылған әдебиеттер Бочкарев Е. Г. Лабораторная диагностика хламидийной инфекции // Иммунопатология, аллергология, инфектология. — 2000. — № 4. — С. 65– 72. Гранитов В. М. Хламидиозы. — М. , 2000. — 48 с. Новиков Ю. К. Атипичные пневмонии // Русский медицинский журнал. — 2002. — Т. 10. — № 20. — С. 915– 918. Ноников В. Е. Диагностика и лечение атипичных пневмоний // CONSILIUM medicum. — 2001. — T. 3. — № 12. — C. 569– 574. Проект практических рекомендаций МЗ РФ. Внебольничная пневмония у взрослых: диагностика, лечение, профилактика. — М. , 2002. — 51 с. Прозоровский С. В. , Раковская И. В. , Вульфович Ю. В. Медицинская микоплазмология. — М. : Медицина, 1995. — 285 с. Синопальников А. И. Атипичная пневмония // Русский медицинский журнал. — 2002. — Т. 10. — № 23. — С. 1080– 1085.
Mikoplazmaly_1179_pnevmonia.pptx