мед.страх.pptx
- Количество слайдов: 19
Медициналық сақтандыру Орындаған: Жандарбек Ұ. Факультет: ЖТД Курс: 7 Топ: 708 -2 Тексерген: Көшербеков Е. Т.
Жоспар: Кіріспе Негізгі бөлім Медициналық сақтандыру Міндетті медициналық сақтандыру Ерікті медициналық сақтандыру Қорытынды
Медициналық сақтандыру – халықтың денсаулығын қорғау жүйесі. Қорланған қаражат есебінен азаматтардың тегін медициналық көмек алуына кепілдік беруді көздейді. Барлық деңгейдегі мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын тегін денсаулық сақтаудан медициналық сақтандырудың айырмашылығы осында.
Медициналық сақтандыру - бұл жұмыс берушілердің, азаматтардың сақтық жарналары мен бюджеттік қаражаттар есебінен сақтандырылған адамдарға зиянның орнын өтеу үшін және медицина мекемелерінің шығындарының өтемақысын төлеу үшін ауырған, жарақат алған жағдайда денсаулықты қаржыландыру жөніндегі қатынастар. Ол әлеуметтік бағдарланған экономикасы бар елдердің сақтық қорғауы тұтас жүйесінің міндетті атрибуттарының бірі болып табылады.
Міндетті Ерікті Медициналық сақтандыру
Міндетті медициналық сақтандыру кезінде заңнамамен барлық азаматтар үшін бюджетке төленетін аударымдардың бірдей мөлшерлемесі белгіленеді, соның есебінен денсаулық сақтауға жұмсалатын ақшалай қор қалыптасады. Мұндай жүйе халықтың барлық жіктері үшін медициналық және дәрі-дәрмектік көмектің тең көлемі мен сапасын қамтамасыз етеді. Бірақ, бұл нысан, оның барлық артықшылықтарына қарамастан, Қазақстанда іске асырылмайды. Міндетті медициналық сақтандыру дамыған елдердің көпшілігінде бар және азаматтардың денсаулығын қорғауға арналғанконституциялық құқығын іске асыруға бағытталған.
Міндетті медициналық сақтандырудың құндылығы келісімшарт тәртібінің болуы, демек, келісімшарт орындалмаған кезде, сақтық қорғау мүмкіндігі, емделген ауру адамдардың санына қарай медициналық мекемелердің кепілденілген ақша алуы, медициналық жәрдем жақсы болса, бұл медициналық мекемеге аурулар көп келетіндіктен медициналық жәрдемнің сапасын арттыруға ұмтылуы және т. б. болып табылады. Дәрігерлер ауруды емдеуге ынталы болады; сөйтіп, медицинаға қалыпты рыноктық қатынастар енгізіледі.
Ерікті медициналық сақтандыруда сақтандыру тарифтері сақтандырушы ұйым мен медициналық мекеме арасындағы келісім бойынша белгіленеді. Сақтандыру шарттарын азаматтар жеке өзі жасайды немесе олар сақтандыру жарнасын кәсіпорынның, ұйымның, тағыда басқа пайдасынан төлеу жолымен ұжымдық нысанда жасалуы мүмкін. Еңбекшілердің өз қаражатынан төленетін ерікті медициналық сақтандыру бойынша неғұрлым жоғары деңгейде медициалық көмек көрсету көзделеді. Ерікті медициналық сақтандыру міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне толықтыру болып табылады. Ол сақтық төлемақыларды, яғни медициналық қызмет көрсетуге жұмсалатын өтемді, жүзеге асыруды қарастыратын жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып келеді. Сақтық полисінің құны қызметтердің ассортиментіне, емдеуге жататын сырқаттардың түріне, сақтандырылған ауруға қызмет көрсетілетін емдеу мекемелеріне байланысты болады. Ерікті медициналық сақтандырудың негізгі құндылығы қазіргі құралжабдықпен жарақталған және жоғары сыныптық мамандары бар клиникаларда сапалы медициналық жәрдем алу мүмкіндігі болып табылады.
