Мектеп - кеме, білім - теңіз № 5 Мамыр 2017 ж. ЖАЛЫН Первомай орта мектебінің білім - танымдық газеті Мамыр айындағы айтулы мереке күндерімен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
2 Мамыр 2017 жыл ЖАЛЫН МЕКТЕП ТЫНЫСЫ Мектепішілік ғылыми жобалар Қазақстан Республикасының Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты жастарға жолдауы аясында мектепішілік ғылыми жұмыстар байқауы өткізілді. Байқауға 3 - 9 сынып оқушылары қатысты. Байқау нәтижесі бойынша 6 -сынып оқушысы Уазирова Айганым 1 орын, 8 -сынып оқушысы Бижанова Аина 2 орын және 3 -сынып оқушысы Мақсұтқанова Аяулым 3 орынды иеленді. Тілші: К. Б. Ахметова Біз Жеңістің ұрпақтарымыз 3 - сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «Біз Жеңістің ұрпақтарымыз» атты ашық тәрбие сағаты өтті. Сабақтың мақсаты оқушылардың Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Оқушыларды Ұлы Отан соғысымен, Қазақстандықтардың ерліктерімен таныстырып, ой-өрісін дамыту. Үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу. Бастауыш сынып мұғалімі Ш. Ж. Бекбулатова
3 ЖАЛЫН Мамыр 2017 жыл АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ Үлкеннен өнеге 9 -мамыр мерекесіне орай 9 -10 сынып оқушылары Соғыс ардагерлерінің үйлеріне барып, Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтап баталарын алды. Ардагерлердің өмірлері мен Соғыс жылдарында жүріп өткен жолдарымен танысты. Олардың қызмет еткен жолдары туралы, сол жылдардағы халықтың жағдайы жайлы біршама мәлімет алып, Жеңістің қандай жолмен келгендігі туралы көптеген өнегелі азық алды. 9 -10 сынып оқушылары 9 -мамыр Ұлы Жеңіс күніне орай жалғыз басты қарт кісілерге, үлкен ардагерлерге қол үшын созу шаралар өткізілді Тілші: К. Б. Ахметова
4 ЖАЛЫН Мамыр 2017 жыл ОҚУШЫЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ Мәңгілік елдің ұлттық тұғыры «Мәңгілік ел» – ата-бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы екенін барлығымыз білеміз. Ол арман –басқа елдермен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді. Ол арман – тұрмысы бақуатты, түтіні түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу. Біз бұл армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік елдің іргесін қаладық. Мен қоғамда «қазақ елінің ұлттық идеясын қандай болу керек» , - деген сауалдың жиі талқыға түсіп жүргенін естіп жүрмін, біліп жүрмін. Біз үшін болашағымызғы бағдар етіп ұйыстыра ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – «Мәңгілік ел» идеясы. Тәуелсіздігімізбен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі мәңгілік Елордамызды тұрғыздық. Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. 6 -сынып оқушысы Оразалина Елнур Қылқалам шеберлері 3 -сынып оқушысы Якубова Сабина 3 -сынып оқушысы Исжанов Болат 3 -сынып оқушысы Жоламанова Арайлым 3 -сынып оқушысы Мақсұтқанова Аяулым
5 Мамыр 2017 жыл ЖАЛЫН Қылқалам шеберлері 5 -сынып оқушысы Кабдуллина Дильдана 5 -сынып оқушысы Балтошова Анель 3 -сынып оқушысы Тлеуханова Аяулым 5 -сынып оқушысы Жусупов Темирлан 5 -сынып оқушысы Абилева Акерке 5 -сынып оқушысы Сарсенбаев Алишер
6 ЖАЛЫН Мамыр 2017 жыл ХАБАРЛАНДЫРУ Мамыр айының 5 жұлдызы күні ауыл тұрғындарын және мектеп ұжымы мен барлық оқушыларды Отан қорғаушылар күні және Ұлы Отан Соғысындағы Жеңістің 72 жылдығын мерекелеу қарсаңында батырларды “бір минут үнсіздікпен” еске алу шарасына шақырамыз! РЕДАКЦИЯ МҮШЕЛЕРІ: РЕДАКТОР: Әлібек Айгүл Сағидуллақызы ТІЛШІ: Ахметова Кымбат Базаровна МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ: Бурабай ауданы, Первомай селосы, Первомай орта мектебі БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ: 8 (716)98 -3 -45 ГАЗЕТ АЙЫНА 1 РЕТ ЖАРЫҚ КӨРЕДІ! СҰРАҚТАР БОЙЫНША РЕДАКЦИЯ ЖАУАП БЕРЕДІ