РДиГБ 1401 Бахытжанова Н.Б..pptx
- Количество слайдов: 18
Металл ыдыстарына сипаттама Бақытжанова Нұрханым РДи. ГБ 1401
Ыдыс-аяқ - күнделікті тамақты дайындап, ішіп-жеу барысында пайдаланылатын тұрмыстық заттар жиынтығы. Ыдыс-аяқ қолдану жағдайына байланысты - тамақ дайындайтын: кастрөлдер, табалар, қаз ан, ожау, кәкпір, тамақ қабылдайтын: тәрелкелер, табақ, қасық, шанышқы, кесе, стақан, с аптыаяқ және тамақ сақтауға арналған ыдыстар деп бөлінеді
Металл ыдыстар Металл ыдыс-аяқ шойыннан, алюминийден, жезден т. б. жасалынады. Алюминий ыдыс белгілі бір соқпа қалыппен және құйма әдіспен жасалады. Соқпа қалып ыдыстары пайдалану мақсатына қарай түбінің қалыңдығы әр түрлі болып шығарылады (жеңілдеуінде— 1, 5 мм орташасында — 2 мм, ауырынікі— 2, 5 мм). Құйма ыдыс-аяқтар (таба, кастрюль, қазан т. б. ) негізінен қою тамақтарды қуыруға, бұқтыруға және пісіруге арналған. Алюминий ыдыс-аяққа әр беру үшін оған күміс, хром жалатып түрлі түсті бояулармен бояйды. Алюминий ыдыс ыстыққа өте төзімді (алюминийдің балқу температура 6580 С), температураның күрт (кенеттен) өзгеруі де қауіпті емес.
• Алюминий ыдыста пісірілген тамақтық дәмі, түсі, исі бұзылмайды. Мұндай ыдыстарда кез келген тамақты, оның ішінде көбірек тұздалған және құрамында органикалық қышқылы көп тамақтарды да пісіруге болады. • Алюминий ыдыста тамақты 2 тәулік -тен артық сақтауға болмайды; тұздалған қияр, капуста т б. осы сияқты тамақтарды да салмаған абзал, өйткені қышқылдық, сілтінің әсерінен ол тез сыр береді. • Алюминий ыдысты алғаш рет пайдаланар алдында ішіне май жағын, су қайнату не сүт пісіру керек.
Мырыштан жасалған ыдыстар • Мырыштан жасалынған ыдыстар • Мырышталған ыдыстар алдын ала мырыш жал атылған темір табақтарынан болмаса • қара темірдің өзінен жасалады. Кейінгісіне мырыш ыдыс дайын болған соң жалатылады. • Мырышталған ыдыста тамақ пісіруге, ауыз суды қайнатуға болмайды. Өйткені мұндайда пайда болатын мырыш тұзы адамға зиян. Мұндай ыдыстарда азақ-түлікті консервілеуге (мысалы, саңырауқұлақ, капустаны т. б. ) болмайды. • Мырыш жалатылған ыдысқа қышқылды, сілтілі ерітінділер (кір жуатын • порошок) ас тұзы әсер етіп, мырыш жалатпаның бұзылуын тездетеді. • Мырышты ыдыстарды кір жууға, кір қайнатуға, су, керосин сақтау үшін пайдалануға болады. • Тоттанбайтын темірден жасалатын ыдыстарды негізінен сұйық тамақ пісіруге (себебі түбі жұқа әрі ыстыққа төзімді келеді) және тамақты ұзақ сақтауға (тамақтық дәмі бұзылмайды) пайдаланады.
Шойыннан жасалған ыдыстар • Шойын ыдыстар қуырып, бұқтырылып пісіретін тамақтарға қолданылады. • Шойын ыдыстың түсі қара, көбінесе ыдыстың ішіне кейде екі жағына бірдей әйнек түсті эмаль жалатады. • Қара шойыннан жасалған ыдыстардың беті кедір-бұдыр болады. Сондықтан да оны тазалағанда ерекше ұқыптылық керек. Өйткені дұрыс тазаланбаған жағдайда оның бетін тат басады. Тат дайындалған тамақтың дәмі мен түсін бұзып, адам организміне зиянды әсер етеді. • Сонымен қатар темір тұздары витаминдерді жойып жібереді. • Эмальданған шойын ыдыстар органикалық қышқылдардың, тұздардың, сабын және сілтілердің өсеріне төзімді келеді. • Эмалы кеткен ыдысқа тамақ пісіруге болмайды.
Жез ыдыстар • Жезден жасалған ыдыстар негізінен су, қайнатпа (варенье) қайнатуға т. б. арналған. Оларды алюминий және эмальды темір ыдысқа қарағанда ұзақ пайдалануға болады. • Жез ыдыстарды ұзақ уақыт пайдаланбаса қарайып кетеді және бетінде жасыл жұқа қабат пайда болады. • Ыдысқа органикалық қышқылдар, сүт, май және көптеген тағамдар әсер етеді. • Тамақ пісіруге және ауыз суды қайнатуға арналған жез ыдыстың ішкі жағына міндетті түрде қола жалатады. • Қайнатпа қайнататын ыдыстың ішкі жағына қола жалатпайды. Өйткені жездің жеміс-жидектің құрамындағы органикалық қышқыл мен әрекеттесуіне қанттың жоғары концентраты кедергі жасайды. • ЬІдыстың сыртқы бетіне никель не хром жалатады.
