акжан мед мик.ppt
- Количество слайдов: 8
Медициналық микробиология Орындаған: Кажигалиева Акжан МБТ 203
Жоспар: Медициналық микробиологияның салалары Медициналық микробиологияның даму кезеңдері Медициналық микробиологияның дамуына үлес қосқан ғалымдар
Медициналық микробиология - адамның патогенді және шартты патогенді микроорганизмдерін, олардың экологиясы мен таралуын, табу (индикация), бөліп алу, өсіру және идентификациялауды, сонымен қатар инфекциялық аурулардың эпидемиологиясы, арнайы терапиясы және профилактикасын қарастырады. ОБЪЕКТІНЕ ҚАРАЙ БАКТЕРИОЛОГИЯ, ВИРУСОЛОГИЯ, МИКОЛОГИЯ, ПРОТОЗООЛОГИЯ, ПАРАЗИТОЛОГИЯ СПЕЦИАЛИЗАЦИЯ БАҒЫТТАРЫ ИММУНОЛОГИЯ САНИТАРЛЫҚ, КЛИНИКАЛЫҚ және ФАРМАЦЕВТІК МИКРОБИОЛОГИЯ, ЭПИДЕМИОЛОГИЯ
• Иммунология - макроорганизмнің инфекциялық ауруға төзімділігі туралы және организмнің ішкі ортасы тұрақтылығын (гомеостаз) қамтамасыз ететін түрлі генотипы бөтен заттардан қорғаныс механизмдерін зерттейтін ілім. Медициналық микробиология даму тарихын 5 кезеңге бөлуге болады: 1) Эвристикалық (3 -4 ғасыр қазіргі эраға дейін - 16 ғасыр қазіргі эрада) - эпидемия пайда болғаның аспандағы құдайдан көрген. 2) Морфологиялық кезең. Бұған оптикалық аспаптардың шығарылуы әсер етті. 3) Физиологиялық кезең - Пастер және Кох дәуірі. 4) Иммунологиялық кезең - Л. Пастердің вакцинация жұмыстары (ХХ ғасырдың бірінші жартысы). 5) Молекулярлы-генетикалық кезең (1950 -1960 жж) микробиология және иммунология жылдам түрде дамуда.
1) Эвристикалық кезең (лат. Evrica - «табу» , «ашу» ). Қазіргі дейін мыңжылдықтың III-VI ғ. ғ. – қазіргі эра XVI ғ. - эпидемия пайда болғаның аспандағы құдайдан көрген. ) Бірақ сол кездегі көптеген ғалымдар (Гиппократ, Ибн Сина (Авиценна) және т. б. ) айтуы бойынша эпидемия кезінде ауада ерекше ауру тамшылар - «миазмалар» , әр инфекцияның өз тұқымы (кішкентай денешектер) бар. 14 ғасырда оба пандемиясы, 1374 жылы Венецияда бірінші рет карантин шаралары қолданды, қала 40 күнге ешкімді кіргізбей, ешкімді шығармады. Бір ғасыр өткен соң осының бәрі ауру себебі, жұқтырылуы Джироламо Фракасторо гипотезасы негізіне жатты. Осы гипотеза бойынша әр ауру кішкентай денешектермен байланысты, науқас адамдарды бөлек (изоляция) емдеу қажет, көп қабатты марлядан жасалған мұрындық (масқа) кию керек, карантин жасау. Бірақ осы гипотезаны дәлелдеу үшін микробтар әлемін ашу қажет болды.
2) Морфологиялық кезең. Бұған оптикалық аспаптардың шығарылуы әсер етті. Микроскоп алғаш рет 1619 жылы Голландияда жасалып шығарылды (Галилео, Р. Гук). Бұл аспапты одан әрі жетілдірген Афанасий Кирхер болды –өте қарапайым микроскопта ол шіріген етті, шарап сіркесін, сүтті қарап, олардан түрлі организмдерді көрген. Оба ауруымен ауырған адамдардың қанын қарап, одан ерекще «құртты « көрді. Антон Ван Левенгук Микроорганизмдерді алғаш көріп, сипаттап жазған (пішінін, түрін және қозғалысын) голл. ғалымы А. Ван Левенгук (1632 -1723). Ол заттарды 300 есе үлкейте алатын алғашқы оптикалық микроскоп жасады. ХІІІ ғасырда микроорганизмдерді көріп, сипаттау жағы көбірек орын алды. Сондықтан бұл кезенді микробиология дамуының морфологиялық кезеңі деп атауымызға толық болады. Х 1 Х ғасырдың бірінші жартысында оба ауруын ұзақ жылдар зерттеген орыс ғалымы Д. Самойлович (1724 -1810) осы ауру қоздырғыштардың көзге көрінбейтін микроорганизмдер екенін дәлелдеді. Сонымен, маңызы зор деректер осы кезде жинала бастады.
3) Физиологиялық кезең - Пастер және Кох дәуірі Микробиология тарихында Л. Пастер (1822 -1895) ашқан жаңалықтардың мәні аса зор. Х 1 Х ғасырдың екінші жартысында Европада өнеркәсіптік капитализм дамыды. Л. Пастердің 1857 ж. ашу процесін зерттеп, оның табиғатын таныды, 1860 ж. «тіршіліктің өздігінен пайда болуы « деген ұғымға үзілді кесілді соққы беруі маңызды болды. 1868 ж. жібек құртының індетін ашты. Ал 1885 жылы құтыру ауруының табиғатын зерттеп, қоздырғышын ашты, одан сақтанудың жолдарын көрсетіп берді. 1891 жылы жұқпалы аурулар қоздырғыштарын зерттеп, онымен күресу үшін микроорганизмдерден вакцина жасады. Луи Пастер Роберт Кох Сібір жарасы (топалаң) микробын тауып, бөліп алып, зерттеген Л. Пастер, ал одан кейін Роберт Кох (1843 -1910) болды. Олар бөлініп алынған микробты зерттеп қана қойған жоқ, оны сау малға жұқтырып, дәл сол ауру екенін анықтады. Р. Кох микробиологияда зерттеу жұмысына арнап көптеген әдіс-тәсілдерді ұсынды. Р. Кох өз әдісін қолдана отырып, өкпе ауруын қоздыратын микробтарды тапты, ең алдымен туберкулез қоздырғышын - Кох таяқшасы, және азия тырысқағы - Кох вибрионы. Арнайы қоздырғыштарды зерттеп Р. Кох келесі постулаттар ашты (Кох триадасы): 1. Микроорганизмдер ауру пациенттерде міндетте түрде кездеседі; 2. Науқастың алынған материалынан микрорганизмдер таза ретіңде бөлініп алуы қажет; 3. Сол таза дақылдар жануарларға еңгізгенде ауру адамның симптомдары көрінуі керек.
4) Иммунологиялық кезең - XX ғ. бірінші жартысы. Пауль Эрлих Илья Мечников Дмитрий Ивановский Иммунологияның құрылуы - И. Мечников; Химиятерапияның құрылуы - П. Эрлих; Вирусологияның құрылуы – Д. Ивановский. Ескерту: Иммунология - макроорганизмнің инфекциялық ауруға төзімділігі туралы және организмнің ішкі ортасы тұрақтылығын (гомеостаз) қамтамасыз ететін түрлі генотипы бөтен заттардан қорғаныс механизмдерін зерттейтін ілім.
акжан мед мик.ppt