Meni_1187__1257_mirlik__1201_stanymym.pptx
- Количество слайдов: 15
МЕНІҢ ӨМІРЛІК ҰСТАНЫМЫМ Орындаған: Тумарбаева Алмуша БДҚ-211 топ
Психологтар «ұстаным» ұғымын адамның іс- әрекетке бейімділігімен байланыстырады. Социологтар оны жеке тұлғаның негізгі құндылығы есебінде атап көрсетеді. Саяси ұстаным қоғамдағы саяси қатынастар жүйесіндегі топтар немесе жеке адам жағдайы, орны және интегралдық сипаты. [1] Ішкі ұстаным - адамның езіне, басқа адамдарға және өзін қоршаған әлемде болып жатқандарға қатынасының орныққан жүйесі.
Менің өмірлік 7 ұстанымым: 1. Не болса соған сене берме, қолыңда бардың қадірін біл, уақытыңды құр бекерге жіберме! (Не верь всему, что ты слышишь, не трать все, что у тебя есть и не спи столько, сколько тебе хочется) 2. Адамдар сенен көмек сұраса, қол ұшын созудан бас тартпа! (Давай людям больше, чем они ожидают и делай это с радостью) 3. Өмірдің әр сәтінен сабақ ал! (Когда ты что-то теряешь, прими это как урок) 4. Болмашы өтіріктің немесе ұрыстың үлкен достықты бұзуына жол берме! (Не позволяй маленькой ссоре разрушить большую дружбу)
Үш нәрсені ұмытпа: өзіңді құрметте, өзгелерді құрметте және өз жасаған әр іс-әрекетіңе жауап бере біл! (Помни о трех китах: уважай себя, уважай других и отвечай за свои поступки) 6. Өміріңді адал және өзіңе лайықты етіп сүргейсің! Ертеңгі күні қартайғаныңда өткеніңнен рахат алатындай бол! (Живи честно и достойно. Когда ты состаришься и оглянешься назад, ты получишь истинное удовольствие от прожитых лет) 7. Жүрекке жол таба біл. . . (Научись читать между строк) 5.
ӨМІРЛІК ҰСТАНЫМ. . . Жастар 1. Уақыт бар 2. Күш-қуат бар 3. Ақша жоқ Үлкендер 1. Ақша бар 2. Күш-қуат бар 3. Уақыт жоқ Кәрілер 1. Уақыт бар 2. Ақша бар 3. Күш-қуат жоқ
Позитивті ұстаным: егер істей аламын деп сенсеңіз, істей аласыз Егер тиімді көшбасшы болам десеңіздер, сізге позитивті ұстаным қажет. Позитивті орныққан адам болу үшін не істеу керектігін қарастырайық: Табысты адам – өзіне лақтырған кірпіштерден мықты іргетас қалай алатын адам Сіздің ұстанымыңыз – сіздің таңдауыңыз. Орта адам, басқа адамнан ерлік жасауға жігерлендіруді күтеді. Өткен өміріңізде не болғанына қарамастан, сіздің өмірлік ұстанымыңыз – сіздің бүгінгі таңдауыңыз. Психолог Виктор Франклин мынаған сенеді: «Қандай жағдай болмасын, өзіңіздің өмірлік ұстанымыңызды таңдай білу, адамдық ерікке негізделеді» . Сіздің өмірлік ұстанымдарыңызды сіздің іс-әрекетіңіз анықтайды. Жанұялық өмір жөніндегі эксперт, кеңес беруші Деннис Уайтли: «Жеңімпаздың басымдығы туа біткен қабілетінде, интелектуалды коэффициентінде, дарында емес. Ол жағдайда емес, ұстанымда жатыр. Ұстаным – жетістіктің белгісі» . Қалай қимылдау керектігін ұстаным анықтайды, сондықтан ол бірінші орынға ие.
Сіздің адамдарыңыз – сіздің ұстанымдарыңыздың айнасы. Томас Эдисон өмір бойы позитивті ұстанымын және ынтасын өзінің бойына ғана сіңіріп емес, басқа адамдардың да бойына дарыта білген. Бір кездері ол: «Егер біз баларымызға қалдыра алатын жалғыз мұра, ынтагерлік болса, онда одан артық бағалы нәрсе болмас еді» , – деген. Жақсы ұстанымды қалпына келтіргеннен гөрі, қолдап отырған дұрыс. Егер позитивті ұстаным иесі болсаңыз, оны сақтап отыруға тырысыңыз. Басқа жағынан, қиын кездерді басынан кешірсеңіздер, өзіңізден, басқаларда көңіліңіз қалып, күйзеліске түспеңіз. Себебі ұстанымды тек сіз таңдайсыз, тек сіз барлығына өзгеріс енгізе аласыз. Ағылшындық хирург-кардиолог Мартин Ллойд-Джонс айтқан болатын: «Бақытсыздықтың бәрі өз-өздеріңмен сөйлесудің орнына, тыңдағандықтарыңда» . Ал сіздер қандай ішкі дауыстарды естисіздер? Әр түрлі адамдармен жұмыс істегенде олар мені ыңғайсыз жағдайға қалдырады деп ойлайсыздар ма? Жаңа істі бастар кезде бұл жұмысым сәтсіз болар ма екен деген ойлар мазалай ма? Егер ішкі дүниеңіз әр кез жаман ойлармен мазалай берсе, онда ойша жігерлендіретін сөздер айтып, ынтаңызды оятумен шұғылданыңыз.
Менің педагогикалық ұстанымым Ұстаз болу- жүректің батырлығы, Ұстаз болу- сезімнің ақындығы, Ұстаз болу- мінездің күн шуағы, Азбайтұғын адамның алтындығы. Еліміздегі өзгерістер мен білім беру жүйесінде болып жатқан жаңалықтар «мектептің жүрегі» деп орыны айшықталған мұғалімдер алдына жауапты да маңызды міндет қойып отыр. Абай атамыз: «бала тәрбиесіне 3 жақ әсер етеді, ата- анасы, ұстазы, және жүрген ортасы. Қайсысының ықпалы зор болса, баланың мінезі солай қалыптасады. » деген ойы ұстазға да ауыр салмақ салып тұр. Себебі баланың үш мезгілі ұстазбен өтеді. ХХI ғасырға оқушыларды қалай даярлаймыз, қалай оқытамыз, білімді қалай береміз, міне, осы сұрақтар мұғалімді күнде мазалап жүруі керек.
Мектептегі оқушыларға сапалы білім беру нәтижесі мұғалімнің ұстанымына байланысты. Ұстаным дегеніміз не? ( «Психологтар «ұстаным» ұғымын адамның іс- әрекетке бейімділігімен байланыстырады. Социологтар оны жеке тұлғаның негізгі құндылығы есебінде атап көрсетеді. Менің педагогикалық ұстанымым оқушыларға әділ болып, олардың білім сапасын көтеру болып табылады. Әрине, тек өз пәнінді жақсы білетін маман болу аз, оқушылардың жанын түсінетін адал, шыншыл тәрбиеші болу да қажет. Шәкірттеріміз мектепте алған білімін қоғамда қолдана білсе, нұр үстіне нұр емес пе? ! Алдымызда мөлдіреп отырған бүгінгі оқушылар, ертеңгі қоғамның мүшелері. Бірі- дәрігер, бірі- экономист, бірі- тілші болып, ұлы Абайдың сөзімен айтқанда, қоғамда кірпіш болып қаланады.
Meni_1187__1257_mirlik__1201_stanymym.pptx