2_ta_1179_yryp_Membyudzhet_bas_1179_aru__1179__1201_raly_retinde.pptx
- Количество слайдов: 26
Мемлекеттік бюджет № 2 тақырып Мемлекеттік бюджет экономиканы басқару құралы ретінде 1
Лекция сұрақтары: 1. Мемлекеттік бюджеттің экономиканы басқару құралы ретіндегі ролі 2. Бюджет негізгі қаржы жоспары ретінде, оның экономиканы реттейтін басқа да қаржылық құралдар арасындағы рөлі 3. Мемлекеттік бюджет жалпымемлекеттік бақылау құралы ретінде 4. Қаржы ресурстарын бөлудің сапалық және сандық сипаттамасы. 2
Пайдаланылатын әдебиеттер: 1. Мемлекеттік бюджет: Учебник / сост. Өмирбаев С. М. , Ынтықбаева С. Ж. , Адамбекова А. А. , Парманова Р. С. - Алматы: Дәуір, 2012. - 640 б. 3. 2. Өтебаев Б. С. Мемлекеттік бюджет: Оқулық. –Алматы: Экономика, 2006 3. ҚР Бюджет кодексі (12. 11. 2015 берілген өзгерістер мен толықтырулармен). 4. Утибаев Б. С. Государственный бюджет: учебник / Б. С. Утибаев, Р. М. Жунусова, В. А. Саткалиева. - Алматы: Экономика, 2006. - 412 с 5. Исахова П. Б. Финансы на макроуровне / П. Б. Исахова, А. Н. Муканова. - Алматы: Таймас, 2013. - 336 с. 6. Нурмуханова Г. Ж. Государственный бюджет / Г. Ж. Нурмуханова. - Караганда: Болашақ-Баспа, 2001. - 138 с. 3
Мемлекеттік бюджет түсінігі Экономикалық әдебиет (зандар, монографиялар, оқулықтар, ғылыми мақалалар) беттерінде «бюджет» термині әр түрлі үғымда пайдаланады, мысалы, ақша қаражаттарының кірісі мен шығысы формасында немесе акша қаражаттарының негізгі орталықтандырылған қоры ретінде. Осыған коса, әдебиетте мемлекеттік бюджетке тағы да келесідей анықтама берілген: 1) бюджет ол қаржылық жоспар; 2) бюджет ол басқарушылық жоспар; 3) бюд жет ол заңнамалық құжат; 4) бюджет ол коммуникация құралы; 5) бюджет ол бюджеттік салық саясатты
Мемлекеттік бюджет түсінігі ü «ол өз алдында жеке бір экономикалық категория; ü ол мемлекеттің ақша қаражаттарының орталықтандырылған қоры; ü ол экономиканы реттеуге арналған құрал (бюджеттік меха низм арқылы); ü ол мемлекеттің негізгі каржы жоспары; ü ол барлық бюджеттік қарым қатынаска қатысушылар міндетті түрде орындайтын заң.
