Менеджмент.pptx
- Количество слайдов: 7
Менеджменттің түрлері Орындаған: Қарасаев Асқар Исмаилов Ғабит Тексерген: Қарғабаева С. Т
• Менеджмент (ағылшынша мanage – басқару, меңгеру, ұйымдастыру) – ұйымда немесе кәсіпорында жұмыс істейтін адамдардың еңбегін басқара отырып, алға қойған мақсатқа жетуді ұйымдастыра білу, әлеуметтік, оның ішінде білім беру үрдістерін басқару принциптері, әдістері, құралдары мен нысандарының жиынтығы. [1]“Менеджмент” ұғымының мәні мен мазмұны “басқару” түсінігіне ұқсас. Сонымен қатар менеджмент жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестіру, бақылау, ынталандыру сияқты қызметтерді атқарады.
• Ғылыми менеджменттің негізін салушы белгілі ағылшын ғалымы Фредрик Уинстоу Тэйлор (1856 – 1915). Оның еңбекті ұйымдастыру және өндірісті басқару жүйесі алғаш рет АҚШ-та 19 ғасыр мен 20 ғасыр тоғысында кең пайдаланыла бастады. Қазіргі замандағы менеджмент, негізінен, барлық экономикалық мектептердің тәжірибелері мен бағыттарының жетістіктерін қорытындылау арқылы дамуда. Менеджмент мақсат қоюға, жоспарлауға және саясатты қалыптастыруға міндетті. Ол үшін болжам жасайды. Менеджмент бойынша дәлелденген және жоспарланған операциялары бар ұйымдық құрылым жасау, адамдар арасында міндеттерді бөлу және жауапкершілік деңгейді белгілеу, нұсқау шығару мақсатында әр түрлі шешімдер қабылданады. Қазақстанда менеджмент қағидаттары, тәсілдері, амалдары нарықтық экономиканың өркендеуіне сай кеңінен таралған.
Менеджмент Өндірістік Қаржылық Инновациялық
• Өндірістік менеджмент – өндірісті басқару, меңгеру және ұйымдастыру, өндірістің тиімділігін көтеру және пайданы максимилизациялау мақсатында әзірленіп, қолданылатын, басқарылатын принциптерінің, әдістерінің, құралының және нысандарының жиынтығы. Өндіріс – қоғамның өмір сүруі және дамуы үшін қажетті материалдық өнімдерді шығаратын үрдіс. Қазіргі заманда өндіріс ҒТП-тің нәтижелерін қолдану, соның ішінде автоматизациялау арқылы дамиды.
• Қаржылық менеджменттің ұғымы – тиімді пайдалану мақсатымен кәсіпорынның ақша ағынын, оның бүкіл қаражаттарының қозғалыс механизмін басқару жүйесі болып табылады. Жалпы қаржы ресурстары ұғымы экономикалық теорияда да, практикада да кең қолданылады. Кәсіпорын капиталы – бұл пайда түсіретін кәсіпорын мүлкінің қаржылары. Капитал – кәсіпорынды құру және дамытудың басты экономикалық базасы. • Қаржылық менеджмент – кәсіпорынның қаржылық ресурстарын қалыптастыру, пайдалану және байланысты, ақша айналымы мен қаржыларды басқару мен байланысты үрдіс және кәсіпорынның қаржылық ресурстарын басқаруда қолданылатын әдіс-тәсілдер және формалар жүйесі.
• Инновациялық менеджмент – инновациялық процестерді басқаруға бағытталған және жүйелі әрекеттерден құралған ғылым. Олар: иницияция, инновацияның маркетингі, өндіріс, нарыққа шығу, диффузия. Сонымен қатар олар жүйелік, жинақтылық және қозғалыстық принциптерді қолданады. • Инновациялық менеджмент – ұйым мен өңдеу процестерін жоспарлау (дәлел мен бақылауды ала отырып) және әртүрлі деңгейдегі объектілерге жаңалықтар еңгізу мен осы объектілердің инновациялық мақсаттарының орындалуын қадағалайтын шама.
Менеджмент.pptx