Ишки тартип.pptx
- Количество слайдов: 18
Мектептің ішкі тәртіп ережелері Кураторлық сағат
Тәрбие сағатының міндеті Назарбаев Зияткерлік мектептері дербес білім беру ұйымының оқушылары үшін ішкі тәртіп ережесі Қазақстан Респбуликасының «Білім туралы Заңы» және Назарбаев Зияткерлік мектептері дербес білім беру ұйымының жарғысына сәйкес құрастырылды. Бұл ереже оқушылар үшін бірыңғай мектеп формасының талаптарын, оқушылардың, олардың заңды өкілдерінің құқығы мен міндеттерін, оқушылардың ғимараттағы тәртіп ережелері мен негізгі нормаларын орнатады.
Ереженің негізгі мақсаты мектеп әкімшілігі, педагог қызметкерлері, оқушылары арасындағы өзара сыйластық негізінде оқушылардың академиялық және әлеуметтік жетілуі үшін қауіпсіз білім ортасын құру. Яғни бұл ережелер мектеп құндылықтарына сүйене келе жасалып отыр. Анығырақ айтатын болсақ сабақ уақытысы сағат 8. 00 -де басталады. Барлық оқушылар осы уақыттан кешікпеуі міндеттелген. Бұл азаматтық жауапкершілік құндылығына сүйенеді.
Оқушылардың сырт келбеті іскерлік қалыпта сәйкес келуі тиіс: 1) ұлдар үшін қысқа, классикалық немесе заманауи үлгідегі шаш үлгісі; 2) қыздар үшін жиналған, түйілген немесе өрілген шаш үлгісі;
Мектеп формасының талаптары: киім стилі – классикалық, іскерлік қалыпта; бірыңғай мектеп формасы күнделікті және спорттық болып бөлінеді. 2014 -2015 жылғы оқу жылында барлық оқушыларға мектеп формасы: оның ішінде ұлдарға костюм, шалбар, қыздарға костюм, шалбар, юбка. Және де трикотаж жилетка мен жемпер. Спорттық форма берілді.
Алайда мына үлгідегі мектеп формасын киюге тиым салынады: 1) арты жоқ екінші аяқ киім (шлёпка, сланцы және т. б. ), кроссовка, кеды, биік өкшелі аяқ киім, діни үлгідегі киімдер (хиджаб, никаб, бурка, паранджа, сикх тюрбан және иуд бас киімі, «үлкен» христиан кресті және т. б. ) киюге, кейбір дене бөліктерін (қарын, бел, төс) жартылай айқындайтын киім киюге; 2) шашты ашық түске бояу, назарды аудартатын косметика, маникюр, зергерлік бұйымдарды қолдануға, көзді жауып тұратын шаш үлгілерін қидыруға; Мектеп формасы жайлы талаптарды сақтамаған оқушыларды мұғалімдер, кураторлар және тьюторлар үйлеріне қайтарып немесе атаанасына хабарласып, ретке келтіруге болады және мұны мектеп әкімшілігіне хабарлауы тиіс.
Мектеп формасын кимеген мектеп оқушылары сабаққа жіберілмейді. Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ және Зияткерлік мектептердің ұйымдастыруымен, Қамқоршылар кеңесінің 11. 04. 2013 ж. № 1 хаттамасы мен тауар сатып алу, қызмет көрсету Ережесіне сәйкес мектеп формасы тігіледі.
