керамика.pptx
- Количество слайдов: 28
Металлды керамикалқ көпір тәрізді протез дайындаудың клиникозертханалық кезеңдері. Мамыров Нұрсұлтан Стомотология факултеті 2 -курс 16001 -02
Жоспар: 1. 2. 3. 4. 5. Металло керамикалық сауыт дайындаудың кезеңдері Көпір тәрізді протездер: анықтамасы, өзіне тән ерекшеліктері; Көпір тәрізді протездерді қолданылу жағдайлары; Көпірлі протездердің түрлері. Консольді көпірлі тіс протезі. Көпірлі тіс протезін жасаудағы биомеханикалық заңдылық принциптері; Көпірлі тіс протезіндегі аралық бөлімінің пішіндері. Көпірлі тіс протезін жасаудағы клинико зертханалық кезеңдері.
Металды-керамикалық тіссауытты жасаудың 1 -ші лабораториялық кезеңі: vҚалып өлшемінің сапалығын анықтау; vҚұрамалы мүсін құю; v. Егелген тіс тұқылын лакпен жабу; v. Гипс мүсінде қалпақшаны балауызбен немесе пластикпен мүсіндеу; v. Балауыз қалпақшаны металға ауыстыру; vҚалпақшаны өңдеу.
Қалып-өлшемге баға беру Өлшем массасы қасықта мықты тұрады, протездік тіндердің көріністері анық болулары керек, яғни мойны, тіс аралық кеңістік, жанасусы беттер, альвеолярлық өсінді жақсы көріну керек.
Құрамалы мүсінді құю Ол үшін қалып-өлшемді ағып тұрған суға жуады. Әрбір егелген тіске міндетті түрде металл штифтерді бір-біріне паралель етіп үшкір ұштарымен қадайды. Осыдан кейін супергипсті қолмен немесе арнайы қондырғыға араластырып мүсін құяды. Қалыпөлшемнен мықты гипстен құрамалы мүсін құяды. Бұл үшін қалып-өлшемдегі егелген тістердің кесу қырларының немесе шайнау беттерінің орталарына метал шифтер орнатылады
Сауыт қалпақшасын құю кезінде қолданатын қортпаның отырғыштығын болдырмау үшін арнайы лак қолданылады. Тіс штампигінің тұқылына, кемерден асырып лактың алғашқы қабатын жағады. Лактың тістің тұқылына мойын бөлігіне 1 -мм жеткізбей жағады. Әрбір жаққан лак қабаты түрлі-түсті болып келеді. Осылайша, мүсінге лактың жақсы әрі біртегіс жағылғандығын тексеру оңай
Осыдан кейін тіс штампигінің бетін вазелин майымен жұқа етіп жағады. «Воскотоп» қондырғысын белгілі бір температураға дейін қыздырып, балауызды ерітеді. Тістің бетін қажетті қалыңдықта жабу үшін, ертілген балауызға тіс штампигін батырады. Балауыздың қалыңдығы 0, 4 мм-ден кем емес болу керек. Қалпақшаны пластмассамен даярлау үшін екі пластмассалық дөңгелек табақшаларды қысқышқа бекітеді де, от жалынында қыздырады. Содан соң дөңгелек терді, мольдинмен, техникалық пластилинмен немесе керамопластпен толтырылған кюветаның үстіне орнатадыда, тіс штампигін молдинге батырады. Дайын болған қалпақшаны штампиктен шешіп алады да, кемерден 0, 5 мм жоғары етіп кеседі. Қортпаның отырғыштығын ескеру үшін арналған ішкі қақпақшаны алып тастайды.
Дайын қалпақшаларға балқыған метал ағатын құю жүйесін орнатады. Олар қалпақшаның кесу қырларында немесе шайнау беттерінде орнатылады және балауызды металға ауыстыру үшін арғарай жасалады. Металкерамикалы протездер құю үшін Ultratec, Wiron 77, Degudent қортпалары қолданылады
Металды-керамикалық сауттың құйма процесінен кейін өңдеу жүреді, қалпақшаны қалыптық материалдардың қалдықтарынан ағын сумен тазартады, құмсепкіш қондырғыда өңдейді, абрзивтермен қалпақ шаның бетін тегістейді. Қалпақшаның вестибулярлы және бүйір қабырғаларының қалыңдығы 0, 3 мм кем болмауы керек, антогонис тістерге дейінгі арасы 2 мм көп емес, бірақ 1, 5 мм-ден аз болмауы тиіс. Қалпақшаның шетін тіс тұқылының мойын тұсында шамалай отырып, мұқият өңделеді. Қалпақша мүсінде, кейін ауыз қуысында тексеріледі.
Ø Көпір тәрізді тіс протезі – тіректі тістерге бекітілген тіс қатарының шектелген ақауының тіс протезі. Ғылыми-техникалық прогрестің дамуы арқасында XIX ғасырдан бастап, көпірлі тіс протезінің конструкциясы да, технологиялық жасалынуы да ең жоғарғы дәрежеге жетті, және бүгінгі күнде тістесудің, тіс қатарының ішінара ақауын емдеудің ең жақсы, тиімді тәсілі болып саналады.
Көпірлі тіс протезінің өзіне тән айырмашылықтары: Ø Формасы және мөлшері жағынан ол табиғи тістерге жақын, көлемі кішірек болады. Ø Тістесудің шайнау тиімділігін 90 -95% қалпына келтіреді, шайнау қысымын тіректі тістерге түсіреді және функционалдық жөнінде тіс протезі орнының тіндеріне физиологиялды. Ø Әсемділік жағынан жарамды, сөйлеген сөзді, ауыз қуысының рецепторлық, температуралық сезгіштігін бұзбайды.
