saba_1179__9.pptx
- Количество слайдов: 45
Менструальді алды синдром. Климактериялық кезең бұзылыстары. Босанудан кейінгі психоздар. Сабақ № 9 6 курс.
«Менструальді алды зорланушылық» деген терминді ең алғаш рет R. T. Frank 1931 жылы енгізген, ал “менструальді алды синдром”терминін - Greene және Dalton 1953 енгізді. Алайда 1847 жылы врач Ernst F. Von Feuchtersleben былай жазды: “Сезімтал әйелдердегі менструация әрқашан ішкі мазасыздықпен, тітіркен гіштікпен өтеді ” (цит. Rubinow & Schmidt, 1995)
Түсініктің анықтамасы Психиатрияның ұлттық анықтамасында, менструальдіалды өзгерістер немесе «өмір сапасын төмендететін аса ауырлықта симптомдардың циклді түрде қөрініс беруі өмірдің кейбір сферасын бұзатын және менструациямен нақты байланысты» (Endicott et al. , 1981), симптомдар интенсивтілігін жоғарлатады, фолликулярды фазада бағаланатын, яғни менструальді циклдің 510 күнініде ең аз дегенде 30%, менструальді алды фазада байқалатын симптомдар интенсивтілігімен салыстырғанда( мензис алдында 6 күн бұрын)
ПМС диагнозы «Кеш лютеин фазасының дисфориялық бұзылысы” деп DSM-III-R (APA, 1987) бөліміне жазылды, «Әрі қарай зерттеуді қажет ететін ұсынылған диагностикалық категориялары ”. Кейіннен жұмыс істейтін топ «Кеш лютеин фазасының дисфориялық бұзылысы” арнайы коммисияға доклад жасады, DSM-IV, оның негізгі рекомендациясында «менструальдіалды дисфориялық бұызылыстар» атауымен кірді.
Классификация МКБ-10 (World Health Organisation, 1992) мына рубрикаға енді N 94 -3 “Әйелдер гениталиі менструальді циклге байланысты, ауырсыну және басқа бұзылыстар”, ягни соматикалық бұзылыс болып “предменструальді зорланушулық синдромы” деп аталды.
Критерилері А. Соңғы 5 жылда немесе одан көбірек уақытта менструальді циклдерде келесі симптомдар(ең аз дегенде төмендегі симптомдардың біреуі болса 1, 2, 3, 4). Лютеинді фазаның соңғы аптасында ұзақ уақыт байқалып, фолликулярлы фаза басталған кезде біраз әлсіреп және менструация аяқталғаннан кейін бір апта бойы жоғалып кетсе: 1) айқын төмендеген көңіл күй, өз өзін шарасыз сезіну, өзін өзі төмендету; 2)айқын үрей, зорланушылық (напряженное) жағдайда болу, «аралық» (состояние на пределе) жағдайда болу 3)айқын эмоционалды лабильділік (мысалы, кенеттен пайда болған уайым, немесе жылағыштық, немесе жоғары сезімталдық); 4) тұлғаарасындағы конфилктің өршуі, тұрақты және қатты ызалану немесе тітіркенгіштік 5) субьективті сезім -назар аудару қиындайды ; 6) ұйқышылдық, тез шаршағыштық немесе айқын энергия тапшылығы 7) тәбетінің өзгеруі, асыра тамақтану немесе арнайы тамаққа деген әуестіктің пайда болуы ; 8) патологиялық ұйқышылдық немесе ұйқысыздық ; 9) өз өзін бақылау сезімінің жоғалуы; 10) басқада соматикалық симптомдар, мысалы сүт безіні ісінуі немесе ауырсынуы, бас ауру, бұлшық еттерде және буындарда ауырсыну, іштің кебу сезімі, дене салмағыны жоғарылауы.
Ескерту. Менструация келетін әйелдерде лютеинді фаза овуляция менструацияның бастапқы кезеңі аралығына сәйкес келеді, ал фолликулярлы фаза етеккірден басталады. Етеккірі келмейтін әйелдерде (мысалы, жатыр экстирпациясынан кейін) лютеинді және фолликулярлы фаза уақыттарын анықтау үшін қандағы жыныс гормондарының концентрациясын анықтауға тура келеді.
