Гос.упр.pptx
- Количество слайдов: 24
МЕМЛЕКЕТ ТИПОЛОГИЯСЫ «Ел экономика сы – мелекеттің қайнар көз і. » арбаев Н. Н
Мемлекеттер типологиясы - мемлекет ахуалының мазмұнын бағалау және айырмашылықтары мен ортақ қасиеттерін айқындау негізінде мейлінше тиісті формаларын анықтаумен байланысты келетін жүйе. Жалпы, типология -заңдарды немесе құбылыстарды қандай да болмасын бір белгілерінің ортақтығына, ұқсастығына қарай жіктеу. Типологияның негізгі міндеті-дүние жүзіндегі көпұлттық, аспектілік, көп түрлі құқықтық жүйелердің тарихи дамуын, саяси, ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, ғылыми жүйеге қалыптастыру. Мұның негіздері — дүние жүзінің құқықтық картасы, құқықтық тарихи типі, ұлттық құқықтық жүйелері.
Мемлекеттік типологияның хронологиялық түрі. Бұл әдістің бірнеше түрлері бар. Мысалы, иллюстрациямен істелген дүниежүзілік тарих кітабында ағылшын тарихшысы Маргарет Олифант бүкіл тарихты былай бөледі: Ежелгі цивилизациялар, орта ғасырлар, ғылыми жаңалық ашу кезеңдері (1555 -1650), өзгеріс және дағдарыс кезеңдері (1650 -1800), одан кейін XIX ғасыр және казіргі дәуір.
Ал, мемлекеттің саяс и қатынастардың тоғысында, оның мазмұнын бағалауда идеологиялық фактор басым болады. Мемлекеттер ді типологизациялауды ң кейбір жалпы принциптеріне тоқта лып өтелік:
ық екетті тапт • 1. Мемл үстемдіктің, раның құралы диктату ық қайшылық ретінде тапт тұрғысынан . Мемлекетке бағалау и көзқарас саяс қатысты осы логия ретінде идео тік пен мемлекет дік аркстік-ленин биліктің м іс а толық көрін теориясынд тапты.
2. Мемлекеттерді либерализм мен демократия принциптерінің саяси өмірдегі дамуы негізінде типологизациялау. Осы көзқарас бойынша адамзаттың барлық саяси мәдениетінің даму тарихын жүйелеуге болады, және ол адамзаттың билік құруының авторитарлық ұйымдастыру формалары мен әдістерінен – саяси қатынастар субъектілерінің жеке белсенділігі мен іс-әрекетінің еркіндігін қамтамасыз ететін демократияға өтуінің процесі ретінде көрінеді.
Әрі, типология - қоғамның тарихи дамуының негізгі мазмұны мен нышандарын түсіну үшін қолданатын әдістер мен тәсілдер. Мемлекеттің даму процесі бүкіл дүние жүзі дамуының бір бөлімі. Оны анықтап түсінгеніміз бүкіл тарихты жақсы білгеніміз. Мемлекеттің дамуы үздіксіз объективтік процесс.
Мемлекетті типтерге бөлудің марксистік әдісі. Бұл пікір қоғамды зерттеуде таптық мәселесімен байланысты. К. Маркс, Ф. Энгельс, В. И. Ленин мемлекет үстемдік таптың мүддесін қорғайтын құрал деп түсіндіреді. Марксистік тұрғыдан қарағанда тарихтағы мемлекеттер төрт түрге бөлінді: құлиеленушілік, феодалдық, буржуазиялық және социалистік мемлекеттер. Бірінші рулық қоғамда мемлекет әлі болған жоқ, ал соңғы коммунистік қоғамда мемлекеттің орнына коммунистік өзін-өзі басқару жүйесі келуге тиіс. Бір тарихи типтен екіншісіне революция арқылы өтеді.
Мемлекет типтері Шығыстық Құл иеленуші мемлекет Буржуазиялық Социал. мемлекет Феодалдық мемлекет
1. Шығыстық мемлекет (Батыс елдері ғалымдарының зерттеулерінде осылай аталады) Египет (қазақша -ежелгі Мысыр), Вавилон (қазақша - ежелгі Бабыл). Бұл мемлекеттердің географиялық орналасуы мен табиғи жағдайлары ірі-ірі суландыру жүйелерін салу жұмыстарын ұйымдастыруды қажет еткен. мемлекеттің қызметтері анықталды, ол қызметтер: а)Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру; ә) Салықтар мен алымдарды өндіріп алу (жинастыру); б)Өзінің аумағын қорғау немесе басқа мемлекеттің жер аумағын жаулап алу; в)Қауымдастар мен құл-күндердің қарсылыңтарын басу.
2. Құл иеленуші мемлекет (ежелгі Грекия, ежелгі Рим). Бұл мемлекеттердің экономикасының негізі (базисі) тек өндіріс құралдары мен жабдықтары ғана емес, сонымен бірге өндіруші күштер болып табылатын құлдар да құл иеленушілердің меншігі болатын. Мемлекеттің қызметтері: а)құл иеленушілердің жеке меншігін қорғау және қызметкерлерді қанауға жағдайлар туғызу; б)құлдардың қарсылыңтарын болдырмау, оларды басып, езіп-жаншуды ұйымдастыру; в)тәртіпті сақтау, тәртіпке келтіру мақсатында идеологиялық күш жұмсау арқылы ықпалын тигізу.
3. Феодалдық мемлекет, бұл мемлекеттердің экономикалық базисі (негізі) - жерге, толық басыбайлы шаруаларға жарым-жартылай түріндегі меншік иесі болу феодалдардың үлесі болатын. Мұндағы негізгі таптар феодалдар және басыбайлы шаруалар еді. Аралық тап - қолөнершілер мен т. б. болатын. • Мемлекет қызметтері: • а) феодалдық меншікті қорғау; • б) қаналушы таптың қарсылығын басу; • в) сыртқы шабуылдардан қорғану және басқаларды басып алушылық (басқыншылық) соғыстарын жүргізу. )
4. Буржуазиялық (капиталистік) мемлекет. Мұндай мемлекеттің экономикалық базисі - өндіріс құралдарына жеке меншіктің болуы, ал негізгі таптары буржуазия мен жұмысшылар, әлеуметтік таптарына люмпен -пролетариат (қайыршыланғандар) жатады. • Мемлекет қызметтері: • а) экономикалық, яғни белсенді түрде қатысып араласу арқылы экономиканы мемлекеттік реттеу; • б) әлеуметтік (Халықтың кедей топтарына қолдау көрсету және т. б. ). • Мемлекеттік билікті ұйымдастырудың түрі (нысаны) сан қилы (республикадан монархияға дейін).
5. Социалистік мемлекет. Экономикалың базисі (негізі) - жер және т. б. қоғамдың мемлекеттік меншікте болды. Негізгі тап - жұмысшылар мен шаруалар. Әлеуметтік топ ретінде зиялылар алға шығады. Қызметі: а) мемлекеттің, қоғамның және еңбекшілердің мүддесін қорғау; б) экономикалық; в) әлеуметтік.
Қорыта келе, мемлекеттің негізгі мақсаты - бір таптың диктатурасын орнату. Таптық мінездеме экономикалық, әлеуметтік жағдаймен байланысты. Марксизм мемлекетті - бір таптың екінші тапты қанау аппараты деп анықтады. Типті осылай бөлудің прогрессивтік те, негативтік те жақтары бар. Бір жағынан мемлекет таптың құрылуымен байланысы анық көрінеді, топтар және таптар құрылмаған қоғамдарда мемлекет болмайды.
Назарларыңызға рахмет!!!