Жалпы рецептура.pptx
- Количество слайдов: 50
Медициналық колледж Жалпы рецептура. Дәрілер туралы жалпы түсінік. Рецепт , оны жазудың ережелері. Қатты , жұмсақ , сұйық дәрілік заттар. Дәрілік заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасы.
Фармакология - тірі организмге , жануарларға(тәжірибелік) , және адамдарға қолданылатын химиялық қосылыстардың әрекеттесуі туралы ғылым. Грек тілінен аударғанда pharmacon- дәрі, logos-ғылым.
Фармакологияның негізгі бөлімдері: 1) Жалпы фармакология дәрілік заттардың тірі организммен өзара әрекеттесуінің жалпы заңдылықтарын оқытады. 2) Жеке фармакология бөлек фармакологиялық топтарды және препараттарды қарастырады. 3) Фармакодинамика дәрілердің әсер ету механизмін және фармакологиялық эффектісін оқытады. 4) Фармакокинетика дәрілік заттардың сіңірілуін , зат алмасуын , белок (ақуыз) әрекеттесуін және шығарылуын оқытады. 5) Жекеленген дәрілік заттардың қолданудағы мүмкін болатын жанама әсерлі көрсеткіштері.
Дәрілік заттар • Профилактика , диагностика , ауруларды емдеу , сонымен қатар басқа да ахуалдарды реттегіш аралас заттар. • Дәрілік заттарды : алауан-түрлі қоспалардан синтездеу жолымен , түрлі химиялық реакциялармен , экстракция , биотехнологияларды және т. б әдістерді қолдану арқылы алады. • Дәрілік заттарға сонымен қатар : түп-тегі өсімдік , жануар немесе синтетикалық , фармакологиялық белсенділігі бар және де өндіруге , өолдануға арналған ДЗ-ды жатқызуға болады.
• Дәрі-дәрмек –қандай да бір ауруды емдеу мақсатымен және оның профилактикасына қолдануға арналған заттарды айтады. • Дәрілік- заттар – деп шығу тегі синтетикалық немесе табиғи болып табылатын дара немесе аралас қоспаларды айтады. • Дәрілік препарат – қолдануға дайын дәрілік заттарды айтады. • Дәрілік форма - қабылдауға тиімді , белегілі формада жасалған дәрілік заттар.
Барлық дәрілік заттар 3 тобты ажыратады: 1)А тізімі (Venena – улы); 2) Б тізімі (heroica – күшті әсер); 3) дәрігер тағайындауынан босатылатын дәрілік заттар.
Дәрілі формалардың классификациясы және топтары. 1. Агрегатты күйіне байланысты дәрілік формалар классификациясы -қатты -жұмсақ -сұйық -газ тәрізді.
Қатты дәрілік формалар • Таблеткалар – дәрілік заттарды , дәрілік қоспаларды , көмекші заттарды қалыпқа салу жолымен алынған мөлшерлі дәрілік форма. • Драже – дәрілік заттар мен көмекші заттарды қатқабаттап , жұмырлау арқылы алынған , мөлшерлі дәрілік форма. • Гранулалар – біріңғай бөлшектер(түйіршік , дән тәрізді) , жұмырланған , цилиндр немесе 0, 2 -0, 3 мм көлемдегі бұрыс дәрілік заттар. • Ұнтақ – сусымалы қасиеті бар дәрілік формалар ; ұнтақтар : қарапайым (бірсыңарлы) және күрделі(екі нмесе оданда көп сыңарлы) , дара және бөлінбеген дозаларды ажыратады.
• Жиынтық – кесілген , ірі ұнтақ. Жүн-жұрқа өсімдіктер , кейде басқа да дәрілік заттарды қосып даярлайды. • Капсулалар – мөлшерленген , ұнтақ тәрізді , кейде сұйық , сырты делатин , крахмал , биополимерлермен қаусырылған дәрілік заттар. • Спансулы – белгілі бір мөлшердегі гранула мен микрокапсула мен құрамдалған капсулалар. • Дәрілік (медициналық) қарындаштар – қалыңдығы 4 -8 мм , ұзындығы 10 см жететін дөңгелектенген цилиндрлік таяқшалар. • Дәрілік пленкалар - полимерлі , қабыршақты дәрілік формалар.