Б. Бұл бұзылыстар оқу және жұмыс қабілетін төмендетіп, қалыпты әлеуметтік қызметтер жүргізуге және басқалармен қарым қатынас орнатуға кедергі болады (әр түрлі әлеуметтік қызметтерді істеуден бас тарту, еңбек және оқу қабілетінің эффективтілігі мен өнімділігінің төмендеуі). В. Бұзылыс - бұл тек басқа ауруды өршуі ғана емес, мысалы ауыр депрессивті бұзылыстың, паникалық бұзылыстың немесе тұлғалық бұзылыстың (бірақта осы бұзылыстарға қосылуы мүмкін). Г. А, Б, В критерилері симптомдары соңғы екі циклдан кем емес уақыт аралығында күнделікті бағаланып қойылады. (Болжамалы диагноз бұл симптомдар нақтыланғанға дейін қойылады).
Әйелдердегі барлық өмір циклдарында байқалатын психикалық бұзылыстар Горманалды функцияларға байланысты пайда болатын бұзылыстар, мысалы босанудан кейінгі депрессия; Кейбір жүктіліктің алдын алатын препараттарды қолданғанда жағымсыз әсері ретінде дисфория пайда болады; Гормоналды алмастырушы терапия кезеңінде, сонымен қатар ауыр депрессивті және кезеңдік аффективті бұзылыстарда дисфориялық көңіл күй байқалады; Сондай ақ барлық өміріндегі дисфориялық етеккір алды синдромда дистимиялық, паникалық, әртүрлі алаңдаушылық бұзылыстары, ішімдікті және басқада психоактивті заттарды асыра қолдану, жедел және созылмалы депрессия, тұлғалық бұзылыстар және соматикалық аурулар, артериялық гипертензия, жүйелі қызыл жегі, эндометриоз байқалады
Диагностикалау және бағалау әдістері Budeiri және оның коллегалары (1994) зерттеу жағдайында емнің эффективтілігін бағалау үшін мынадай шкалаларды қолдануды ұсынады, мысалы « менструалды дистресс бағалау сұрақтары» (47 пунктов), «предменструалды күйзелісті бағалау» (88 пунктов), « предменструалдық формаларды бағалау» (95 пунктов) Бұл құралдардың қысқаша түрлері де бар, мысалы “предменструалды күйзелісті жағдайды бағалау шкаласы” – оның түрі “менструалды дистресс бағалау сұрақтары » , бұл көбіне күнделік жүргізетін әйелдерге қолайлы болып келеді. Әдетте қолданатын бағалау шкалаларының бірі “Күнделікті бұзылыс ауырлығын тіркеу” (бұл шкалада DSM-IV сипатталған етеккір алды дисфориялық бұзылыс симптомдары қарастырылған) және “Етеккірдің ауырлығы және әсері жайлы сипатталған”
Стероидты жыныс гормондары Етеккір циклі симптомдар дамуында стероидты жыныс гормондарының маңызы зор, бірақта қазіргі уақытқа дейін эндокринологиялық зерттеулерде айтарлықтай патологиялық ауытқулар анықталған жоқ. Негізгі және динамикалық жыныс гормондарында предменструалды синдром кезіндегі зерттеулерде лютеинді фазаға тән қандай да бір биологиялық бұзылыстар анықталмаған(Roca et al. , 1996). Schmidt және оның коллегалары (1991)өз зерттеулерінде науқас өзінің етеккірдің қай циклінде жүргенін білмес үшін прогестерон антагонситін қолданған, ол арқылы науқастың гормондарына әсер еткен ( жасанды етеккір шақырған). Сосын оларда гормоналды өзгерген ерте фолликулярлы фазадағы предменструалды синдромның симптомдары байқалған.
Серотонин маңызы Жоғары концентрациялы жыныс гормондары серотонинергиялық жүйенің жоғары белсенділігімен жүреді. Етеккір алды синдромы бар әйелдерде кейбір лютеинді фаза және цикл ағымында серотонинергиялық функциялардың белсенділігінің төмендеуі байқалады. Яғни бұл дисфориялық етеккір алды синдромын дамытады( бақылау тобындағы әйелдермен салыстырғанда). Яғни бұл етеккір алды синдромы бар әйелдерде уязвисмость белгілерінің пайда болуы мүмкін, ол дичфориялық етеккір алды синдромын дамытады. Серотонинергиялық жүйелердің бұзылыстары науқас жағдайымен тікелей байланысты (Halbreight, 1996). Дисфориялық етеккір алды синдром емінде серотонин ингибиторларын қолдану оң нәтиже көрсетеді(Eriksson, 1999).
