
Tema_6.ppt
- Количество слайдов: 16
МИ БАҒАНАСЫНЫҢ ФИЗИОЛОГИЯСЫ
Жоспары: Сопақша ми Ми көпірі Мишық Ортаңғы ми Аралық ми
Мидың бөлімдері 1 – артқы ми; 2 – аралық ми; 3 – ортанғы ми; 4 – көпір; 5 мишық; 6 - жұлын.
Сопақша ми Адам мен барлық омыртқалы жануарларда сопақша ми жұлынның жалғасы болып табылады, сондықтан онда жұлынға тән қарапайым сегментгік сипат сақталады. Сопақша миға да жұлын тәрізді рефлекстік және өткізгіштік қызмет тән. Сопақша мида нейрондар шоғырланып, ерекше қүрылым - ядролар пайда болады. Ядролар әр түрлі рефлекстік қызметтердің орталығы болып табылады. Сопақша ми жұлын мен өз ядроларынан басталатын ми жүйке нервтерінің сегіз жұбы (V-ХІІ) осы сопақша мидан бастау алады. Олар үштармақ, әкеткіш, беттік, есту, тіл-жұтқыншақ, кезеген, қосымша және бұғақтық (тіл асты) жүйке тамырлары. Сопақша мида тыныс алу, жүрек қызметін реттеу орталықтары, тамыр қозғағыш орталық, көмірсулар алмасуын реттеу, ему, шайнау, сілекей бөлу, жұту, қарын, үйқы безі сөлін бөлу орталықтары, жөтелу, түшкіру рефлекстерінің орталықтары, Дейтерс ядросы және басқа тіршілікке маңызы зор орталықтар орналасқан. Сонымен қатар, сопақша мида бас еттерінің, көздің, ішкі құлақ лабиринттінің афферентгік жүйкелерінің орлалықтары орналасады.
Сопақша ми вегетативтік қызметтер мен қаңқа еттері тонусын реттеуге қатысады. Бұлшық ет тонусын реттеуде Дейтерс торшалары маңызды рөл атқарады. Сопақша ми мен ортаңғы ми арасын тіліп, Дейтерс торшаларының қызыл ядромен байланысын үзсе, жануарларда децебрациялык, сіреспе (ми сіреспесі) деген атпен белгілі құбы-лыс байқалады. Мұндай жағдайда жазғыш еттердің тонусы күрт жоғарлайды да, жануарлардың денесі керіліп, аяқтары сіресе жазылады, басы кекшиіп, құйрығы қайқая көтеріледі. Мал қимылдау қабілеттнен айырылады. Сопакша ми тонустық рефлекстерді реттей отырып, организмнің қиымыләрекетін (жүру, түру) қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.
1 — көру төмпешігі; 2 — эпифиз; 3 — таламустын шекарасы; 4 — төрт төмпешік; 5 — ми сабақтары; 6 — мишық; 7 — ромба тәрізді шұңқыр; 8 — жұлын; 9 — сопақша ми; 10 — ми көпірі; 11 — гипофиз; 12 — көру жүйкесінің қимасы.
Ми көпірі Көпір - негізінен өткізгіштік қызмет атқарады. Ол мидың алдыңғы, соңғы бөлімдері мен мишықты байланыстырады. Көпірдің сұр затында ми жүйкелерінің V-VIII-жұптарының ядролары, торлы қүрылым ядролары және көпірдің өзіндік дербес ядролары орналасады. Ми жүйкелерінің сезімтал талшықтарымен көпір дәм сезу рецепторлары мен көз еггері және бас терісінің рецепторларынан сигналдар қабылдап, осы жүйкелердің эфферештік талшықтары мен бас-сүйек еггерінің қимылдарын реттейді. Көпірдің рефлекстік қызметі сопақша мидың қорғаныстық және қоректік рефлекстерін толықтырып отырады.
Мишық - көпір мен сопақша мидың үстіңгі жағында орналасады. Ол көлемді бүйір бөліктерден - жарты шарлардан, және соларды біріктіретін құртшадан тұрады. Мишық алдыңғы жол арқылы ортаңғы мимен, ортаңғы жол арқылы көпірмен, артқы жол аркылы сопақша мимен, ал көпір арқылы үлкен ми жарты шарларымен байланысады. Мишық рецепторлармен және эффекторлармен тікелей байланыс түзбейді, бірақ оған өте көп афферентгік импульстер жетіп отырады. Мишық дене қимылдарының үйлесімін, дене кейпін және дененің тепе-теңдігін сақтауда маңызды рөл атқарады. Оның әсерімен бұлшық ет тонусы өзгеріп, қимыл-әрекет кезінде жеке ет топтарының жиырылу күші реттелініп, артық, ебетейсіз қимылдар байқалмайды. Мишықты алып тастаса, бүлшық ет тонусы бұзылады (атония), қимыл үйлесімдігі, аткдрылатьш қимыл мен бүлшық етгіңжиырылу күшінің арасын-дағы сәйкестік бүзылады (атаксия), теңселмелі қимылдар пайда болады (астазия), бүлшық еттердің жиырылуындағы үйлесімдік бүзылады (асинергия), организм тез қажиды, әлжуаздық байқалады (астения). Мишық организмнің вегетативтік қызметіне де әсер етеді. Мишықты тітіркеңціргенде көздің қарашығы үлкейіп, артерия қысымы жоғарылайды, тамырдың соғуы жиілейді, бүлшық етте биохимиялық қалыптастыру процесі күшейеді. Мишықты алып тастаса, ас қорыту жолының қимылы баяулап, қарын мен ішек сөлінің бөлінуі азаяды, қуат шығыны артады, бүлшық еттің нәрлену процесі бүзылады. Осыдан мишықта симпатикалық және парасимпатикалық нервтену орталығы орналасады деген болжам жасалған.
