
3_ta_1179_yryp_Byudzhet_zh_1199_yesi (1).pptx
- Количество слайдов: 32
Мемлекеттік бюджет № 3 тақырып Бюджет жүйесі 1
Лекция сұрақтары: 1. Бюджет жүйесінің мәні және мазмұны 2. Бюджеттік құрылысы: бюджет түрлері және деңгейлері 3. Бюджеттік жүйенің қызмет ету принциптері 4. Бюджеттік қатынастар және бюджетаралық байланыстар. 2
Бюджет жүйесі экономикалық қатынастар мен заңды нормаларға негізделген бюджеттердің барлық түрлерінің жиынтығы. Қазақстан Республика сының Бюджеттік кодексінде бюджет жүйесі Қазақстан Республикасының Ұлтық қорын кіріктірумен түсіндіріледі. Бюджет құрылысы – бұл бюджет жүйесін құрудың қағидаттары, оның буындарының өзара байланысының ұйымдық нысандары. Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық мемлекеттік құрылымымен анықталады. Мемлекеттің федеративтік және унитарлық құрылымы болуы мүмкін. 3
Бюджет құрылысы Федеративтік мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буыннан тұрады: мемлекеттік бюджет немесе федералдық бюджет немесе мемлекеттің орталық бюджеті; федерация мүшелерінің бюджеттері (АҚШ та штаттардың, ГФР да – жерлердің (ландтардың), Канадада – провинциялардың, Ресейде – федерация субъектілерінің бюджеттері); жергілікті бюджеттер. Унитарлық (біркелкі) мемлекеттерде екі буынды бюджет жүйесі қолданылады: орталық (республикалық) бюджет және толып жатқан жергілікті бюджеттер. Екі жағдайда да бюджеттердің оқшаулануы мен дербестігінің түрлі дәрежесі болуы мүмкін, бірақ, әдеттегідей, әлеуметтік экономикалық үдерістерді басқаруды орталықтандыру деңгейіне байланысты төменгі бюджеттерге қатынасы жөнінен белгілі 4 бір реттеуші рөл орталық бюджетте сақталады.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі бюджет құрылымының уни тарлық типімен анықталады, өйткені Қазақстан – федералдық емес, басқарудың Президенттік парламенттік нысаны және сайланатын Парламенті бар унитарлық мемлекет. Бюджеттік кодекске сәйкес Қазақстан Республикасында мынадай деңгейдегі бюджеттер: республикалық бюджет; облыстық бюджет; республикалық маңызы бар қала, астана бюджетері; аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті бекітіліп, атқарылады және дербес бюджеттер болып табылады (1 сурет).
Шоғырландырылған бюджет Мемлекеттік бюджет Республикалық бюджет Жергілікті бюджеттер Облыстық бюджеттер Аудандық бюджеттер ҚР Ұлттық қоры Облыстық бағыныстағы қалалық бюджеттер Астана, республикалық маңызы бар қала бюджеті Қалалық бюджеттер Аудандық бюджеттер
Бюджет түрлері Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті жергілікті бюджеттерге жатады. Қазақстан Республикасында Бюджеттік кодекспен белгіленген жағдайларда төтенше мемлекеттік бюджет әзірленуі, бекітілуі және атқарылуы мүмкін. Қазақстан Республикасында таңдамалық ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын мемлекеттік және шоғырландырылған бюджеттер, облыс бюджеті жасалады. 8
Бюджет түрлері Бюджеттік кодексте айқындалған бюджеттердің түрлері мен деңгейлері, сондай ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қамтитын бюджет жүйесінің тұтастығы бірыңғай құқықтық базамен, бірыңғай бюджеттік сыныптаманы пайдаланумен, Қазақстан Республикасының аумағында бюджеттік үдерісті жүзеге асыру рәсімдерінің тұтастығымен және бюджеттің бір деңгейінің екіншісіне беретін трансферттерімен, қаржы жүйесінің тұтастығымен қамтамасыз етіледі. 9
Шоғырландырылған бюджет өз араларында өзара өтелетін операциялар ескерілместен, республикалық бюджетті, облыстардың, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерін және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына бағытталатын түсімдерді біріктіретін мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қоры болып табылады
Мемлекеттік бюджет өз араларында өзара өтелетін операциялар ескерілместен, республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін, мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры болып табылады.