Клиникалық диагностикалық категориялар (Steiner & Wilkins, 1996) Етеккір алды синдромы Төмендегідей критерилері бар: Әлсіз көрінетін психологиялық симптоматика, іш кебу сезімі, дене салмағының жоғарылауы, сүт безінің ауырсынуы немесе ісінуі, ауырсынулар, назарының бағытталуының төмендеуі, тәбетінің және ұйқысының бұзылуы. Тек осы симптомдардың біреуі ғана болу керек, бірақта ол лютеинді фазамен шектелу қажет және етеккір кезінде жоғалуы керек.
Предменструалды дисфориялық бұзылыс тар Анамнезінде бұрын психикалық аурудың басынан өткеруі. Соңғы жыл ағымындағы циклда симптомдардың пайда болуы, кәсіби және әлеуметтік міндеттерді орындауда кедергі болады. Етеккір алдында симптомдардың күшеюі байқалады, 50% жағдайда лютеинді фазада жағдайының нашарлауы медикаментозда терапияны қажет етеді.
Биологиялық субстраттар Тиреотропин-рилизинг-факторына жауап ретінде тиреотропты гормон секрециясының жоғарлауы Ұйқының ақырын фазасының ұзақтығының қысқаруы Мелатонин секрециясының өзгеруі Эритроцитте магния құрамының төмендеуі L-триптофанға кортизолдың және өсу гормонының секрециясының төмендеуі кортикотропин-рилизинг-факторы енуіне секрециясының жоғарлауы. Сонымен қатар плазмада b-эндорфиннің мөлшері төмендеген (Rubinow, 1992).
Предменструалды синдромды медикаментозды емдеу тәсілдері Halbreight (1996) медикаментозды терапияны екі категорияға бөледі: а) симптоматикалық ем б) овуляция үрдісін тежеу
Симптоматикалық ем Соңғы жылдары етеккір алды синдромды емдеуде ең маңыздысы серотонин ингибиторлары болып табылады. Сонымен қатар серотонинергиялық жүйені белсендіретін антидепрессанттар, мысалы флуоксетин, циталопрам, пароксетин, сертралин және кломипрамин етеккір алды синдромды емдеуде эффективті (плацебомен салыстырғанда). Серотонинергиялық емес антидепрессанттар, мапротилин және дезипрамин серотонин ингибиторларымен салыстырғанда әсері өте аз. Жақында жүргізілген зерттеуледе цикл ортасында серотонин ингибиторларын қабылдау эффективті болып келеді. Циталопрам тұрақты қабылдағанға қарағанда цикл ортасында қолдану тиімді, өйткені препаратқа деген толеранттылық болмайды(Eriksson, 1999). .
Көптеген аралас емдеу әдістері әртүрлі нәтижелермен қолданды. Альпразол мен бензодиазепин туындыларын лютеинді фазларда қолданды. Масло первоцвета мастоидини кезінде эффективті. Спиронолактан ағзаға су жиналып қалғанда эффективті, ал стероидты емес қабынуға қарсы препараттар кеш лютеинді фаза ауырсынуларында қолданады. Налтрексон жағымды әсер етеді, бірақ қосымша зерттеулерді қажет етеді. Витамин В 6 - серотонин синтезіндегі кофактор, етеккір алды симптомдарында тиімді, депрессияда тәулігіне 100 мг дозада қолданады (Wyatt et al. , 1999). Кейбір ашылған кішігірім зертеулерде магний, натрий и кальций микроэлементтерінің маңыздылығы көрсетілген. Рандомизирленген бақыланатын плацебо зертеулерінде гомеопатикалық зат (жидекті экстракт Vitex agnus castus) өз пайдалылығын көрсетті (Shellenberg, 2001). Көлденең бақыланатын плацебо зертеуінде тиболон, синтетикалық стероид плазмадағы b-эндорфин мөлшерін жоғарлатады (Taskin et al. , 1998).
Етеккір алды синдромын емдеуде өмір салтын өзгерту және психологиялық үлгілер (модел) Өмір салтын өзгерту үшін диетаны модификациялау, релаксация және физикалық жаттығулар бағдарламалары, сонымен қатар психотерапевтикалық ұсыныстар: қолдау топтары, когнитивті бихевиоралды терапияларға бөлуге болады. Осы әдістер жайлы толығырақ Rivera-Tovar және коллегалары (1994), сондай Pearlstein (1996) жазған.