Мишыктың ядролары; көлденен жазыктыктағы кесіндісі 1 – бүркеме ядросы (nucl. fastig); 2 –шар тәрізді ядро ( nucl. globosus); 3 – тығын тәрізді (nucl. emboliformis); 4 –тісті ядро ( nucl. dentatus); .
Ортаңғы ми Сүтқоректілерде ортаңғы ми дорсальдық және базальдық (негіздік) бөлімдерден тұрады. Дорсальдық бөлімге төрт төмпешік жатады. Бұл қүрылымның алдыңғы қос төмпешігінде көрудің, артқы қос төмпеішкте естудің бағдарлық рефлекстерінің орталықтары орналасады. Осы орталықтардың қатысуымен көз, құлақ қимылдап, бас тітіркендіргіш кезі орналасқан жаққа қарай бұрылады. Ортаңғы мидың базальдық бөлімін оның сабақтары құрайды. Әрбір сабақ үш қүрылымнан - бүркемеден, қара төсеміктен және табан негізден түрады. Бүркемеде қызыл ядро жоне шығырлық жүйке мен көз қимылдық жүйке (III, ІV ми жүйкелері) ядролары орналасады. Бұл жүйкелер көз алмасының еттерін жүйкелендіріп, көз қимылдарының үйлесімділігін қамтамасыз етеді. Қызыл ядро дене қимылын реттейтін маңызды қүрылым. Рубро-жұлындық жол арқылы ол жұлын мотонейрондарымен байланысады. Қызыл ядро сопақша мидағы Дейтерс ядроларының қызметін тежеп, дененің кеңістіктегі кейпіне қарай бұлшық ет тонусын езгертіп отырады. Қызыл ядро дененің қалыпты кейпі мен тепе-теңдігін қамтамасыз ететін тонустық рефлекстердің атқарылуын реттеуде маңызды орын алады. Қара төсемік қызметі әлі толық зерттелмеген. Ол бұлшық ет икемділігін, қимыл үйлесімін реттеуде маңызды рөл атқарады деген болжамдар бар.
Ортаңғы және аралық ми (үстінен) 1 —сүйелді дене; 2 — тынық пердедегі қуыс; 3 — тынық перде; 4 — күмбез (алдыңғы аяқшаларының көлденең кесіндісі); 5 — алдыңғы ақ жалғама; 6 — аралық масса; 7 — артқы ақ жалғама; 8 — төрт төмпешік (а — жоғарғы, б — төменгі); 9 — эпифиз; 10 —таламус; 11 — III қарынша; 12 — құйрықты ядро.
Аралық ми арқылы импульстер барлық рецепторлардан (көру, есту, тері, дәм сезу және т. б. ) үлкен ми сыңарларының қыртысына түседі. Жүру, жүзу сияқты күрделі қозғалғыш рефлекстердің үлкен бөлігі аралық мимен байланысты. Оның ядролары әр түрлі ішкі мүшелер жұмысын үйлестіреді. Аралық ми зат алмасуды, су мен тамақ ішуді, дененің тұрақты температурасын сақтауды реттейді. Аралық мидың кейбір ядроларының нейрондары гуморальдық реттелуді жүзеге асыратын биологиялық белсенді заттар, өндіреді.
Аралық ми Таламус Эпиталамус Гипоталамус
Эпиталамустың немесе көру төмпешігінің үстінде орналасқан. Мұның құрамында эпифиз атты ішкі сөлді без бар. Таламус шоғырланған сұр заттан тұрады. Осы сырт бейнесі жұмыртқа тәрізді төмпешіктің бауырында мидың үшінші қарыншасы жатыр, оның астын ала гипоталамус орналасқан. Таламустың құрамында 40 -тан аса шоғырланған негізгі нерв түйіндері бар. Олар орналасуына қарай алдыңғы, артқы, ортаңғы, бүйір, бауыр түйіндері деп аталады. Ал атқаратын қызметіне байланысты оларды арнамалы, бейарнамалы, байланыс және қозғалтқыш нерв түйіндері дейді. Омыртқалы жануралардың гипоталамусы - ағзаның ішкі ортасының жағдайын реттейтін нерв орталығы. Филогенездік тұрғыдан бұл мидың ең ерте пайда болған құрылымының бірі, сондықтан жерде өмір сүретін сүтқоректілерде жаңа құрылымдар – жаңа қыртыс пен лимбиялық жүйеге қарағанда оның құрылысы бірдей дерлік. Гипоталамус гомеостаздың барлық негізгі жақтарын басқарады. Дегенмен, децеберация жасалған жануарлардың тірлігін оңай сақтауға болса, гипоталамусы алынған жануардың тірлігін сақтау үшін ерекше қарқынды жағдайлар туғызу қажет болады, өйткені ондай жануардың негізгі гомеостаздық механизмдері жойылады.
Гипоталамус ядролары 1 -паравентрикулярлық ядро, 2 -шың (спайк), 3 -күмбез, 4 -қасаң дене, 5 -көру төмпегі (таламус), 6 - эпифиз, 7 -ми суағары, 8 -ортаңғы ми, 9 -артқы ядро, 10 еміздікше дене, 11 -дорсомедиальды ядро, 12 -латеральды ядро, 13 – вентромедиальды ядро, 14 -нейрогипофиз, 15 -аденогипофиз, 16 -көру жолының қиылысы, 17 -супраоптикалық ядро
Tema_6.ppt