Өндіріс көлемі Инвестициялар Нақты кірістер Мемлекеттік бюджет Жұмыссыздық деңгейі Ақша массасының көлемі Пайыз деңгейіне Валюта бағамы Мемлекеттік борыш инфляция 6
Бюджетті экономикалық басқарудың құралы ретінде пайдалануы мынадай маңызды қасиеттерімен дәлелденеді: ол заң күшіне ие; мұнда қоғамдық өндірістің дамуына бағытталған, оның тиімділігін жоғарлатуға, қоғам мүшелерінің мүқтаждықтарын қанағаттандыруға арналған бағдарламалар тікелей көрсетілген. Бюджеттік қатынастарды пайдалану құқықтық формада болғандығы оған өте үлкен ұтқырлы және ұйымдастырушылық мән береді. 7
Экономикада тауарлы ақша қатынас болғандықтан экономикалық пропорциялар екі формада көрініс табады, яғни натуралды заттық және қүндық (ақшалай). Натуралды заттық форма қоғамдық өндірістің құрылымдық бөлімдері арасында материалды техникалық құралдарды бөлуі мен оларды жұмыс күшімен қамтуды, ал қүндық форма ақшалай қаражаттарды бөлудің пропорңияларын анықтауды қарастырады. Ішкі өнім бөлудің ақшалай формасының біршама дербестік болуының салдарынан қоғамдық өндірістің құндық кұрылымын реттейтін мүмкіншілік болады және ол қажетті экономикалық нәтижеге жеткізеді. Құндылык құралдарды (қаржы, бюджет, несие және т. б. ) пайдалану мемлекетке қоғамдық өндірістің құрылымын жетілдіру мен экономикалық процестердің тиімділігін жоғарлатуға мүмкіндік береді. 8
Реттеу құралы ретінде мемлекеттік бюджет экономиканың салалық және аумақтық пропорцияларын жетілдіруде, өндірістен тыс салалардың дамуын реттеуде, қаржы ресурстарын жалпы мүддеге сәйкес қайта бөлуде пайдаланады. Ол еңбек, ақша және материалды ресурстарды пайдалануын ынталандыру, экономиканың барлық тізбектерінде жүйелі бақылауды іске асыру мен басқа да әлеуметтік экономикалық мақсаттарды шешуге мүмкіншілік береді. Экономиканы басқарудың белсенді құралы ретінде мемлекеттік бюджетті айтуға болады, себебі бюджет негізі бюджеттік қатынастар қоғамдық өндіріс дамуы мен оның тиімділігін жоғарлату мүдделерінің алуан бағытында пайдаланады. 9
Мемлекеттік бюджетті экономиканы басқару кұралы ретінде сипаттай отырып, бұл құралдың ролі объективті алдын ала анықталғанын айрықша айту қажет. Оған дәлел, біріншіден, экономикалық байланыстарды жалпы реттеу нәтижесінде бюджеттік қатынастарды негізгі каржылық құжат арқылы формада пайдалану, екіншіден, мемлекеттік бюджеттің болу табиғаты негізінде оны қоғамдық ондіріске эсер ететін маңызды экономикалық қүрал ретінде пайдалану. Бюджеттің мәні мен ролі оның экономикалык құрал ретіндегі ерекшілігімен дәлелденеді, яғни ол қоғамдық онім болу саласының кең пайдаланатын құндық құралы болып табылады. 10
Экономиканың дамуына байланысты оны басқару құралы ретінде бюджеттік бақылаудың мәні ұлғаяды. Қоғамдық ондірістің ауқымы неғұрлым ірі болса, соғүрлым экономиканың осу қарқыны жоғары, сондықтан ақша қаражаттарын уақытында қалыптастыру мен тиімді пайдалану процестерін бақылау оте маңызды. 11
Бюджеттің рөлі экономиканы ынталандырушы есебінде арнайы бюджеттік механизм аркылы іске асырылады. Осы механизмнің арқасында объективтік түрде бар қатынастарды экономиканың даму мүддесінде пайдаланудың мүмкіншілігі болады. Бюджеттік механизм — ол бюджеттік қатынастарды ұйымдастыруға мемле кеттің құрастырған және пайдаланатын арнайы формалар кешені мен қаржылық ресурстарды қоғамдық іс әрекет салалары, экономика салалары және елдің аумақтар арасында қайта бөлуді қамтитын әдіс тәсілдердің жүйесі. 12
13
Бюджеттің рөлі экономиканы ынталандырушы есебінде арнайы бюджеттік механизм аркылы іске асырылады. Осы механизмнің арқасында объективтік түрде бар қатынастарды экономиканың даму мүддесінде пайдаланудың мүмкіншілігі болады. Бюджеттік механизм — ол бюджеттік қатынастарды ұйымдастыруға мемле кеттің құрастырған және пайдаланатын арнайы формалар кешені мен қаржылық ресурстарды қоғамдық іс әрекет салалары, экономика салалары және елдің аумақтар арасында қайта бөлуді қамтитын әдіс тәсілдердің жүйесі. 14
