
кук.pptx
- Количество слайдов: 15
Меншік және кәсіпкерлік Тексерген: Тлеубаев М. С Орындаған; Газизгалиев У. Г
1. Меншік қатынастарының мазмұны: құқықтық және экономикалық аспектілері. Меншіктің экономикалық қатынастар жүйесіндегі орны. 2. Меншіктің типтері, формалары және түрлері. Қазақстандағы меншіктің формалары мен түрлерінің көп түрлігі. 3. Меншікті жекешелендіру және мемлекетсіздендіру. Қазақстан: өтпелі кезеңдегі меншік қатынастары. 4. Кәсіпкерлік шаруашылықты жүргізудің әдісі ретінде. Кәсіпкерлік қызметтің ұйымдық құқықтық формалары: жеке иелену, серіктестік, корпорация.
Меншік қатынастарының мазмұны: құқықтық және экономикалық аспектілері. Меншіктің экономикалық қатынастар жүйесіндегі орны. Меншік ол иеле ну, билеу, басқару, пайдалану, меншіктену құқығы, яғни мүліктік құқық. Меншік бұрынғы, қазіргі және болашақ та ғы келген кез экономикалық жүйенің қызмет етуінің негізі болып табылады. Меншік, маңайындағы барлық тұрақты қоғамдық қаты настарды қалыптастырып және дамытып отыратын қоғамдық ұмты лыс болып табылады. Меншік формасынан көбінесе шаруа шылық өмірдің құбылыстарын ғана емес, сонымен қатар қоғамдық тетік, мемлекеттік институттар, қоғам өмірінің әлеуметтік және мәдени деңгейі тәуелді болып келеді. Меншік қатынасының сыртқы көрінісіне дәстүр мен әдет ғұрып, адамгершілік, мәжбүр ету, құқық жатады. Дәл осы құқықтар (заңдық) меншік құқығын заңды түрде реттеп, өзгерістерді есепке алуға (пайда болу, шеттеу, тоқтатылу және меншік құқығын қайта қалпына келтіру) мүмкіндік береді.
Меншік қатынастарының мазмұны өндіріс, оны бөлу (қайта бөлу), өнімдерді айырбастау және тұтыну бойынша адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды құрау. Бұл экономикалық теория пәнінің меншіктік қатынас тардыреттеп, оған анықтама беріп, жасаған негізгі түсінігі. Экономикалық теория меншіктік қатынастарда барлық өндірістің өсу ауқымдарын, олардың қайталану шылық, ұдайы өндірушілік негізі екенін көрсетеді. Меншіктік қатынастар бұл өндіріс құралдары, олардың күшімен өндірілетін тұтыну заттары ретіндегі иелену, бөлу, басқару, пайдалану және осылардан туатын меншіктену құқықтарымен тығыз байланысты, адам дарарасындағы жүйелі түрде қайталанатын, ұдайы өндірістік қатынастар. Меншіктің заңдық қатынастары бұл иелену құқығы, яғни мен иеленемін дегенді білдіреді. Иелену меншіктің бірінші және басты себебі. Бірақ өзінен өзі иелену меншіктің экономикалық мазмұнын сипаттамайды. Меншік субъектісін белгілеп, пассивті түрде де иеленуге болады. Заңды түрде оны қол данбауы әбден мүмкін, яғни өндірістік қатынастар пайда болғанша. Меншік иесі өз меншігін толық билеуі мүмкін босату, сыйға тарту, мұрагерлікке беру және т. б. , бірақ барлық осы қатынастардан экономикалық қатынастар туындамайды.
Сонымен, меншіктік қатынастардың экономикалық мазмұны, бұл: Ø өндіріс құралдарын жұмыс күшімен біріктіру, яғни өндіріс процесін ұйымдастыру; Ø өндірістің қоғамдық қаражаттары мен жұмыс күшінің пайда болуы; Ø қоғамдық маңызды материалдық игіліктерді (тауар) сату, жеке қызмет көрсету.
Меншіктің типтері, формалары және түрлері. Қазақстандағы меншіктің формалары мен түрлерінің көп түрлігі. Меншік – қашанда белгілі бір тарихи формаларда пайда болып дамиды. Тарихта меншіктің әр түрлі типтері белгілі. 1 рулық қоғам меншік типі ( алғашқы қауымдық меншік, отбасы меншігі) 2 Құл иеленушілік меншік типі және көпшілік жағдайда феодалдық меншік типі (бір адамның екінші адамға күш көрсету жолымен қосылуы) 3 Меншіктің капиталистік (буржуазиялық) типі. (жұмыс күшін сатып алу, сату арқылы қосылуы) Бұл типтер меншіктің қоғам бойынша алынған түрлері. Қоғамдық меншік дегеніміз бәрімізге ортақ игілік, яғни белгілі бір әлеуметтік немесе өндірістік қауымдастық шеңберінде әркім ортақ игіліктен өзінің үлесін алу құқығына ие деген сөз.