Ø Тіс протезіне ауру аз уақытта үйреніп (екі тәулік), оны ұзақ уақыт пайдаланады. Ø Материалдары ауыз қуысының тіндері мен ағза орталығымен биологиялық жақтан үйлесімді. дейін кейін
Көпір тәрізді протез 2 бөліктен тұрады: 1. Тірек бөлімі (протездің аралық бөлімі бекінетін тірегі болып табылатын тістер) 2. Аралық бөлім (жоқ тістің орнын толтырып тұратын бөлім)
Аурудың клиникалық жағдайы бағалануымен және де ауыз қуысы тіндерінің, ағзалардың саулығын ескере отырып, тіс протезі солармен тікелей тура бірлесіп, әрекет істеу үшін көпірлі тіс протезі мына жағдайларда салынады (тіс қатарының бұзылуының дәрежесін алсақ): Ø Жақтың тіс қатарында 1 -ден 4 тіске дейін жоқ болған жағдайда; Ø Тіс қатарының кіші ақауы екі жақтан тістермен шектелген жағдайда; Ø Тіректі тістердің пародонтының саулығы және де физиологиялық тұрақтылықтағы жағдайында;
Ø Тіректі тістердің клиникалық сауытының саулығы, пломбасы сапалы түбірінің өзегі жақсы пломбыланған болса; Ø Қарама қарсы тістер бұзылмаған немесе тіс протездерінің жағдайы қанағаттанарлық болса; Ø Тіс қатары ақауының альвеола өсіндісінің шырышты қабығының жағдайы сау болса; Ø Орталық окклюзияда бекітілген тістесуде тістер дұрыс окклюзияда түйіскен жағдайда;
Көпірлі тіс протездерінің түрлері: 1. Құйылған көпірлі тіс протездері (өте кең таралған, мүсіндеуге және орнатуға қолайлы) 2. Штампталған металл сауыттардан және комбинирленген денесінен тұратын көпірлі тіс протездері. 3. Пластмассадан жасалған көпірлі протез. 4. Металлокерамикалық және металл-пластмастық көпірлі протез – фасетка деп аталады. 5. Құлып ұстағыштары бар көпірлі протездер(тірек тістерге сауыттардың орнатуын қажет етпейді) 6. Адгезиялық көпірлі протездер(орнату үшін қазіргі заманның композиттік материалдары қолданылады).
Көпірлі тіс протезіндегі аралық бөлімінің пішіндері: 1. Жанаспай орналасқан 2. Жанасып орналасқан 3. Ер пішінді
Тіс қатарының ішінара ақауын көпірлі тіс протезімен емдегенде клиникалық көрсеткіш өлшемімен бірге биомеханикалық заңдылықтармен санаса отырып, конструкциялау керек. Биомеханикалық заңдарды есепке ала отырып көпірлі тіс протезін құрастырғанда кейбір өте қажетті принциптерді есте ұстауымыз керек: I принцип: көпірлі тіс протезінің жасанды тістері тіректі элементтерімен бір сызықта қосылады
II принцип: көпірлі тіс протезінің жасанды тістерінің окклюзиялық беткейінің кішілеу болу керек. Жасанды тістердің негізгі тіректі төмпешіктері мүсінделеді, қалған төмпешіктер аса білінбеуге тиіс.
Бір тістің жоқтығынан пайда болған тіс қатарының ақауын көпірлі тіс протезінің біржақты тіректелген консольді түрімен емдеуге болады. Көпірлі тістің консольді түрін жоспарлағанда осы ережелерді ұстанған дұрыс: ü тіректі тістің функционалдық төзімділігінің коэффициенті, жоқ тістердің функцоналдық төзімділік коэффициентімен бірдей, немесе одан артық болуы керек; ü тіректі тіс, тіс қатарының ақауының жайында дистальді жайғасқаны жөн; ü Консольді көпірлі тіс әсемділік құндылығын сақтауы тиіс. Ескерту: Төменгі күрек тістердің тобына консольді көпірлі тіс протезі қолданылмайды.
Көпірлі тіс протездерін жасаудағы клинико-зертханалық кезеңдері Ø I клиникалық кезең: 1. Тексеру, емдеуді жоспарлау 2. Тіреуші тістерді одонто-егеу. Егеу нәтижесінде тіреуші тістер циллиндр пішінге келуі тиіс. Тіректі тістердің өстері біріне параллельді болуы тіс сауыты қабырғасын егегенде өте маңызды. 3. Егеуден кейін, қос қабатты қалып мөлшерін алу.
Ø I зертханалық кезең: 1. Қалыптан мүсін құю. Жасалған мүсінді окклюдаторға бекіту. 2. Тіреуші тістерді балауызбен мүсіндеу 3. Металл штамптарын алу: - алғашқы - соңғы металл штамптары 4. Металл сауыттарды алу
Ø II клиникалық кезең: 1. Металл сауыттарды тіреуші тістерге кигізіп көру 2. Қалып алу
Ø II зертханалық кезең: 1. Көпірлі протездің аралық бөлігін мүсіндеу 2. Аралық бөлігінің балауызды мүсінін металлға ауыстыру 3. Дәнекерлеу 4. Ағарту
Ø III клиникалық кезең: Дәнекерленген көпірлі протезді тістерге кигізіп шақтап көру Ø III зертханалық кезең: Көпірлі протезді өңдеу, жылтырату.
Ø IV клиникалық кезең: Дайын протезді цементпен аурудың тіс қатарына бекіту.
Назарларыңызға рахмет!!!
керамика.pptx