Жұмсақ дәрілік формалар • Май – қоюлық дәрежесі жұмсақ , сыртқа қолдануға арналған дәрілік формалар. май құрамында ұнтақтәрізді заттардың мөлшері 25%- дан жоғарыласа , паста деп аталады. • Жабыстырғыш (пластырь) – сыртқа қолданууға арналған , жібіген соңбелгілі температурада теріге жабысады , пластырды терінің беткей қабатына қолданады. • Суппозитории(шамдар) – денеге ректальды , вагинальды енгізіеді, суппозиториялар шар , конус , цилиндр , темекі тәрізді пішінді болуы мүмкін • Пилюли – салмағы 0, 1 -0, 5 г-ды , біріңғай пластинкалардан (құрамында: дәріілік заттар , көмекші заттар бар , шар тәрізді дәрілік формалар. салмағы 0, 5 -г жоғары заттары болюсом деп атайды.
Сұйық дәрілік формалар • Ерітінді – бір немесе бірнеше дәрілік заттарды еріту жолымен алынған дәрілік формалар. • Суспензиялар – қатты заттар сұйықтықта , 0, 110 мкм көлемінде мөлшерленген , жүйе. • Эмпуьсия – бірі-біріндеерімейтін сұйықтардан түзілген дәірлік формалар. • Тұнба және қайнатпалар – шикі өсімдік немесе дәірілік сірінділерден қайнатылған дәрілік формалар. • Жалқық , шырыш – крахмал және шикі , тұтқыр өсімдіктен алынатын , күшті жабысқақ дәрілік формасы.
• Линименттер - қою сұйықтық немесе іркілдек массалар. • Сұйық жабысқақтар - теріге қолданған сәтте эластикалық(жылтыр) жабысқақ пленка қалдырады. • Дәрілік шәрбат(сироп) – қою қант тұнбасындағы дәрілік заттар • Тұнбалар – спиртті , сулы –спиртті , спиртэфирлі, шикі өсімдік дәрілері , сірінділері жойлмай , қыздырусыз алынған. • Сіріңді (экстракт) – қою. Құрғақ және т. б түрлері бар , шикі өсімдіктен алынған дәрілік заттар.
Газтәрізді дәрілік заттар • Аэрозоль- арайы қаптамада (сұйық немес қатты ) күйінде сақталған , газ немес газ тәрізді заттар.
ІІ) Дәрілік заттардың қолдану ерекшелігіне және мөлшерлеу әдістеріне байланысты классификациясы • Тамшы • Микстура • Таблеткалар • Қыздырылған • Жуу. • Пудра • Сеппе • Шаю
Фармакокинетика • Фармакокинетика ( грек тілінен аударғанда PHARMACON – дәрі, KINEO- қозғау. ) • ФАРМАКОКИНЕТИКА (ФК)- дәрілік заттардың адам организмінде қозғалысын , абсорбция (сору , сіңірілу) , таралуын , биотрансформация және экскрециясын( шығарылуын ) оқып үйрететін фармакологияның маңызды бір бөлігі. • Басқа сөзбен айтқанда , ФК – дәрілік заттардың адам организмінде өту жолдарын және өзгерісін оқытады. • сонымен қатар бұл факторларға тәуелді процесстердің тиімділігін және дәрілік заттардың төзімділігін атап кеткен жөн.
• Фармакокинетика дәрілік заттардың адам организміндегі концентрациялық динамикасын бағалауға мүмкіндік береді. • Фармакологиялық зерттеулер : сіңірілу (абсорбция) , таралуын , ақуыздармен(белоктармен) байланысын , биотрансформация және д. з организмнен шығу процесстерін бағалауға мүмкіндік береді. • Зерттеу нәтижесінде алынған мағұлматтар дәрілік заттардың түскен жеріне әсер ету дәрежесін болжауға мүмкіндік бере отырып , сандық және сапалық негізін құруға мүмкіндік береді.
Дәрілік заттарды енгізу жолдары : 1. Энтеральды енгізу жолдары : - Ішіне - Тіл астына - Ректальды
2. Парэнтеральды енгізу жолдары : -Тері астына. -Бұлшықет ішілік. -Тамыр ішілік. -Ингаляциялық.