Меншіктің тарихи бастамасы ортақ меншік. Ол ортақ еңбек пен оның нәтижелерін бірігіп иеленуге негізделді. Ортақ меншіктің екі түрі бар: үлестік және бірлескен. Егер де мүлікте меншік иелерінің әрқайсысының меншік құқығындағы үлестері белгілі болса, онда мұндай ортақ меншікті үлестік меншік дейді. Ортақ бірлескен меншікте қатысушыларының үлестері белгіленбеген, сондықтан да олардың үлестері мүлікте тең деп есептелінеді. Бірлескен ортақ меншіктің мынадай түрлері болуы мүмкін: Ø ерлі – зайыптылардың ортақ меншігі Ø шаруа қожалығының ортақ меншігі Ø жекешелендірілген тұрғын үйге орта меншік.
Ортақ меншіктен кейін жеке меншік пайда болуы. Ол еңбектік және еңбектік емес болып бөлінеді, яғни өз еңбегіне және өзгенің еңбегіне негізделген түрлері. Меншіктің басты формаларының бірі – ұжымдық меншік. Ұжымдық меншік – бұл еңбек ұжымы өндіріс құралдары мен өнімдерін ортақ иемденіп, пайдаланып және іске жарататын экономикалық қатынастар жүйесі. Меншіктің келесі түрі – мемлекеттік меншік. Мемлекеттік меншік – бұл меншік нысандарын мемлекеттік билік өкілдерінің басқаруы мен іске жаратуды жүзеге асыратын қатынастар жүйесін білдіреді.
Меншікті жекешелендіру және мемлекетсіздендіру. Қазақстан: өтпелі кезеңдегі меншік қатынастары. Жекешелендіру дегеніміз – кең мағынасында алғанда, мемлекеттің экономикаға араласу процесін тұқырту, тікелей өнім өндірушіердің шаруашылық және технологияық бастамасына кең өріс ашу, жеке (мемлекеттік емес) секторларды дамыту саясатын жүргізу. Осы тұрғыдан түсіндіргенде жекешелендіру экономиканы мемлекет қарамағынан алу дегенге келіп саяды. Тар және кең ұғымды алатын болсақ, жекешелендіру мемлекеттік мүліктің қожайынының ауысуы, мемлекеттің қолындағы және шаруашылық мақсатқа пайдаланып жүрген мүліктерді жеке адамдарға немесе олардың бірлестіктеріне сату (кейде беру) деген ұғымды білдіреді. Жекешелендірудің негізгі мақсаты – бір орталықтан жоспарланатын экономикадан нарықтық экономикаға көшуіне қажетті жағдайлар жасау болып табылаы.
Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін мына төмендегі міндеттерді шешу қажет болады: көптеген мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлеу, мемлекеттің меншігіндегі обьектілерді шағын және жаппай жекешелендіру арқылы бағытталған шаруашылық құрылымдарды рынокқа сәйкес қалыптастыруды жеделдету; шаруашылық жүргізуші субьект ретінде жеке меншік топтарын қалыптастыру; бәсекелестік ортаны құру және өндірісті монополиясыздандыруды қамтамасыз ету; шағын және орта бизнесті дамыту; ірі және бірегей шаруашылық обьектілерін қайта құруды дербес жобалау арқылы іске асыру; жеке бизнестің артықшылығын және шетелдік инвесторларды тарту арқылы ұйымдастыру, шаруашылық құрылымдарын қалыптастыру;
Мемлекет иелігінен алу бұл мемлекетті экономи ка лықөмірді жоспарлау жөніндегі қамқорлығы мен жауап кершілігінен босату және тікелей шаруашылық басқару қызметінен босату болып табылады. Мемлекет иелігінен алудың негізгі принципі бұл еріктілік, еңбек ұжымдары мен жекелеген азаматтардың экономикалық қызығушылығы, жариялылық, мемлекет пен халықтың қызығушылықтарын сақтау. Барлық осы шаралар ұйымдастырылу, басқару және жұмысшылардың материал дық қызығушылығын тудыру негізінде еңбек өнімділігінің өсуіне әсер етуі керек. Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру бойынша ҚР бағдарламасы үш кезеңде жүргізілді: Ø жаппай жекешелендіру; Ø шағын жекешелендіру; Ø дербес жобалар бойынша жекешелендіру.