Асхана құралдары, көмекші құралдар.
Көмекші құралдар: • салаттарға арналған қасық – асханалық қасықтан үлкенірек, онымен ортақ ыдыстан әркім салатты өз тәрелкесіне салып алады; • сұйық тағамдарды тәрелкеге құюға арналған үлкен қасық (ожау); • сары май жағуға арналған пышақ ұшы жалпақтау болады; • ірімшік кесуге және салуға арналған шанышқы тісі бар және орақ пішінді болады;
Құралдар 1 -негізгі тәрелке, 2 -көжеге немесе ыстық тағамға арналған тәрелке, 3 -салатқа арналған пышақ, 4 -етке арналған пышақ, 5 -балыққа арналған пышақ, 6 -көжеге арналған қасық, 7 -теңіз өнімдеріне арналған шанышқы, 8 -шай/кофе ыдысы. 9 -шарапқа арналған бокал, 10 -суға арналған стақан, 11 -салатқа арналған шанышқы, 12 -етке арналған шанышқы, 13 -балыққа арналған шанышқы, 14 -нанға арналған тәрелке, 15 -май жағуға арналған пышақ, 16 -шайға/кофеге арналған қасық, 17 десертке арналған шанышқы.
Асхана майлықтары
Майлықтың дастархан жабдығына қарай қажетті түрлері • Мата майлық зығыр және мақта маталардан жасалынады. Түстері бірыңғай ақ немесе басқа түсті, шеттері кестеленген, өрнектелген және басқа да ерек белгілермен безендіріледі. Пішіні - төртбұрыш, көлемі- әр түрлі. • Майлықтың негізгі қажеттіліктері: • Тамақтану кезінде мәдениеттіліктің, ұқыптылықтың және тазалықтың кепілі: • Киімді үстел басында байқаусызда түсіп кететін тамақтың үгінділерінен, тамып және шашырап кететін тамшылардан бұлғанудан сақтайды; • тамақ үстінде және тамақтан кейін майланған саусақтарды, ерінді сүртеді; • әдемі бүктеліп қойылған майлық дастарқанға салтанатты күй және сән береді;
Қағаз майлықтарының пішіні, көлемі, түрлі-түсті болуы және қолдануы мата майлықтармен сайма-сай келеді, айырмашылығы қағаз майлықтары қолданыста бір мәрте ғана болады. Қағаз майлықтардың қолданыстағы түрлері: дастарқан жабдықтарына арналған тілім түрі (ауыз, қол сүртуге қажетті); ас үйге арналған орама майлық (тағам түрлерін дайындау барысына қажетті);
• Сәндеу түрлері: • Жүзікті классикалық майлық - майлықты төртке бүктеп, алдыға жабық шеттерімен ромбы тәріздес етіп қояды. Оң жақ бұрышын майлықтың ортасына қарай бұрап, сол жақ бұрышымен бір-біріне кіретіндей етіп жабу керек. Майлықтың төменгі жағы үшкір болып бұрыштанады. Майлықты төңкеріп, қысып ұстап тұрып жүзік кигізеді. • Қарапайым бант - ол жүзікті классикалық майлыққа біршама ұқсас. Майлықты төртке бүктеп, алдыға ромбы тәріздес етіп, ашық жағын солға қаратып қояды. Майлықты төменгі жағынан бастап гармошка түрінде бүктеп, жүзікті ортасына дейін кигізеді де, екі жағындағы бүктемелерді жазады.
Сыпайы гофре - төртке бүктелген майлықты алдыға ашық жағымен жоғары қарай ромбы тәріздес етіп қойып, беткі қабатын ромбының төменгі бұрышына дейін қайырып, сол қайырымды гармошка түрінде жияды (бүрмелер сақталу үшін ауыр затпен басып қояды). Келесі қабатты да беткі қабаттай жияды. Бүрмелері сақталу үшін аздап үтіктеп, майлықты бүрмелері алдыға тігінен келетіндей етіп бұрып, екі шеткі ұшынан ұстап, сол екі ұштың ортасынан бүрмелерді үстінен келтіріп бүктейді.
• Салтанатты стиль - төртке бүктелген майлықты алдыға ашық жағымен жоғары қарай ромбы тәріздес етіп қойып, бірінші қабатын ромбының ортасына дейін бұрайды. Келесі қабатын бұрап бірінші бұрамға дейін әкеледі, үшінші қабатты бұрап екінші бұрамға дейін әкеледі. Майлықтытың шеттерін бүктеп, бүрмелерін қиғаш келтіріп тәрелкеге қояды. • Желкен • Қалпақша • Май шам және т. б.
Назар аударғандарыңызға рахмет!!!
РДиГБ 1401 Бахытжанова Н.Б..pptx