
Менингит.ppt
- Количество слайдов: 30
Ми қабығы зақымдалу синдромы- менингит ОРЫНДАҒАНДАР: ЖҮКЕШ А. А. НҰРЛЫБЕК Қ. Қ. РЫСБЕКҚЫЗЫ А. ТУСУПБАЕВА А. М. 320 ТОП, ЖМФ.
Менингит – ми мен жұлын қабықтарының қабынуы. Туберкулезбен ауыратын анадан туған балалар кейде туғаннан кейінгі алғашқы айларда туберкулез менингитімен ауырады. Туберкулез менингиті
Менингиттер Арахноидит – торлы қабығының қабынуы Пахименингит – мидың қатты қабығының қабынуы Лептоменингит – жұмсақ қабығы мен торлы қабығының біріге қабынуы Сонымен қатар, менингит кезінде қабыну үрдісі эпендимада және ми қарыншаларының арасындағы қан тамырлы өрімде де өзгерістер болады.
Этиологиясы. Бактерия арқылы (менингококк, пневмококк, гемофильді таяқша, стафилококк, иерсиния. ) Вирус арқылы (эпидеми ялық паротит, энтеровирустар) Саңырауқұлақ арқылы (кандида), Спирохеталар (бозғылт трепонема, боррелия, лептоспира), Риккетсиялар, маляриялық плаз модия, токсоплазмалар, гельминталар арқылы және т. б. патогенді агенттер арқылы пайда болады Сондай ақ, кейде денеге түскен жарақаттан, құрт ауруынан, тұмау мен iш сүзегiнен де пайда болады.
Классификациясы Патогенетикалық ерекшнлігіне байланысты Біріншілік инфекциясыз немесе жергілікті қабыну процесс жүрмейді Екіншілік ауру негізінің асқынуы
Саңырауқұлақтық гельминтті Бактериалды риккетсиозды Этиологиясына байланысты Спирохетозды аралас Вирустық — протозды
Қабыну процесіне және цереброспинальді сұйықтықтың өзгеруіне байланысты Іріңді Геморрагиялық Серозды
Ауырлығына байланысты Ж ең іл Ау ы тү р рі Орташаауыр түрі Критерийлері: ü интоксикация белгісінің болуы; ü жалпымилық синдромының болуы; ü цереброспинальді сұйықтықтың қабынулық өзгерістері. тү рі
Асқынулар Тегіс (Гладкое) Ағымына байланысты Созылмалы ауруға ауысуы 2 лік инфекцияның қабатталуы Тегіс емес (негладкое) Өткір (острое) Ұзақ уақыт сақталу (затяжное) Ұзақтығы на байланыс ты Созылмалы
Жеделасты Жедел Ағымына қарай Қайталама созылмалы (рецидивті) Созылмалы
ь ді н ал Сп и е Цер і льд бра Орналасуына байланысты
Клиникалық белгілері Жалпымилық синдром Жалпы инфекциялық синдром Дене температурасының фебрильді санға дейін көтерілуі, гипертермия, діріл, терінің бозғылттануы, тамақ пен судан бас тарту. Жүрек тонының әлсіреуі, пульс жиілігінің өзгеруі, АҚ тұрақталмауы. ü Тері мен сезім мүшелеріндегі гиперестезия, омыртқа бойымен Керер нүктелерінің ауырсынуы ü Маңдай-самай аймақтарында бастың ауруы; ü Қайталама не көп құсу ü Естің бұзылуы (психомоторлы қозу, сопор, кома); ü Дірілдер (дірілдік жекебұлшықеттерден ірі дірілдік құлауға дейін); ü Баста, қабақта венозды торлануы; ü Көздегі көктамырдың кеңеюі Менингиалдық синдром • Мойынның шалқаюы. Баланың өңі кірмейді, сұлық жата береді, басы мен мойынын артқа шалқайтып ұстайды (Брудзинский симптомы) • Ту сыртының да шалқайып кететіні сондай, бала басын тізесінің арасына келтіре де алмайды; (Керниг симптомы) • Бір жасқа дейінгі баланың еңбегі көтеріледі (томпайып кетеді);
Менингит кезінде бастың ауруы өте күшті, төзімсіз болады және көбінесе маңдай және шүйде аймағында диффузды немесе шоғырланған болып келеді. Бас ауруы басты бұрған кезде, жөтелгенде, күшенгенде, жарық және дыбыс қоздырғыштарына күшейе түседі.
Нағыз қабыну процессі болмайтын әр алуан уыттанулардан (сынап, көміртегі тотығы т. б. ) ми қабығының тітіркенуін менингизм дейді.
Менингиттің барлық формалары менингиальді синдроммен сиппаталады. Ми қабықтарының қабынуы, улану және оның торлы қабығы асты кеңістігіне қан құйылу кезінде ми қабықтары тітіркенуіне байланысты менингиальдық синдром пайда болады.
Менингитпен ауыратын науқас бүйірімен жатады және қолы кеудесіне жанасып, аяғы ішіне қарай бүгілген күйінде жатады. Шүйде бұлшық етінің ригиттілігі науқас арқасымен жатқанда байқалады.
Симптомдар 1. «Тазы иттің» кейпі. Науқас басын шалқайтып, аяғын бауырына алып, ішін тартып шалқасынан жатады.
2. Желке бұлшықеттерінің сіресуі- желкенің тартылып тырысып қалуы. Дәрігер алақанын науқастың желкесіне апарып, басын имек болса, желке бұлшық еттерінің ерекше ширығуына байланысты басты еңкейте алмайды.