Дәрілік заттардың сіңуі.
• Сіңіру – бұл дәрілік заттардың енігзілген жерінен бастап цитоплазматикалық мембрана мен қан айналым жүйесіне өту процессін айтады.
ДЗ мембрана(жарғақшадан) тінінен өту жолдары 1. Диффузия 2. Фильтрация 3. Белсенді тасымалдау. 4. Пиноцитоз
ДЗ-дың организмге таралуы ( үлесітрілуі) • Таралу(үлесітрілу) - бұл ДЗ-дың гистогематикалық кедергілер арқылы қан айналым жүйесінен тіндер мен мүшелерге. әсер етуші жергілікті орнына өту процесін айтады
ДЗ-дың өтімділік деңгейі гистогематикалық бөгеттердің структурасына және ДЗ-дың физико –химиялық құрылымдарына байланысты.
ДЗ-дың биотрансформациясы. • Биотрансформация – бұл ДЗ-дың организмдегі химиялық айналымдар процессінің жиынтығы. • Биотрансформация нәтижесі: әдетте ДЗдың суда ерігіштігі жоғарылап , организмнен шығарылуына себепші болады.
ДЗ-дың элиминациясы. • Бұл күрделі процесс дәрілердің организмнен алыстатуын(жоюын) , (биотрансформация мен метоболизмнін) нейтролизациясымен және экскреция(сыртқа шығаруылыуымен ) бірге жүретін күрделі процесс. Элиминация 2 сипатын ажыратады : 1)жүйеге дейінгі элиминация және 2)жүйелік элиминация Жүйегедейінгі метоболизм немесе біріншілік өтуі , - бұл ДЗ биотрансформациясының бауырдан біріншілік өтуі және сіңіріліуі. Жүйелік элиминация – ксенобиотиктердің қан айналым жүйесіне түскеннен кейінгі алыстатылуы (жою).
Фармакодинамика анықтамасы • Фармакодинамика – ДЗ-дың организмдегі ерекшелігін оқытатын жалпы фармакологияның бөлімі.
Фармакодинамика оқытады: • • Дәрілік заттардың іс-әрекет механизмі. Соңғы фармакологиялық әсерелері. Түрлі шарттардағы ДЗ-дың іс-әрекеті. ДЗ-ды қайта енгізгендегі әсері. ДЗ-дың біріктірілген әрекеті. ДЗ-дың сыйымсыздығы. ДЗ-дың жанама әсері.
Дәрілік заттардың өзараәрекет механизмі. • Дәрілік заттардың өзараәрекет механизміфармакологиялық әсер шақыратын заттарды айтамыз. • Дәрілік заттардың өзараәрекет мехаинзмінің негізіглеріне мыналар жатады : • Физикалық • Тікелей химиялық өзараәркетінің механизмі. • Мембраналық(физико-химиялық) • Ферменттік(биохимиялық) • Рецепторлық
Физикалық өзараәрекет механизмі. • Физикалық құрылымдарымен байланысты дәрілік заттардың әсері. Мысалы , белсендірілген көмір , жоғарғы беткейлік белсенділігіменарнайы өнделген. Бұл оған газарды , алкалоидтарды , токсиндерді соруға(абсорбциялауға) мүмкіндік береді.
Тура химиялық өзараәрекеті. • Бұл ДЗ-дың сирек механизмі , Мәні: тікелей организмдегі молекулалар мен иондармен өзараәрекеті. • Мембраналық (физико –химиялық). Дз-дың иондаушы токтарга әсері (Na+, K+, Cl )־ және т. б, электрлік трансмембрана потенциалымен анықталады. Бұл механизмдер қатарына наркозға арналған , антиаритмикалық препараттар , жергілікті анестетиктер жатады.
• Ферментативті (биохимиялық) механизм. Бұл қатарға ферменттерді белсендіретін немесе басатын ДЗ –ға тән. • Рецепторлық механизм. Адам организмінде рецепторлармен өзара әрекетке түсіп , мүшелер мен тіндердің функциясын өзгертетін , жоғарыспецификалық биологиялық белсенді заттар(медиаторлар) болады.