Арнаулы медициналық сақтандыру қорларына аударылатын міндетті не ерікті сақтандыру жарналары денсаулық сақтау мекемелерінің сақтандыру бойынша медициналық қызмет көрсетуін қаржыландыру көзі болып табылады. Азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру үшін дербес коммерциялы емес қаржы ұйымдары ретінде жалпы ұлттық не аумақтық міндетті медициналық сақтандыру қорлары құрылады. Әрбір сақтандырылушы елдің кез келген аумағында медициналық көмек алуға кепілдік беретін медициналық полис алады. Мемлекеттік және жергілікті денсаулық сақтау мекемелерін қаржыландыруға аударылған қаражатқа салық салынбайды.
Ерікті медициналық сақтандырудың артықшылығы, сіз өзіңізге қажетті сақтандыру бағдарламасын жасауға тікелей араласа аласыз, жасалатын қызмет түрі мен мөлшерін анықтайсыз, өзіңіз қызметін пайдалануға және емделуге болатын медициналық мекемені таңдай аласыз. Сақтандыру қорғанысы құны таңдап алынған сақтандыру бағдарламасына байланысты. Ауру жағдайынан ерікті сақтандыру шартын жасағанда компания басшылығы келесі артықшылықтар алады: Құны - Ауру жағдайынан ерікті сақтандыру шартын ресімдей отырып, клиент мамандардың жауапсыздығынан қорғалады, оларға бағасын артық көтеріп, қажетсіз ем тағайындау тиімсіз, өйткені оны компания қатты қадағалап отырады. Қолданыс уақыты « 12 ай» Ауру жағдайынан ерікті сақтандыру Шартының сыйақысын төлегеннен кейін – медициналық қызметтердің бағасының өсуі ешбір түрде клиентке әсер етпейді.
Сапаны – медициналық қызмет сапасын сақтандыру компаниясының сарапшы-дәрігерлері бақылайды. Медициналық мекемемен қандай болмасын бір мәселелер және айтыс-тартыс туындағанда Сіздің сақтандыру компанияңыз Сіздің мүддеңізді қорғайды. Уақыттың үнемделуі. Клиентке аудандық емханада ұзақ кезекте тұрып қажеті жоқ. Жақсы медициналық орталық, мүмкін, қосымша қаражат іздеудің де қажеті болмайды Қазақстан аумағында орналасқан жетекші медициналық мекемелерден медициналық көмек алу мүмкіндігі. Таңдау еркіндігі. Клиент сақтандыру бағдарламасын өзі қалыптастырады және Сақтандыру компаниясының көмегімен медициналық мекемені өзі таңдайды. Сақтандыру бағдарламасын дайындау үшін сұрақтар алғанға дейін, немесе үлгі бағдарламалар алғанға дейін Сіз бізбен «Байланыс» бөлімі арқылы байланыса аласыз
Заң жобасына сәйкес азаматтарға медициналық қызмет пакеттерінің 2 түрі ұсынылатын болады: Біріншісі – базалық пакет, мұнда республикалық бюджеттен қаржыландырылатын медициналық көпектің кепілдендірілген көлемі көрсетіледі. Бұл пакет Қазақстан азаматтарының барлығына қолжетімді болады. Көрсетілетін қызметтері: жедел көмек және санитариялық авиация, әлеуметтік маңызы бар аурулар мен шұғыл жағдайлар кезінде көрсетілетін медициналық көмек, профилактикалық екпелер. Өзін-өзі өнімсіз жұмыспен қамтамасыз ететін тұрғындар үшін 2020 жылға дейін республикалық бюджет есебінен амбулаториялық-дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ете отырып, амбулаториялық-емханалық көмек көрсету қарастырылған.
Екінші – бұл қайта құрылған Медициналық сақтандыру қорынан көрсетіліетін сақтандыру пакеті. Оған кіретін қызметтер: амбулаториялықемханалық көмек, стационарлық көмек (әлеуметтік маңызы бар ауруларды қоспағанда), стационардың орнын басатын көмек (әлеуметтік маңызы бар ауруларды қоспағанда), қалпына келтіру емі және медициналық оңалту, паллиативті көмек және мейіргерлік күтім, жоғары технологиялық көмек. Осы пакетті алу құқығы жарна төлейтін ҚР аумағында тұрақты түрде тұратын азаматтығы жоқ тұлғалар мен шетелдік азаматтарға беріледі. Сонымен қатар мемлекет экономикалық белсенділігі төмен халық үшін, ал жұмыс берушілер – жалданған жұмысшылар үшін жарна төлейтін болады. Жұмысшылар мен салық органдарында тіркелген әрі өзін-өзі жұмыспен қамтитын азаматтар – өздері үшін жарна төлейді. Осы пакеттерге қосымша, ерікті сақтандыруға қатысқан азаматтар медициналық қызметті шарт негізінде алады. Міндетті ай сайынға жарналарды шоғырландыру және медициналық қызметтерді сатып алу үшін ҚР ДСӘДМ Медициналық қызмет төлемдері комитетінің базасында коммерциялық емес акционерлік қоғамның ұйымдастыру-құқықтық формасындағы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры құрылатын болады. Қордың жалғыз акционері және құрылтайшысы ҚР Үкіметі болып табылады.