Түрін өзгерткен диеталар Құрамында алкогол, тұз, кофеин, қанты бар тағамдық заттарды қолдануды азайту, кейбір зерттеулерде оң нәтижелер болды, бірақ олар бақыланбаған жағдайда өткен. Жиі құрамында көмірсуы бар жеңіл тағамдарды пайдалану тағамдық триптофан мөлшерін жоғарлатады, ал ол серотонин синтезін жоғарлатады. Етеккір алдында көмірсу пайдалану көңіл күйге және әуестікке оң әсер көрсетеді деген мәліметтер бар.
Релаксацияға үйрету Етеккір алды синдромында емдік тәсілдерге бихевиоралды терапия қосу пайдалы болып келеді. Дене шынықтырумен ылғи айналысатын әйелдер етеккір алдында шағымдарды аз айтады. Алты ай бойы отырып жұмысын істейтін әйел адамдарға дене жаттығуларын жасатып бақылау жүргізгенде көңіл күйіне, ағзада су жиналуына және сүт бездерінің ауырсынуына оң әсер көрсетті. Рандомизирленген бақыланатын зертеулерде нақтыланған етеккір алды синдромында аэробика оң әсермен бағаланды. Физикалық жаттығулармен шақырылған жақсарулар физиологиялық жне психологиялық өзгерістердің қорытындысы болып табылатыны әлі белгісіз.
Әйелдердегі климакс Етеккірдің тоқатуы әр ай сайынғы өз өзін «жаман сезінуден» босатады, бірақта бала туу қабілетінен айырады. Менопауза тек бір әйелге қатысты сұрақ ғана тудырмайды Менопауза тек әйелге ғана емес сонымен қатар партнеріне де тікелей байланысты жағдай болып келеді.
КЛИМАКС Климактериялық кезеңдегі гормоналды өзгерістер өз әсерін көрсетеді. Сонымен қатар әйелдік қасиетіндегі субьективті мәнінде ескеру қажет, әлі жыныстық партнер ретінде толыққынды өмір сүреді ме, әйел және ана ретінде басынан өтпеген және орындалмағандардың арақатынасы қандай? деген сұрақтарды ескеру қажет.
Көріністері Дене салмағының жоғарлауы немесе төмендеуі , вазомоторлы лабилділік, жиі көңіл күйінің өзгеріп отыруы, үрей, тітіркенгіш, қажеттіліктерінің төмендеуі немесе шамадан тыс жоғарлауы. Бұл симптомдарды тек гормоналды дизрегуляциямен және қайта қалыптасумен түсіндіруге болмайды Гормоналды өзгерістерге байланысты жыныстық паника байқалады. Батыс елдерінде жоғары әлеуметтік жағдайдағы әйелдерде менопауза кеш байқалады. Ал дамуы артта қалғанелдерде әйелдері ауыр физикалық жұмыс жасайтындарда менопауза ерте байқалады екен.
Менопауза басталған сәттен бастап өмірінің екінші жартысы басталады, бұл кезде әйел адамдарда соматикалық инволюция үрдістері тән, өмірінің бірінші жартысына қарағанда көңіл күйінің өзгергіштігі және айқын депрессивті реакциялар жиі байқалады. Психиатр М. Bleuler эндокринді жүйе және психикалық аурулар арасындағы байланысты толық зерттеген, сондықтан «климактериялық депрессияны» жеке нозологиялық форма ретінде қарау керек екендігін айтады. Американдық және европалық психиаторлар инволюциялық депрессияны өмірінің екінші жартысында пайда болады деген.
Босанудан кейінгі депрессия Денсаулық сақтау органдарында кең ауқымды мәселелердің бірі ретінде қарастырылады. Эпидемиологиялық зерттеулер бойынша 10 нан 15%ға дейінгі аралықта таралған. Босанудан кейінгі депрессия баланың ерте даму кезеңінде әсер ететін фактор ретінде қарастырады.