Бюджеттік механизмнің жоғары айтылған тізбектері өз алдына сәйкес элементтерден қалыптасады. Мысалы, ақша қаражаттарды жұмылдыратын бюджеттік механизм салықтык және салықтық емес қаржы ресурстар түсетін әдістермен сипатталады және өздерінің әлпеттерін нақты кіріс түрлерімен (қосымша құнға салық, акциздер, мүлік салығы және т. б. ) іске асырылады. Мекемелер, кәсіпорындар мен ұйымдарға бюджеттік қаражаттар жіберу механизмі әр түрлі принциптер негізі мен бюджеттік ақша берудің әр түрлі формалары арқылы іске асырылады. Қаржы ресурстарын ішкі бюджеттік бөлу мен қайта бөлу механизмі бюджет жүйесінің сәйкестік буындары тарапына бюджет каражаттарының белгілі бөлігін бекіту мен бюджеттік реттеудің әр түрлі әдістерімен сипатталады. 15
Бюджеттік механизмде бюджеттік қатынастар көрінісінің формаларына тәуелді келесі құрылымдық тізбектерді бөлуге болады, олар: ü ақша қаражаттарын мемлекет тарапына жұмылдыратын әдістер; ü әр түрлі іс әрекет салаларына бюджеттік қаражаттар беру мен бюджет қалыптастыратын тәртіп пен формалар; ü ішкі бюджеттік бөлу мен қайта бөлу және олармен маневр жасайтын әдістер.
Мемлекеттік бюджеттің сан қырлы маңызын ескере отырып, оны тек экономикалық категория және мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қаражаттары ретінде ғана емес, сонымен бірге негізгі қаржы жоспары, әлеуметтік экономикалық үдерістерді реттеу механизмінің жиынтық ұғымы ретінде қарау керек. Мәселен, мемлекеттік бюджетте қоғамдағы барлық экономикалық үдерістер бейнеленетіндіктен, сондай ақ барлық негізгі қаржы институттары – салықтар, мемлекеттің шығыстары, мемлекеттік кредит, мемлекеттің қарыздары және т. б. өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан бюджет мемлекеттің негізгі қаржы жоспары ретінде сипатталады. 17
Онда бюджеттің экономикалық мазмұнын құрайтын қайта бөлгіштік үдерістер қарастырылады; негізгі қаржы жоспарының кірістері мен шығыстарының айрықшалықты баптары мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қорын қалыптастырудың көздері мен қорды пайдалану бағыттарын көрсетеді. Елдің негізгі қаржы жоспары мемлекеттің жоспарлы қызметінің жемісі болып табылады; онда қоғамның барлық мүшелерінің мүдделерін бейнелеп көрсететін мемлекеттің еркі білдірілген. 18
Бюджет нақты кезеңге (әдетте, бір қаржы жылына жасалатын, ал 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап бюджет үш жылға жасалады) бюджеттің кірістерін, шығыстарын, орталықтандырылған қаржылық ресурстардың шешуші бөлігінің қозғалысын анықтайды. Елдің негізгі қаржы жоспарының көрсеткіштері Парламенттің жыл сайын қабылдайтын республикалық бюджет туралы заңына сәйкес сөзсіз орындауға жатады. 19
Қоғамдық ұдайы өндірісте мемлекеттік бюджеттің рөлі ең алдымен мемлекеттік бюджеттің (шығыс бөлігінің) көмегімен ұлттық табыстың 31%, ішкі жалпы өнімнің 22%, жалпы қоғамдық өнімнің 11% бөлінетіндігімен және қайта бөлінетіндігімен анықталады. Ол ақшалай қаражаттарды ұлттық шаруашылық тың әр түрлі салалары, өндіріс секторлары, қоғамдық қызметтің сфералары, елдің экономикалық аудандары мен аумақтары арасында бөледі. 20
Мемлекеттік бюджет арқылы жүргізетін жалпымемлекеттік бақылау қаржы бақылау түрінде іске асырылады. Бұл мемлекеттің экономикалық және қаржылық саясатын іске асыруға арналған әсершіл құрал. Қаржылық бақылау барлық деңгей дегі бюджеттерді қалыптастыру процесінде жәые де оларды орындау, жөнінде есеп пен есеп беруді жүргізу, мемлекеттің активтері мен гранттарын пайдалану жәие т. б. бюджеттік әрекеттерде іске асырылады. Бұл бақылау уақытша шара емес, ол үнемі жүргізіледі және экономиканы басқарудың барлық ұйымдастырушы жұмысының ажырағысыз құрамдық бөлігі бо лып табылады. 21
Қаржылық бақылауды іске асырудың объективтік негізі болып бюджеттің экономикалық категория ретіндегі бақылау функциясы табылады. Мемлекеттік бюджеттің бақылау фукциясынын әрекеті кең шекара мен бәрін камтушы сипатпен айрыңша танылу, соған негізделген бюджеттік бақылауда тек қана коғамдық өнім қүнын бюджеттік бөліс саламен шектелмей бірталай аумакқа әсерін тигізеді. Сондықтан, қаржылық бақылауы экономиканың барлық саласындағы іс әрекет жағдайы жөнінде пайымдауға мүмкіншілік береді. Оның іс әрекет процесінде бюджеттің атқаруы, ақша қаражаттарының уақытымен және толық түсуі, оларды тиімді пайдалануы тексеріледі.