Ерекше санаттағы азаматтар (халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобы) үшін мемлекеттік жарна мөлшерлемесі орташа айлық жалақының 7% құрайды. Сонымен қатар мөлшерлеме көлемі кезең-кезеңімен жоғарылап отыратын болады: 2017 жылдан бастап 4%, 2018 жылдан бастап 5%, 2023 жылдан бастап 6%, 2024 жылдан бастап - 7%. Жұмыс берушілердің жарналар мөлшерлемесінің жалпы көлемі табыстың 5% құрайды, сонымен қатар аударымдар 2017 жылы 2%, 2018 жылы 3% , 2019 жылы 4% және 2020 жылы 5%-дан басталады. Аталған аударымдар корпоративті табыс салығын есептеу кезінде шегерілетінін есепке алатын болсақ, жұмыс берушілердің жүктемесі 2017 жылы – 1, 6%, 2018 жылы – 2, 4%, 2019 жылы – 3, 2%, 2020 жылы – 4% құрайды.
Жұмысшылардың жарна мөлшерлемесі табысының 2% құрайды, сонымен қатар олапрдың аударымдары 2019 жылдан - 1%, 2020 жылдан - 2% басталады. Өзін-өзі жұмыспен қамтитын азаматтардың (жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша табыс табатын жеке тұлғалар) жарна мөлшерлемесі табысының 7% құрайды. Сонымен қатар 2017 жылы 2%, 2018 жылы 3% , 2019 жылы 5% және 2020 жылы - 7% құрайды. Мынаны баса айтқан орынды, пайыздардың жалпы сомасы 15 минималды еңбекақыдан артпайтын болады.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленетін жарналардан азаматтардың 15 санаты босатылады (халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобы): балалар; «Алтын алқа» , «Күміс алқа» төсбелгілерімен марапатталған көп балалы аналар және «Батыр ана» атағы бар аналар, сонымен қатар I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордені иегерлері; ҰОС қатысушылары мен мүгедектері; мүгедектер; жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғалар; интернатта оқитын және тәрбиеленетін тұлғалар;
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беретін мекемелерде, сонымен қатар жоғары оқу орнынан кейінгі резидентурада күндізгі оқу түрінде оқитын тұлғалар; бала тууына, бала асырап алуына, 3 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты демалыста отырған тұлғалар; жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, 3 жасқа дейінгі баласын тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін әйелдер; зейнеткерлер; әскери қызметкерлер; арнайы мемлекеттік орган қызметкерлері; құқық қорғау органы қызметкерлері; сот үкімімен жазасын өтеп отырған тұлғалар лица, қауіпсіздігі төмен мекемелерді қоспағанда; уақытша ұстау және тергеу изоляторларында жатқан тұлғалар.
Қорытынды: Бүгінгі таңда ерікті медициналық сақтандыру ел халқының 2 пайызға жуығын қамтиды. Ондағы негізгі тұтынушылар жұмыс берушілер. Нарықтың ерекшелігі мен ондағы үрдіске қарағанда ерікті медициналық сақтандырудың әзірге жеке тұлғаларға қолжетімдігі аз. Оның бірнеше себептері бар. Негізгілері халықтың сақтандыру мәдениетінің төмендігі, жеке сектордағы сақтандыру компанияларының аздығы және жеке тұлғалар үшін медициналық сақтандыру сегментіндегі шығынның жоғарылығы. медициналық сақтандыру сақтандырылған клиентке жеткізушіні таңдау құқын береді. Денсаулықты сақтандыру – бiздiң ең қымбат құндылығымызды қорғаудың бiрден–бiр тиiмдi жолы.
мед.страх.pptx