Тарих сұрақтары Гиппократ заманында созылмалы психоз жайлы айтылған, перинаталды инфекциямен асқынған жүктілік босанудан кейін өміріне қауіпті болған. Esquirol 1838 ж , сосын Магсе 1858 ж «Жүкті әйелдердің жағымсыз қылықтары(безумие)» (Lafolie desfemmes enceintes) атты жұмыстарында пуэрпералды психоз жайлы тоқаталған. 1968 ж. Pitt «босанудан кейінгі депрессия» терминін ұсынған және бұл аурудың клиникалық көрінісі атипті деген. Кшпаг және Robson перинаталды психиатрия түсінігін енгізеді, олар пуэрпералды психозды босанудан кейінгі депрессиядан ажырату керектігін айтқан.
Неліктен ұзаққа созылған босанудан кейінгі депрессия анықталмайды? Әлі күнге дейін босанудан кейінгі депрессия жеке клиникалық бірлік ретінде саналмайды, ол пуэрперилді кезеңнің психикалық бұзылыстарымен қатар қарастырылады немесе босанудан кейінгі психозға жатқызылады. Босанудан кейінгі депрессияға тән белгілердің бірі ананың көмек сұраудан бас тартуы. Олар бала күтімінде көптеген қиындықтармен кездеседі.
Деперессияда жүрген әйел бұрын болмаған мазасыздық сезімде жүреді, жас ана ауырлыққа төзімсіз, баяу, біреумен қатынасқа түскісі келмейді, баладан бас тартуы да мүмкін.
Аналарды негізі екі топқа бөлуге болады: Бірінші - өз анасымен конфликті жағдайлардың болуы немесе аналық сезімнің аз болуы. Оларға кейбір аналық және жыныстық аспектілерді қабылдау қиынға түседі. Екінші - көбіне олар жағымсыз уайымдардан айырыла алмайды немесе олар өмірлік жағдайларды реттей алмаушылықтан қорқады; бұндай әйелдердің анамнезінде бұрын басынан депрессиялық жағдай өткен.
Психологиялық қалыптасу Көптеген аналар босанудан кейінгі «аналық махаббатпен» балаға деген адаптация мәселелерін шешуді күтеді, бірақ бұл байланыс қалыптасу үшін ұзақ уақыттық екі жақтылық үйрену қажет (бірнеше ай). Анада депрессия кезінде негізі өз өзін кінәлау сезімі пайда болады. Кейбір аналар бала үшін тек өзі ғана жауапты деп санайды. Күнделікті күтім анадан физикалық және психикалық күшті қажет етеді, сондықтан олар көмексіз қалған күйге түседі.
Босанудан кейінгі депрессия клиникасы Жеңіл депрессияның әр түрлі симптомдары: пессимизм, қанағаттсыздық сезімі, тітіркенгіш, өміріне шағымдану, жылағыш, мұң, тек бір нәрсені күнде ойлау.
Анаға депрессия салдары қалай әсер етеді? Бақылаулар көрсеткендей, босанудан кейінгі депрессия жағдайындағы әйел депрессивті бұзылыстар дамуының жоғары қаупіне жатады. Босанудан кейінгі депрессиядағы соматикалық симптомдар әлсіреп біртіндеп когнитивті бұзылыстарының белгілері дамиды. Босанудан кейінгі депрессия дамуына әсер ететін факторлар (демографиялық, стресс). Оларға: анамнезінде депрессияның болуы, жүктіліктің екінші жартысында «депрессия бағалау Beck шкаласы» , психожарақат және де босану ағымы асқынуының болуы. Зерттеу қорытындылары бойынша босанудан кейінгі депрессия болашақта депрессия даму қаупін жоғарлатады.
Босанудан кейінгі кезең мен психожарақат факторлары босанудан кейінгі депрессия даму қаупін жоғарлатады.
Бала дүниеге келуі депрессия дамуын жоғарлатпайды, депрессия кезеңін жақындатады. Босанудан кейінгі психотикалық эпизодтар (депрессивті бұзылыстар, маниакалды жағдайлар меланхолия, шизофрения) бір екі айдан кейін жиілей бастайды, ал пуэрперилді кезеңде госпитилизацияны қажет ететін депрессия жағдайлары жоғарлайды Босанудан кейін тоғыз аптадан кейін оң нәтиже көрсеткіштер негізінде депрессия симптомдарын анасының баласына деген адаптациясын көрсететін көрсеткіш ретінде қарастыруға болады.
v. Бала туылғаннан кейін пайда болған депрессия атипті, перинаталды кезеңде аналарда суицидалды ойлар аз кездеседі. v. Босанудан кейінгі депрессияны анықтамайтынын және емдемейтінін ескерсек босанудан кейін мамандар қарауында болады. v. Босанудан кейінгі депрессия тікелей бала дүниеге келумен байланысты және бала тәрбиелеуде кедергі болады.