Оқушылар құқықты: Зияткерлік мектептердің білім беру бағдарламасына сәйкес сапалы білім алуға; 2) қауіпсіз, үйлесімді, дискриминациядан еркін ортада білім алуға; 3) оқу үрдісі, үлгерімі туралы ақпарат алуға; 4) оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымына қатысуға; 5) оқу-әдістемелік кешенін, оқулықтарды, мәжіліс залы мен кітапханаларды, ақпараттық ресурстарды тегін қолдануға; 6) оқу және шығармашылық іс-әрекеттермен айналысуға; 7) сабақ арасында және демалыстарда демалуға; 8) Зияткерлік мектептерде ұйымдастырылған курстар мен элективті пәндерді таңдау мүмкіндігі туралы ақпараттарды алуға; 9) Зияткерлік мектептердің медицина, әлеуметтік-педагог, психолог мамандары тарапынан көмек алуға; 10) бір мектептен келесі мектепке ауысуға; 11) аталмыш Ережені өз құзыреттілігінде қарауға; 12) қай іс-әрекет келісімді, қайсысы шара қолдануға тұрарлық әрекет екенін білуге. 1)
Оқушылар міндетті: 1) ДББҰ жарлығын, педагогикалық кеңес пен оқушылардың өзін-өзі басқару органының қағидасын, техника қауіпсіздік ережесін, өрт қауіпсіздік ережесін сақтауға; оқу үрдісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін талаптарды орындауға; 2) Зияткерлік мектептің оқу тәртібіне сәйкес мектепке бару және сабақтан себепсіз қалмауға; 3) Зияткерлік мектептің оқу бағдарламасының талаптарына сәйкес білімді, қабілетті, құзыретті болуға; 4) Зияткерлік мектептің қызметкерлеріне, педагогтарына, оқушыларына құрметпен қарауға және әділ болуға; 5) ата-анасын үнемі өзінің үлгерімі, тәртібі туралы хабардар етіп тұруға; 6) өзге оқушылардың құқығына құрметпен қарап, қысым жасамауға; 7) Зияткерлік мектеп белгілеген мектеп формасын киюге; өзінің сырт келбетін қадағалауға; 8) өз денсаулығына көңіл аударуға, рухани және физикалық өзін-өзі жетілдіруге; 9) Зияткерлік мектептің мүлкіне, оқулықтары мен құрал-жабдықтарына (музыкалық құралдар, оқытудың техникалық құрылғыларына) жанашырлықпен қарауға, оқу орнын таза ұстауға; 10) Зияткерлік мектептің қызметкерлері мен оқушыларының денсаулығына байланысты қауіп төнгенде мектеп әкімшілігін, кураторды, тьюторды хабардар етуге;
Зияткерлік мектепте оқу үрдісі жағымды өтуі үшін оқушыларға тыйым салынады: 1) куратордың, тьютордың рұқсатынсыз мектепке бөгде адамды шақыруға немесе ертіп келуге; 2) сабаққа лас, үтіктелмеген, іскерлік қалыпқа сай емес мектеп формасын кимей келуге және діни киім киюге; 3) алкоголді, психотропті, заттарды қолдануға; 4) құмар ойындарын ойнауға; 5) пиротехникалық, химикалық заттар, жануарлар, жәндіктер, қымбат заттар, үлкен соммадағы ақша, сатылатын заттар әкелуге;
Зияткерлік мектеп оқушыларының тәртіп ережесі Оқушылар осы ережеге сәйкес мектепке сабақ басталардан 10 -15 минут алдын таза, үтіктелген, талапқа сай мектеп формасымен келуі тиіс; Оқушылар мектепке кірген соң арнайы өздеріне бөлінген шкафтарға сырт киімдерін қалдырып, аяқ киімін ауыстырыу керек;
Сабақтағы тәртіп: 1) сабақ басталардан алдын оқушылар өз жұмыс орнын, сыныпта жұмыс істеуге қажетті заттарын дайындап қоюы тиіс; 2) сыныпқа педагог қызметкер кіргенде, оқушылар сәлемдесу мақсатында орындарынан тұрады, педагог қызметкер жауап бергенде ғана оқушылар өз орындарына отыруы тиіс. Сонымен қатар оқушылар сыныпқа кірген кез келген ересек адамға ілтипат көрсетіп, орындарынан тұрып сәлемдесуі тиіс; 3) сабақ уақыты оқушылардың білім алуына ғана бөлінуі керек. Сабақ уақытында шулауға, басқа нәрсеге назар аудару не өзгенің назарын аударуға, ойнауға және басқа да іс-әрекеттермен айналысуға тыйым салынады; 4) Оқушылар оқу үрдісіне қатысы жоқ мәселелер бойынша телефон, өзге де құрылғыларды қолдануға болмайды. Барлық техникалық құрылғыларды сөндіріп, дыбыссыз режимге қойып, стол үстінен алып қою керек. Бірнеше рет тәртіп бұзушылық қайталанса, техникалық құрылғылар оқушылардан алынып, оқушының заңды өкілі келгенде ғана қайтарылады. 5) оқушылардың мұғалім рұқсатынсыз сыныптан шығуына тыйым салынады. Тіпті болмаған жағдайда оқушы қолын көтеріп, педагог қызметкерден рұқсат сұрауы тиіс. 6) қоңырау мұғалім үшін соғылады. Мұғалім сабақ аяқталғанын мәлімдегенде ғана оқушылар сыныптан шығады.