Демек, қаржылық бақылау жүргізу негізінде әрбір субъектілер мен жалпы мемлекет бойынша барлык ресурстарды пайдалану бақылауын іске асыру болады. Сонымен бірге бюджеттік процеске қатысушылардың нормативтік құқықтык актілердің талаптарын сақтау мен бюджеттік каражаттар арқылы іске асырып жатқан шаралардың негізділігі мен экономикалық тиімділігі тексеріледі.
Қаржылық ресурстарды бюджет аркылы бөлудің қоғамдық өндіріске әсері сандық және сапалық жақтарымен сипатталады. Сандық және бюджет аркылы қайта бөлінген қаржы ресурстарының үйлесімдері мен деңгейі бойынша білінеді. Қаржы ресурстары түсінігі ретінде мемлекет пен шаруашылық субъектілердің ақша қаражаттарының жиынтық қоры болғандыктан, олардың өсуінің негізгі факторы болып жалпы ұлттық табыстың ұлғаюы табылады. Мемлекеттің каржы ресурстарының сандық мөлшері жиынтық каржы баланста көрсетілуі мүмкін. Мұндай балансқа бюджеттік жүйенің барлық ресурстарына қоса Ұлттық қор ресурстары мен барлық меншік формадағы шаруашылық субъектілерінің ресурстары жатады.
Бюджет арқылы бөлінетін қаржы ресурстардың экономикаға тигізетін әсерінің сапалық сипаты келесілермен сипатталады: біріншіден, мемлекет бюджеттік қаражаттар салымының бағыттарын пайдаланады; екіншіден, мемлекет осы қаражаттарды эконо мика дамуының косымша ынта ретінде және оларды жұмылдыру мен елдің экономикалық өсуін жетілдіру, өндіріс тиімділігін жоғарлатуға жұмсау әдістерін қолданады.
Мемлекеттік бюджет экономикалық ынта ретінде баска экономикалық ынталардан айыратын белгілі ерекшелігі бар. Бюджеттің экономикалық ынта ретіндегі ролі тек қана бюджеттік қатынастар ұйымдастыру формалары арқылы кәсіпорындарды неғүрлым жоғары экономикалық нәтижеге жетуін құштарлау емес, оның ролі ең алдымен бас шаруашылық субъектінің, яғни мемлекеттің мүдделерін іске асырудағы бюджеттің әрекетімен байланысты. Егер қаржы ресурстарды бюджеттік қайта бөліс арқылы ғылыми техникалық прогресс тездетілсе, қоғам өндірісінің салалық және аумақтық құрылымы жетілдірілсе, экономикалык осудің факторлары белсендірілсе, онда бұл арада бюджеттің экономикаға тигізген тек сандық әсері ғана емес, мұнда бюджет барлық қоғам өндірісінің экономикалык рента ретінде сипатталады.
2_ta_1179_yryp_Membyudzhet_bas_1179_aru__1179__1201_raly_retinde.pptx