Тұлғалардың ерекшелігі «Халықаралық сенситивтілікті бағалау шкаласы» (International Sensitivity Measurement) тұлғалардың ерекшелігінің бес түрін ажыратады: q Қатынастан қорқу; q өз іс әрекеттерінде тұрақты қолдау күту ; q Ажырасу қорқынышы; q ұялшақтық; q «МЕН» нәзіктік сезімі
Анасында факторлар: депрессия туындататын Жасының 40 тан жоғары болуы африкалық этникалық топқа жатуы кәсіптік білімнің жоқтығы, Жұбайының белсенділігінің аз болуы босану алдында жұмыстарын толықтай тоқтату Бала күтіміне байланысты уақытша жұмысының тоқтауы Босанудан кейін медициналық көрсеткіштерге байланысты ана мен бала арасындағы қатынастың үзілуі Депрессия жағдайындағы аналар өз балаларын тым талапшыл деп ойлайды.
Босанудан кейінгі депрессия семиологиясы Аналарда зерттеу жүргізгенде келесідей депрессия симптомдар байқалады: Үрей Қайғы мен мұң субькетивті сезімдері Күшінің жоқ болуы Жылағыштық Ұйқысыздық Тәбетінің өзгеруі Үреймен қатар жүретін депрессияда жүрек қағу, бас ауру, паника сезімі, жабысқақ ойлармен қатар жүреді. Босанудан кейінгі депрессияда үш айдан кейін кең таралған симптомдар: көңіл күйінің төмен болуы, өзін жалғыз сезіну, ұйқысының бұзылуы, өзін жаман ана ретінде санау, уялшақтық сезімі мазалайды.
Бала дүниеге келгеннен кейінгі анадағы эмоционалды тұрақтылық бұзылыстары Бала дүниеге келгеннен кейін үш ай уақыттан кейін келесідей симптомдар тіркеледі: тітіркенгіштік, көңіл күйінің түсуі, үрей Алынған нәтижелерге сүйенетін болсақ «босанудан кейінгі депрессия» осы бұзылыстарға сай келетін термин болып саналады. Депрессияда болашағым күңгірт және күнделікті іс әрекеттерді жүзеге асыра алмаймын деп санайды.
Босанудан кейінгі депрессияның әр түрлі формасы v. Невротикалық депрессия v. Меланхолия сандырақтық ойлармен v. Депрессия невротикалық компоненттермен бірге v. Босанудан кейінгі депрессияның созылыңқы ағымы
Депрессия жағдайындағы ана мен бала арасындағы қарым қатынас o o Депрессия жағдайындағы ана мен бала арасындағы қатынастың төрт түрі бар: • көңіл күйі жоқ, баяу, үндемейтін, өз әлеміне кеткен ана, өз сезімін әлсіз білдіретін; холерикалық типтегі ана ішкі зорланушылық, беттің әр түрлі бұлшықеттерінің қатысы болуы; баламен қатынасы дөрекі аналар; жоғарыда аталағандардың барлығы бар аналар;
Диада емі нәтижесі «Бала – анасы депрессивті жағдайда» Депрессиямен жағдайындағы аналардың үш түрі: Ø Бірінші топ тек психологиялық қолдауды және психологиялық кеңесті қажет етін аналар, бұл көмекті үй жағдайында көрсетуге болады. Ø Екінші топ дәрігердің көмегін және антидепресанттардың қажетті дозасын тағайындауды қажет етеді Ø Үшінші топ депрессияны өте ауыр түрімен ауыратындар жатады, арнайыланған психиатриялық көмекті қажет етеді. .
Емдеу тәсілдері Cooper и Murray [21] 77% депрессия жағдайындағы аналарда жүргізілген емнен кейін (психологиялық кеңес, когнитивті бихевиоралды терапия) босанудан кейінгі бес айдан соң психопатологиялық симптоматикалар жоғалған, 40% әйел толықтай жазылған.
Психотерапия директивті емес психологиялық кеңес; баламен қарым қатынасқа бағытталған когнитивті-бихевиоралды терапия Қысқа уақыттық динамикалық психотерапия
saba_1179__9.pptx