Республикалық бюджет Бюджеттік кодексте айқындалған түсімдер есебінен қалыптасатын және орталық мемлекеттік органдардың, оларға ведомстволық бағыныштағы мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге, сондай ақ мемлекеттік саясаттың жалпыреспубликалық бағыттарын іске асыруға арналған орталықтандырылған ақшалай қоры болып табылады. Республикалық бюджет Қазақстан Республикасының заңымен бекітіледі.
Облыстық, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері Облыс бюджеті – өздерінің араларындағы өзара өтелетін операцияларды есепке алмағанда, облыстық бюджетті, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерін біріктіретін орталықтандырылған қаржылық ресурстардың қоры. Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері – Кодексте айқындалған түсімдер есебінен қалыптасатын және облыстық деңгейдегі жергілікті мелекеттік органдардың республикалық маңызы бар қаланың, астананың, оларға ведомстволық бағыныштағы мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге және мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақшалай қоры. Бұл бюджеттер тиісінше облыстық мәслихаттардың, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихаттарының шешімдерімен бекітіледі.
Аудандық бюджет Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті де, Кодексте айқындалған түсімдер есебінен қалыптасатын және облыстық деңгейдегі, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті мемлекеттік органдардың, оларға ведомстволық мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге және мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақшалай қоры болып табылды. Бұл бюджет аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының шешімімен бекітіледі.
Төтенше мемлекеттік бюджет республикалық және жергілікті бюджеттер негізінде қалыптастырылады және Қазақстан Республикасында төтенше немесе соғыс жағдайларында енгізіледі. Төтенше мемлекеттік бюджеттің қабылданғаны туралы Қазақстан Респуб ликасының Парламенті дереу хабардар етіледі. Мемлекеттік төтенше бюджеттің қолданылу уақытында республикалық бюджет туралы заңның және барлық деңгейлердегі жергілікті органдардың бюджеттері туралы мәслихаттар шешімдерінің қолданылуы тоқтатыла тұрады. Төтенше мемлекеттік бюджет төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген уақыт ішінде жұмыс істейді. Мемлекеттік төтенше бюджеттің қолданылуы тоқтатылысымен респуб ликалық және жергілікті бюджеттерді нақтылау жүргізіледі.
Біртұтастық Бюджеттің дербестігі Бюджет теңгерімділігі Бюджет жүйесінің қағидалары Бюджеттік құқықтар теңдігі Шынайылық бюджеттің кірістері мен шығыстары ашықтығы Жариялылық Мақсатты сипаттылық және атаулылық 16 Бюджет шығындарын жабу
Бюджетаралық қатынастар Бюджеттік үдерісте республикалық және жергілікті бюджеттер арасындағы және республикалық бюджет пен Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры арасындағы қатынастар бюджетаралық қатынастар болып табылады. Жоғары тұрған және төменгі тұрған бюджеттердің бюджет процесіндегі қатынастары бюджетаралық қатынастар болып табылады. Бюджетаралық қатынастар мемлекеттік басқарудың деңгейлері арасындағы функциялар мен өкілеттіктердің ара жігін дәлме дәл ажыратуға, түсімдер мен шығыстарды бюджеттер деңгейлері арасында бірыңғай бөлуге, сондай ақ бюджетаралық қатынастарды айқындау әдістерінің біртұтастығы мен ашықтығына негізделген. 17