• Рецепторлар – белгілі химиялық қосылыстарға таңдамалы сезімталдық көрсететін , макромолекулярлық структуралар. ДЗ-мен рецепторлармен өзара әрекеті кезінде клиникалық көріністерімен еріп жүретін , организмде биохимиялық , фзиологиялық өзгерістер болады. • Рецепторларды белсендіріп , биологиялық эффект шақыратын медиаторлармен , дәрілік заттарды агонисттер деп атайды. • Рецепторлармен байланысып , бірақ белсенділік пен юиологиялық эффект шақырмайтын , агонисттерді шеттететін немесе азайтатын дәрілік заттарды антагонисттер деп атайды.
• Сол сияқты агонист –антогонист , әсері әртүрлі , біреуі – стимулдаса , екіншісі – тежейтін затарды қарасытрады. • Заттардың рецепторлармен байланысыуын “аффинитет” терминімен түсіндіреді. Бір немесе бірнеше рецепторларға афинитет заттары әр түрлі.
Жергілікті әсері: • Тіндер мен байланысуы кезінде пайда болатын эффекттерді айтамыз.
Жүйелік әсер бұл дәрілік заттардың адам организміне сіңіріліп , таралғаннан кейін , биологиялық субстрация әсері байқалған кезде пайда болады.
Рефлекторлық әсері • ДЗ-дың афферентті нерв ұштарын ынталандыруға рефлекторлық реакция жауабы.
Тікелей әсері ДЗ-дың биосубстартқа әсері нәтижесінде осы мүшелер функциясының өзгеруі.
Жанама әсері • ДЗ-дың биосубстратқа әсері нәтижесінде басқа мүшелердің функциясының өзгеруімен шартталады.
• Жанама әсер рефлекторлы пайда болуы мүмкін. • Мысалы , Аммиакты тыныстау кезінде , мұрын рецепторларының тітіркенуі нәтижесінде тыныс алу күшейеді.
• Таңдамалысыз әсер дәрілік заттардың әр түрлі рецепторлармен өзара әрекеті нәтижесінде пайда болады.
Қайтымды әсер • Қайтымды әсер - “дәрілік заттар – рецептор” кешенінің диссоциациясынан кейін функция бастапқы қалпына қайта келуі.
Қайтымсыз өсері • Дәрілік заттар мен рецепторлар арасында ковалентті байланыс орнаған кезде пайда болады.
• Басты әсері – ауруды емдеу , профилактика немес диагностика мақсатымен жүргізілетін дәрілік заттар әсері. • Енгізілгеннен кейін дәрілік заттардың жанама әсері : аллергиялық және аллергиялыө емес деп бөлінеді.
Токсикалық әсері • Дәрілік заттарды шамадан тыс қабылдау нәтижесінде , жедел және созылмалы улану дамиды. • Уытсыздандыру мақсатымен лайықты емду әдістері қолданылады(антогонисттер , антидот , гемодиализ , гемосорбция тағайындау. )
Тератогенді әсері • Эмбриогенез процессінің бұзылуына , аномалиялар дамуына алып келеді. Сол себепті , эмбриогенез іске асуы кезінде , жүктліктің 3 айлығында дәрілік заттарды қабылдауға болмайды.
• Эмбриотоксикалық әсер – эмбрионда (жүктілікке 12 апта қалғанда) байқалатын токсикалық әсер.
• Фетотоксикалық әсер (жүктіліктің 12 апта өткеннен соң) ұрықиа пайда болатын әсер. • Мутагенді әсер – дәрілік заттар әсерініен болатын ген құрылымында болаты өзгерістер.
• Канцерогенді әсері – дәрілік заттардың қатерлі рактың дамуын шақыру қабілеттілігі.
Улы , наркотикалық және күшті әсер етуші дәрілік заттардың жазылу тәртібі; • А тобына - белгілі бір дозада , доғары токсиндігі бар дәрілік заттар сақталады. Бұл топқа наркомания шақыратын ДЗ жатқызамыз. • А тобының дәрілік заттары 2 формалы бланкада толтырылады. Бір бланкіде бір дәрілік зат жазылады.
• В тобына - сақтықпен қолданатын , медцина қызметкерінің қадағалауымен қолданылатын , мөлшерленген ДЗ жатқызамыз.
Жалпы рецептура.pptx