3. Керниг симптомы. Дәрігер науқастың бүгілген аяғын көтеріп созбақ болса, жіліншік бұлшық еттерінің қатты ширығуына байланысты оның аяғы тізе буынынан жазылмайды.
4. Брудзинский симптомы. Науқастың басын имек болсақ , аяқтары да иіледі жоғарғы (шүйделік) белгісі (1); кіндіктен төмен басқанда да аяқ иіледі– ортаңғы (маңдайлық) белгісі (б); Керниг симптомын тексерген кезде екінші жақтағы аяғы иіледі төменгі (контралатералді) белгісі (2). б 1
5. Мендель симптомы. Құлақтың сыртқы тесігінің алдыңғы жағын саусақпен қаттырақ батырып басса, науқас бетін тыржитып ауырсынғанын білдіреді.
6. Бехтеревтің бетсүйек рефлексі. Бетсүйегін балғамен тықырлатып көргенде беттің жақ жартысы ауырсынып тыжырынады, басы ауырады.
7. Лесаж (қолтықтан көтеру) белгісі. Егер ауру баланы екі қолтығынан ұстап көтерсеңіз ол аяқтарын бауырына жиып алып қозғалмай қалады.
Ми-жұлын сұйықтықтығының қабыну өзгерістері Ликвор қысымының жоғарлауы— жиі немесе сирек тамшылармен ағуы (ақуыз мөлшерінің жоғарлауы немесе қабықаралық кеңістікте қабынулық экссудаттың тежелуі); Мөлдірліктің (лайлы) немесе түстің (ақ, сарғыш жасыл) өзгеруі ; Плеоцитозда нейтрофилдің, лимфоциттің болуы немесе аралас; Ақуыз мөлшерінің жоғарлауы; Қант пен хлоридтің деңгейінің өзгеруі.
Менингококкті менингиттің дүниежүзілік таралуы (2009 ж. ) ♦ менингиттің бел аймағы ♦ эпидемиялық аймақтар ♦ спорадиялық жағдайлар
Невролог науқастан люмбальді пункция алуда. Науқастың арқасындағы қызыл қоңырқай іздер йод ерітіндісі (дезинфекциялық ерітінді). Менингококкцемияның теріге шығуы. Т е р і д е г і б р ө р т п е л е
Менингококктардың ми – жұлын сұйықтығында таралуы. Менингококктардың микроскопиялық көрінісі
Диагностика Клиникалық көріністері жалпы инфекциялы (көбінесе жоғары дене қызуымен), жалпы милық симптомдармен (бас ауырсыну, құсу, жүрек айну т. б. ), ес бұзылыстарымен (сопор, кома және психика бұзылыстарымен, сандырақ, галлюцинация), мидың зақымдалуының ошақты белгілерімен парез, паралич, жұтынудың, сөйлеудің бұзылыстарымен, эпилепсиялық ұстамалардың болуымен, менингиалдық белгілермен сипатталады.
Жедел көмек Менингиттің жедел ағымында (ауыр коматозды жағдай, ми ісінуі, коллапс) оқиға болған жерде тамыр ішіне 20 40 мг лазикс, 10 мл 2, 4 % эуфиллин ертіндісін 40% глюкоза ертіндісіне қосып енгізеді, 8 12 мг дексаметазон немесе 60 90 мг преднизолон енгізу қажет. Менингиттің жіті ағымы туралы күмән болмаған жағдайда стационарға жіберер алдында бұлшықетке 3 000 ӘБ пенциллин, 25% магний сульфаты (10 мл), 1 % димедрол ертіндісін (1 2 мл) енгізеді. Ми ісінуі қарқындай түссе дегидрациялық терапия жүргізіледі. Осы мақсатта лазикс және гидрокортикоидтар қолданылады. 2 4 мл 50% анальгин ертіндісін бұлшықетке енгізеді, тырысу мен психомоторлы қозуды алдын алу мақсатында тамыр ішіне 4 6 мл 0, 5 % седуксен ертіндісін енгізеді. Бұл жағдайда тырысуға қарсы, құсуды басатын, ауырсынуды басатын седативті және гипотермиялық әсері бар дәрілердің комбинациясын қолдану тиімді. Мысалы , 0, 5 % седуксен (1 мл), 0, 5 % галоперидол (1 мл), 1% димедрол (2 мл), 4 % амидопирин (5 мл) ертіндісін тәулігіне 3 рет енгізуге болады.
Жедел көмек Инфекциялық шоктың ауыр ағымында бүйрек үсті безінің жетіспеушілігі байқалады, сондықтан бұл жағдайда міндетті түрде тамыр ішіне глюкокортикоидтарды енгізу қажет. Жедел түрде инфузиялық терапия түрінде натрий хлоридінің изотониялық ертіндісі 10 % глюкоза ертіндісімен, полиглюкин немесе реополиглюкин енгізіледі. Инфузиялы ертіндінің бірінші порциясына (500 1000 мл) 125 375 мг гидрокортизон немесе 30 90 мг преднизолон, 500 1000 мг аскорбин қышқылын қосады. Артериалық қысым қалпына келгенше дейін осы ертіндіні тамыр ішіне енгізеді. Аурхана алды кезеңде инфузиялы терапияны бастауға мүмкіншілік болмаса жүрек гликозидтерін, адреномиметиктерді глюкокортикоидтармен бірге енгізеді. Жедел жәрдем машинасында қажет болса жүрек гликозидтері мен адреномиметиктерді қайталып енгізіп, егер инфекция шок жағдайында артериалық қысым мен пульс қалпына келмесе қайталап тамыр ішіне глюкокортикоидтарды енгізуге болады.
Менингит.ppt