Үзілістегі тәртіп: сабақ кестесіне сәйкес оқушылардың өзге сыныпқа ауысу; оқушылардың демалуы мен физикалық жаттығуы үшін мектеп дәлізінде асықпай жүру; тамақтану; қажет болған жағдайда қоңырау шалу; мектеп кітапханасына бару.
Үзілісте оқушыларға тыйым салынады: өзгелердің демалуына кедергі келтіруге, дауыс көтеріп сөйлеуге, айғайлауға, шулауға; кез келген мәселелерді шешу үшін бір-бірін итермелеп, түрлі заттарды лақтыруға.
Асханадағы тәртіп: оқушылар гигиенаны сақтауы тиіс: асханаға сырт киіммен кіруге болмайды, тамақтанар алдында қолын тазалап жуу керек. оқушылар мектеп асханасына асықпай, бірбірін итермелемей, кезекті бұзбай кіруі тиіс, асханада шулауға тыйым салынады; асханада тазалықты сақтау, столды жинап кетуі тиіс;
Сыныптан тыс іс-шара кезіндегі тәртіп: 1) іс-шара өтер алдын оқушылар қауіпсіздік ережесі бойынша нұсқаулықпен танысуы тиіс; 2) іс-шара барысында, жеке өмірі мен айналасындағылардың өміріне қауіп төнетін жағдайда оқушылар мұғалімнің, куратордың, тьютордың, іс-шара жетекшісінің нұсқаулығын тыңдауы тиіс; 3) оқушылар жеке бас гигиенасын сақтауы, денсаулығы нашарлап не жарақаттанған жағдайда дер кезінде топ жетекшісіне хабарлау тиіс; Оқушылар жергілікті дәстүрлерді сақтап, табиғатқа, тарихи және мәдени ескерткіштерге, жеке және топтық меншіктегі заттарға ұқыптылықпен қарауы тиіс; Мектеп қабырғасында от жағуға тыйым салынады. Яғни бұл азаматтық жауапкершілік құндылығына қатысты айтылған міндеттемелер.
Зияткерлік мектеп оқушыларының сабақтан қалу тәртібі 1) оқушылардың денсаулығына байланысты ауыруы; 2) дәрігер қабылдауына жазылуы (талон немесе анықтама беріледі); 3) бір оқу жылында 10 күннен аспайтын, Зияткерлік мектептердің директорлары атына оқушының заңды өкілі тарапынан жазылған өтініш негізінде отбасылық жағдайына байланысты сабақтан қалу; 4) пәндік олимпиадаларға, сайыстарға және түрлі ісшараларға қатысу; 5) мектептен тыс өзге ұйымдар ұйымдастырған пәндік олимпиадаларға, сайыстарға және түрлі іс-шараларға қатысу. Оқушы денсаулығына байланысты ауырған жағдайда бірінші күні кураторға, тьюторға хабарлау керек. Медициналық анықтамасы бірінші күннен бастап жазылады. Пәндік олимпиадаларға, сайыстарға және түрлі іс-шараларға қатысқан жағдайда куратор немесе тьютор оқушының күнделігіне сабақта болмаған себебін жазып қояды.
Мектептен тыс өзге ұйымдар ұйымдастырған іс-шараларға қатысқан оқушылар мына жағдайда босатылады: 1) мектеп директорына оқушылардың заңды өкілі тарапынан жазылған өтініші бар болса; 2) заңды өкілдің өтініші сынып кураторы, тьюторы тарапынан қарастырылып, келіссе, мектеп директоры бұйрық шығарса; Сабақты себепсіз қалдырған оқушының күнделігіне куратор, тьютор сабақта болмағаны туралы мәлімет жазады. Күнделікте жазылған бұл мәліметпен танысқан заңды өкіл оқушы күнделігіне қол қояды. Сабақты себепсіз қалдырған оқушылар Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жауапкершілікті өз мойнына алады.
Ишки тартип.pptx