Бюджетаралық қатынастар мынадай қағидаларға негізделеді: 1. облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің республикалық бюджетпен өзара қатынастарда, аудандар бюджеттерінің жоғары тұрған облыстық бюджетпен өзара қатынастарда теңдігі; 2. түсімдерді тиімді бөлу, ол түсімдердің ара жігін ажыратудың мынадай өлшемдерін бір мезгілде сақтауды ескереді: төмен тұрған бюджеттерге тұрақты сипаты бар, сыртқы факторлардың әсеріне тәуелсіз салықтық және салықтық емес түсімдер бекітіледі; мемлекеттік мекемелер көрсетілген қызметтер үшін төлемақы болып табылатын салықтық және салықтық емес түсімдер аталған қызметтер көрсету қаржыландырылатын бюджет кірісіне түседі; қайта бөліну сипаты бар, сондай ақ салық базасы әркелкі орналастырылатын салықтар бюджет жүйесінің неғұрлым жоғары деңгейлеріне бекітіледі; салық және бюджетке төлентін басқа да міндетті төлемдерді бекіткен кезде оларды жинаудың неғұрлым жоғары дәрежесін қамтамасыз ететін бюджет деңгейіне артықшылық беріледі; нақты аймақтық байланыстылығы бар салықтық базадан алынатын салықтар жергілікті бюджеттерге бекітіледі; 3. ҚР ның әкімшілік аумақтық бірліктерінің бюджеттік қамтамасыз етілу деңгейлерін теңестіру; 19
Бюджетаралық қатынастар мынадай қағидаларға негізделеді: 4. жергілікті атқарушы органдардың бірдей деңгейде мемлекеттік қызмет көрсетуін қамтамасыз ету; 5. мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсынудың барынша тиімділігі мен нәтижелігі мемлекеттік қызмет көрсетудің неғұрлым тиімді және нәтижелі жүргізілуі мен ұсынылуын қамтамасыз ете алатын мемлекеттік басқару деңгейіне мемлекеттік қызмет көрсетуді бекітіп беру; 6. мемлекеттік қызмет көрсету деңгейін оны алушыларға барынша жақындату қызметтерді алушылардың қажеттерін жақсылап есепке алу және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатымен, көрсетілген қызметтерді атқаруды бюджет жүйесінің мүмкін болғанша неғұрлым төмен деңгейіне беру; 7. бюджеттің әрбір деңгейінің алынған ресми трансферттер мен несиелердің тиімді және нысаналы пайдаланылуы үшін жауаптылығы. 20
Бюджетаралық қатынастар келесідей тәртіппен реттеледі: Бюджетаралық қатынастар: 1. республикалық және облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің арасында: ресми трансферттермен; бюджеттік несиелермен; 2. облыстық және аудандық бюджеттер арасында: ресми трансферттермен; бюджеттік несиелермен; кірістерді бөлу нормативтерімен реттеледі. 21
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына қаражаттарды аударудың жаңа механизмі енгізілді. Ұлттық қордың қойылған міндеттерін тиімді іске асыру мақсаттарында оңтайлы әлемдік тәжірибені ескере отырып баланыстандырылған бюджеттік әдіс әзірленді. Бұл әдіске сәйкес мұнайлық кірістерден түсетін түсімдер түгелдей Ұлттық қорға бағытталатын болды. Ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға жұмсалатын шығыстар экономиканың мұнайлық емес бөлігінен республикалық бюджетке аударылатын аударымдар есебінен қаржыландырылады, ал дамудың бюджеттік бағдарламаларына жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру Ұлттық қордан алынатын кепілденілген трансферттер есебінен жүзеге асырылады, бұл ретте бюджеттің шығыс бөлігінің белгілі бір үлесі, соның ішінде белгіленген шектеулер шеңберіндегі қарыз алу (ішкі және сыртқы) есебінен жабылуы мүмкін.
