мен психолог.pptx
- Количество слайдов: 14
МЕН ПСИХОЛОГПЫН
Ғалымдарымыздың зерттеуі бойынша «Психолог» мамандығы ең танымал мамандықтар қатарының бестігіне кіреді. Мен психологпын. Демек, мамандығымды мақтаныш ете аламын.
Психологке отбасы мен қоғам ең қымбаттысын, өз елінің болашағын табыс етеді. Сондықтан ол ұшқыр ойлы, мейірімі мол, шындық пен әділдіктің жақтаушысы, көреген болуға тиісті.
ПСИХОЛОГ - КӨМЕКШІ
Психолог – өзгелердің жан – дүниесін терең түсінетін
ПС ихолог - зерттеуші
Психолог – өзгелердің жан ауруын емдеп жазуға ұмтылатын
Психолог қолдаушы
Осындай жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, еңбек жолын бастаған әрбір жас психолог өз мамандығы арқылы қоғамға, жалпы адамзатқа тигізер пайдасы көп екеніне сенемін.
Мен мектеп қабырғасында «оқушы – мектеп – ата – ана» үштік одағымен жұмыс істей жүріп, әр түрлі мәселелерді шешуде, кездескен қиыншылықтарды жоюда, түзету – дамыту жұмыстарын жүргізу барысында аталған қасиеттерді қолдану нәтижесінде ғана табыстарға жетемін.
Уильям Уордтың «Жай мұғалім – хабарлайды, жақсы мұғалім – түсіндіреді, керемет мұғалім – көрсетеді, ұлы мұғалім – шабыттандыра ды» , - деген сөзі негізгі қағидама айналды.
Психолог әрбір оқушының жан дүниесін түсіне отырып, көмекке зәру жанға уақытында қолдау көрсетіп, қайғысына ортақтасып, қуанышына қуанып, қателігі болса түзеп, жақсылығы болса, мадақтап отыруға жұмыс жасайды. Міне, сондықтан психолог мамандығына деген сұраныстың арту себебі де осында.
Мақсат – айқын, міндет – біреу: ел еңсесін еселеу жолында аянбай еңбек етіп, білімнің алтын қазығын игеру. Олай болса, Елбасының мығым әрі мықты, сындарлы да салиқалы саясатын қолдай отыра, ел игілігі үшін бар күш – жігерім мен білімімді сала бермекпін.
НАЗАР АУДАРҒАНДАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!
мен психолог.pptx