Кәсіпкерлік шаруашылықты жүргізудің әдісі ретінде. Кәсіпкерлік қызметтің ұйымдық құқықтық формалары: жеке иелену, серіктестік, корпорация. Кәсіпкерлік істі түріне немесе мақсатына қарай өндірістік, коммерциялық, қаржылық, кеңестік (консультативтік) деп бөлуге болады. Аталған кәсіпкерлік істің түрлері жеке түрде немесе бәрі бірге қызмет ете алады. Меншік формасына қарай кәсіпорын мен оның мүлкі жеке меншік, мемлекеттік, жергілікті, сондай ақ қоғамдық бірлестіктің (ұйымның) меншігі болуы мүмкін. Мемлекет бұл жерде жоғарыда аталған меншік формаларына ешқандай шектеуді немесе артықшылықты, басымдықты қоя алмайды. Меншік иелерінің санына қарай кәсіпкерлік іс жеке немесе ұжымдық болуы мүмкін. Жеке кәсіпкерлік істе меншік иесі жеке тұлға болып табылады. Ұжымдық меншік жағдайында мүлік бірнеше субъектілерінің иелігінде болады және ол үлестік меншік немесе жалпы меншік болып бөлінеді. Мүлікке иелік ету, пайдалану, басқару меншік иелерінің келісімі негізінде жүзеге асырылады.
Кәсіпкерлік істің түрлерін өз кезегінде ұйымдастыру құқықтық және ұйымдастыру экономикалық деп бөлуге болады. Ұйымдастыру құқықтық кәсіптік іс түрлерінің қатарына шаруашылық серіктестіктер мен қоғамдар, кооперативтер жатады. Шаруашылық серіктестіктер (толық) – арнайы кәсіпкерлік іспен айналасуға арнайыы құрылған тұлғалардың бірлестігі. Серіктестіктер кәсіпорындарды ұйымдастыруға екі немесе одан да көп әріптестер шешім қабылдағанда құрылады. Серіктестіктердің артықшылығы қосымша капиталды тартудың мүмкіндігінің болуы. Сонымен қатар бірнеше меншік иелерінің болуы әріптестердің әрқайсысының білімі мен біліктілігі кәсіпорын ішінде мамандануды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Кәсіпкерлік істің бұл түрінің кемшілігі – қатысушылар салым көлеміне қарамастан толық материалдық жауапкершілікте болады. Командиттік серіктестіктерде қатысушылардың бір бөлігі толық жауапкершілікте, ал екінші бөлігі шектеулі жауапкершілікте болады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер екеуден кем емесе азаматтардың немесе заңды тұлғалардың кәсіпкерлік істі жүзеге асыруға керекті салымдарын біріктіруі арқылы құрылады. Жауапкершілігі шектеулі қатысушылар өз салымының шегінде ғана жауап береді. Ал капиталды басқарушылар өз мүлкіне толық жауапкершілікте болады. Акционерлік қоғамдар – кеңінен таралған форма. Ұйымдасудың басқа түрінен айырмашылығы акционерлік қоғамдар бағалы қағаздар – акцияны сату арқылы керекті капиталды тарта алады. Бұл жерде қатысушы акционерлердің жауапкершілігі сатып алған акциялардың шегінде ғана болады.
Акционерлік қоғам. Өзінің жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлік қоғам болып табылады. Акционерлік қоғамның акционерлері осы заң актілерінде көзделген басқа жағдайларда оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және өзіне тиесілі акциялар құнының шегінде қоғамның қызметіне байланысты шығындар тәуекелін көтереді. Қоғамның барлық акцияларын бір акционер сатып алған жағдайда акционерлік қоғамды бір адамның құруы немесе бір адамнан тұруы мүмкін. Акционерлік қоғамдар ашық және жабық болып та кездеседі. Ашық АҚ қатысушылары басқа акционерлердің келісімінсіз өз акцияларын басқа біреулерге сата алады. Бұндай АҚ өздерінің шығарып жатқан акцияларын еркін сата алады, сонымен бірге көпшіліктің назарына жыл сайын жылдық есеп беруде, бухгалтерлік баланста пайда мен шығын есептерін жариялап отыруға міндетті. Жабық АҚ шығарылатын акциялар тек құрылтайшылар арасында немесе алдын ала белгіленген тұлғалар арасында бөлінеді. Бұндай қоғамның шығарылатын акциялары көпшілікке жарияланбайды.
кук.pptx