2 сызба. Баланстандырылған бюджеттік әдістің іс-әрекеті Мұнайлық түсімдер Үкіметтік қарыз алу Орташа жылдық тапшылық (ІЖӨге пайызбен) Ұлттық қор Кепілдендірілген трансферт Мұнайлық емес түсімдер Ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша мұнайлық емес профицитті жоспарланған жағдайда Даму бағдарламалары Ағымдағы бюджеттік бағдарламалар Республикалық бюджеттің шығыстары
Ресми трансферттер Трансферттер (нормативтік үлестік жәрдемқаржы) – бұл қайтарусыз және өтеусіз негізде нақтылы мақсаты көрсетілмей бюджеттік реттеу ретінде бір деңгейдің бюджеттерінен (жоғарғы) басқа деңгейдің бюджеттеріне (төменгі) бөлінетін қаражаттар. Бюджеттер деңгейлері арасындағы трансферттер келесідей бөлінеді: жалпы сипаттағы трансферттер; ағымдағы нысаналы трансферттер; нысаналы даму трансферттері. 25
Ресми трансферттер Жалпы сипаттағы Бюджеттік субсидия Бюджеттік алып қоюлар Нысаналы ағымдағы трансферттер Дамуға арналған нысаналы трансферттер 1 сурет –Бюджет кодексіне сәйкес ресми трансферттер сатысы
Бюджет субвенциялары мен бюджеттік алып қоюлар жалпы сипаттағы ресми трансферттер болып табылады. Жоғары тұрған бюджеттерден төмен тұрған бюджеттерге республикалық немесе облыстық бюджетте бекітілген сомалар шегінде берілетін ресми трансферттер бюджеттік субвенциялар болып табылады. Төмен тұрған бюджеттерден жоғары тұрған бюджеттерге республикалық немесе облыстық бюджетте бекітілген сомалар шегінде берілетін ресми трансферттер бюджеттік алып қоюлар болып табылады. 27
Төмен тұрған бюджеттерден жоғары тұрған бюджетке бюджеттік алып қоюлардың және жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджеттерге бюджет субвенцияларын аудару тәртібі мен кезеңділігін ҚР Үкіметі айқындайды. Жалпы сипаттағы ресми трансферттердің көлемдері тиісті жергілікті бюджеттің кірістері мен шығындары көлемдерінің арасындағы айырма ретінде айқындалады. Жергілікті бюджет шығындарының болжамды көлемінен кірістердің болжамды көлемі асып түскен кезде жергілікті бюджеттен жоғары тұрған бюджетке бюджеттік алып қоюлар белгіленеді. 28
Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі абсолюттік мәнімен жылдар бойынша бөліне отырып, үш жылдық кезеңге: республикалық бюджет пен облыстық, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің арасында – Қазақстан Республикасы заңымен; облыстық бюджет пен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің арасында – облыстық мәслихаттың шешімімен белгіленеді. Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері әрбір үш жыл сайын өзгертілуге жатады. Жалпы сипаттағы трансферттер бюджеттің әрбір деңгейі үшін Салықтық кодексте бекітілген шығыстардың бағыттарына сәйкес мемлекет кепілдендірген қызметтерді ұсыну үшін өңірлердің бюджеттік қамтамасыз етілу деңгейін теңестіруге және тең фискалдық мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге 29 бағытталған.
Нысаналы трансферттер ағымдағы нысаналы трансферттерге және нысаналы даму трансферттеріне бөлінеді. Жалпы сипаттағы трансферттердің үш жылдық көлемінің қолданылуы кезең інде республикалық немесе облыстық бюджеттерде бекітілген сома шегінде: 1) жоғарғы бюджеттер төменгі бюджеттерге беретін, жергілікті бюджеттер шығыстарының ұлғаюына және (немесе) кірістерінің азаюына әкеп соғатын, заңнамалық актілерді, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін қабылдаудан туындайтын төменгі бюджеттердің шығындарын өтеуге бағытталған; 2) төменгі бюджеттер жоғарғы бюджеттерге беретін, мемлекеттік органдар функцияларының мемлекеттік басқарудың төменгі деңгейінен жоғарғы деңгейіне берілуіне байланысты жоғарғы бюджет шығыстарының ұлғаюына әкеп соғатын, заңнамалық актілерді, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін қабылдаудан туындайтын жоғарғы бюджеттердің шығындарын өтеуге бағытталған трансферттер ағымдағы нысаналы трансферттер болып табылады. Жоғарғы бюджеттер төменгі бюджеттерге жергілікті бюджеттік даму бағдарламаларын іске асыру үшін республикалық немесе жергілікті бюджетке бекітілген сомалар шегінде беретін трансферттер нысаналы даму трансферттері болып табылады. 30
3_ta_1179_yryp_Byudzhet_zh_1199_yesi (1).pptx